Ruhani Portal

Ruhani Portal

Religion KK ↓ 276 episodes

✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.

Author

Ruhani Portal

Category

Religion

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Jun 3, 2025

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

Кісіге қарап есінеме | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025

Кісіге қарап есінеме Ертеде Мұхамбет пайғамбар сахабаларымен сұхбаттасып отырыпты. Жүрек көзімен қараса, жандарында Ібіліс те жүр екен. Пайғамбар одан: – Әй, малғұн, мұнда не істеп жүрсің? – деп сұрайды. – Мен үшін қолайлы мекеннің бірі – есінеген ауыз. Ауызды ашып есінесе, байқатпай түкіріп жіберем. Сосын ол адамның аузы бейпіл сөзге бейім келеді, – депті. Пайғамбар оның сөзін естіп, селк ете қал...

Әжетханаға жалаңбас кірме | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025

Әжетханаға жалаңбас кірме Бірде төрт шадиярдың бірі – Әубәкір дәретханаға кірсе, бұрышта қолында құрығы бар Ібіліс отыр екен. Әубәкір: – Ей, малғұн, мұнда неғып отырсың? – деп сұрайды. Ібіліс: – Білмеуші ме едің? Алламен араздасқанда маған баспана етіп дәретхананы берген. Мен өзімнің үйімде отырмын, – деп жауап береді. – Қолыңдағы құрық не үшін? – Кім дәретханаға жалаңбас кірсе, соның ақылын ұрлай...

Ер адамның киімін баспа | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025

Ер адамның киімін баспа XVIII ғасырда Қазақстанның батыс өңірінде Есенгелді атты кісі тұрмыс кешеді. Ол жеті атасынан бері бай, мал-жаны мыңғырған адам болса керек. Нағыз шынжыр балақ, шұбар төс дәулетті адам екен. Болыс болып, ел де билейді. Оның тоқалынан Бекей есімді ұлы болыпты. Бекей орысша сауаты өте жоғары, көзі ашық жігіт екен. Байдың бәйбішеден туған ұлдары Бекейдің ел ішіндегі беделін кө...

Көк шөпті жұлма | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025

Көк шөпті жұлма Бір аңыздарда Нұх пайғамбар Қазығұртқа тоқтағанда оның қауымда қырық адам болған екен деседі. Оның ішінде бес жасар баласы бар бір әйел болыпты. Баласының аты Көк екен. Нұх қауымына: – Жердің қарасы көрініп келеді. Балауса шөп енді өсіп жетіледі. Жаңа шыққан өсімдікті жұлмаңдар! – деп ескертіпті. Ақылсыз бала оның насихатын құлаққа ілмейді. Ол жаңа гүлдеген шөптерді бей-берекет жұл...

Бақыттың тұрағы | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025

Бақыттың тұрағы Бір күні Қызыр ата жолаушылап келе жатып Бақытты кездестіреді. Ол: – Әй, Бақыт, мен ел ішін аралаймын, пенденің тілегін Құдайға жеткіземін. Бірақ, қай үйге кірсем де, жұрттың бәрі «Бақыт қонсын!», «Бақытты бол!», «Бақыт қайдасың?» деп іздеп жатады. Жаббар Хақ сені Адамға серік болсын, өміріне көрік болсын деп жаратты. Шиш пайғамбар алғаш үй салғанда төріне жайғасып едің. Ел-жұрт «А...

Әжетханада сөйлеме | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025

Әжетханада сөйлеме Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі: – Ұлым, дәретте отырғанда сөйлейтініңді байқадым. Мұның теріс дағды, – дейді. – Онда тұрған не бар, әке? – дейді. – Сенің әрбір сөйлеген сөзіңді жазып алатын екі иығыңда екі періште отыр. Оның атын кітапта «Кироман-Катибин» дейді. Періштелер – өте пәк...

Әжетханада түкірме | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025

Әжетханада түкірме Шайқы Бұрқы бірде Ібілісті көріп қалады. – Әй, малғұн! – дейді оған дауыстап, – осы сен адамды азғыруыңды қашан тоқтатасың? – Мен оны өлгенше азғыра беремін, әлсіздердің иманын алмай қоймаймын. Мен үшін ең қолайлы сәт – өлім сәті, – депті. Шайқы Бұрқы: – Не үшін олай дедің? – Пенденің ақтық демі тақағанда, оны шөл қысады. Бірақ, қасындағы ет-бауыр жақындары науқастың бұл халінен...

Ақты қорлама | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025

Ақты аяқ асты етпе Бірде Шайқы Бұрқы Аллаға: – Уа, Тәңірім, осы сенің де өлетін кезің бола ма? – деп сұрапты. – Иә, әрине. Мен күнде өлемін, – деп жауап беріпті. Мұндай жауапты күтпеген Бұрқы сасып қалып: – Қалайша сен өлесің? Сен әуелден бар, мәңгі жасаушы Ұлы Құдірет емессің бе? – дейді. Сонда Алла: – Егер жер бетінде біреу ақты қадірлемей, аяқасты етіп қорлайтын болса, мен сол сәтте бір өліп-ті...

Ата-ананы құрметте | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025

Ата-анаңды құрметте Бірде Мұса пайғамбар Алла тағалаға: – Уа, Тәңірім! Маған жұмақта көрші болатын кісіні көрсетші, – деп өтінеді. Жаппар Хақ: – Базарға барып, ет сататын қасапшыны іздеп тауып ал. Сенің жұмақтағы көршің сол болады, – дейді. Мұса дереу базарға барып, қасапшыны тауып алады. Ол ынты-шынтысымен еңбек етіп, ет сатып тұр екен. Кешке қасапшы үйіне қайтады. Жол бойында Мұса оны қуып жетіп...

Азан шақырып ат қою | Салт-дәстүр сөйлейді 29.05.2025

Азан шақырып ат қою Құран Кәрімде Тәңірі тағала Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды деп жазады. Періштелер жиналып, Адамды айналып қарап көріпті. Сол кезде Ібіліс лып етіп Адамның мұрнынан кіріп, оның бүкіл дене мүшесін, ағзаларын, қан тамырын аралап қайта шығыпты. Сосын періштелерге: – Бұл мақұлық Ұлық Аллаға орынбасар болуға лайық емес, – дейді. – Неге? –...

Ақ мата сақтау ғұрпы | Салт-дәстүр сөйлейді 28.05.2025

Сандықтың ішіне ақ мата сақтау Бибіажар анамыз сандығына ақ бөз маталарды жинап, сақтап жүреді екен. Мұны байқаған келіні: – Апа, ақ маталарды неге жинап жүрсіз? – дейді. Ажар анамыз: – Сандықта жатқан ақ мата үнемі Құдайдан «Иә, Алла, мына шаңыраққа береке бер, үй иелерінің өмір жасын ұзақ қыл. Мені қара жердің астында көміліп қалудан сақта», – деп, дұға етіп тұрады. Соның себебінен үй иелеріне м...

Әйелдің сырға тағу дәстүрі | Салт-дәстүр сөйлейді 28.05.2025

Әйелдің сырға тағу дәстүрі Бибісара анамыз жасы тоқсаннан асса да, құрсақ көтермеген соң Ыбырайым пайғамбар Бибіажар есімді күңіне үйленеді. Көп ұзамай Бибіажар анамыз құрсақ көтереді. Тоқалдың жүкті екенін білгенде Бибісарада қызғаныш пайда болады. Осыны сезген Ібіліс: – Ей, Сара, еріңе қанша адал қызмет етсең де, Құдайың Ажарды сенен артық көрді. Бұл – әділетсіздік. Оны өлтіріп, өшіңді ал, – дей...

Әйелдің сән-салтанаты | Салт-дәстүр сөйлейді 28.05.2025

Әйелдің сән-салтанаты Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемісті жеп, жұмақтан қуылады. Алланың әмірімен періштелер Адам атаның басындағы тәжінен бастап інжу-маржан әшекейлеріне дейін түгел алып қояды. Хауа ананың сәнді бұйымдарына тиіспейді. Оның дүр-жауһар сақинасы, інжу-маржан тәжі, лағыл моншақтары, сәнді бояулары бәрі сол қалпында қалады. Адам ата: – Иә, Алла, неге менің сән-салтанатымды та...

Айды құрметтеу | Салт-дәстүр сөйлейді 28.05.2025

Айды құрметтеу Ертеде Күн мен Айдың нұры бірдей болған екен. Екеуінде жетпіс бөліктен тұратын шуақ болыпты. Жарығы тең болғандықтан, ол кезде күндіз де, түн де болмапты. Бір күні Ұлық Алла Жебірейілге: – Мен түнді жаратамын. Айдың нұрынан шуақ ал, – дейді. Жебірейіл қанатымен айдың жүзін үш рет сырып, шұғыласын жинап алды. Алпыс тоғыз шуағын алып, күнге қосады. Күннің нұры артып, бұрынғысынан қатт...

Адамды мазақтама | Салт-дәстүр сөйлейді 28.05.2025

Адамды мазақтама Нұх пайғамбар кеме жасап жатқанда, бір қылжақбас күнде оны мазақ етеді екен. Оның құйтырқы сөздеріне Нұх шыдай алмай, кейде жылап жібереді екен. Ол: – Мына жындының ісін қараңдар, су жоқ жерге кеме жасап жатыр. Кемеге барлық жануарды жинамақшы. Кемеде қасқыр мен қой, түлкі мен тауық қайтіп бірге тұрады? – деп әжуалайды екен. Бір күні апат басталып, барлық жануар Алланың әмірімен к...

Адамға түкірме | Салт-дәстүр сөйлейді 29.04.2025

Адамға түкірме Аңыз-қиссаларда Ібілістің жаман әдеттерінің бірі түкіру деп айтылады. Әлімсақта аспанға түкіремін деп Тәңірді ренжітеді. Онан кейін, Ұлық Алла Адамды жаратқан кезде, Ібіліс періштелерді ертіп, Адамды тамашалауға келеді. Ібіліс Адамның қарнын ұрады. Сол кезде даңғыр ете қалған дыбыс шығады. Ібіліс: – Ішің даңғырлақ екен. Сірә, мақтаншақ боларсың. Бүкіл өмірің осы қарныңды тойдырумен...

Адыраспан тұтату | Салт-дәстүр сөйлейді 29.04.2025

Адыраспан тұтату Діни аңыздарда адыраспанға кие бітірген Әзіреті Мұхамбет пайғамбар делінеді. Ертеде төрт шадиярдың бірі Әзіреті Оспан әскер бастап жорыққа шығыпты. Жолда бір жерге түнейді. Түнде жаулары тыңшы жіберіп, байлаулы тұрған аттарын босатып, жан-жаққа шашыратып қуыпты. Түнімен азан-қазан болып сахабалар аттарын іздейді. Ертесіне Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалған...

Ағаш ексең, күнәң жеңілдейді | Салт-дәстүр сөйлейді 29.04.2025

Ағаш ексең, күнәң жеңілдейді Ертеде бір қандықол қарақшы тәубе еткісі келеді. Ол Шайқы Бұрқы әулиеге келіп: – Мен қырық жыл бойы қан төктім. Зұлымдықтан басқа іс жасамадым. Енді тәубеме келдім. Не амал жасасам, Құдай күнәмді кешеді?– деп сұрайды. Шайқы Бұрқы: – Жол шетіне жеміс ағашын ек. Өткен-кеткен жолаушылар саясына демалсын. Жемісін жесін, шөлін қандырсын, – дейді. Қарақшы жолдың жиегіне көп...

Асты «біссіміллә» деп баста | Салт-дәстүр сөйлейді 29.04.2025

Асты «біссіміллә» деп баста! «Асты біссімілләсіз жеме» деген тыйым бар. Діни кітаптарда біссімілләсіз ас Ібілістің қорегі делінеді. Бұл жайында мынадай аңыз бар. Ертеде Әбіл қой бағып, Қабыл егін егіп, тынбай еңбек етіпті. Қарындары ашып, тамақтанар кезде қастарына Ібіліс келіп «маған да үлес тиіп қалар ма екен?» деп дәмеленеді екен. Әбіл асына «біссіміллә» деп қол созғанда, шайтанның үміті кесілі...

Асты сынап-мінеме | Салт-дәстүр сөйлейді 29.04.2025

Құрметті оқырман! Бұл каналдан салт-дәстүрді дәріптейтін аңыз-қиссаларды оқып, тыңдай аласыздар! -------------------------------------------------------- Британ ғалымы Карен Армстрон: Мифтер салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен араласып, біте қайнасқанда ғана оларға эстетикалық жан бітеді. Мазмұны киелі аңызбен байытылған ғұрыптар өзінің сакральді мәнін ашып, тіршіліктің терең сырына бойлауға мүмкіндік бере...

20. Мың сұрақ 21.04.2025

20. Мың сұрақ Әлқиса, сонымен сайыс бітті. Бес күн бойы екеуінің аузына кезек-кезек телмірген жұрт демін ішіне тартып, ақырын күтті. Бәсі мен дәрежесі дүниенің қазынасына бергісіз ғажайып бір сырлы сұхбат өрілді. Бұл сында Әбілда жеңді, Мәлике жеңілді. Мәлике көкірегіне жылдар бойы жиған сауалын түгел қойды. Әбілда да шалқыған шалқар білімін көрсетті. Екеуінің мәнді айтысынан тыңдаушылар небір ғаж...

19. Мың сұрақ 21.04.2025

19. Мың сұрақ -------------------------------------------------------- ✅Құрметті тыңдарман. Өз ыңғайыңызға қарай Telegram, YouTube, VK немесе Подкаст қолданбалар арқылы толықтай тыңдап жүре аласыз. Басты Ниет көкірекке құндылық құю. Оқыған: Қайрат Әділгерей Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme Telegram: https://t.me/Myn_surak YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал Apple Podcast...

18. Мың сұрақ 21.04.2025

18. Мың сұрақ -------------------------------------------------------- Соңғы күн Әлқиса, осымен сайысының төртінші күні аяқталды. Талапкердің тағдыры шешілер күн де таяп қалды. Жұрт Мәликенің сауалы мен Әбілданың жауабына тамсанып, разы болды. Тыңдаушының кеудесіне ғылымның сәулесі қонды. Әбілданың даңқы күннен күнге асқақтады. Араб, парсы жұрты оның жүзін бір көріп, сөзін естуге құмартып, Ұрымға...

17. Мың сұрақ 21.04.2025

17. Мың сұрақ -------------------------------------------------------- ✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай Telegram, YouTube, VK немесе Подкаст қолданбалар арқылы толықтай тыңдап жүре аласыз. Басты Ниет көкірекке құндылық құю. Оқыған: Қайрат Әділгерей Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme Telegram: https://t.me/Myn_surak YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал Apple...

16. Мың сұрақ 21.04.2025

16. Мың сұрақ -------------------------------------------------------- ✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай Telegram, YouTube, VK немесе Подкаст қолданбалар арқылы толықтай тыңдап жүре аласыз. Басты Ниет көкірекке құндылық құю. Оқыған: Қайрат Әділгерей Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme Telegram: https://t.me/Myn_surak YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал Apple...

Listen to the Ruhani Portal podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.