CoolTobe podcast

CoolTóbe podcast

Science KK ↓ 21 episodes

Күлтөбе жобасында Қазақстан қоғамындағы трендтер, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы сол тақырыпты зерттеп жүрген сарапшылармен сөйлесеміз. Әр шығарылымның тақырыбы болады. Сол тақырыппен айналысатын ғалыммен халыққа барынша түсінікті тілде сол зерттеу саласының мәселелерін талқылаймыз. Жобаның негізгі тілі қазақша болады. Жобаға шақырылатын қонақ орыс тілді болған жағдайда, әңгіме орыс тілінде жүргізіледі. Ал сарапшы ағылшын тілді болған жағдайда әңгіме ағылшын тілінде жүреді. Подкаст видео форматында түсіріліп, YouTube арнамызда жарияланады.

Author

CoolTobe podcast

Category

Science

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Jul 24, 2023

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

XX ғасырдың тарихы 1991 жылдан бастап саяси жадта қалай еске сақталды? 24.07.2023

Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы- зерттеуші, Берікбол Дукеев.   Бұл эпизодта біз қонағымызбен жады саясаты және оның тарих оқулықтарымен қиылысы мәселелерін, жаһанданудың қарқынды жүруіне қарамастан адамның өз шығу тарихына деген қызығушылығы артуын, сондай-ақ қазақтан басқа этникалық топтардың тарихы, қандастардың...

Әлеуметтік жады. Әулет тарихын зерттейтін әдістемелер. Қазақстан және шетелдік тәжірибиелер. 18.07.2023

Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы – әлеуметтану ғылымының докторанты Алмаш Айқынбайқызы. Бұл эпизодта біз қонағымызбен «әлеуметтік жады» ұғымы, отбасы тарихының ғылымда зерттелуі мен фамилистика, қоғамдағы трансформациялардың отбасы тарихында көрініс табуы және oral history-дің мәні, сондай-ақ шежіренің бүгінгі таңд...

Әулет әңгімелері. Ата-әжелердің биографиясын зерттеу. Құндылықтардың өзгеруі. 12.07.2023

Назарыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар сериясын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонақтары әлеуметтанушы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Қисыбай және әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев. Бұл эпизодта біз әулет, отбасы ұғымдары, отбасы мүшелерінің өмірбаянын үйренудің әлеуметтік мағынасы,...

"Өзіміздің" орыстар ма әлде ресейліктер ме? Ресейдегі мобилизациядан кейінгі Қазақстанға ресейліктердің ағыны. 08.10.2022

Бұл эпизода антрополог Индира, саясаттанушылар Арман және Жанель, модератор Динара Ресейдегі мобилизацияның Қазақстанға әсері, ресейліктердің Қазақстанға миграциясы, соның салдарынан туындаған қоғамдағы мәселелерге өз рефлексиямызбен бөлісеміз.  Техникалық себептермен Жанельдің Мәскеуде тұрған жылдарындағы әсері мен Орта Азиялықтарға қатысты дискриминация жайлы, әрі ресейлік таныстарының басы...

Тілдік активизм. Қазақ тілі мәселесі. Жалғас Ертай. 26.08.2022

Эпизодтың қонағы SMM маман, Qazaqshazhaz қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, тіл белсендісі Жалғас Ертаймен Қазақстандағы тілдік активизм не үшін қажет туралы саясаттанушы Арман Әмір және антрополог Динара Әбділда пікір алмасты.    «CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орт...

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 20.08.2022

Эпизодтың қонағы: «Forbes Kazakhstan» қазақ нұсқасының бас редакторы, баспагер Бақытжан Бұқарбай. «CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-ты...

Тұрмыстық зорлық-зомбылық 15.08.2022

Эпизодтың қонағы: SVET қоғамдық қорының жетекшісі Мөлдір Албан.  «CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне...

Гендерлік еңбек бөлінісі. Әйелдердің үйдегі төленбейтін жұмысы. 10.08.2022

Еңбек, үй шаруашылығын жүргізу әйел не еркектің жұмысы болып бөлінеді ме? Төленбейтін жұмыс дегеніміз не? Не себептен еңбек бөлінісінде гендерлік теңдікті ұстану маңызды? Қазақстандағы гендерлік еңбек теңсіздігінің жағдайы қандай? Осы және басқа да маңызды сұрақтар туралы Ұлттық қазақ қыздар педагогикалық университетіндегі әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институтының директоры, PhD доктор Айж...

Сайлау бақылаушылары институты 31.07.2022

Дауыс беру – бүкіл демократиялық саяси жүйенің негізінде жатқан рәсім. Сондықтан дауыс беру қорытындыларын шығарудың «ашықтығын» және шынайылығын қамтамасыз ету – үлкен саяси маңызы бар міндет. Күлтөбенің осы эпизодында бұл міндетті абыроймен атқарып, сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз етуге атсалысып жүрген тәуелсіз бақылаушы Ғалымжан Оразымбет пен Арайлым Назармен әңгіме өрбетеміз.  «CoolTòbe»...

Украинадағы соғыс Қазақстандағы ұлттық кімдікке қалай әсер етеді? 27.07.2022

Осы эпизодта PhD доктор Ғалым Жүсіпбекпен «ұлттың құрылуы» ұғымы, Сталиннің ұлт тұжырымының қателіктері, Украинадағы соғыстың Қазақстан қоғамындағы «ұлт» түсінігін қайта қарастыруға ықпалы және азаматтыққа негізделген «саяси ұлт» құру не үшін маңызды екендігі туралы сөйлестік.    CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі...

Қазақтықтың түрлері. Этникалық репатриацияның кімдікке әсері. 16.07.2022

«Қандас», «оралман» деген статустың заңдық күші ол адам азаматтық алғаннан кейін жойылса да, қоғамда әлеуметтік топқа айналып кетіп отыр. Тіпті ол отбасының Қазақтанда туылған балалары да «оралман» немесе «қандас» аталып кетеді. Сонда қандас деген өмір бойы өзіңмен бірге жүретін кімдік пе? Шетелден көшіп келген қазақтардың идентификациясы осы және басқа да сұрақтарды подкастымызда талқыладық. Эпиз...

Қазақстандағы саяси сатира 10.07.2022

Күлтөбенің кезекті эпизодында Қазақстанда саяси сатира бар ма, өткір әзілдер қаншалықты сұранысқа ие? Тоқаев - тигр ма? Salem Social Media Қазақстандағы YouTube сегментің қалай өзгертті? «Саке» сериалы бүгінгі күннің сатирасы ма? Және басқа сұрақтарды шоумен Марат Оралғазин және стендапер Нұрмахан Мұқанұлымен талқылап көрдік.   «CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл...

Балалар кедейшілігі 28.06.2022

Бұл эпизодта Қазақстандағы басты проблемалардың бірі - балалар кедейшілігі талқыланды. Біздің қонақтарымыз макроталдаушы Аякөз Ханетова және "Zertteu Research Institute" директоры Шолпан Айтенова балалар кедейшілігінің пайда болу себептері мен салдарын анықтап, оны қалай шешу жолдары жайлы айтып берді. Сондай-ақ, бұл мәселені шешудегі қоғам мен мемлекеттің рөлін ашып берді.  «CoolTòbe» жобасы...

Назарбаев дәуірі ел есінде қалай қалады? 21.06.2022

Бұл шығарылымда біз белгілі қоғам қайраткері Дос Көшім және әлеуметтанушы Серік Бейсембаевпен Назарбаев кезеңі қазақстандықтардың есінде қалай сақталады деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Сондай-ақ, эпизодта Қаңтар оқиғасынан кейінгі жүйе өзгерді ме, Тоқаев елдегі проблемаларды Назарбаевқа ысырып қойғысы келе ме, мемлекеттік пропаганда жылдар бойы қалыптастырып келген бірінші президенттің образы БА...

Үйлену. Алып қашу арқылы отасу қаншалықты легитимді? 13.06.2022

Бүгінгі шығарылымда антрополог, Ph. D кандидат, қазақ тойларын зерттеуші Динара Әбділда және халықаралық құқық магистрі, С.Демирел атындағы Университет оқытушысы Әйгерім Құсайынқызымен бірге қоғамдағы өзекті тақыптардың бірі «үйлену» туралы әңгіме өрбітіп, неке түрлерін, тоқал институтын, алып қашу мен ажырасуды да тілге тиек еттік.   «CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұ...

Казахстанская идентичность. Какая она? 09.06.2022

CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық кімдік, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.    Қазақстан...

Референдум. Суперпрезиденттік республика сақтала ма? 04.06.2022

Бұл эпизодта саясаттанушы Шалқар Нұрсейітовпен соңғы бірнеше ай бойы Қазақстандағы басты саяси оқиға - Конституциялық реформаны талқылап көрдік. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді — реформа - деп, айтуға бола ма? Әлде, бұл халықты "Жаңа Қазақстан" орнап жатыр дегенге сендіру үшін жасалып жатқан саяси маневр ме? 5 маусымнан кейін қазақ халқы үшін не өзгереді, Тоқаевтың билігі шектеле ме және ба...

Қазақ деген кім? Ұлттық identity. Қазақ болудың өлшемдері. 22.05.2022

Cooltóbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Осы тақырыптағы подкасттардың жүргізушісі антрополог Индира Алибаева. Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsin...

Что такое авторитаризм? Авторитаризм в Казахстане. 11.03.2022

Что такое авторитаризм? Является ли авторитаризм тормозом в развитии государства? Или же авторитаризм это не нечто плохое? Когда мы говорим авторитаризм, мы подразумеваем нечто негативное. Может быть это позитивное и он нужный режим, при котором государство может довольно быстро развиваться? Гости подкаста профессор КИМЭП, факультет политологии и международного отношения Нурсейт Ниязбеков; 00:48&n...

Қазақстандағы ұлтаралық конфликтілер 11.03.2022

CoolTóbe (Күлтөбе) видео-подкастының №2 эпизодында Азаттық радиосының журналисі Асылхан Мамашұлы, әлеуметтік антрополог Индира Алибаева және саясаттанушы Арман Әмір Қазақстандағы этносаралық конфликтілер жайлы ой қозғайды.

Тәуелсіздік күнін қалай тойлаймыз? 11.03.2022

CoolTòbe подкастымыздың No 1 эпизодында "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін Қазақстан халқы қалай тойлауы" керек деген сұрақ төңірегінде ой өрбіттік.

Listen to the CoolTóbe podcast podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.