Қазақстандық қоғамдық даму институты
KIPD Podcast
KIPD Podcast – қоғамдық дискурсқа арқау болған өзекті тақырыптарды ғылыми тұрғыда талқылайтын подкаст.
Where to listen?
Podcasts in the app Replaio Radio Coming soonPodcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts
Episodes
Отбасы тәрбиесі | әке жауапкершілігі | ұлттық идентификация 21.12.2023 1:08:26
KIPD Podcast-тың бүгінгі қонақтары – PhD, MNU Adjunct Assistant профессоры Алма Сайлауқызы және ҚХА «Аналар» кеңесі төрағасының орынбасары Баян Орынбасарқызы. Бұл шығарылымда Қазақстан отбасыларының қазіргі сипаты, оның ішінде отбасы тәрбиесіндегі баланстың сақталуы мен әке жауапкершілігінің маңызы талқыланды.
Алмаш Айқынбайқызы: жады саясаты | мәдени жарақаттар | ұлттық бірегейлік 21.12.2023 46:15
Бүгінгі қонағымыз - PhD, әлеуметтанушы Алмаш Айқынбайқызымен отандық жады саясатының қалыптасуын талқыладық. Бұл шығарылымда ұлттық бірегейліктің маңызы, азаматтық қоғамның идентификация мәселелері және мәдени жарақттар туралы айтылады.
Индира Алибаева: бірегейлікті зерттеу әдістері | ұлт құру теориялары | қандастар және ирриденттер 16.11.2023 1:05:54
Бүгінгі қонағымыз - антрополог, PhD Индира Алибаевамен бірегейлікті зерттеу әдістері, этностық азшылықтар, қандастар тақырыбын талқыладық. Эпизод спикері КСРО-ның этностарды анықтауға ықпалы, әлем және қазақтардың ұлт түсінігі, азаматтық бірегейлік туралы өз пікірін айтты.
Молдияр Ергебеков | поп-мәдениет | отандық кино | кімдік мәселесі 14.11.2023 1:01:11
Бүгінгі қонағымыз - PhD, өнертанушы Молдияр Ергебековпен отандық поп-мәдениеттің 90-жылдардан бергі даму кезеңдерін талқыладық. Бұл шығарылымда заманауи қазақ музыкасының тілімізге әсері, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің рөлі, кино саласындағы этика мен мәдени сауатты арттырудың маңызы туралы айтылды.
Жәнібек Арынов |Орталық Азия елдері| қоғамдық интеграция| аймақтық бірегейлік 11.11.2023 53:30
Жаңа шығарылым! KIPD Podcast-тың бүгінгі қонағы - PhD, аймақтанушы Жәнібек Арынов. Бұл шығарылымда Орталық Азия елдерінің аймақтық бірегейлігі, оған әсер ететін факторлар, интеграция мәселелері мен деколонизация үрдісі туралы талқыладық.
Әлия Болатхан | жаһандану процесі | тамақтану мәдениеті| дәстүрлі тағам 10.11.2023 1:00:48
Бүгінгі қонағымыз - философия ғылымдарының докторы, тарихшы Әлия Болатханмен дәстүрлі тағам түрлері туралы әңгімелестік. Бұл шығарылымда «ұлттық тағам» мен «дәстүрлі тағам» ұғымдарының айырмашылығы, елдегі тамақтану мәдениетіне жаһандану үрдісінің әсері және қазақтың дәстүрлі ас мәзірін жаңғыртудың маңызы талқыланады.
Алима Бисенова: адами ландшафт| ішкі миграция | қалалардың маңызы 07.11.2023 44:24
Подкастың бүгінгі қонағы - философия ғылымдарының докторы, антрополог Алима Бисенова. Бұл шығарылымда ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы қалалардың маңызы мен оған ішкі миграцияның әсері талқыланады. Сондай-ақ спикерлер Тәуелсіздік алған кез бен қазіргі уақыттағы ұлттық бірегейлік төңірегінде әңгіме өрбітеді.
Кеңшілік Тышханұлы: мемлекет | дін | құндылық 06.11.2023 54:59
Бүгінгі қонағымыз - дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышханмен діни бірегейлік тақырыбында әңгімелестік. Бұл шығарылымда Абай философиясындағы «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» концепциясы, мемлекет пен діни бірегейліктің аражігі және құндылықтар мәселесі талқыланады.
Камила Смағұлова: деколонизация | қазақ тілі | тарих 24.10.2023 51:37
Бүгінгі қонағымыз - саясаттанушы ғалым, зерттеуші Камила Смағұловамен Қазақстандағы деколонизация процесін талқыладық. Бұл эпизодта деколонизация ұғымының анықтамасы, осы процестегі орыстілді және қазақтілді қоғамның рөлі және еліміздегі этностардың деколонизацияға байланысты тәжірибесі туралы айтылды.
Серік Бейсембаев: бірегейліктің қалыптасуы | national identity | инклюзив қоғам 24.10.2023 54:05
Бүгінгі қонағымыз - әлеуметтанушы Серік Бейсембаевпен бірге “Ұлттық бірегейлік” тақырыбын әлеуметтану ғылымының призмасынан қарастырдық. Бұл шығарылымда адамдардың ұйысуы және ұлттық бірегейліктің қалыптасуына спорт пен өнердің әсері туралы айтылады. Сондай-ақ жаһандану мен миграцияның ықпалын және технологияның дамуын ескере отырып, болашақта ұлттық бірегейлікті зерттеуде қандай тенденциялар пайд...
Айгүл Сәдуақасова: жаңа ұрпақ өзін қазақ деп есептейді 16.10.2023 51:44
KIPD Podcast – қоғамдық дискурсқа арқау болған өзекті тақырыптарды ғылыми тұрғыда талқылайтын подкаст. Алғашқы қонағымыз – әлеуметтанушы ғалым, зерттеуші Айгүл Сәдуақасовамен елдегі ұлттық бірегейліктің маңызы және ұлт қалыптастыру мәселесін талқыладық. Бұл эпизодта national identity ұғымының аудармасы, пандемияның ұлттық құндылықтарға әсері, халықтың өз тарихын қабылдау процесі туралы айтылады. ...
Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.