Ruhani Portal

Ruhani Portal

Religion KK ↓ 276 episodes

✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.

Author

Ruhani Portal

Category

Religion

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Jun 3, 2025

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

1. Нұрдың бастауы | Сияр Шәріп 05.03.2024

Нұрдың бастауы Әу баста мекенсіз, мысалсыз, барлығы мен бірлігіне ой жетпейтін Ұлық Алла: «Бисмиллаһи рахманир-рахим», – деді. Ол сөз сол заматта бір тамшы Нұрға айналды. Жарық Нұр жарқырап шыққан бойда Ұлық Аллаға құйқылжытып зікір айтып, қараңғы кеңістікке сәуле шаша бастады. Ұлық Алла ерекше махаббатпен ол Нұрға «Мұхамбет» деп есім берді. Оның есімі «Алланы өте көп ұлықтаушы» деген мағынаны біл...

75. Ұлықпанның өсиеті | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Ұлықпанның өсиеті Ұлықпан хакім дәм-тұзы таусылып, дүниеден өтер шағында ұлын шақырып өсиет айтады: – Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – дейді. Әкесі дүниеден өткесін, ұлы өсиетін орындай бастайды. Жұма сайын үйленіп, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, әбден бар байлығын тауысады. Сөйтіп, тақыр кедейге айналады. Telegram: ⁠ Қисса сүл-әнбия⁠ YouTub...

74. Ұлықпан мен шәкірттері | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Ұлықпан мен шәкірттері Ұлықпан хакім өте әдепті болыпты. Одан бір шәкірті: – Хакім, әдепті кімнен үйрендіңіз? – деп сұрады. – Әдепсізден, – деп жауап берді. – Әдепсізден не үйренуге болады? – Өтірікшіден өзім бездім. Себебі, өтірік айтып, басы дауға шатылды. Мылжыңнан да қаштым. Telegram: ⁠ Қисса сүл-әнбия⁠ YouTube бейне: 74. Ұлықпан мен шәкірттері | Қисса сүл-әнбия Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз...

73. Ұлықпанның ұлына қалыңдық іздеуі | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Ұлықпанның ұлына қалыңдық іздеуі Ұлықпан хакімнің ұлы аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен момын, қызға қырсыз, жұмсағанға мінсіз екен. Ержеткен соң, лайықты жар таппай жүріп қалады. Бойдақ баласының жүрісі көбейген сайын, ел арасында сөз де көбейеді. Болмағасын хакім ұлын ертіп, келінді өзі іздейді. Қалыңдық іздеп ел аралағанда, ұлын аттың бауырына алып, қамшымен сабайды екен. Telegram: ⁠ Қисса сүл...

72. Ұлықпан мен залым патша | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Ұлықпан мен залым патша Зұлым патша Ұлықпанның даңқын көре алмайды. Іштарлығы шыдатпай, сынықты сылтау қылып, оны зынданға тастатады. – Ақылды болса, осы зынданнан аман шықсын, – дейді. Зынданның аузын көміп, үстіне егін ектіреді. Зынданға қамарда Ұлықпанды сыйлайтын бір нөкер оның қойнына бір дорба құрманы салып жібереді. Зынданда жарты жыл соны азық қылады. Бірде патша ас жеп отырғанда тамағына...

71. Ұлықпанның ұлына өсиеті | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Ұлықпанның ұлына өсиеті Ұлықпан ұзақ уақыт сапар шегерінде ұлына үш түрлі өсиет қалдырып: – Әйеліңе сырыңды айтпа, жаңа байығаннан қарыз алма, әкімнің нөкерімен дос болма, – дейді. Баласы әкесінің айтқандарын тексеріп көргісі келді. Сосын бір қойды сойып, етін қапқа салып, қанын сорғалатып үйіне келді. Әйелі: – Бұл не? – деп сұрады. Ері: – Түзде бір кісімен ерегісіп, байқамай өлтіріп алдым. Қаптағ...

70. Ұлықпан мен қария | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Ұлықпан мен қария Ұлықпан хакім жас кезінде бір шаһарға жолаушылап бара жатады. Жолда бір шалды көреді. Жөн сұраса келсе, екеуінің барар жері бір екен. Ұлықпан шалға: – Ата, жолды қысқартайық, – деді. Шал: – Жол қалай қысқарады? – деп сұрады. Ұлықпан: – Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді біріміз кезек-кезек арқаласақ болғаны, – деді. Шал түсінбей, бетіне ажырайып қарады. Telegram: ⁠ Қисса сүл...

69. Тілдің хикметі | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Тілдің хикметі Қаланың әмірі Ұлықпанды сынамақ болып, сарайға алдырады. Әмір: – Әй, Ұлықпан, ел сені ғұлама дейді. Сол рас болса, маған малдың ең дәмді, ең жақсы мүшесін пісіріп әкел, – деп өтінді. Ұлықпан қойдың тілі мен жүрегін пісіріп әкелді. Тамақты жеп болған соң әмір: – Енді маған малдың ең дәмсіз, ең жаман мүшесін пісіріп әкел, – деді. Ұлықпан бұл жолы да қойдың тілі мен жүрегін әкелді. Tel...

68. Ұлықпан хакім қиссасы | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Ұлықпан хакім қиссасы Тәңірсі Ұлықпанға: – Қаласаң, пайғамбарлық берейін, болмаса, ғылым берейін. Қайсысын таңдайсың? – деді. Сонда Ұлықпан: – Маған ғылым бер. Пайғамбарлық – тым ұлық іс. Оны менен де ұлық адамдар көтеріп жүреді. Мен ғылымды қанағат етейін. Халықтың көзін ашып, жақсылыққа үндейін, – деп ғылымды таңдапты. Telegram: ⁠ Қисса сүл-әнбия⁠ YouTube бейне: 68. Ұлықпан хакім қиссасы | Қисса...

67. Ескендірдің жерленуі | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Ескендірдің жерленуі Ескендір дүниеден өтерінде уәзірлеріне: – Жер бетінде өлген адамның саны жоқ. Қияметте ат тұяғындай жерден жетпіс мың адам тіріледі. Мені адам аяғы баспаған, тірі жан көмілмеген жерге апарып жерлеңдер. Мен көптің бірі емеспін. Жарты әлемді билеген сүйегі асыл, қаны қасиетті патшамын. Менің қияметте танымайтын бөтендермен қатар тұруым жараспас. Мақшар алаңына жиналуға Алладан ә...

66. Ескендірдің дүниеден өтуі | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Ескендірдің дүниеден өтуі Қайтыс боларында Ескендір уәзірлерін жиып: – Мен бүкіл дүниені биледім. Зұлымды тыйып, ізгінің жолын ашпақ болдым. Алайда арманыма жете алмадым. Ертең мен өлгенде, бір қолым жоғары созылып, қарысып қалады. Біреу келіп, бұл жұмбақты шешкенше, түспейді. Қолымның қарысқаны жазылып, түспейінше, жерлемеңдер, – деп өсиет айтыпты. Telegram: Қисса сүл-әнбия YouTube бейне: 66. Еск...

65. Зұлқарнайын қиссасы | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Зұлқарнайын қиссасы Зұлқарнайын жорықта бір қамалды ала алмайды. Сөйтіп: – Мен Құдайдың әмірімен келіп тұрмын. Қақпаны ашыңдар! – деді. Ар жақтан бір кісі: – Мына түйіншекті ал. Ашып көрсең, бәрін түсінесің, – деді. Ескендір түйіншекті ашса, ішінде бас сүйек жатыр екен. Ол уәзірлерін жинап, бұның мәнісін сұрайды. Бір данышпан тұрып: – Сүйекті таразыға тартып көрейік, – деді. Telegram: Қисса сүл-ән...

64. Дұғаның шарапаты | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Дұғаның шарапаты Бір күні Ғайса келе жатып, жолдың жиегіндегі моланы көрді. – Уа, Тәңірім, бұл мола кімдікі? – деп сұрады. Алла: – Бір пақырдың моласы, – деп жауап берді. – Мұның ақиреттік жағдайы қалай? – Тірісінде құлшылық пен сауаптан мақұрым болған. Тек өлейін деп жатқанда кәлимаға тілі зорға келді, – деді. Telegram: Қисса сүл-әнбия YouTube бейне: 64. Дұғаның шарапаты | Қисса сүл-әнбия Жалғасы...

63. Өлі риза болмай, тірі байымайды | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Өлі риза болмай, тірі байымайды Бір күні Ғайса моланың жанынан өтіп бара жатып, қабірдегі әруақтарды көрді. Олар жиналып, жақсы сұхбат құрып отыр екен. Ішінде бір әруақ басы салбырап, көңілсіз отырды. Ғайса: – Сенің неге көңіл күйің жоқ? Басқалар бүгін шат-шадыман отыр ғой, – деді. – Олардың ұрпақтары ата-аналарын есіне алып, дұға жасады. Садақа таратты. Мені ешкім есіне де алмады, – деді. Telegra...

62. Сайтанның саудасы | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Сайтанның саудасы Бірде Ғайса он қашыр мен бес есекке жүк артқан Ібілісті көрді. – Әй, Ібіліс, қайда асықтың? – деді. – Базарға. – Не апара жатырсың? – Он қашыр мен бес есекке артқан жүгім бар. – Жүгің тым көп екен. Сатып үлгересің бе? – Менің тауарымның қаны жерге тамбай тұр. Пышақ үстінен сатылып кетеді, – деді Ібіліс. Telegram: Қисса сүл-әнбия YouTube бейне: 62. Сайтанның саудасы | Қисса сүл-ән...

61. Жұмжұма немесе қубас хикаясы | Қисса сүл-әнбия 04.03.2024

Жұмжұма немесе қубас хикаясы Ғайса пайғамбар жолда жатқан бір қу басты көріп, оның иесімен тілдескісі келді. Алладан: – Уа, Тәңірім, мына қу басқа тіл бітір. Кім екенін білейін, – деп сұрады. Алла қу басқа тіл бітірді. Ғайса: – Әй, қу бас, еркексің бе, әйелсің бе? Жайыңды баянда, – деді. Қу бас: – Затым ер. Бір заманда Шам шаһарының патшасы болдым, – деді. – Патша болсаң, неге алтыннан мазарың жоқ...

60. Зәкәрия пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 03.03.2024

Зәкәрия пайғамбар қиссасы Бір патшаның қызы сұлу болыпты. Ол Мысырдың перғауындарына ұқсап, өз қызына өзі үйленгісі келеді. Сөйтіп Зәкәрия пайғамбардан «рұқсат» деген пәтуа сұрайды. Зәкәрия: – Шариғат бойынша өз қызына көңілі түскен адамды Құдай қарғайды. Елді бүлдіріп, адамды аздырасың, – деді. Дегені болмаған патша оның соңына түсті. Жалдамалы жендеттер Зәкәрия орманда оңаша келе жатқанда өлтірм...

59. Жүніс пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 03.03.2024

Жүніс пайғамбар қиссасы Бір күні Алла Жүніс пайғамбарға: – Мосул шаһарына барып, халқына иман үйрет, – деп бұйырды. Жүніс шаһарға келіп, халыққа иман үйретуге кірісті. Алайда оның сөзіне ешкім құлақ аспады. Пайғамбар ел-жұртына ренжіп, қаладан кетіп қалды. Жүре-жүре бір теңіздің шетіне ілікті. Кемеге мініп, сапарға шықты. Кенет қатты дауыл тұрып, қалың тұман торлады. Сол кезде кемедегі бір қарт: –...

58. Адамның екі түрі | Қисса сүл-әнбия 03.03.2024

Адамның екі түрі Шайқы Бұрқыдан біреу: – Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулері көре алмас, күншіл келеді? – деп сұрады. – Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды. Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иіс сезбейді, – деді. Жалғасын...

57. Шайқы Бұрқының хикаялары | Қисса сүл-әнбия 03.03.2024

Шайқы Бұрқының хикаялары Ертеде бір перзентке зар шал мен кемпір Мұсаға келіп, арыз айтты. – Сен Алланың пайғамбарысың. Бізге Алладан бір перзент сұрап алып бер, – деді. Мұса көңілдерін қимай: «Жарайды», – деді. Мұса Тұр тауына шығып, Аллаға арызын жеткізді. Ұлық Алла: – «Лауһы Махфузда (тағдыр тақтасы) олар ұрпақсыз өтеді» деп жазылған. Алланың үкімі екі болмайды. Бұйырған тағдырына риза болсын,...

56. Алланың жақын құлдары | Қисса сүл-әнбия 03.03.2024

Алланың жақын құлдары Бір күні Мұса Тұр тауында тұрып: – Уа, Тәңірім, мен ғой сенімен тікелей тілдесіп тұрмын. Саған менен де жақын келетін құлдарың бар ма? – деп сұрады. Алла: – Әй, Мұса, өзіңді маған жақын тұрмын деп ойлайсың ба? Дәл қазір екеуміздің арамызда жетпіс мың қабат перде бөліп тұр. Сен менің құдіретіммен ғана дауысымды естіп тұрсың. Маған сенен де жақын келетін құлдарым бар, – деп жау...

55. Болса, болсын | Қисса сүл-әнбия 02.03.2024

Болса, болсын Бір күні Мұса үйінде отырып, «Құдайдың мендей сүйген досы бар ма екен?» деп ойлады. Оның астамшыл ойын білген Алла: – Әй, Мұса! Дереу тұр да, анау таудың төбесіне шық. Менің сүйген досымды табасың, – деді. Мұса тауға шықты. Қараса, бір адам сілесі қатып, ұйықтап жатыр. Мұса: – Кім бар, сөйлес? – деп дыбыстады. Кісі оянбады. Мұса тағы дауыстады. Ол жата берді. Болмағасын қасына барып:...

54. Алланың кеңдігі | Қисса сүл-әнбия 02.03.2024

Алланың кеңдігі Бірде Мұса Аллаға арыз қылады: – Уа, Тәңірім, сенің кеңдігіңді көргім келеді. Сен бізді қалай басқарасың? – деді. – Мұса, сенің сабырың жетпейді, – деді Алла. Мұса өтініп қоймаған соң, Алла оны жерден қырық құлаш көтеріп, қауымын аспаннан тұтас көрсетеді. Қараса, біреулер ұрлыққа аттанып бара жатыр. Енді бірі зинамен әлек. Біреу біреуді өлтіріп, бірін бірі тонап жатады. Мына сұмдық...

53. Алланың әділ сипаты | Қисса сүл-әнбия 02.03.2024

Алланың әділ сипаты Мұса бірде Алладан: – Уа, Тәңірім, маған өзіңнің әділдік сипатыңды көрсетші? – деп сұрады. – Көрсетпеймін. – Неге? – Себебі, менің әділдігім шым-шытырық хикметтен тұрады. Оны түсінуге сенің иманың әлсіздік етеді, – деді Алла. Мұса бұл сөзді ауыр алады. Ұлық Алла досының көңілін қимай: – Ендеше, анау бұлақтың қасына барып, таста жасырынып отыр, көресің, – деді. Жалғасын аудиодан...

52. Көтерем қойдың шарапаты | Қисса сүл-әнбия 02.03.2024

Көтерем қойдың шарапаты Бір күні Мұса Алла тағалаға: – Уа, Жасаған, маған пайғамбарлық берерде қай ісімді көбірек ұнаттың? – деп сұрады. Тәңірсі: – Мұса, сен Шұғайып пайғамбардың қойын баққаныңда, ішінде бір көтерем қой бар еді. Үнемі үйірден бөлініп қала беретін. Сен сол қойға сабырмен қарап, оны ұрып-соқпайтынсың. Сенен басқалары ол көтерем қойды боқтап-боралап қамшының астына қалатын, ұрып-теуі...

Listen to the Ruhani Portal podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.