Ruhani Portal
Ruhani Portal
✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.
Author
Ruhani Portal
Category
Podcast website
Latest episode
Jun 3, 2025
Where to listen?
Podcasts in the app Replaio Radio Coming soonPodcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts
Episodes
Дәуітке тиіспе | Салт-дәстүр сөйлейді 03.06.2025 2:05
Дәуітке тиіспе Дәуіттің тұсында Ғайдуна деген қаланы ордалы жылан басады. Олардың көптігі сондай күрек басындай жерге он жылан сыяды екен. Қарсы келген адамға атылып, бет қаратпапты. Күресуге дәрмені қалмаған патша ақсақалдарды жинап, кеңеседі. Қариялардың бірі: – Дәуіт пайғамбардан көмек сұрайық. Аллаға тілегімізді жеткізіп, мына пәледен құтқарсын, – дейді. Оның сөзін бәрі қоштайды. Сөйтіп Дәуітк...
Құмырсқаға тиіспе | Салт-дәстүр сөйлейді 03.06.2025 2:38
Құмырсқаға тиіспе Қазақ халқы құмырсқаға құрметпен қарайтын болғандықтан, оны жөнсіз өлтіруге болмайды деп санайды. Себебі құмырсқа діни аңыздарда Нұх пайғамбардың кемесіне азық тасуға жәрдемдескен екен. Нұх пайғамбар кеме жасап болған соң, Тәңірден: – Уа, Тәңірім, мынадай алып кемеге мұншалықты көп азықты қалай жинаймын? – деп сұрайды. Жаппар Хақ: – Құлым, қам жеме. Мен – шебер Алламын! Кемең ерт...
Сақалыңды сипама | Салт-дәстүр сөйлейді 03.06.2025 1:44
Сақалыңды сипама Алла тағала ең алғаш жер бетіне иелік ету үшін Әбілет пен Тәбілет деген екі, мақұлықты жібереді. Оларға қақ тастан үй салып беріп: – Сендерді жер бетіне жібердім. Қақ тастан үй тұрғыздым. Әдептен аспай, менің берген нығметтеріме шүкіршілік етіп, сән-салтанатпен тату-тәтті тіршілік кешіңдер. Ұрпақтарыңды көбейтіңдер. Бірақ, некесіз, дәретсіз қосылмаңдар, ұрпақтарың азады, – дейді....
Бетіңді баспа | Салт-дәстүр сөйлейді 03.06.2025 0:57
Бетіңді баспа Әбілет пен Тәбілет зина жасағаннан кейін күнәнің оты жүректерін өртепті. Алланың дидарына қараудан мақұрым қалғанын ұғыпты. Ұяттың отынан бетін басып отырып қалады. Екі бетінің нұры солып, жүздері қап-қара болып кетеді. Әдетте, осындай ауыр күнә жасаған адамдар екі бетін басып отырып қалады екен. Сондықтан «себепсіз екі бетіңді баспа» дейді. Ал, Әбілет пен Тәбілеттің жүздері қарайып...
Ашына атауы | Салт-дәстүр сөйлейді 03.06.2025 2:07
Ашына атауы Әбілет пен Тәбілеттің алғаш туған баласы Ібіліс екен. Онан кейін Ашына деген қызды туыпты. Артынша Дию мен Жын деген егіз баласы дүниеге келіпті. Жынның нәсілі қыз екен. Олардың соңынан Түлен мен Құлан деген екі егіз ұл, Албасты мен Үббе деген екі қыз туады. Ібіліс өзінің туған қарындасы Ашынаға көңілі ауады. Бірақ әке-шешесі оны Жынға айттырып, Ашынаны Диюға бермек болады. Ібіліс әке-...
Ысқырма | Салт-дәстүр сөйлейді 03.06.2025 1:09
Ысқырма Әбілет пен Тәбілет балаларын үйге шақырғанда ысқырады екен. Ысқырықты естігенде жын-пері, диюлар әке-шешесіне қарай асығатын болыпты. Діни-аңыздардың баяндауынша, періштелер әке-шешесін тозаққа алып кеткелі, жындар күл-қоқыста жасырынып жатады екен. Егер біреу байқаусызда ысқырса, «әке-шешеміз келіп қалған ба?» деп қуана сол адамға жүгіреді дейді. Егер оның адам баласы екенін көріп, сонша...
Саусақты сықырлатпа | Салт-дәстүр сөйлейді 03.06.2025 0:54
Саусақты сықырлатпа Ібілістің әке-шешесі Әбілет пен Тәбілет құлшылық кезінде таңдайын қағып, оғаш дыбыс шығарады екен. Ал тәспі тартқанда саусақтарын сықырлатады екен. Ұлық Алла оларды осы жаман әдетінен қанша тыйса да, олар жалғастыра беріпті. Осының кесірінен Әбілет пен Тәбілет Тәңірдің теріс назарына ілігіпті. Осыған орай, қазақтар балаларын «таңдайыңды тартпа, саусағыңды сықырлатпа, ол – шайта...
Үйге сол аяқпен кірме | Салт-дәстүр сөйлейді 03.06.2025 1:32
Үйге сол аяқпен кірме Әбілет пен Тәбілеттің оң аяғында құт, сол аяғында жұт болады екен. Олар үйге кіргенде үнемі сол аяқпен, сыртқа шыққанда оң аяқпен қадам басады екен. Соның кесірінен үйін жұт жайлап, құты далаға қашыпты. Береке дарымапты. Тәңірсі Адам атаны жаратқанда: – Сенің оң аяғыңа құтты, сол аяғыңа жұтты жасырдым. Оң қолыңа береке дарыттым. Басқан қадамың оң болса, құтың да қасыңда болар...
Шапанды желбегей жамылма | Салт-дәстүр сөйлейді 03.06.2025 0:57
Шапанды желбегей жамылма Әбілет пен Тәбілетке Алла тағала көктен шапан түсіріп: – Жалаңаш жүрген жақсы емес. Тәндеріңді көрсетпей, үстеріңе шапан киіп жүріңдер, – дейді. Олар шапанды желбегей жамылғанда жеңдеріне жамандық ұя салыпты. Осының кесірінен олар бәле-жалаға жиі шатылыпты. Содан бастап қазақ арасында шапанды, үстіңгі киімді желбегей жамылмау туралы тыйым пайда болыпты. Сонымен бірге, шапа...
Жақты таянба | Салт-дәстүр сөйлейді 02.06.2025 0:33
Жақты таянба Әбілет пен Тәбілет жағын таянса, жер беті алай-дүлей болып, астан-кестеңі шығып жамандық атаулы жанына жиналады екен. Осыдан бастап ел ішінде «жақты таянуға болмайды» деген ырым пайда болыпты. ------------------------------------------------- 🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар: Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK . 📌...
Аяқты айқастырма | Салт-дәстүр сөйлейді 02.06.2025 0:49
Аяқты айқастырма Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді. Олар періште болғандықтан нәсілі еркек те, әйел де емес екен. Екеуі аяқтарын айқастырса, әйелге, аяқтарын талтайтып отырса, еркекке айналыпты. Ер адамға аяғын айқастыру жараспайды екен. Ал қыз балаға аяғын талтайтып отыруға осылайша тыйым салыныпты. --------...
Ораза ұстау | Салт-дәстүр сөйлейді 02.06.2025 1:14
Ораза ұстау Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді. Тұңғыш рет жерде өсетін тамақты жегендіктен, адамның асқазаны бірінші рет ас қорытып, нәжіс шығаратын болды. Онда пейіштің былғанатыны анық еді. Сол кезде Ұлық Алла қаһарына мініп, Адам ата мен Хауа ананы жәннаттық мәртебесінен айырады. Алланың ә...
Марқұмның атын атап, құран оқу | Салт-дәстүр сөйлейді 02.06.2025 3:00
Марқұмның атын атап, құран оқу Ескендір дүниеден өтерінде уәзірлеріне: – Жер бетінде өлген адамның саны жоқ. Қияметте ат тұяғындай жерден жетпіс мың адам тіріледі. Мені адам аяғы баспаған, тірі жан көмілмеген жерге апарып жерлеңдер. Мен көптің бірі емеспін. Жарты әлемді билеген сүйегі асыл, қаны қасиетті патшамын. Менің қияметте танымайтын бөтендермен қатар тұруым жараспас. Мақшар алаңына жиналуға...
Марқұмдарды риза ет | Салт-дәстүр сөйлейді 02.06.2025 4:00
Марқұмдарды риза ет Жүрек көзі ашылған бір әулие жапан түзде келе жатып, түнде жалғыз қалады. «Жалғыз қалсаң, зиратқа түне» деген сөз есіне түсіп, қорымға барып қоныпты. Түннің бір уағы болғанда ол қабір әлемінде еріндері кезеріп, беттері жарылып шұбырып кетіп бара жатқан тобырды көреді. Бұл олардың көшбасшысымен тілдесіп: – Кімсіңдер? Бұл не тобыр? Жаяулап-жалпылап қайда бара жатырсыңдар? – деп с...
Құранның шарапаты | Салт-дәстүр сөйлейді 02.06.2025 1:54
Құранның шарапаты Бірде Ғайса пайғамбар сапарлап келе жатып, жол жиегіндегі моланы көреді. – Уа, Жасаған Ием, бұл мола кімдікі? – деп сұрайды. Алла: – Бір пақырдың моласы? – деп жауап береді. – Мұның ахиреттік жағдайы қалай? – Тірісінде құлшылық пен сауаптан мақұрым болған. Тек өлейін деп жатқанда кәлимаға тілі зорға келді. – Апыр-ай, онда жағдайы қиын шығар. Мен тірілтіп, түрін көрсем бола ма? –...
Бата беру | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 2:46
Бата беру Ыбырайым пайғамбар өте қонақжай адам болыпты. Үйіне келген адамға ас бермей шығармайды екен. Асығыс жолаушының өзіне нан ауыз тигізбей жібермепті. Бір күні уахи ала келген Жебірейіл періштенің өзін дастарханға сүйрейді. Жебірейіл: – Асыңа рақмет, әй, Алланың халилі. Мен Алланың уахиын жеткізу үшін ғана келдім, – дейді асығып. Ыбырайым: – Уахиды артынан айта жатарсың. Әуелі адал дастарқан...
Ібілістің балалары | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 1:45
Ібілістің балалары Тәңірі тағала Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды. Періштелер жиналып, Адамды айналып қарап көрді. Сол кезде Ібіліс лып етіп Адамның мұрнынан кіріп, оның бүкіл дене мүшесін, ағзасын, қан тамырларын аралап шығады да, үш баласын Адамның үш жеріне орналастырады. Бірінші баласын Адамның өңешіне жайғастырып: – Сен көмейде отыр! Адам сөйлегенде...
Өсек айтпа | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 0:57
Өсек айтпа Бірде Мұхамбет пайғамбар сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек зинадан қалайша ауыр болады? – деп сұрайды. – Зина жасаған адам өз ісін күнә деп біледі. Шын тәуба қылып, өкінсе, Алла кешеді. Өсекші өз ісін күнә деп ойламайды. Екі адамды шағыстырып, бүлікке жол ашады. Бәлесінен қаншама жан азап тартып, қиянат көре...
Ынтымақты бұзба | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 3:52
Ынтымақты бұзды Ертеде Нығмет пен Үсен деген ағайынды жетімдер Шаһимардан деген байдың малын бағыпты. Екеуі кисе киімге, ішсе тамаққа жарымайды. Жиырма жыл жалшылықта жүреді. Бай олардың жайын ойламапты. Бір күні екеуі бөлек шығып, байдан ақысын сұрамақ болады. Сараң бай арық ат пен бұзаулы сиыр берді. Берген ақыға разы болмаса да, қанағат тұтудан басқа жолдары жоқ еді. Ат пен сиырды жетелеп, басы...
Жезөкше атауы | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 1:06
Жезөкше атауы Ібілістің о баста өкшесі болған екен. Ібіліс қарғыс қамытын киген соң, ерлі-зайыптылардың арасына от салып, араздастырып, ажыратып жіберуді кәсіп қылыпты. Иманы әлсіздерді зинақорлыққа азғырады екен. Осындай лас іспен айналысып, адамдардың қарғысын ала берген соң, екі өкшесі ойылып түсіп қалыпты. Өкшесінің орны уақыт өте келе мүйізденіп, қатаяды. Жұрт оны «жезді өкше», «жезөкше» деп...
Таңғы асты тастама | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 1:27
Таңғы асты тастама Бірде Жақып пайғамбар таңертең жолға шықпақ болады. Бәйбіше: – Мына таңғы асты ішіп кет, шайды дайындап қойдым, – дейді. Жақып: – Жолдан қаламын, – дейді де, бұрылмай кете барады. Жолда келе жатса, алдынан жылан кездеседі. Жақып онға қарай жүрсе, ол оң жаққа, солға қарай жүрсе, жылан да солға қарай жүреді екен. Бір кезде Жақып қамшысын алып: – Мен пайғамбармын ғой, неғып жолымды...
Ырысты аяқасты етпе | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 1:31
Ырысты аяқасты етпе Нұх пайғамбар бірде ұлдарына: – Уа, ұлдарым, жолдарың оңғарылып, сапарларың сәтті болсын! Құдай сендерді ырыстан, ынтымақтан айырмасын! – деп бата беріпті. Ұлдары: – Әке, ынтымақты түсіндік. Ырыс деген не? – деп сұрайды балалары. – Ырыс – Құдайдың адамға беретін несібесі, ырзық-нәпақасы. Ұлық Алла адамзатқа төрт ырыс нәсіп етті. Біріншісі – ақ ырыс. Ол төрт түлік малдың желінін...
Табалдырықта тұрма | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 2:29
Табалдырықта тұрма Адам ата Қағбаның іргесін қалап, оны «Құдайдың үйі» деп атайды. Қағбаға құлшылық жасап, ескірген жерін жөндеп тұрады екен. Дүниеден өтерінде ұлы Шишке Қағбаның кілтін ұстатып, оны күтіп, таза ұстауды аманат етіпті. Шиш әке өсиетін бұлжытпай орындайды. Оның ықылас-пейіліне риза болған Жебірейіл Шишке үй салуды үйретеді. Оған дейін Адамның ұрпағы ағаштан салынған лашықтарда өмір с...
Ғұсыл дәретпен жүру | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 3:40
Ғұсыл-дәретпен жүру Кебін екі түрлі болады: бірі – марқұм болған жанды арулап орайтын бөз мата, екіншісі – адамның ғұсыл-дәреті. Діни кітаптарда ғұсылсыз өлген адамның жаназасы шығарылмайды деп жазылған деседі. Ертеректе Үрімжі жерінде бір бай қайтыс болады. Ел-жұрт жиналып жаназасын шығарайын десе, бай сол түні тоқалымен қоныпты. Молда: – Марқұмның ғұсылы бар ма еді? – деп сұрайды жамағаттан. Бай...
Дәрет алып, таза жүр | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 2:32
Дәрет алып, таза жүр Мұхамбет пайғамбар үнемі дәрет алып, таза жүруді насихаттаған. Дәретсіз адамға жын-пері, шайтан үйір болады. Ол туралы пайғамбар өзінің хадисінде: «Адам баласының көзі ілінген заманда, шайтан оның желкесіне үш түйін байлайды. Сол арқылы адам баласы ұйықтап кететін көрінеді. Ұйқыдан оянған кісі Алла тағаланың есімін аузына алып, «біссімілдә» деп орнынан тұрса, бір түйіні шешіле...
Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.