Ruhani Portal

Ruhani Portal

Religion KK ↓ 276 episodes

✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.

Author

Ruhani Portal

Category

Religion

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Jun 3, 2025

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

26. Сүлеймен мен құмырсқа | Қисса сүл-әнбия 29.02.2024

Сүлеймен мен құмырсқа Бір күні Сүлейменнің әскерін көрген құмырсқалар патшасы әскеріне: – «Дереу інге тығылыңдар!» – деп бұйрық берді. Сүлеймен күліп: – Неге қаштыңдар? – деді. Құмырсқа: – Әскеріңмен бізді таптап кетпес үшін, – деді. – Сен неге қашпадың? – Мен басшымын. Елге қиындық келгенде есі дұрыс патша жан сауғалап қашпас болар. «У ішсең руыңмен» деген, – деді. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз...

25. Сүлеймен мен жайын | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Сүлеймен мен жайын Сүлеймен пайғамбар бірде Құдайға: – Уа, Тәңірім! Бір тілегім бар. Айтсам, орындайсың ба? – деді. – Айт, құлым, – деді Жаратушы. – Күллі мақлұқаттың үш күндік ас-ауқатын мен берейін. Рұқсат етші, – деді. – Рұқсат! – деді Алла. Сүлеймен дию-перілерді жинап алып: – Таудан үш қазан қазыңдар да, біріншісін жеміс-жидекпен, екіншісін тағамдармен, үшіншісін сусынмен толтырыңдар, – деді....

24. Есек пен өгіздің хикаясы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Есек пен өгіздің хикаясы Бір кісі Сүлейменге келіп: – Жануардың тілін үйрет, – деп өтінді. Сүлеймен: – Оны қайтесің? Басыңа бәле шақырады. Одан да үйіңе береке кіргізіп, шаңырағыңа шаттық ұялататын рухани ілім үйрен, – деді. Келген адам өзеуреп отырып алды. Болмағасын Сүлеймен: – Үйретем, бірақ жан баласына жақ ашпайсың. Ашсаң, ажалың жетеді, – деді. – Келістім, – деді ол. Жалғасын аудиодан тыңдай...

23. Сүлеймен мен Былқыс | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Сүлеймен мен Былқыс Бір күні Сүлеймен аң, құстарды түгел жинайды. Сөйтсе, жиналысқа көкек келмей қалады. Сүлеймен қаһарланып, оны алып келуге бүркітті жұмсайды. Бүркіт көкекті тауып алып келеді. Сүлеймен: – Қайда жүрсің? – деп сұрайды. Көкек: – Саба атты қалаға бардым. Нағыз ертегілер елі екен. Онда Былқыс деген ару патшаны көрдім. Ай десе аузы, күн десе көзі бар, балдан тәтті сөзі бар хас сұлудың...

22. Сүлеймен пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Сүлеймен пайғамбар қиссасы Сүлеймен пайғамбарға Алла тағала жер бетіндегі жортқан аң, ұшқан құс, судағы балықтың тілін білетін қасиетті дарытыпты. Ол сыртқа шықса, тау, тас, ағаштар өздерінен хабар беріп, кәдеге жаратуын сұрап тұратын. Біреуі «менде алтын, күміс бар, соны ал» десе, енді біреуі «қойнымда інжу, жақұт жасырылған, игілігіңе жарат» дейтін. Сүлеймен жастайынан шешендігімен, даналығымен...

21. Дәуіттің отыз ұлы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Дәуіттің отыз ұлы Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған екен. Бірде құлшылық уақыты таяғанда, ол ұлдарын ертіп мешітке келеді. Халық жиналып үлгермепті. «Отыз ұлым да бір жамағат қой» деп, жұртты күтпестен, ұлдарымен ғибадатты бастап кетті. Намазда екі жаққа сәлем беріп жатып, «Расында да өзімнің әулетім бір қауым ел екен» деп астамшылық ойлады. Намаз бітіп, бата жасаларда, отыз ұлы сәждеден тұрмай қ...

20. Дәуіт пен Әзірейіл періште қиссасы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Дәуіт пен Әзірейіл періште қиссасы Бірде Дәуіт пайғамбар мен Әзірейіл періште сұхбаттасып отырғанда, олардың үстіне Дәуіттен қарыз сұрап бір жігіт кіріп келді. Дәуіт оған ақша берді. Ол кеткен соң, жан алушы періште: – Ей, Дәуіт, сен мына жігітке қарыз беріп жатырсың. Құдайдың әмірімен жігіттің жанын жеті күннен соң аламын. Ол ажалынан бейхабар. Ақиретпен ісі жоқ. Сауда жасаймын деп сенен қарыз ал...

19. Дәуіт пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Дәуіт пайғамбар қиссасы Дәуіт әрі пайғамбар, әрі патша болды. Ол әділ патша атанам деп, жұпыны киініп, елді аралап жүретін. Кездескен адамынан: – Патшаңыз қандай кісі? – деп сұрайды екен. Олар жарыса: – Патшамыз өте әділ. Біреуге қылдай қиянат қылған емес. Тақта отырса да, елдің жағдайын бес саусағындай біліп отырады. Көреген әрі ақылды, – деп мақтаса, көңілі марқайып қалады екен. Бір күні базарда...

18. Нұхтың үш ұлы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Нұхтың үш ұлы Апаттан Нұхтың Сам, Хам, Жаппас деген үш баласы, келіндерімен аман қалды. Бірде пайғамбар шаршап, шынар ағаштың саясында ұйықтап жатты. Желден оның көйлегінің бір шеті түріліп, әуретті жері көрініп қалды. Хам әйелі екеуі бір-біріне ишара қып күліп отырады. Кіші ұлы Жаппас мұны байқап қалып, әкесінің ұятты жерін дереу бүркеп, әлек болады. Сам күлгені үшін Хамға дүрсе қоя береді. Айғай...

17. Нұх пен кемпір | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Нұх пен кемпір Нұхтың заманында бір кемпір өмір сүріпті. Ол жалғыз сиырын сауып, сүтінен қатық істеп, пайғамбарға әкеп береді екен. Әр келгенде: – Шырағым-ау, ертең топан су қаптаса, мені де, сиырымды да кемеңе салып алуды ұмытпа, – дейді екен. Сел басталғанда абыр-сабыр болып жүріп, Нұх кемпірді ұмытып кетеді. Қазығұртта наурыз тойлап жатқанда, баяғы кемпір қатығын алып келіп тұр екен. – Бұл не т...

16. Нұхтың кеме жасауы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Нұхтың кеме жасауы Нұхтың заманында бір алып адам болыпты. Оны Құж деп атайтын. Құж кесір мінезді, ешкімнің ақылын алмайтын, оң істі терісінен істейтін қыңыр болыпты. Ұзын бойы таудан асып, бұлттар алқа сияқты мойнына киіліп тұратын. Ол жалғыз өзі таудың үңгірінде жататын. Құждың бір ғана қайғысы – қарнын тойғызу. Ішегі тәулік бойы шұрқырап тұратын. Ертелі-кеш орманнан отын шауып, нәпақасын айырып...

15. Нұх пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Нұх пайғамбар қиссасы Нұх пайғамбардың әуелгі аты Жәскер еді. Көп жылағандықтан, «Нұх» атанып кетіпті. Оның қауымы жаманға дос, жақсыға қас боп шыға келетін кілең кертартпа болды. Шалдарының аузының дуасы жоқ, малта езер мылжың. Ересектері ерегіс десе, етігімен жата кететін. Қатындары өсек айтудан аузы босамайтын. Кісіге жала жабу үйреншікті іс болды. Жастары шетінен қыңыр, қырсық. Надандықтан құт...

14. Ыдырыс пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Ыдырыс пайғамбар қиссасы Ыдырыс «дәрісті көп оқыған» дегенді білдірді. Құдай оған он қасиетті нәсіп етті. 1. Пайғамбарлық. 2. Ғалымдық. 3. Жазу ғылымын жасады. 4. Зергерлік. 5. Қару-жарақ жасады. 6. Соғыс өнерін жетілдірді. 7. Соғыс тұтқындарын өлтірмеу, қорламау тәртібін ендірді. Содан бастап тұтқынның құлақ-мұрнын кесу, мәйіттерді кескілеу, оларды жерлетпеу қылмыс болып саналды. 8. Киім тігуді ү...

13. Шиш пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Шиш пайғамбар қиссасы Әбіл өліп, Қабыл қашып кеткен соң, Адам ата мен Хауа ананы қайғы басты. Күндіз-түні екі көзінен жас парлап, жылаумен өтті. Алла оларды жұбату үшін бір ұл сыйлады. Есімін Шиш деп қойды. Шиш пайғамбар өте келбетті, ғұлама ғалым еді. Есімінің өзі «ғылым үйретуші» дегенді білдіретін. Шиш пайғамбар алғаш шариғат үкімдерін реттеп, дін ғылымын жайғандықтан, Алла алдында үлкен құрмет...

12. Әбіл мен Қабыл оқиғасы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Әбіл мен Қабыл оқиғасы Бір күні Хауа ана бір ұл, бір қыз босанды. Ол кезде Адам ата аңшылықта жүрген еді. Алла Адам атаға аян беріп: – Ұлыңа менің бір есімімді қосып азан шақырып, ат қой, – деді. Адам ата қуанышты хабарды естіп, үйіне жеткенше, Ібіліс оның алдын орап кетті. Ібіліс періште кейпінде Хауа анаға келіп: – Ұлыңа Қабылхарис деп ат қой, – деді. Харис Ібілістің бір есімі еді. Хауа ана байқ...

11. Адам ата мен Хауа ананың жұмақтан қуылуы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Адам ата мен Хауа ананың жұмақтан қуылуы Алланың дәргейінен қуылған Ібіліс Адам атадан кек алуды ойлады. Жұмаққа жасырын келіп қараса, Хауа анамыз жыланмен сөйлесіп отыр екен. Ол кезде Адамның адал досы ит емес, жылан болыпты. Ол адамның жанынан бір елі де қалмай, оны қорғап жүреді екен. Ібіліс жұмақтың есігінен кіре алмайды. Ол заманда жұмақты тауыс күзетіп тұрыпты. Тауыс көрсеқызар еді. Ібіліс а...

10. Адам ата мен Хауа ананың үйлену тойы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Үйлену тойы Адам ата мен Хауа ананың некесі қиылған соң, жұмақта үлкен той болыпты. Ұлық Алла: – Менің орынбасарым Адам үйленеді. Олардың сән-салтанатын арттырып, жаннатты әшекейлеп безендіріңдер. Құлымның көңілін шаттық пен қуанышқа бөлеңдер. Оған тарту-таралғы сыйлаңдар, – деп періштелер мен хор-ғылмандарға әмір етіпті. Періштелер жұмақты дүр жауһарлармен безендіреді. Той-думан Туба ағашының түб...

9. Адам ата мен Хауа ана қиссасы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Адам ата мен Хауа ана қиссасы Адам жаннатта жалғыз жүрмесін деп, Алла тағала оған жұп жаратуды ойлады. Ұлық Алла Хауа ананың тәнін жасау үшін Адам ата ұйқыда жатқанда оның сол жақ бұғана қабырғасын таңдайды. Себебі Тәңірі тағала Адамның бұғана сүйегін жердің қиыршық тасы жоқ, ұлпа құмынан жаратыпты. Адам атаның ең нәзік, ең жұмсақ етінен жаралғандықтан, әйел адамның денесі мамықтай жұмсақ, мақтада...

8. Мұхамбеттің (с.а.у.) нұры | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Мұхамбеттің (с.а.у.) нұры Адам атаны жаратқан соң, Ұлық Алла оны пейішке кіргізді. Ақ жақұттан Хаджар әл-асуад деген тақ жасап, оған Адам атаны салтанатпен отырғызды. Қазіргі Бәйтул Мұқадастағы қара тас Адам атаның алғашқы тағы болған екен. Барлық періштелер: – Адам менің орынбасарым болады. Он сегіз мың ғаламдағы барлық жаратылыс адамның игілігі үшін қызмет етеді. Оған құрмет көрсетіңдер, – дейді...

7. Әлімсақ уәдесі | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Әлімсақ уәдесі Хазіретті Адам бірде Ұлық Аллаға: – Ұрпағымды көрсем бола ма? – деп қолқа салды. Алла тағала Адам атаның белінен оның қияметке дейін таралатын барлық ұрпағының тұқымын құдіретімен суырып алды да, шашып жіберді. Самсаған сансыз рухтар аспан әлеміне сыймай кетті. Кейбір рухтар құйрықты жұлдыздай жарқырай ағып, арасында заулап ұшып жүр. Ерекше үлкен һәм айбарлы көрінді. Адам ата: – Не...

6. Адамға жан кіргізу қиссасы | Қисса сүл-әнбия 28.02.2024

Адамға жан кіргізу қиссасы Ұлық Құдай рухты жаратып: – Денеге кір! – деп әмір етті. Рух жансыз, қараңғы балшық тәннің ішіне кіруге қорқып тұрды әрі жансыз дененің иісі де жағымсыз еді. Жебірейіл барлық періштеге құйқылжытып, жеті сазбен зікір айтуды бұйырды. Адамды қоршай қаптаған қисапсыз періштелер сазды әуендермен зікір айтып бастайды. Рух саздың ырғағына ілесіп тербелгенде, бір сәтке өзін ұмыт...

5. Ібілістің Алла дәргейінен қуылу қиссасы | Қисса сүл-әнбия 27.02.2024

Ібілістің Алла дәргейінен қуылу қиссасы Ібіліс әуелде періштелерге ілім үйреткен ұстаз болған екен. Оның есімі Әзәзіл еді. Ұлық Алла тағдыр тақтасына «бір мақұлық малғұн болады» деп жазыпты. Періштелер бұл жазуды көріп, үрейлері ұшты. Бәрі жиылып, Әзәзілге келді. – Әй, Әзәзіл, сенің дұғаң тез қабыл болады, «Алла бізді малғұнның қатарынан қылмасын» деп дұға тіле! – деп жалынды. Жалғасын аудиодан ты...

4. Ібілістің адамды тамашалау қиссасы | Қисса сүл-әнбия 27.02.2024

Ібілістің адамды тамашалау қиссасы Ұлық Алла Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды. Періштелер жиналып, адамды айналып қарап көрді. Сол кезде Ібіліс лып етіп адамның мұрнынан кіріп, оның бүкіл дене мүшесін, ағзасын, қан тамырын аралап қайта шықты. Ол періштелерге: – Бұл мақұлық Құдайға орынбасар болуға лайық емес, – деді. – Неге? – деп періштелер таңғалды. Жал...

3. Жерден топырақ әкелу қиссасы | Қисса сүл-әнбия 27.02.2024

Жерден топырақ әкелу қиссасы Ұлық Алла Жебірейілге: – Сен жерге бар да, бір уыс топырақ әкел! – деп бұйырды. Періште келген кезде топырақтың көңілі босап, езіліп тұр екен. Жерді көріп Жебірейілдің де көңілі босады. – Жер, сен неге жылайсың? – деді. – Адам менің бір бөлшегімнен жаралған соң, олар мен үшін қымбат. Ертең олар бір-бірімен қырқысады, ұрысады, қан төгеді. Соны ойласам, қабырғам қайысып,...

2. Адамның жаралу қиссасы | Қисса сүл-әнбия 27.02.2024

Адамның жаралу қиссасы Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар зат еді. Әлемнің іші де, тысы да – бір өзі. Әлемнен бөлек те емес, бірге де емес, құпия қазына болатын. Тәңірі тағала – түр-түсі, шет-шегі, бет-келбеті, салмағы, мекені болмайтын мәңгілік құбылыс. Құдай өзінің құпиясын ашып, рухани қазынасы мен шарапатын он сегіз мың ғаламға тарату үшін өзіне орынбасар жаратуды ұйғарды. Со...

Listen to the Ruhani Portal podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.