Азаттық радиосы
Экокүнделік
Қоқыстан қалай ақша табуға болады? Қоқыс 21 ғасырдың пайдалы қазбасы ма? Ғалам жылынып, климат өзгеріп барады, бұл процесті тоқтатуға сіз қалай үлес қоса аласыз? Подкаст барысында осы және өзге сұрақтарға жауап іздейміз.
Wo hören?
Podcasts in der App Replaio Radio Bald verfügbarPodcasts kommen bald in die App. Installiere sie jetzt und erlebe als Erster einen ganz neuen Blick auf Podcasts
Folgen
Тұрмыстық техникадан - робот, джинсыдан - шоппер. Экоакция қалай өтті? 25.07.2024 24:57
21 шілдеде Алматыда кезекті экоакция өтті. Мұндай шарада тұрғындар қайта өңделетін заттарын өткізіп, өзіне қажет заттармен алмаса алады. Жарамсыз дәрі-дәрмек, сынған қолшатыр, артық ыдыстарын да жұрт осы акцияға өткізу арқылы экологияны жақсартуға үлес қосады.
Компост – бұл ғаламдық жылынумен күресте чемпион 18.05.2024 30:48
29 мамыр – дүниежүзілік компост күні. Компост бұл органика қалдықтарын дұрыс шірітіп, тыңайтқышқа айналдырған кезде пайда болатын субстрат.
"Қаңтар мен наурызда жер сілкінісі болады деген болжамымыз тура келді". AI апаттарды дәл болжай ала ма? 02.05.2024 48:20
Кейінгі айлардағы су тасқыны, жер сілкінісі, былтырғы орман өрті мен қуаңшылық табиғи апаттарды алдын ала болжау маңыздылығын көрсетіп отыр. Мамандардың сөзінше, әзірге Қазақстанда табиғи апаттарды болжағанда көбіне ескі тәсілдер пайдаланылады.
Кәріз суын тазарту: 21 ғасыр технология көзімен 21.04.2024 45:15
"Сорбұлақ – бұл ескі әдіс. Қазір технология кәріз суын ішетін су сапасына дейін тазарта алатындай деңгейге жетті" дейді су маманы Қайрат Оспанов. "Суды пайдаландыңыз, оны табиғатқа қайтару керек. Ал қазір қайтарудан гөрі ластау жылдам жүріп жатыр. Мұндайда су тапшылығы туындауы заңды" дейді маман.
Ақтаулық кәсіпкер: Шылаушын бизнесімен айналысатындарға мемлекет көмектессе, екі ірі мәселе шешілер еді 02.02.2024 13:26
Ақтаулық әлеуметтік кәсіпкер Салтанат Бралина бір жылдан бері калифорниялық шылаушын өсірумен айналысады. Айтуынша, бұған органика қалдықтары мәселесін шешуге талпыныс түрткі болған. Ол аталған мәселені зерттеп, ақырында ең оңтайлы шешімі - шылаушын деген қорытындыға келген.
Данияр Бакимов: Қалдық өңдеу бизнесінде тек патриоттар ғана қалды 10.01.2024 25:38
Rocket plastic жобасының өкілдері пластик өңдеп, дизайны ерекше бұйымдар жасайды. Бұған қоса, кәсіпкерлерге, білім мекемелеріне пластик өңдейтін аппараттар ұсынады. Eco Kundelik-тің кезекті эпизодының қонағы Rocket plastic жобасының негізін қалаушы әлеуметтік кәсіпкер Данияр Бакимов.
Пластик бөтелкені азық-түлікке алмастыратын дүкен және қоқыс бизнесі 20.12.2023 22:55
Қазақстанда пластик бөтелке, әйнек ыдыс, картон сияқты өңделетін қалдық түрлерін азық-түлікке алмастыратын алғашқы дүкен қай жерде орналасқан? Қоқыс бизнесімен айналысу тиімді ме? Эко күнделіктің кезекті эпизодының қонағы әлеуметтік кәсіпкер Владислав Голярко осы сұрақтарға жауап береді.
Зымыран бөлшектерінің құлағанына куә болған экс-полицейдің хикаясы 06.12.2023 23:59
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы тұрғындарының сөзінше, 2000-жылдардың басында аудан жері бірнеше жыл бойы Ресейдің зымыран сынықтарының құлауы үшін пайдаланылған. Бірақ ол туралы ақпарат өте аз.
Каспийдің ащы суы Маңғыстауды жұттан құтқара ала ма? 18.10.2023 17:04
Маңғыстау – климаты құрғақ, жауын-шашын өте аз түсетін, өзен-көлі жоқ Қазақстанның батысындағы облыс. Бірнеше жыл бұрын мұнда қуаңшылық болып, малдар қырылды, жұрт күн көріп отырған малдарынан айырылып қиналды. Облыс әлі күнге дейін жем-шөптің негізгі бөлігін өзге аймақтардан тасиды.
Экобелсенді: Оңтүстік Кореяның қалдықты басқару тәжірибесі Батыс елдеріне үлгі болып отыр 27.09.2023 26:51
Алматылық экобелсенді Лилиана Гусманова Оңтүстік Кореяның қалдықты басқару тәжірибесін Қазақстан үшін де қолдануға болады деп санайды. Аталған елде 6 жыл тұрған экобелсенді түйген ойларымен бөліседі.
Тағам қалдығы мәселесі қайтсе шешіледі? 15.09.2023 16:31
Қазақстанда органика қалдықтары әлі күнге дейін полигондарға тасталып жатыр. 2021 жылы қабылданған Экология кодексі тағам қалдықтарын полигондарға көмуге тыйым салғанмен іс жүзінде ол орындалып жатқан жоқ.
АЭС төңірегіндегі сұрақтарға жауап бар ма? 31.08.2023 46:40
Үлкен ауылындағы АЭС бойынша жария талқылаудан кейін қоғамда атом станциясы төңірегінде дау қыза түсті. Оны жақтайтындар энергия тапшылығын алға тартса, қолдамайтындар қоршаған ортаға әсерінен қауіптенеді.
Нариман Қыпшақбаев: Трансшекаралық өзендер тартылған жоқ, Қазақстан тек өз үлесін ала алмай отыр 05.07.2023 38:06
Трансшекаралық өзендердің суы тартылып жатқаны рас па? Мамандар болжағандай, су тапшылығы туындаса, суды талап ететін АЭС жобасы не болады?
Минималист, экофермер: Жаңа киім алмағаныма 20 жылдан асты 21.06.2023 12:17
Екі жоғары оқу орнын бітірген, мамандығы инженер биотехнолог, бұрынғы бизнесвумен Лейла Мұхитдинова тұтынатын заттарын саналы түрде қысқартып, минимализм және аскетизмге бет бұрған. Ол суды үнемдеу үшін канализациядан бас тартқан. Фудшерингмен тамақтанады.
Қазақстандағы алғашқы Zero Waste дүкені. Пластиксіз әлем 07.06.2023 20:12
Zero Waste – қалдық шығармауға немесе қалдықты барынша аз шығаруға, заттарды жауапты тұтынуға бағытталған принциптер топтамасы. Қазақстанда сол принципке негізделген алғашқы экодүкен бар. Zero Waste-тің танымал бес формуласы бар: (5R) бас тарт, қысқарт, қайта қолдан, қайта өңде және компоста.
"Неге қоқыс жинап жүрсің деп сұрайды". Қалдық сұрыптау не үшін керек? 24.05.2023 19:27
Қалдық немесе қоқысты сұрыптау дегеніміз – қалдықты тегіне және жарамдылығына қарай жинақтау. Ол өңделетін қоқысты өңделмейтінінен ажыратып, ресурсты үнемдеуге және табиғатты ластамауға көмектеседі.
"Асылтұқымды" шыбын бағып, тағам қалдығын пайдаға жаратқан кәсіпкер 10.05.2023 18:41
Алғашқы эпизодта "асылтұқымды шыбын өсіріп жүрген ғалым және кәсіпкермен сөйлесеміз. "Қара сарбаз" шынымен де тағам қалдығы мәселесін шешіп, ғаламдық жылынуды тежеуге көмектесе ала ма? Оны қалай өсіреді? Үй жағдайында өсіруге бола ма? Адамға қауіпті емес пе? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
"Асылтұқымды" шыбын тағам қалдығын жоя ала ма? 26.04.2023 1:27
Күн сайын кез келген үйден тамақ қалдығы шығады. Кей ғалымдар тағам қалдығын жою мәселесін шешу үшін шыбынды қолдануды ұсынады. Тропикалық елдерден әкелінген "Қара сарбаз" шыбыны шынымен де тағам қалдығы мәселесін шеше ала ма? Оны қалай өсіреді? Осы және өзге сұрақтар подкаста қамтылады.
Replaio ist kein Herausgeber von Podcasts; die Namen der Sendungen, Cover und Audioinhalte gehören ihren Autoren und werden über öffentliche RSS-Feeds verbreitet