Ruhani Portal

Ruhani Portal

Religion KK ↓ 276 episodes

✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.

Author

Ruhani Portal

Category

Religion

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Jun 3, 2025

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

26. Әбутәліптің қолдауы | Сияр Шәріп 07.03.2024

Әбутәліптің қолдауы Мұхамбеттің жақтастары көбейе бастады. Енді онымен Меккенің бай-шонжарлары санасатын болды. Себебі мұсылмандар ойға жүйрік, сөзге шешен болып шыға келетін. Діни айтыс-тартыста Құранды жатқа соғып, қарсыласын жер қылатын. Олармен айтысқанда менмін деген кахин мен ақындардың аузына құм құйылатын. Бұл бетімен кете берсе, Мұхамбеттің ықпалы күшейетінін түсінді. Олар ұшқыннан от өрш...

25. Текетірестің басы | Сияр Шәріп 07.03.2024

Текетірестің басы Пайғамбар туыстарын жинап жаңа діннің мәні мен мағынасын түсіндірді. Ішінде Әбулақап та болды. Ол сол кезде дәулетті байлардың бірі еді. Кедейленген туыстармен аралас-құраласты қош көрмейтін. Мұхамбеттің ғаріп-міскінге тегін тамақ тарататын салтын жиі сынайтын. Оның есі-дерті атақ-даңқ еді. Сондықтан Мұхамбеттің жалпы бірлік пен ортақ адамшылық туралы үгіт-насихатын жақтырмай тың...

24. Алғашқы мұсылмандар | Сияр Шәріп 07.03.2024

Алғашқы мұсылмандар Ең бірінші кәлима айтқан Хадиша еді. Екінші Әзіреті Әлі, үшінші пайғамбардың өкіл баласы Харисұлы Зайд мұсылман болды. Төртінші Әубәкір Сыдық, бесінші Оспан, онан соң Сәдуақас, Әбдірахман, Зубайр, Ғаббастың ұлы Омар сияқты Меккенің ірі жігіттері Мұхамбеттің пайғамбарлығын мойындады. ✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай Telegram, VK playlist немесе Подкаст қолданбал...

23. Алғашқы уахи | Сияр Шәріп 07.03.2024

Алғашқы уахи Бір күні Мұхамбет үңгірде отыр еді, көзі ілініп кетті. Сол кезде оны біреу: «Әй, Мұхамбет, тұр!» – деп оятты. Қараса, бейтаныс біреу төніп тұр. Ол үңгірден сыртқа қарай жүрді. Мұхамбет ізіне ілесті. Кенет күтпеген оқиға болды. Әлгі адам қолдарын қағып жіберіп еді, қанат пайда болып, көкке көтерілді. Жайған қанатының екі ұшы Сафа мен Маруа тауын жалғап тұрды. Оның бір қауырсыны жерге т...

22. Қағбаны қайта салуы | Сияр Шәріп 07.03.2024

Қағбаны қайта салуы Мұхамбет отыз беске толғанда мынандай оқиға болды. Құрайыштар Қағбаның тозған қабырғасын қайта жөндеуді ойға алды. Қай рудың қай дуалды бұзатыны жеребе арқылы анықталды. Жұмыс жүріп жатқанда ғайыптан бір айдаһар келіп түсті. Жұрт қорқып кетіп, қашуға айналды. Мұхамбет қана былқ етпестен тұра берді. Сол кезде көктен бір самұрық құс құлдилап келді де, айдаһарды желкесінен бүріп а...

21. Расулдың Хадишаға үйленуі | Сияр Шәріп 07.03.2024

Расулдың Хадишаға үйленуі Той үш күн, үш түнге созылды. Хадиша шын бақытты еді. Той үстінде бұрынғы көрген түсін, жалбарынған дұғаларын есіне алып, бағын ашып, бақытын толтырған бір Жаратушыға сансыз шүкіршілік айтты. Көңіліндегі барлық қайғы-мұңның табы шайылып жоқ болды. Өзінің таңдауының туралығына иненің жасауындай да күмән келтірмеді. Ол нағыз ердің еріне, жігіттің сұлтанына, азаматтың сыртта...

20. Хадишаның түсі | Сияр Шәріп 07.03.2024

Хадишаның түсі Сол заманда Меккеде ақылына көркі сай, көп сөйлеп созбайтын, әдептен озбайтын Хадиша есімді жесір әйел болды. Байлығына мастанған Меккенің талай сардары оны тоқалдыққа алғысы келетін. Парасатты Хадиша дүниеқоңыз еркек көрсе, жиырылып қалатын. Олардың сұқтана қарайтын ашқарақ көздерінен барынша қашық жүретін. Бір күні ол түс көреді, түсінде ғажап іс көреді. Аспандағы ай келіп, құшағы...

19. Бақираның болжауы | Сияр Шәріп 07.03.2024

Бақираның болжауы Бір күні Әбутәліп Мұхамбетті өзімен бірге сапарға ертіп шықты. Ол заманда Мекке мен Шам арасындағы керуен жолда Бақира деген діндар шатыр тігіп жататын. Ол Інжілдің құпия сырларына қанық еді. Соңғы пайғамбардың белгілерін білетін. Енді оның дүниеге шығатын уақытын болжап отырған. Жол бойына үй салып, оны күтіп жатқанына жиырма жылдан асып кетті. Ол күн сайын жолдан өткендерге наз...

18. Хақ пайғамбар сипатының айқын болуы | Сияр Шәріп 07.03.2024

Хақ пайғамбар сипатының айқын болуы Адам атадан басталған пайғамбарлар тізбегі ең соңғы Мұхамбет пайғамбарға дейін үзілмей жалғасып жатты. Алланың барлық елшісі өмірден озарында ұрпағына келесі пайғамбардың белгілерін айтып кететін. Олардың сандығында «Сухуф әнбия» деген қолжазба сақталған. Ол қолжазбада пайғамбардың барлық белгілері анық жазылған екен. ✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға...

17. Әбутәліптің пайғамбарды асырап алуы | Сияр Шәріп 07.03.2024

Әбутәліптің пайғамбарды асырап алуы Мұхамбет жетіге толғанда анасы Әмина өмірден озды. Пайғамбар тұл жетім қалады. Сегіз жасқа толғанда атасы Әбдімүтәліп әбден қартайып шөгіп қалды. Дәм-тұзы таусылар сәттің тақағанын сезді. Ол ет жақын туыстарын жинады. Немересін алдына алып: – Әй, ұлдарым, Алланың әмірі екі болмайды. Өзекті жанға бір өлім. Шыбын жанды иесіне қайтарар уақыт келді. Сендерге айтар а...

16. Пайғамбардың жүрегін жару оқиғасы | Сияр Шәріп 07.03.2024

Пайғамбардың жүрегін жару оқиғасы Мұхамбет бітімі бөлек бала болды. Бір айда отырды. Екі айда еңбектеді. Үш айда тұруға талпынды. Төрт айда тәй-тәй басты. Бес айда нық жүрді. Алты айда жүгірді. Жеті айда тілі шықты. Сегіз айда сөйледі. Аузынан шыққан ең бірінші сөз «біссімілла» болды. Тоғыз айда ат жалын тартып мінді. Он айында тау-тасқа терең ақылмен назар салды. Он бір айында Аллаға зікір айтты....

15. Мұхамбет пайғамбардың дүниеге келуі | Сияр Шәріп 07.03.2024

Мұхамбет пайғамбардың дүниеге келуі Көп ұзамай Әмина жүкті болды. Тоғыз ай, он күн өткен соң толғағы жетті. Толғақ белгі беріп бастаған сәтте: «Бізді сізге Ұлық Алла қызмет қыл деп жіберді!», – деп, үйге бірнеше хор қызы келіп кірді. Олар босанатын әйелдің бүкіл керек-жарағын пейіштен ала келіпті. Нәрестені шомылдыратын алтын легені мен күміс құманы да дайын. Олар Әминаны ортаға алып, оп-оңай боса...

14. Нұрдың Әминаға көшуі | Сияр Шәріп 07.03.2024

Нұрдың Әминаға көшуі Әбділда мен Әминаның бірінші некелескен түнінде-ақ он сегіз мың ғалам бір-бірінен сүйінші сұрап, шаттыққа кенелді. Құстар шықылықтап, сулар күркіреп, тау-тас жаңғырып, ағаштар тербелді. Аң біткен өз тілінде қуанышты хабарды қуана таратып жатты. Жұлдыздар жымыңдап, ай толысып, жарқырады. Самал жел батыстан шығысқа, түстіктен желдікке соғып, Нұрдың Әминаға көшкенін хабарлады. ✅...

13. Нұрдың Әбділдаға көшуі | Сияр Шәріп 07.03.2024

Нұрдың Әбділдаға көшуі Сәуегейлік кітаптарда пайғамбар Нұрының нышаны анық жазылған еді. Бір заманда жау қолынан қаза тапқан Жақия пайғамбардың көйлегі қызыл қанға малынып, қанша жуса да, кетпейтін. Мұхамбет туылар алдында сол қан өзінен өзі өшіп кетеді. Сәуегейлер осыған қарап, пайғамбар әкесінің үйленгелі жүргенін болжады. Олар Әбділдаға өздерінің бір қызын қалыңдыққа айттырып бермекші болды. Сө...

12. Піл оқиғасы | Сияр Шәріп 07.03.2024

Піл оқиғасы Әбдімүтәліптің кезінде Қабаштың Абраха атты патшасы Йеменді басып алып, Меккеге әскер төкті. Қалың әскер қағбаға жақындағанда алдынан қара бұлттай қаптаған құстар шықты. Олар көктің жүзін лезде жауып кетті. Тұмсықтарына тас тістеп аспаннан ата бастады. Тастың тиген жері денені күйдіріп тіліп өтті. Қару асынған қалың қол көзді ашып-жұмғанша қырылып қалды. Бұл оқиға елдің есінде «Піл оқи...

11 . Нұрдың Әбдімүтәліпке көшуі | Сияр Шәріп 07.03.2024

Нұрдың Әбдімүтәліпке көшуі Арада 25 буын өткенде Мұхамбеттің Нұры Әбдімүтәліпке келіп дарыды. Оның 11 ұлы бар еді. Бірінің есімі Әбділда еді. Нұр Әбділдаға ауысты. Әбдімүтәліп пұт-парасқа шоқынбады. Адал сауда жасады. Рахмани түсті жиі көретін. Алла аян беріп, суалып қалған зәмзәм бұлағының көзін ашты. Меккедегі беделді кісіге айналды. Бір күні ол ғажап түс көрді. Түсінде ғажап іс көрді. Түсін жор...

10. Нұрдың Смағұл пайғамбарға көшуі | Сияр Шәріп 05.03.2024

Нұрдың Смағұл пайғамбарға көшуі Смағұл ер жеткен соң, Ғамара атты қызға үйленді. Бірде Ыбырайым пайғамбар келінін сынау үшін ұлының үйіне диуананың киімін киіп, қонаққа келді. Келіні қонақты көріп, қабақ шытты. Суып қалған шай берді. Дастарқаны, ыдыс-аяғы кір екен. Отыратын көрпені де ауыстырып салмады. Шай үстінде Ыбырайым: – Қызым, тұрмысың қалай? – деп сұрады. Атасын танымаған келіні отбасындағ...

9. Нұрдың Ыбырайым пайғамбарға көшуі | Сияр Шәріп 05.03.2024

Нұрдың Ыбырайым пайғамбарға көшуі Бір күні Тәңірі тағала Жебірейілге: – Мұхамбеттің дүниеге келер сәті таяды. Бүгін сахарда ояу отырған момын пендемнің беліне асыл Нұрды шаш! – деді. Жебірейіл ояу отырған тақуа таппады. Тек бір дінсіз адам ғана пұт жонып отыр екен. Алла оны қайта жіберді. Бұл жолы да құр оралды. – Дүниені шарладым. Дінсізден басқа ояу жан таппадым. Бәрі ұйқыда, – деді. – Олай болс...

8. Нұрдың Нұх пайғамбарға көшуі | Сияр Шәріп 05.03.2024

Нұрдың Нұх пайғамбарға көшуі Шиш пайғамбар Мұхамбеттің Нұрына адал болды. Шиш дүние салған соң бес атадан өтіп, Ыдырыс пайғамбарға жетті. Нұр оның маңдайында шолпан жұлдызындай жарқырап тұратын. Ол пейішке кіріп, сол жақта мәңгі қалып қойған соң, Жебірейіл Нұрды оның баласының беліне қондырады. Одан соң бірнеше атадан ауысып отырып, Нұх пайғамбарға жетті. Оның нышаны Нұхтың жүзінде таңдағы таза шы...

7. Нұрдың Шиш пайғамбарға көшуі | Сияр Шәріп 05.03.2024

Нұрдың Шиш пайғамбарға көшуі Адам ата дүниеден өтерде ұлын шақырып: – Әй, Шиш, өсиетімді жадыңа тоқы! Бұл жаһанға жан беріп, тіршілікке мән беріп тұрған – Мұхамбеттің рухы. Барша ғалам тағдыры соның рухына ғана байланған. Бұл дүниені ақырға дейін рақметпен ұстап тұрудың жалғыз жолы бар. Ол – Мұхамбеттің әділдік жолына адал болу. Оның Нұрын көздің қарашығындай сақта! – деп өсиет етті. ✅Құрметті ты...

6. Нұрдың Адам атаға көшуі | Сияр Шәріп 05.03.2024

Нұрдың Адам атаға көшуі Тәңірі тағала рухты жаратып Адамның денесіне "Кір!" – деп әмір етті. Рух жансыз, қараңғы тәнге кіруге қорықты. Әрі балшық тәннің иісі де жағымсыз еді. Жаппар Хақ Мұхамбеттің Нұрын жансыз дененің маңдайына қойып еді, суық тән тартымды боп шыға келді. Сосын барша періштеге құйқылжытып, жеті сазбен зікір айтуды бұйырды. Қисапсыз періште сазды әуенмен зікір айтты. Саз...

5. Сәлемнің басы | Сияр Шәріп 05.03.2024

Сәлемнің басы Әзіретті Мұхамбеттің Нұры он сегіз мың ғаламды аралай бастады. Алдымен төрт мұқараб періштеге сәлем берді. Сосын Аршы, Күрсі, Лаухы, Қаламға келіп сәлем етті. Олар сәлемін қабыл етті де, ерекше ышық-мұхаббатпен «әшһаду әлла иләәһа илла-Алла, уә әшһаду әнна Мухаммаддан ғабдуһу уә расуулуһу» деп кәләм шаһадат айтып, мұсылман болды. ✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай Tele...

4. Жердегі тіршіліктің басталуы | Сияр Шәріп 05.03.2024

Жердегі тіршіліктің басталуы Әрі қарай Әзіретті Мұхамбеттің Нұрынан жер, от, су, жел пайда болды. Ұлық Алла бір тамшы нұрдан мұхит пен телегей теңізді жаратып, жердің үстіне тастап жіберді. Жердің бетін топан су баста. Екінші тамшыдан топырақты жаратып, судың үстіне тастап еді, құрлық пайда болды. Су мен топырақтың салмағынан жер шайқалып кетті. Сол сәтте үщінші бір тамшыдан тауды жаратып, жерге қ...

3. Періштелердің жаралуы | Сияр Шәріп 05.03.2024

Періштелердің жаралуы Нұрдың екі тамшысынан Ғаршы мен Күрсі пайда болды. Мүбарактың оң құлағынан екі тамшы үзіліп барып, Жебірейіл мен Мәкәйл періштеге айналып шыға келді. Сол құлағынан үзіліп түскен екі тамшыдан Ысрапыл мен Әзірейіл періштені сомдады. Самайынан аққан көп тамшыдан миллиондаған періште қалқып шықты. ✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай Telegram, VK playlist немесе Подк...

2. Қалам мен Лаухының жаралуы | Сияр Шәріп 05.03.2024

Қалам мен Лаухының жаралуы Нұрдың екі тамшысынан Лаухы мен Қалам жаралды. Ұлық Алла Қаламға: «Жаз!!!» – деп бұйырды. Әуелден ақырға дейін болатын оқиғаны Лаухыдағы тағдыр тақтасына тіздірді. Оған Лаухы-Махфуз деп ат берді. Қалам айнадай жарқырап тұрған тағдыр тақтасына ең бірінші «Мұхамбет» деп жазды. ✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай аудио форматта Telegram, VK playlist немесе Под...

Listen to the Ruhani Portal podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.