Ainel Amirkhan
OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС
OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел ӘмірханТелеграм - https://t.me/oydetoxИнстаграм - @ainelkaiҚандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainelПодкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Author
Ainel Amirkhan
Category
Podcast website
Latest episode
Jul 2, 2026
Where to listen?
Podcasts in the app Replaio Radio Coming soonPodcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts
Episodes
Kaliya қыз тағдыры, зорлық-зомбылық, феминизм, әншілер жауапкершілігі мен Cancel Culture туралы 11.05.2022 1:07:45
OY-DETOX қонағы әнші Ақмаржан Көшербаева/Kaliya өзінің қоғамдық жұмысы, "Қыз тағдыры", "Әйелді аяла" жобалары, еліміздегі әйелдердің орны туралы ойларымен бөлісті. Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта да тамашалай аласыздар - https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw OY-DETOX-ты қолдау - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Таймкодтар: 00:00 - Кіріспе 02:55 - Қ...
Раиса Қадыр баспа ісі, аударма, авторлық құқық және тіл мәселесі туралы 20.04.2022 47:09
OY-DETOX қонағы - Раиса Сайран Қадыр, Steppe & World баспа үйінің басшысы, Хәрри Поттерді қазақша сөйлеткен адам. Раиса Моңғолияда туып-өсті, әлемнің бірнеше елінде тұрып, 2019 жылы отбасымен атамекен Қазақстанға көшіп келді. Біз Раисамен 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні қарсаңында арнайы жолығып, баспа ісі, аударма, авторлық құқық және тіл мәселесі туралы сөйлестік....
Girls Talks: Cancel Culture, сөз бостандығы, этика, қазақи менталитет пен жұлдыздар туралы 08.04.2022 50:01
Бақытгүл , Талшын , Бэлла төртеуімізден дәстүрлі Girls Talks. Бұл жолы Бэлланың ұсынысымен Cancel Culture туралы қызу ой-талқы жасадық. Эпизодта Cancel Culture ұғымның шығу тарихы, қайта жандану себептері, сондай-ақ, жаңа этика, қазақи менталитет, сөз бостандығы, жұлдыздар мен блогерлердің жауапкершілігі сөз болады . Эпизодта қыздар Cancel Culture қатысты көзқарасы мен ұстанымын білдіріп, же...
2022. Украинадан хаттар 10.03.2022 17:21
OY-DETOX-тің бұл эпизоды Украинадағы жағдайға арналады. Еліміздегі Қаңтар трагедиясы, ресми мәлімет бойынша 227 адамның өлімі, түрмедегі азаптаулар, прокуратураларды қаумалаған аналар зары … бұдан артық, бұдан сорақы не болуы мүмкін дегенде Ақпан өз повесткасын алып келді. 24 ақпан таңғы 5-те Украина территориясына Ресей әскері кірді. Ресей Федерациясының өзі оны арнайы операция, ал әлемнің басым...
Жұлдыз Төлеу қаңтар трагедиясы, жоғалған буын, ұжымдық травма мен бейсана туралы 10.02.2022 38:36
OY-DETOX-тің биылғы бірнеше эпизоды Қаңтар оқиғасына арналады. Екінші эпизодтың қонағы психоаналитик Жұлдыз Төлеу . Жұлдыз психоанализге 10 жыл бұрын Жаңаөзен оқиғасынан кейін аяқ басқан журналист. Осы тұрғыдан Қаңтар оқиғасы, ұжымдық травма, жеке және қоғамдық реабилитация туралы Жұлдызбен сөйлесу мен үшін маңызды әрі қызықты болды. Біз Қаңтар трагедиясындағы қоғамдық бейсананың рөлі, қоғамдық жа...
Серік Бейсембаев Қаңтар трагедиясы, Жаңа Қазақстан, саяси жүйе мен азаматтық қоғам туралы 29.01.2022 42:16
2022 жыл біз ойлағандай басталмады. 2 қаңтарда Жаңаөзен халқы сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына байланысты наразылығын білдіріп, көшеге шықты. Бір күннен кейін Жаңаөзен халқын қолдап, өзге қала тұрғындары да орталық алаңдарына митингке шыға бастады. Арты кей қалаларда ақпараттық блокадаға, жаппай тәртіпсіздікке және қантөгіске алып келді. Бүгінде жауаптан гөрі сұрақ көп. Халық ар...
Мақпал Жұмабай өнер адамы, шығармашылық ізденіс, тыңдармандары мен отбасының қолдауы туралы 28.12.2021 1:12:47
OY-DETOX-та көптен күткен қонақ - Мақпал Жұмабай , ақын, әнші, журналист, медиа әрі өнер менеджері. Біз Мақпалмен оның кезекті жобасы - Jauhar Live жобасының тұсаукесерінен кейін кездесіп, соңғы он жыл таныстығымыз уақытында Мақпалдың жүріп өткен жолын еске түсіріп, бірқатар жырларын еске алдық. Біз Мақпалдың жобалары (''Мақпал шер", Ozge Epic кеңістігі, Жаңғырық, AYA), бүгінгі таңда өнер ад...
Айгерім & Мөлдір адам құқығы, феминизм, зорлық-зомбылық және әйелдер маршы туралы 08.12.2021 59:20
10 желтоқсан - халықаралық Адам құқығы күні. Осы күнге орай, адам құқығы, феминизм және әйелдер маршы туралы Girls Talk ұйымдастыру көптен жүрген ойым болатын. Сол ойымды жүзеге асыруға Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Утегенова көмектесті. Біз патриархалды қоғам құндылықтары, «бір түрлі» қыздар лейблы, қазақ әндері мен мақал-мәтелдеріндегі гендерлік саясат, зорлық-зомбылық түрлері, әлем ғалымдары...
Айбар Олжаев ипотека, мемлекеттік бағдарламалар, қаржылық сауаттылық және несиден шаршау синдромы туралы 03.11.2021 42:45
OY-DETOX-тің 7-ші эпизоды ипотека тақырыбына арналады. Бұл эпизодта түрлі бағдарлама бойынша әр жылдары ипотека алған Балжан, Бақыт және Асқар өз тәжірибиелерімен бөліседі. Сондай-ақ, "ипотека дегеніміз не?", оны қашан алған дұрыс және алар кезде неге назар аудару керек деген сұрақтарға жауапты табуға сарапшы Айбар Олжаев көмектеседі. Ол "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-ның бас менеджері қызметін...
Тимур Бектұр мамандық таңдау, Gap Year, digital надандық және ақпараттық қауіпсіздік туралы 13.10.2021 38:21
OY-DETOX-тің алтыншы эпизодының қонағы IT-маман, IT-ағартушы Тимур Бектұр . Біз Тимурмен мамандық таңдау, Gap Year артықшылығы, еңбек нарығын саралаумен қатар, digital надандық және ақпараттық қауіпсіздік туралы сөйлестік. Эпизод барысында Тимур болашақ сұранысқа ие болатын мамандықтарды таңдау жолдары мен цифрлық активіңді саралап, қажет өзгерістерді енгізу қадамдарымен бөлісті. Эпизо...
Бақытгүл, Бэлла, Талшын депрессия, психологиялық көмек пен сенім туралы 07.09.2021 38:13
Араға 8 ай салып, Бақытгүл, Бэлла, Талшын төртеуіміз OY-DETOX-та қайта бас қостық. Бұл жолы әлеуметтік желінің өміріміздегі орны, депрессия мен менталдық денсаулық, психологиялық көмекке жүгінудің қажеттілігі, әлеуметтік желідегі этикет пен буллинг, сенім мен бақыт туралы сөйлестік. Әріптестерімді дауыстарынан танисыздар деген сенімдемін. Біздің 2020 жылдың инсайттарына арналған эпизодымызды...
Ерік Ильясов саяхат, ішкі туризм мен мотивация туралы 19.07.2021 40:59
Жаздың бел ортасында OY-Detox-тің кезекті эпизодын саяхат пен ішкі туризм тақырыптарына арнап отырмын. Бұл тақырыпты кеңінен ашуға маған менің жақсы танысым, әуесқой тенисші, әуесқой саяхатшы, PR маманы Ерік Ильясов көмектеседі. Ерік - әуесқой теннис пен саяхатты сәтті ұштастырып жүрген замандастарымыздың бірі, бүгінде ол әлемнің 42 еліне саяхат жасап үлгерді. Еріктің инстаграм парақшасы - ht...
Динара Қойшығұлова тіл үйренуде ми мен ортаның әсері туралы 29.05.2021 46:11
OY-DETOX-тің үшінші эпизоды тіл мәселесіне арналады. Бұл тақырып аясында ой қозғауға маған лингвист, шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүрген педагог, "Бес минуттық қазақ тілі", "Ал, енді сөйлесейік! Қазақ тілінде күнделікті қолданылатын 130 диалог" оқу құралдарының авторы Динара Қойшығұлова көмектеседі. Біз Динарамен қазақ тілінің таралу қарқыны, тіл үйренудің әдіс-тәсілдері, тілге деген сұраныс...
Гаухар & Раушан шетелдік жігітке тұрмысқа шығу шешімі, менталитет қайшылығы мен жаңа өмір салты туралы 17.04.2021 45:31
Екінші маусымдағы екінші эпизодты ел арасында үлкен талқы туғызатын тақырыптың бірі - қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығу мәселесіне арнап отырмын. Маған осы тақырып расында да өте қызық, ал қоғам арасында бұл тақырыптың қызу талқылануы, оған деген реакциясы тіпті қызық. Егер гуглдың іздеу жолағында "өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары" не "аралас неке" деп терсеңіз, жиырма...
Шалқар Нұрсейітов саясаттану ғылымы, саяси режим және саясатқа әсер ету жолдары туралы 24.03.2021 55:36
OY-DETOX-тің екінші маусымының алғашқы эпизоды саясат мәселесіне арналады. Осы тақырыптың қыр-сырын зерделеуге маған саясаттанушы Шалқар Нұрсейітов көмектеседі. Біз Шалқар екеуіміз еліміздегі саясаттану ғылымының бүгінгі күндегі ахуалы, саяси режим, азаматтық қоғам мен саясатқа әсер ету жолдары туралы әңгімелестік. Бұл саясатқа мүлде қызықпайтын адамдар үшін де пайдалы әңгіме болды деп сенемін, со...
Oy-Detox #2 маусым. Аңдатпа 18.03.2021 1:08
Шағын үзілістен кейін OY-DETOX оралды! Баршаңызбен #2 маусымда аман-есен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Үш айға жуық демалыста болыппын, бір жағынан демалдым, екінші жағынан подкастың болашағы жайлы ойландым. Сіздерді қайдам, бірақ өз басым сіздерді, түрлі жылы лебіздеріңізді, әлеуметтік желілердегі пікірлеріңізді қатты сағындым. Подкасттың форматын өзгертемін деп біраз бас қатырғаным рас,...
Бақытгүл Салықова, Бэлла Орынбет, Талшын Тоқыжанова жыл инсайттары туралы 29.12.2020 51:10
OY-DETOX-тің №18 арнайы эпизодының қонақтары, менің подкастинг саласындағы әріптестерім Бақытгүл Салықова, Бэлла Орынбет, Талшын Тоқыжановамен 2020 жылдың инсайттарын талқыладық. Биыл оңай жыл болмады, сондықтан болар бұл жылдың инсайттары бұрынғыдан өзгерек болса керек. Бірақ эпизод қалжыңға да, күлкіге де толы. Жаңа жылдық дастарханды дайындау барысында тыңдасаңыздар әбден болады. Мі...
Күнекей Нұрлан инстаграм, қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік жастықшасы туралы 02.12.2020 45:06
OY-DETOX-тің №17 эпизодының қонағы Күнекей Нұрланмен биыл ерекше өзекті болған тақырып - ақша туралы сөйлестік. Дәлірек айтқанда, қаржылық сауаттылық, қауіпсіздік жастықшасы, ақша жинау мәдениеті мен қосымша табыс көздерін талқыладық. Өте пайдалы эпизодтардың бірі болды. Сондай-ақ, осы тақырып аясында психолог Гүлжан Амангелдинованың пікірін де білуге болады. Күнекей - қаржы саласында 12 жыл...
OY-DETOX-тің туған күндік арнайы эпизоды 11.11.2020 20:18
12 қараша - менің авторлық подкастым OY-DETOX-тің туған күні! Бүгінгі туған күндік эпизодта мен кей подкаст қонақтарының сұрақтарына жауап беремін. Не керек, OY-DETOX қонақтарының кебін киіп, олар интервьер, ал мен интервью беруші болдым да қалдым. Подкаст туралы бірәз әңгіме айтылды, тыңдап көріңіздер! 1 жыл бойы мені тыңдап, лүпілдеріңізбен, жылы сөздеріңізбен, кері байланыстарыңызбен бөлісіп ке...
Камила Тұяқбаева жыныстық сауаттылық, ұят пен қоғамдық қысым туралы 14.10.2020 45:26
OY-DETOX-тің кезекті саны жасөспірімдер мен жастардың жыныстық сауаттылығы мәселесіне арналады. Менің қонағым - осы салада үлкен тәжірибиесі бар білікті маман, Y-PEER жастар еріктілер желісінің репродуктивті және сексуалды денсаулық сұрақтары бойынша халықаралық тренері, " Ұят емес " жобасының тренері Камила Тұяқбаева. Камила екеуіміз жыныстық сауаттылық, ұят, зорлық-зомбылық тақырыпта...
Balmuzdaq Plus: "қара бөлме" теориясы, мәдени барьерлер мен стереотиптер туралы 22.09.2020 1:01:25
OY-DETOX-тың кезекті эпизодының қонағы жастарға арналған Balmuzdaq + жобасының авторлары, журналистика факультетінің студенттері Заңғар Омар , Алина Жартиева және Сұңғат Анапия . Мен алдыңғы эпизодтарымды зерделей келе подкастыма жастардың дауысын қосайын, олардың қазіргі таңдағы мүдде-мақсаттарымен танысайын және олардың ойларымен өзгелермен де бөлісіп көрейін деп шештім. Бір сағат уақыт іш...
"Біз өзіміз туралы интернет көбірек білетін қоғамда өмір сүреміз" 14.08.2020 41:11
Осы жылдың қаңтар айында Асхат Еркімбай екеуіміз "Неделька" кафесінде таңғы кофемізді ішіп алып, алаңсыз осы жылға әрқайсысымыз өз алдымызға қойған мақсаттарымызбен бөліскен болатынбыз. Сосын асықпай OY-Detox-тің кезекті эпизодын жаздық. Сонда Асхат ойда-жоқта байқау жариялап, байқау жеңімпазымен менің подкастымның эпизодының бірінде кездесеміз деп келістік. Сосын пандемия, төтенше жағдай және кар...
Зауреш Батталова: Бүгінде оппозиция жаман сөзге айналып барады 11.07.2020 49:45
OY-DETOX-тің 12-ші эпизодының қонағы - еліміздің саяси аренасында өзіндік орны бар тұлға, экс-сенатор, бүгінгі таңда белсенді құқық қорғаушы, Қазақстанда парламеншілдікті дамыту қорының директоры Батталова Зауреш Қабылбековна. Біз 12 тамызда елімізде өтетін Сенат сайлауы қарсаңында Зәуреш Қабылбековнамен оның бастауыш мектебінің мұғалімінен Сенат депутаты, одан қалса оппозицияның белді мүшесіне де...
Марат Мамай: Коронавирус жұқтырған адамдардың қатары күннен күнге арта түседі 20.06.2020 39:08
Бүгін медицина қызметкерлерінің күнімен тұспа тұс келген Oy-detox-тің 11-эпизоды коронавирус тақырыбына арналады. Түсінемін, бұл тақырыптан басым бөлігіміз шаршап та үлгердік, әрі арамызда оған мүлде сенбейтін адамдар да бар. Не керек, осы коронавирус тақырыбына қатысты мені және менің айналамдағы адамдарды мазалайтын сұрақтарға жауапты өзім тауып көруге тырыстым және олардың бәрін менің қонағым,...
Анна Құдиярова: Қазір қоғамда депрессия өршіп бара жатыр. 08.06.2020 48:24
OY-DETOX-тің оныншы эпизодының қонағы - танымал психолог, психоаналитик, психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова . Әлі есімде, Анна ханымды ең алғаш осыдан 18 жылдай бұрын танымал болған "Ақжүніс" бағдарламасында көрген болатынмын. Ол кезде мектеп оқушысымын. Шашы қысқа, сары түске боялған, түр әлпеті де, сөйлеген сөзі де ерекше, тың болып көрінген Анна ханымды осы бағдарламадан іздеп кө...
Similar podcasts
Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.