Bizdin arna

BIZ

Science KK ↓ 16 Folgen

Сәлем! Бұл подкаста түрлі сала мамандарымен тілдесіп, BIZ біле бермейтін қызықтар мен ғылыми жаңалықтар туралы сөйлесеміз.

Autor

Bizdin arna

Kategorie

Science

Podcast-Website

podcasters.spotify.com

Neueste Folge

25. Aug 2025

Wo hören?

Podcasts in der App Replaio Radio Bald verfügbar

Podcasts kommen bald in die App. Installiere sie jetzt und erlebe als Erster einen ganz neuen Blick auf Podcasts

Bei Google Play herunterladen Kostenlos installieren Android 5 Mio.+ Downloads · Bewertung 4,8 iOS bald

Folgen

Ақбота Ахметқызы: қытай дүниетанымы | қытай тілі | синофобия 25.08.2025

Бүгінгі қонағымыз – қытайтанушы Ақбота Ахметқызы. Біз бұл шығарылымда қытай халқының дүниетанымы, тарихы, тілі мен діні туралы әңгімелестік. Неге синофобия бар, кейінгі жылдары Қытайдың демографиясы қалай өзгерді және қытай тілін оқу қажет пе – осы және өзге де сұрақтардың жауабын BIZDIN PODCAST-тан біліңіз.

Азамат Ешмұхамедов: робототехника, жасанды интеллект, қазақша нейрожелі 25.08.2025

Бүгінгі қонағымыз – робототехник, ЖИ маманы Азамат Ешмұхамедов. Біз роботтар мен жасанды интеллектіден төнетін қауіп, Қазақстанның осы саладағы әлеуеті және отандық нейрожелілер туралы әңгімелестік.

Алмагүл Айтжанова: психикалық аурулар, шизофрения дерті, көріпкелдік | Bizdin podcast 14 10.01.2025

Психикалық аурулар туралы не білеміз? Шизофрения дертінің емі бар ма? Бұл сырқатқа шалдыққандар қоғамға қауіпті ме? Оған сыртқы факторлар әсер ете ме, әлде тұқым қуалай ма? Осы және өзге де сұрақтарды психиатр, психотерапевт Алмагүл Айтжановамен бірге талқыладық.

Иса Базарбаев: Жапон дүниетанымы, Мэйджи дәуірі, самурайлар 17.12.2024

Бүгінгі шығарылымда жапонтанушы Иса Базарбаевпен бірге жапон халқының тарихы мен мәдениетіне үңілдік. Атап айтқанда, Мейджи дәуірі, монархиялық жүйеге деген сенім, “жоғалған 30 жыл” және халықтың қартаю процесі туралы әңгімелестік. Одан бөлек, подкаста жапон халқының гастромәдениеті, тілі мен діні, экономикасы мен ғылымы туралы да айтылады.

Балнұр Сардарбек: мінсіз музыка, Моцарт эффектісі, Димаш феномені 29.11.2024

Абсолют есту қабілетімен өмір сүру қиын ба? Бетховен қалай музыка жазды? Кейбір әндер неге мида жатталып қалады? Димаш феномен бе? Калифарния неге жанды дауыста ән айта алмай қалды? Осы және өзге де қызық сұрақтардың жауабын BIZ-ге музыкатанушы Балнұр Сардарбек айтып берді.

Құралай Атегелдиева: қант диабеті, гормондар жұмысы, дұрыс тамақтану 14.11.2024

үгін – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Осыған орай, біз эндокринолог ғалым Құралай Атагелдиеваны қонаққа шақырып, ең кең тараған аурулардың бірі – қант диабеті туралы сөйлестік. Қант диабетінің қанша түрі бар, олардың алғашқы белгілері қандай, гормондар қызметі бұзылса, қалай күтіну керек деген сұрақтардың жауабын осы шығарылымнан біле аласыздар. Сондай-ақ қандағы қант деңгейіне тамақ мен...

Киноға идеология ретінде қарамау керек | Киносыншы Әсия Бақдәулетқызы | Bizdin Podcast №10 16.10.2024

Бүгінгі қонағымыз киносыншы Әсия Бақдаулетқызымен қазақ киносының дамуы жайында сөйлестік. Подкаста сондай-ақ француз, итальян, саха, иран халықтарының кинематографиясы, қазақ режиссерлерінің қолтаңбасы және образдар мен жанрлар туралы айтылады.

Қоғам дұрысталмайынша, әдебиет дұрысталмайды | Әдебиеттанушы Амангелді Кеңшілікұлы | Podcast №9 07.10.2024

Бүгінгі шығарылымда әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлымен қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайы, танылмай қалған қаламгерлер, мектеп оқулықтары мен әдебиеттің коммерциялануы туралы сөйлестік.

АЭС бізге тек 20% электр көзін беруі мүмкін | Физик Бақытжан Оразбеков | Bizdin Podcast №8 07.10.2024

Бүгінгі қонақ – ядролық физика маманы, PhD Бақытжан Оразбеков. Сұхбат барысында ядролық тізбекті реакция, атом бомбасы, Чернобыль мен Фукусима апаты және АЭС-тің жұмысы туралы әңгіме қозғалды.

Мәдениеттің «мені» аудармадан көрінеді | Ғалым-аудармашы Гүлшат Бақытжанқызы | Bizdin Podcast №7 07.10.2024

Бүгінгі қонағымыз – ғалым-аудармашы, PhD, Абердин университетінің түлегі Гүлшат Бақытжанқызы. Ол өзінің ғылыми зерттеулеріне сүйеніп, 1920-1930 жылдарда, тоталитаризм кезінде, аудармаға әсер еткен факторлар туралы әңгіме қозғады. Сондай-ақ подкаста қазіргі аударма ісінің дамуы, мәтін манипуляциясы, мәдениеттің «мені» секілді қызық тақырыптар жайында сөйлестік. Ғалым Ж.Аймауытұлы, Т.Абайұлы мен М.Ә...

Су жетпейді емес, жеткізе алмай отырмыз | Су маманы Ерлан Бадашев | Bizdin Podcast №6 06.09.2024

Су тапшылығы мәселесі қалай шешіледі? Қазірден кейбір өңірлерімізге су жетіспей жатса, болашақта не болмақ? Арал мен Каспийге биыл cу мол келгені рас па? Ауыз су бағасын көтеру керек пе? Осы және өзге де су шаруашылығына қатысты өзекті сұрақтарды инженер, гидротехник Ерлан Бадашевпен бірге талқыладық.

Құлаққа ота тегін жасалады | Лор-хирург Медет Маханбет | Bizdin Podcast №5 19.07.2024

Бүгінгі қонағымыз – ҚР Президенті Іс басқармасы Медицина орталығы ауруханасының лор-дәрігері Медет Маханбет. Ол медицина саласындағы кәсіби тәжірибесін бөлісіп, мұрын мен құлақ ауруларының алдын алу жөніндегі кеңестерін айтты. Подкаста есту қабілетін қалпына келтіру, гайморит пен ангинаны емдеу, құлаққа күтім жасау, тұмаудан сақтану және маманға дер кезінде қаралудың маңызы туралы әңгіме қозғалады...

Жасанды интеллект пен робот заманына да бейімделеміз | Әлеуметтанушы Айгүл Сәдуақасова | BizdinPodcast №4 10.05.2024

Бүгінгі қонағымыз – әлеуметтанушы ғалым Айгүл Сәдуақасова. Бұл шығарылымда қазақ әлеуметтануының тарихы, зерттеу жасау әдістері және қоғам пікірі мен құндылықтарының өзгерісі туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста осы саладағы жаңа трендтер мен табу тақырыптар туралы әңгіме қозғалды.

Адамзаттың ең озық интеллектуал құралы – математика | Математик Дөрбетхан Сұраған | BizdinPodcast №3 16.04.2024

Бүгінгі қонағымыз – ғалым-математик Дөрбетхан Сұраған. Бұл шығарылымда математиканың маңызы, «ықтималдық теориясы» және мыңжылдық есептер туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста ғылыми математика мен мектептегі математиканың айырмашылығы, осы саладағы әйелдердің аздығы және қазақ ғалымдарының зерттеулері туралы әңгіме қозғалады. Дөрбетхан Сұраған – PhD, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ferran Sunyer i Ba...

Адамдар ағзаның берген сигналдарын елемейді | Нейрохирург Нұрзат Сығай | Bizdin Podcast №2 26.02.2024

Бүгінгі қонағымыз – нейрохирург Нұрзат Сығай. Бұл шығарылымда ми аурулары, оларды анықтау және емдеу жолдары туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста ми құрылымы, наркозсыз ота жасау процесі және ми туралы мифтер айтылады.

Марсты колония қылуға болады | Астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев | Подкаст №1 29.01.2024

Подкастың алғашқы қонағы – астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев. Бұл шығарылымда Жерден тыс тіршілік, Марстағы өмір, «Қара құрдымнан» төнетін қауіп және келімсектер туралы әңгімелестік. Сондай-ақ подкаста ғарышты игерудің басты мақсаты мен қазақ ғалымдарының осы саладағы мүмкіндіктері туралы айтылады. Бонус ретінде «Ретроградный Меркурий» мен «Полнолуние» туралы да әңгіме қозғалды:)

Höre den Podcast BIZ in Replaio

Radio und Podcasts in einer App - kostenlos und ohne Anmeldung. Installiere sie noch heute und verpasse den Start nicht

Bei Google Play herunterladen

Replaio ist kein Herausgeber von Podcasts; die Namen der Sendungen, Cover und Audioinhalte gehören ihren Autoren und werden über öffentliche RSS-Feeds verbreitet