Ruhani Portal

Ruhani Portal

Religion KK ↓ 276 episodes

✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.

Author

Ruhani Portal

Category

Religion

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Jun 3, 2025

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

51. Ең оңай дұға | Қисса сүл-әнбия 02.03.2024

Ең оңай дұға Бір күні Мұса Аллаға арыз қылды: – Уа, Тәңірім, маған ең оңай дұға түрін үйретші, – деді. Алла: – Жаттап ал, Мұса! Лә иләһә илла Алла, – деді. Мұса жаттап алып, дауыстап айтып жүрді. Бір күні тағы да Аллаға: – Уа, Жаратқан, бұны елдің бәрі айтады. Мен пайғамбармын ғой. Өзіме ғана арналған ең қиын дұғаны үйретші, – деді. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇

50. Тасқұлақ, ақпа құлақ, құйма құлақ | Қисса сүл-әнбия 02.03.2024

Тасқұлақ, ақпа құлақ, құйма құлақ Мұса кәлимолла жолда үш адамның бас сүйегін көреді. Ол бірінші бас сүйектің құлағын асасымен нұқиды. Аса таяғы құлақ шекеден кіріп, сүйектің арғы басынан бір-ақ шығады. Мұса бас сүйекті тастай салады. Екінші бастың құлағына асасы мүлде кірмей қояды. Мұса оны да тастайды. Үшіншісін түрткенде, таяғы құлақ шекеден өтіп, бас сүйектің қақ ортасына тұрып қалады. Әрі-бер...

49. Алланың қазынасы | Қисса сүл-әнбия 02.03.2024

Алланың қазынасы Мұса пайғамбар бір күні Алладан: – Уа, Тәңірім, сенің де мал-мүлкің, дүние-қазынаң бар ма? – деп сұрады. Алла: – Бар, – деп жауап берді. – Көрсем бола ма қазынаңды? – деді Мұса. – Жоқ. Көрсетсем, көптен көңілің қалады, – деді Алла. Мұса өтініп қоймаған соң, Алла оған: – Ана таудың бір шатқалына шық, – деп бұйырды. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇

48. Ең сорлы мақұлық | Қисса сүл-әнбия 02.03.2024

Ең сорлы мақұлық Күндердің күнінде Мұса пайғамбардың көңілі өсіп, «Алланың менен де өткен сүйікті құлы бар ма екен?» деп ойлайды. Сол сәтте Ұлық Алла оны сынаққа алып: – Әй, Мұса, бір ай уақыт беремін. Маған дүниедегі ең нашар, ең сорлы, ең мүсәпір, ең бейшара мақұлықты тауып әкел! – деп бұйырды. Мұса дала мен қаланы кезіп, қаңғып кетті. Оған жолда аяқ-қолы жоқ мүгедектер де, қаріп-қасерлер де, ұр...

47. Халық – Алланың бір аты | Қисса сүл-әнбия 02.03.2024

Халық – Алланың бір аты Мұса пайғамбарға бірде бір балаға зар болған ерлі-зайыптылар келіп, Құдайдан бала сұратады. Тәңірі тағала: – Бала беремін. Бірақ сәбиге бір айлық қана ғұмыр жазам, – деді. Олар: – Жарайды, Мұса, Аллаға айт! Бізге ғұмыры аз болса да, бала қызығын берсін. Қубас атанғаннан осы жақсы, – деді. Ұзамай екеуі ұлды болды. «Қартайғанда көрген қызығы ғой» деп, айналадағы көрші-қолаң,...

46. Алла жіберетін бәленің ең жаманы | Қисса сүл-әнбия 02.03.2024

Алла жіберетін бәленің ең жаманы Мұса пайғамбардың қауымы надандықпен күнәлі істерді көп жасап, Алланың алдында айыпты болады. Алла тағала оларға наразы болып, Мұсаға: – Әй, Мұса, қауымыңа ескерт. Үш түрлі бәле жіберемін. Біреуін таңдасын. Біріншісі – зұлмат ашаршылық, екіншісі – індет, үшіншісі – елдің ынтымағын жойып, бір-бірімен алауыз қыламын. Біреуін таңдап, үш күннен соң жауабын беріңдер, –...

45. Мұса мен Қызыр | Қисса сүл-әнбия 01.03.2024

Мұса мен Қызыр Мұсаға Алла көп ілім берді. Сансыз мұғжиза нәсіп қылды. Кітап түсіріп, дана етті. Рухани ілімнің шарапатынан Мұсаның көңілі шалқыды. Ол бірде: – Уа, Тәңірім! Сенің ілімі менен асқан құлың бар ма? – деп сұрады. – Әлбетте, бар. Парсы мен Рұм дариясы тоғысқан жерге барсаң, менің бір Қызыр есімді құлымды табасың. Сен содан сабақ ал! – деді. Мұса пайғамбар таңғалып, Қызырды көргісі келді...

44. Мұса пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 01.03.2024

Мұса пайғамбар қиссасы Мұса пайғамбар дүниеге келерде оның елі Мысырда құлдықта болатын. Бір күні перғауын қорқынышты түс көреді. Түсінде бір жалын жер дүниені шарпып келіп, перғауынның үйін өртеп жібереді. Перғауын шошып оянып, көрген түсін бақсы-балгерге жорытты. Балшы: – Ей, патшам! Мысырда биыл бір ер бала дүниеге келеді. Ол сені тақтан төңкеріп, патшалығыңды да опат етеді, – деді. Жалғасын ау...

43. Аюп пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 01.03.2024

Аюп пайғамбар қиссасы Аюп пайғамбар өте сабырлы болған екен. Ұлық Алла періштелерге: – Аюп – менің ең сабырлы құлым! – деп мақтанады екен. Бұл мақтау Ібіліске жақпайтын. Ол Аюптың сабырын түгеспек болды. Оны жоқтықпен, байлықпен, мансаппен азғырды. Шайтанның бұл айласы Аюпқа әсер етпеді. Тіпті әйелін арбап, отбасы мен достарының арасына да от салды. Аюп сонда да сыр бермеді. Ібіліс күніне мың түрл...

42. Жүсіп пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 01.03.2024

Жүсіп пайғамбар қиссасы Жақып пайғамбардың он екі перзенті бар еді. Әкесі олардың ішінде Жүсіпті ерекше жақсы көрді. Бір күні Жүсіп түс көреді. Әкесіне: – Түсімде ағайынды бауырлар ағаш егіппіз. Ағаштар тез өсіп, гүлдеді. Менің ағашым көкке жетті. Өзгелері иіліп, оған тәжім етті, – деді. Ағалары: «Жүсіп өзін бізден артық санап, әкемізге жағынып отыр» деп ойлады. Жүсіп екінші рет түс көрді. Ол әкес...

41. Смағұл пайғамбардың дүниеге келуі | Қисса сүл-әнбия 01.03.2024

Смағұл пайғамбардың дүниеге келуі Бибажар анамыз құрсақ көтерді. Тоқалдың жүкті екенін білгенде, Бибісара анамызда қызғаныш пайда болды. Бір күні Ібіліс келіп: «Ей, Сара, көрмейсің бе? Еріңе қанша адал қызмет етсең де, Құдайың Ажарды артық көрді. Алдыңды кескені үшін оны өлтіріп, өш ал», – деді. Қызғанышын тежей алмаған Бибісара Ажар анамыздың «екі жерін жаралаймын» деп ант ішті. Жалғасын аудиодан...

40. Ыбырайым пайғамбардың қызына өсиеті | Қисса сүл-әнбия 01.03.2024

Ыбырайымның қызына өсиеті Ыбырайым пайғамбар үйінде тамақты жалғыз ішпейді екен. Бір күні қызы: – Әке, қашанғы біреуді күтіп отырасыз? Тамақ суып қалды. Іше беріңіз, – дейді. Ыбырайым: – Қызым, ақиретте көрген қызық, ішкен-жегеннің бәрінің сұрауы бар. Көппен отырып, қонақпен бөліскен тағамның сұрауы болмайды. «Берген аста береке бар, бермеген аста біте бар» деген. Дос болсын, дұшпан болсын, асты б...

39. Ыбырайым пайғамбардың қонақ күтуі | Қисса сүл-әнбия 01.03.2024

Ыбырайымның қонақ күтуі Ыбырайымның үйіне бір күні құдайы қонақ келеді. Ол бір Құдаймен ісі жоқ, діні бөтен кісі екен. Ыбырайым оны жақтырмай, сылтау айтып, қондырмай жібереді. Сол кезде Алладан: – Әй, Ыбырайым, қонақты неге күтпедің? – деген әуез келді. – Діні бөтен, Сенімен ісі жоқ бейбақ екен. Өзің жақсы көретін момын да емес, – деді. Сонда Алла: Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇

38. Ыбырайымның келінін сынауы | Қисса сүл-әнбия 01.03.2024

Ыбырайымның келінін сынауы Смағұл ер жеткен соң, Ғамара атты қызға үйленеді. Бірде Ыбырайым пайғамбар келінін сынау үшін ұлының үйіне диуананың киімін киіп, қонаққа келеді. Келіні қонақты көріп, қабақ шытады. Оған суып қалған шай береді. Дастарханы, ыдыс-аяғы лас екен. Отыратын көрпені де ауыстырып салмайды. Шай үстінде Ыбырайым: – Қызым, тұрмысың қалай? – деп сұрады. Атасын танымаған келіні отбас...

37. Ыбырайымның құрбандық шалу қиссасы | Қисса сүл-әнбия 01.03.2024

Ыбырайымның құрбандық шалу қиссасы Ұлық Алла орынбасарының рухани күш-қуатын көрсету үшін Ыбырайымды сынаққа алды. Ондағы мақсат адамның ерлігін көрсетіп, періштелерге мақтану еді. Бір күні Алла оған аян беріп: «Жалғыз ұлыңды құрбандыққа шал!» – деп бұйырды. – Құдайдың қалауы солай болса, ризамын, – деп, іштей бекінген Ыбырайым пайғамбар ұлын киіндіріп, тауға қарай жол тартты. Жалғасын аудиодан ты...

36. Ыбырайым пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 01.03.2024

Ыбырайым пайғамбар қиссасы Ыбырайым есімі «Рахымның атасы» дегенді білдіреді. Ал «Рахым» кім дегенге келсек, ол – Мұхамбет пайғамбар. Хазіреті Ыбырайым – Мұхамбет пайғамбардың жиырма бесінші атасы. Бір күні ұлық Алла Жебірейіл періштеге: – Досым Мұхамбеттің дүниеге келетін уақыты жақындап келеді. Бүгін таңсәріде ұйықтамай отырған момын пендемнің үстіне Мұхамбеттің нұрын шаш, – деді. Жебірейіл ұйық...

35. Сүлейменнің сайтандарды матауы | Қисса сүл-әнбия 29.02.2024

Сүлейменнің сайтандарды матауы Бірде Сүлеймен пайғамбар Аллаға арыз қылып: – Уа, Тәңірім, он сегіз мың ғаламның билігін бердің. Енді сайтандардың билігін бер! Барлығын бұғаулап, қамап тастаймын, – деді. Алла: – Сүлеймен, болмайды. Тіршіліктен мән кетеді, – деп жауап берді. Сүлеймен түсінбей дал болды. Аллаға: – Билігін берші. Қамап көрейін, – деп, сұрап қоймады. Алла тілегін берді. Сүлеймен сайтан...

34. Сүлейменнің жүзігін жоғалтуы | Қисса сүл-әнбия 29.02.2024

Сүлейменнің жүзік жоғалтуы Сүлеймен патша болып отырғанда күніне бір рет алдына күллі мақұлық қол қусырып келіп, тағзым етіп кетеді екен. Олардың мақтау-марапаты, сый-сияпаты патшаның көңілін өсіріпті. Патша мақтау сөздерді естігенде «менен асқан құдіретті бар ма екен» деп ойлайды екен. Бір күні Сүлеймен өзеннің жағасында қолын жуып жатқанда жүзігін түсіріп алады. Бір балықты шақырып: – Әй, балық,...

33. Кірпі мен қарғаның хикаясы | Қисса сүл-әнбия 29.02.2024

Кірпі мен қарғаның хикаясы Сүлеймен патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық қылды: – Сен, қарға, бар! Бір түнде жер-дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын, түрі аппақ құс тап. Бұл құсты үйдің бас жағындағы терезеге отырғыз. Таң атқанда бұл құс мені сайраған дауысымен оятсын! Сен, кірпі, жердің жүзін тінтіп, маған бір жұмсақ нәрсе тап, бұл нәрсені әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме таяу қой...

32. Ит пен мысық хикаясы | Қисса сүл-әнбия 29.02.2024

Ит пен мысықтың хикаясы Ертеде бір бай кісі Сүлеймен пайғамбарға келіп: – Маған жан-жануардың тілін үйретіңізші, – деп өтініпті. Пайғамбар: – Саған ондай кереметтің қажеті жоқ. Өзіңе зиян болады, – дейді. Бірақ бай кетпей, қиылып отырып алады. Байдың көңілін жыққысы келмеген пайғамбар жан-жануардың тілін үйретті. Ертесіне бай таңертең тұрып, итіне бір кесек ет лақтырады. Етті мысық қақшып алып, та...

31. Сүлеймен мен тоты құс | Қисса сүл-әнбия 29.02.2024

Сүлеймен мен тоты құс Бір күні Сүлеймен ұшып-қонып жүрген тотықұсты көрді. Ауылдың бар баласы қолына тор алып, оны қуалап жүр екен. Сүлеймен тотыға: – Әй, тоты, алысқа ұшып кет. Торға түсіп қаласың, – деді. Тоты: – Қанаты барды қанаты жоқ қалай ұстайды? Балаларды мазақтап көңіл көтеріп жүрмін, – деді. Ертесіне тоты торға түсіп қалыпты. Балалар оны ермек етіп ойнап жүр екен. Сүлеймен: – Тұтылып қал...

30. Сүлеймен мен Байғыз | Қисса сүл-әнбия 29.02.2024

Сүлеймен мен байғыз Бірде Сүлеймен патша байғыздан: – Сен неге түнде зарланасың? – деп сұрады. Байғыз: – Адам баласының өмірі қиын, аманаты ауыр. Мен оларға өлетініңді ойлап, ақиретке қамданыңдар, – деймін. – Не үшін адамнан жырақ жүресің? – Адамдардың іштарлығы мен көрсеқызарлығынан зардап шеккім келмейді, – деді байғыз. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇

29. Сүлейменнің сөзден тосылуы | Қисса сүл-әнбия 29.02.2024

Сүлейменнің сөзден тосылуы Бірде Сүлеймен: – Ей, құмырсқа, осы сендердің түрлерің, түстерің бірдей. Бір-біріңді қалай айырасыңдар? – деп сұрады. Құмырсқа: – Алла алты мың түрлі хайуан жаратты. Оның екі мыңы қырда жүрсе, төрт мыңы суды мекендейді. Құдіретті Құдай адам ұрпағының келбетін сан алуан етіп жаратқанда, біздерге жеке-дара өң таппады дейсің бе? Менің де құлағы шұнақ, мұрны қоңқақ, көзі қыл...

28. Сүлейменнің құмырсқаны сынауы | Қисса сүл-әнбия 29.02.2024

Сүлейменнің құмырсқаны сынауы Сүлеймен Мәзере құмырсқадан: – Әй, құмырсқа, басың неге дәу? – деп сұрады. – Көп ойланамын, – деп жауап берді құмырсқа. – Құйрығың неге үлкен? – Өзімнен жеті есе ауыр затты көтеремін. Қайратым мол. – Белің неге жіңішке? – Қанағатшылмын, – деді құмырсқа. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇

27. Құмырсқаның Сүлейменді қонақ етуі | Қисса сүл-әнбия 29.02.2024

Құмырсқаның Сүлейменді қонақ етуі Құмырсқа Сүлейменге: – Әскеріңе айт. Бізге қонақ болсын. Осында түнеңдер, – деді. Сүлеймен: – Әй, құмырсқа, бізді қалай күтесің? Тойдыруға азығың жетпес, – деді. Құмырсқа ініне кіріп, шегірткенің артқы аяғын алып шықты. Сүлеймен: – Мынау не? – деді. – Саған және әскеріңе тамақ, – деді құмырсқа. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇

Listen to the Ruhani Portal podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.