Ruhani Portal
Ruhani Portal
✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.
Author
Ruhani Portal
Category
Podcast website
Latest episode
Jun 3, 2025
Where to listen?
Podcasts in the app Replaio Radio Coming soonPodcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts
Episodes
Дәретті сол қолыңмен ал | Салт-дәстүр сөйлейді 01.06.2025 1:08
Дәретті сол қолыңмен ал Қиямет-қайым орнап, махшар майданы кезінде Ұлық Алла әулие, ғұламаларға: – Мұхамбеттің тозақта жатқан үмбеттерін құтқарыңдар, – деп әмір етеді. Әулиелер сәлдесін тозаққа тастайды да: – Әй, Мұхамбеттің қарабет үмбеттері! Мынаған жабысыңдар! Алла сендерді құтқаруға рұқсат етті! – дейді екен. Сол кезде азапта жатқан жандар жапа-тармағай жабыса бастайды. Оң қолымен дәрет алып,...
Аяқты аспанға көтерме | Салт-дәстүр сөйлейді 31.05.2025 1:14
Аяқты аспанға көтерме Әбілет пен Тәбілеттің аяқтарын көкке көтеріп жататын жаман әдеті болыпты. Осы әдеттерінен тыйыла алмапты. Кейін күнәлі боп, Тәңірі алдына барғанда оларды ерекше жазалайды. Екеуінің аяғын аспаннан келтіріп, салбыратып іліп қояды. – Уа, Тәңірім, неге бізді бұлайша жазаладың? – дегенде Тәңірі тағала: – Сендер үнемі аяқты көкке қаратып жататын едіңдер. Бұл мен үшін жағымсыз қылық...
Әруаққа құран бағыштау | Салт-дәстүр сөйлейді 31.05.2025 4:47
Әруақтарға құран бағыштау Әруаққа құран бағыштаудың сауабы туралы Рабғузидің «Қисса сүл-әнбиясында» мынадай аңыздар бар. Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар зат еді. Әлемнің іші де, тысы да бір өзі. Әлемнен бөлек те емес, бірге де емес құпия қазына болатын. Тәңірі тағала түр-түсі, шет-шегі, бет-келбеті, салмағы, мекені болмайтын мәңгілік құбылыс. Құдай өзінің құпиясын ашып, рухани...
Бүйіріңді таянба | Салт-дәстүр сөйлейді 31.05.2025 1:26
Бүйіріңді таянба Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған екен. Бірде құлшылық уақыты таяғанда ол ұлдарын ертіп мешітке келеді. Халық жиналып үлгермепті. «Отыз ұлым да бір жамағат қой» деп, жұртты күтпестен, ұлдарымен ғибадатты бастап кетеді. Намазда екі жаққа сәлем беріп жатып, «Расында да өзімнің әулетім бір қауым ел екен» деп астамшылық ойлайды. Намаз бітіп, бата жасаларда отыз ұлы сәждеден тұрмай қа...
Қолды жуған соң сілкіме | Салт-дәстүр сөйлейді 31.05.2025 1:12
Қолды жуған соң сілкіме Бірде Ғайса пайғамбар жолаушылап келе жатып Ібілісті көреді. Ібіліс ізіне жүздеген ұрпағын ертіп алып, сап болып кетіп бара жатыр екен. Ғайса: – Әй, Ібіліс, мынаның барлығы балаларың ба? – деп сұрайды. – Иә, балаларым. – Не деген көп! Қалай өсіп, көбейгенсіңдер? – деп таңғалады. Сонда Ібіліс: – Кей адамдар қолын жуған кезде сілкілейді. Сілкігенде шашыраған әр тамшыдан менің...
Әулиенің басына кісі жерлеу | Салт-дәстүр сөйлейді 31.05.2025 3:18
Әулиенің басына кісі жерлеу Түркі даласында Қожа Ахмет Яссауиден басталған «әулиеден шарапат тілеу культі» көшпелі қазақтардың кісі жерлеу ғұрпына да өзгеріс әкелді. Тарих толқынында елге еңбегі сіңген, танымал тұлғаларды Әзірет Сұлтанның басына әкеліп жерлеу дәстүрі пайда болды. Қазіргі таңда соңғы табылған ресми деректерге сәйкес мұнда 170-ке жуық тұлғалар жерленген. Оның ішінде 25 хан-сұлтандар...
Нан қиқымын қастерле | Салт-дәстүр сөйлейді 31.05.2025 3:45
Нан қиқымын қастерле Бірде Ыбырайым пайғамбар Құдайға: – Уа, Тәңірім! Өзімді бай еттің, төрт түлігімді сай еттің. «Алмақтың да салмағы бар» деген. Мыңғырған малдың сұрауы қиын бола ма деп қорқамын. Артығын қайтып ал. Мен азға қанағат қылайын! – дейді. Тәңірсі оған: – Әй, Ыбырайым, берекем қашып, малым сарқылсын десең, бұдан былай нанды отырып емес, аттың үстінде же! Нанның қиқымы шашылып, жерге тү...
Сәлемдесу үлгісі | Салт-дәстүр сөйлейді 31.05.2025 3:09
Сәлемдесу үлгісі Пайғамбар миғраждан үмбетіне тоғыз қасиетті зат әкеліпті. Олар: жастық, жайнамаз, бөрік, шапан, орамал, намаз, дастархан, Құран, сәлемдесу үлгісі екен. Пайғамбар миғражға көтерілгенде алдынан періштелер шығып: – Ассалаумалейкум, әлемнің рақымы! – деп сәлем береді. – Уалейкүмсалам! – деп жауап береді. Мұндағы «Ассалаумалейкум» сөзі «Алланың нұры жаусын, бар жақсылықты нәсіп етсін»...
Бесікке бөлеу дәстүрі | Салт-дәстүр сөйлейді 31.05.2025 3:05
Бесікке бөлеу дәстүрі Бесік Айырқалпақ Айдаһар бидің заманында дүниеге келген деседі. Ол кезде ұлан-байтақ даланы Мизам баб қорғайды екен. Қара қытайлар Сарыарқаның кеңдігіне қызығып, жиі шабуыл жасап отырады. Бірақ Мизам бабқа шамасы жетпей, үнемі жеңіліс табады екен. Мизам баб ағаш егуді, бау-бақша жасауды кәсіп етеді. Жұрт «ағаштың пірі – Мизам баб» деп атайды. Аңызда Жетісу мен Алтай өңіріндег...
Қызды төрге шығару | Салт-дәстүр сөйлейді 31.05.2025 1:41
Қызды төрге шығару Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Жаппас атты үш ұлы мен Уәсила деген қызы болыпты. Пайғамбар үнемі қызына құрмет көрсетіп, мүлде дауыс көтермейді екен. Қызы да әкенің қалауын қабағынан түсінетін сұңғыла болып өседі. Нұх дастарқан басында отырғанда үнемі қызын үш ұлынан жоғары, төрге отырғызады екен. Бұл үлкен ұлы Самның көңіліне күдік салыпты. «Уәсиланың жасы бізден кіші. Неге менен ж...
Тұсау кесу | Салт-дәстүр сөйлейді 31.05.2025 2:45
Тұсау кесу Тәңірі тағала Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жаратып, жер бетіне жібереді. Олар өте ажарлы, сұлу болған екен. Бір-бірін ұнатып қалады. Тәңірсі екеуіне: – Некелерің қиылмай, бір-біріңе қосылмаңдар! – деп ескертеді. Бір күні екеуі шыдай алмай, бір-біріне қосылып қояды. Дүниедегі ең алғашқы зинақорлық осыдан басталыпты. Діни аңыздарда қиямет-қайымда зинақор адамдар Әбілет пен Тәбіл...
Қолға су құю | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 3:37
Қолға су құю Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қолға су құйғызатын дәстүр бар. Аңыз бойынша бұл дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған деседі. Дәуіт пайғамбар отыз ұлынан айрылған соң қайғыдан қан жұтады. Тәңірсі оны жұбату үшін оған тағы бір ұл сыйлайды. Бірақ Жебірейіл періште келіп: – Әй, Дәуіт! Жаппар Хақ саған бір ұл нәсіп е...
Үлкенді құрметте | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 2:05
Үлкенді құрметте Қазақта үлкенді құрметте, жол бер, көліктен түсіп сәлем бер деген әдеп-талаптары бар. Заманында Жүсіп пайғамбардың әкесі он ұлын ертіп, Мысырға келе жатады. Жүсіп оларды қарсы алу үшін алдарынан шығады. Ол аттан түсейін деп жатқанда бір уәзірі: – Тақсыр, келе жатқан әкең болса да, аттан түспей амандас. Мысыр патшалығының айбынды абыройын сақтау керек. Олар саған кіріптар болып кел...
Үһлеме | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 1:45
Үһлеме Ертеде бір жігіттің қарт шешесі болыпты. Шешесі ауырып, төсек тартып жатып қалады. Жігіт отын шауып, оны қалаға сатады екен. Шешесі күнде баласының қамын ойлап, төсекте отырады. Баласы кешке үйге келгенде: – Балам, шаршамадың ба? – деп сұрайды екен. Баласы шаршаса да, білдірмей: – Шаршағаным жоқ, апа! – деп жауап береді. Бұл сөз ауру шешесіне кішкене де болса қуат берді екен. Бір күні балас...
Бос бесікті тербетпе | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 0:38
Бос бесікті тербетпе Бос тұрған бесікке Ібіліс баласын салып қояды екен. Бос бесікті тербеткен шайтанның баласын тербеткенмен бірдей. Сондықтан «бос бесікті тербетпе» деп тыйым етеді. Ібілістің баласы бос бесікте жасырынып жатады екен. Сәбиді бөлер кезде отпен аластамаса, жасырынып жатқан шайтан баланың ішінен нұқи береді. Содан сәбидің іші ауырады. Мазасы қашады. Сондықтан бөпені бесікке бөлерде...
Қыз баланы құрметте | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 2:59
Қыз баланы құрметте Баяғыда бір жігіттің жалғыз аты болыпты. Бір жаққа шыққанда, қарындасы оның атын қарауылдайды екен. Бірде қарындасы аттан көз жазып қалыпты. Ағасы: – Ат қайда? – деп сұрайды. Қарындасы: – Көз жазып қалдым, – дейді. Ағасы ашуланып: – Жоғал, онда, – деп қарындасына қолы тиеді. Қыз ағасына өкпелеп, басы ауған жаққа кетіп қалады. Жолда келе жатып: – Бүйткен ағам бар болсын. Онан да...
Нан қиқымының шарапаты | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 0:52
Нан қиқымының шарапаты Діни аңыздарда перғауынның саусақтары тозақ отына күймейді деп айтылады. Мұса пайғамбарға қиянат жасап, оның қауымын азапқа душар қылған перғауын Алланың қаһарына ұшырайды. Әскерімен бірге қызыл теңізге қарық болыпты. Алайда оның бір ғана Құдай сүйер ісі болыпты. Ол тамақтан соң дастархандағы қалған-құтқан нан қоқымын саусақтарымен сыпырып жеп қояды екен. Осы қылығы үшін Құд...
Азан шақыру дәстүрі | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 1:27
Азан шақыру дәстүрі Ескі кітаптарда «тағдыр тақтасының кілті – азан» деп айтылады. Адам тілек айтар алдында азан шақырса, «тағдыр тақтасы» кітабының кілті ашылады, тілеген бар тілек сонда жазылады. Адам тілек тілеп болып, бетін сипағанда «тағдыр кітабы» қайта жабылады. Егер бетін сипамаса, жын-перілер келіп адамның пешенесіне жаман жолға өзгертіп жібереді деп сенеді. Бұл дәстүрді «азан айту» немес...
Ит көйлек кигізу | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 2:37
Балаға ит көйлек кигізу Дүние есігін ашқан сәбиге ең алғаш тігісін сыртына қаратып, киім тігіп кигізеді. Бұл киімнің атын «ит көйлек» немесе «ит жейде» деп атаған. Киімнің бұлай аталуы жайында мынадай қызық аңыз бар. Тәңірі тағала адамның мүсінін жасағанда, оның кіндігінен алынған бір шөкім балшықтан итті жаратады. Иттің үнемі адамнан айырылмай, қайда барса да, иесінің мал-мүлкін қорып, адамға сер...
Ауызға түкірту ырымы | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 1:04
Жас баланың аузына түкірту Қызыр ата бірде Әзірет Сұлтанға қонаққа келеді. Ясауи бабамыз шәкірттерін отынға жұмсайды. Жолда жаңбыр жауып, әкелген отынның бәрі су болады. Бықсып жанбайды. Сүлеймен есімді шәкірттің ғана ағашы құрғақ екен. Асты соның отынымен пісіреді. Қызыр: – Ұлым, сенің шөпшегің неге құрғақ? – дейді. Бала: – Мен отынды шапаныммен орап, су тигізбей әкелдім, – дейді. Баланың зеректі...
Жақсы есім таңдау | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 3:31
Жақсы есім таңдау Адам ата мен Хауа анаға Жаппар Хақ бір бала беріпті. Екеуі кей кездері балаға таласып қалады екен. Бірі: – Менің балам, – десе, бірі: – Менікі, – депті. Екеуінің арасында алғаш талас, жанжал болыпты. Мұны көріп тұрған Алла баланы көгершінге айналдырып жібереді де: – Бала екеуіңе де ортақ. Біріңнің қуатыңмен, біріңнің шуағыңмен дүниеге келді. Бұдан былай таласпаңдар, тату болыңдар...
Құт қойдың құлағында | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 5:43
Құт қойдың құлағында Ертеде Сырлыбек деген кісінің үйіне қонақ түседі. Ол ит-құстың тілін біледі екен. Қонақ үйде отырып сырттан ұлыған қасқырдың даусын естиді. Оған ит арпылдап үреді. Қасқыр: – Әй, ит екеш, інім. Әлімсақтан екеуміз туыс едік. Алла менің жеті несібемді желден, бір несібемді үйден жаратқан. Бүгін көзім осы ауылға түсті. Маған бір қой бер! – дейді. – Қасеке, менің тоқтығым осы қойла...
Жеті желпектің шарапаты | Салт-дәстүр сөйлейді 30.05.2025 3:05
Жеті шелпектің шарапаты Баяғыда бір жолаушы келе жатып, сандық тауып алады. Ашып қараса, ішінде алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде алтын тас үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді. – Ей, бейшара, не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын», – деп тіледім. Ешкім...
Кәрі жіліктің киесі | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025 2:15
Кәрі жіліктің киесі Қазақта кәрі жілік кәделі сый саналады. Кәрі жілік ел басын сақтайды деген сенім бар. Оны үйдің оң босағасына, қорасының айналасына байлап іліп қояды. Кәрі жіліктің киесі туралы ел ішінде мынадай аңыз бар. Ертеде бір байдың қорасын қырық қарақшы торуылдайды. Бірақ, қанша тырысса да, малын ала алмайды. Байдың қорасын қарулы жасақ күзетіп тұрыпты. Бірақ, таң ата қарауылдар көзден...
Үлкеннің жолын кеспе | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025 1:42
Үлкеннің жолын кеспе Бірде Әзірет Әлі жолда келе жатқан бір шалдың алдынан менсінбей кесіп өтеді. Мұны байқап қалған Мұхамбет пайғамбар: – Әлижан, қарттың жолын неге кестің? –деп сұрайды. – Ол кісі мұсылман емес қой. Ондай құрметке лайық көрмедім, – дейді Әли. Пайғамбар: – Әли, есіңде болсын! Үлкен кісіге құрметі жоқ жанды Тәңірім сүймейді. Ол мұсылман болмаса да,сақалының ақтығы сенің бәсіңнен ар...
Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.