Bizdin arna
BIZ
Сәлем! Бұл подкаста түрлі сала мамандарымен тілдесіп, BIZ біле бермейтін қызықтар мен ғылыми жаңалықтар туралы сөйлесеміз.
Author
Bizdin arna
Category
Podcast website
Latest episode
Aug 25, 2025
Where to listen?
Podcasts in the app Replaio Radio Coming soonPodcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts
Episodes
Ақбота Ахметқызы: қытай дүниетанымы | қытай тілі | синофобия 25.08.2025 1:08:52
Бүгінгі қонағымыз – қытайтанушы Ақбота Ахметқызы. Біз бұл шығарылымда қытай халқының дүниетанымы, тарихы, тілі мен діні туралы әңгімелестік. Неге синофобия бар, кейінгі жылдары Қытайдың демографиясы қалай өзгерді және қытай тілін оқу қажет пе – осы және өзге де сұрақтардың жауабын BIZDIN PODCAST-тан біліңіз.
Азамат Ешмұхамедов: робототехника, жасанды интеллект, қазақша нейрожелі 25.08.2025 1:13:40
Бүгінгі қонағымыз – робототехник, ЖИ маманы Азамат Ешмұхамедов. Біз роботтар мен жасанды интеллектіден төнетін қауіп, Қазақстанның осы саладағы әлеуеті және отандық нейрожелілер туралы әңгімелестік.
Алмагүл Айтжанова: психикалық аурулар, шизофрения дерті, көріпкелдік | Bizdin podcast 14 10.01.2025 55:51
Психикалық аурулар туралы не білеміз? Шизофрения дертінің емі бар ма? Бұл сырқатқа шалдыққандар қоғамға қауіпті ме? Оған сыртқы факторлар әсер ете ме, әлде тұқым қуалай ма? Осы және өзге де сұрақтарды психиатр, психотерапевт Алмагүл Айтжановамен бірге талқыладық.
Иса Базарбаев: Жапон дүниетанымы, Мэйджи дәуірі, самурайлар 17.12.2024 2:05:16
Бүгінгі шығарылымда жапонтанушы Иса Базарбаевпен бірге жапон халқының тарихы мен мәдениетіне үңілдік. Атап айтқанда, Мейджи дәуірі, монархиялық жүйеге деген сенім, “жоғалған 30 жыл” және халықтың қартаю процесі туралы әңгімелестік. Одан бөлек, подкаста жапон халқының гастромәдениеті, тілі мен діні, экономикасы мен ғылымы туралы да айтылады.
Балнұр Сардарбек: мінсіз музыка, Моцарт эффектісі, Димаш феномені 29.11.2024 1:24:04
Абсолют есту қабілетімен өмір сүру қиын ба? Бетховен қалай музыка жазды? Кейбір әндер неге мида жатталып қалады? Димаш феномен бе? Калифарния неге жанды дауыста ән айта алмай қалды? Осы және өзге де қызық сұрақтардың жауабын BIZ-ге музыкатанушы Балнұр Сардарбек айтып берді.
Құралай Атегелдиева: қант диабеті, гормондар жұмысы, дұрыс тамақтану 14.11.2024 1:14:05
үгін – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Осыған орай, біз эндокринолог ғалым Құралай Атагелдиеваны қонаққа шақырып, ең кең тараған аурулардың бірі – қант диабеті туралы сөйлестік. Қант диабетінің қанша түрі бар, олардың алғашқы белгілері қандай, гормондар қызметі бұзылса, қалай күтіну керек деген сұрақтардың жауабын осы шығарылымнан біле аласыздар. Сондай-ақ қандағы қант деңгейіне тамақ мен...
Киноға идеология ретінде қарамау керек | Киносыншы Әсия Бақдәулетқызы | Bizdin Podcast №10 16.10.2024 1:15:45
Бүгінгі қонағымыз киносыншы Әсия Бақдаулетқызымен қазақ киносының дамуы жайында сөйлестік. Подкаста сондай-ақ француз, итальян, саха, иран халықтарының кинематографиясы, қазақ режиссерлерінің қолтаңбасы және образдар мен жанрлар туралы айтылады.
Қоғам дұрысталмайынша, әдебиет дұрысталмайды | Әдебиеттанушы Амангелді Кеңшілікұлы | Podcast №9 07.10.2024 1:13:29
Бүгінгі шығарылымда әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлымен қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайы, танылмай қалған қаламгерлер, мектеп оқулықтары мен әдебиеттің коммерциялануы туралы сөйлестік.
АЭС бізге тек 20% электр көзін беруі мүмкін | Физик Бақытжан Оразбеков | Bizdin Podcast №8 07.10.2024 1:11:55
Бүгінгі қонақ – ядролық физика маманы, PhD Бақытжан Оразбеков. Сұхбат барысында ядролық тізбекті реакция, атом бомбасы, Чернобыль мен Фукусима апаты және АЭС-тің жұмысы туралы әңгіме қозғалды.
Мәдениеттің «мені» аудармадан көрінеді | Ғалым-аудармашы Гүлшат Бақытжанқызы | Bizdin Podcast №7 07.10.2024 1:09:08
Бүгінгі қонағымыз – ғалым-аудармашы, PhD, Абердин университетінің түлегі Гүлшат Бақытжанқызы. Ол өзінің ғылыми зерттеулеріне сүйеніп, 1920-1930 жылдарда, тоталитаризм кезінде, аудармаға әсер еткен факторлар туралы әңгіме қозғады. Сондай-ақ подкаста қазіргі аударма ісінің дамуы, мәтін манипуляциясы, мәдениеттің «мені» секілді қызық тақырыптар жайында сөйлестік. Ғалым Ж.Аймауытұлы, Т.Абайұлы мен М.Ә...
Су жетпейді емес, жеткізе алмай отырмыз | Су маманы Ерлан Бадашев | Bizdin Podcast №6 06.09.2024 1:07:44
Су тапшылығы мәселесі қалай шешіледі? Қазірден кейбір өңірлерімізге су жетіспей жатса, болашақта не болмақ? Арал мен Каспийге биыл cу мол келгені рас па? Ауыз су бағасын көтеру керек пе? Осы және өзге де су шаруашылығына қатысты өзекті сұрақтарды инженер, гидротехник Ерлан Бадашевпен бірге талқыладық.
Құлаққа ота тегін жасалады | Лор-хирург Медет Маханбет | Bizdin Podcast №5 19.07.2024 58:47
Бүгінгі қонағымыз – ҚР Президенті Іс басқармасы Медицина орталығы ауруханасының лор-дәрігері Медет Маханбет. Ол медицина саласындағы кәсіби тәжірибесін бөлісіп, мұрын мен құлақ ауруларының алдын алу жөніндегі кеңестерін айтты. Подкаста есту қабілетін қалпына келтіру, гайморит пен ангинаны емдеу, құлаққа күтім жасау, тұмаудан сақтану және маманға дер кезінде қаралудың маңызы туралы әңгіме қозғалады...
Жасанды интеллект пен робот заманына да бейімделеміз | Әлеуметтанушы Айгүл Сәдуақасова | BizdinPodcast №4 10.05.2024 1:05:41
Бүгінгі қонағымыз – әлеуметтанушы ғалым Айгүл Сәдуақасова. Бұл шығарылымда қазақ әлеуметтануының тарихы, зерттеу жасау әдістері және қоғам пікірі мен құндылықтарының өзгерісі туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста осы саладағы жаңа трендтер мен табу тақырыптар туралы әңгіме қозғалды.
Адамзаттың ең озық интеллектуал құралы – математика | Математик Дөрбетхан Сұраған | BizdinPodcast №3 16.04.2024 1:10:46
Бүгінгі қонағымыз – ғалым-математик Дөрбетхан Сұраған. Бұл шығарылымда математиканың маңызы, «ықтималдық теориясы» және мыңжылдық есептер туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста ғылыми математика мен мектептегі математиканың айырмашылығы, осы саладағы әйелдердің аздығы және қазақ ғалымдарының зерттеулері туралы әңгіме қозғалады. Дөрбетхан Сұраған – PhD, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ferran Sunyer i Ba...
Адамдар ағзаның берген сигналдарын елемейді | Нейрохирург Нұрзат Сығай | Bizdin Podcast №2 26.02.2024 1:15:00
Бүгінгі қонағымыз – нейрохирург Нұрзат Сығай. Бұл шығарылымда ми аурулары, оларды анықтау және емдеу жолдары туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста ми құрылымы, наркозсыз ота жасау процесі және ми туралы мифтер айтылады.
Марсты колония қылуға болады | Астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев | Подкаст №1 29.01.2024 1:08:29
Подкастың алғашқы қонағы – астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев. Бұл шығарылымда Жерден тыс тіршілік, Марстағы өмір, «Қара құрдымнан» төнетін қауіп және келімсектер туралы әңгімелестік. Сондай-ақ подкаста ғарышты игерудің басты мақсаты мен қазақ ғалымдарының осы саладағы мүмкіндіктері туралы айтылады. Бонус ретінде «Ретроградный Меркурий» мен «Полнолуние» туралы да әңгіме қозғалды:)
Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.