Ainel Amirkhan

OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС

Business KK ↓ 110 episodes

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел ӘмірханТелеграм - https://t.me/oydetoxИнстаграм - @ainelkaiҚандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainelПодкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

Author

Ainel Amirkhan

Category

Business

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Jul 2, 2026

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

Ернар Қуанышев: Ағылшын тіліне әлемнің есігін ашатын тіл ретінде қарауға шақырамын 05.05.2020

OY-Detox-тің кезекті қонағы - Ернар Қуанышев , "Болашақ" бағдарламасының түлегі, PR маманы, ағылшын тілін үйрену, шетелдік университеттерде оқу артықшылықтары туралы жазып жүрген блогер.  Ернар екеуіміз "Болашақ" бағдарламасы, шетелде оқу артықшылықтары, ағылшын тілін оқу жолдары, жеке мотивация мен Ернардың блогы туралы сөйлестік. Егер көңіл күйлеріңіз түсіп, қандай да бір мотивация қажет ет...

Әуесқой спорттың біздің өміріміздегі рөлі қандай? 14.04.2020

Менің подкастымның осы эпизоды жылдың басында жоспарланған болатын. Ол кезде әлемде тәж тажалы салтанат құрып, мемлекет деңгейінде де, жеке деңгейде де қаншама жоспарлар бұзылады деп кім ойлаған? Коронавирус пандемиясы мен еліміздегі төтенше жағдайға байланысты осы демалыста болуы тиіс Алматы марафон болмайды. Десек те бұл әуесқой спорттың біздің өміріміздегі рөлі туралы сөйлесуге еш кедергі емес....

Назгүл Қожабек: Біз әлі күнге дейін қазақ тіліндегі ақпаратты қажетсінбей келеміз 23.03.2020

OY-DETOX-тың кезекті қонағы - тіл тазалығының сақшысы, кәсіби редактор, күні кеше ғана қазақ тілінде шыққан Хәрри Поттер мен пәлсапа тас кітабының редакторы Назгүл Қожабек . Назгүл екеуміз Хәрри Поттер мен пәлсапа тас кітабының аударылу,  жарыққа шығу барысы заманауи әдебиет пен аударманың сапасы қазақ тілінің ахуалы қазақ әдебиетін білемін дейтін адамдардың міндетті түрде оқуы керек жазушыла...

Молдияр Ергебеков: Феминизм батылдықты талап етеді 04.03.2020

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында СДУ профессоры, масс-медиа зерттеушісі, еліміздегі алғаш еркек-феминист Молдияр Ергебековпен әйел құқығы, қазіргі таңдағы әйел жағдайы, қазақ медиасындағы әйел образы және өзге де әйел мәселелері туралы сөйлестік Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

Асхат Еркімбай: Бүгінде телефон қалай қажет болса, ағылшын тілі де солай қажет 22.01.2020

Өздеріңізбен аман-есен 2020 жылы қауышып отырғаныма қуаныштымын. Осы уақытқа дейін менімен бірге болып, подкастымның эпизодтарының бәрін тыңдаңғандарыңызға рахмет. Биыл да бізді тамаша қонақтар, қызықты тақырыптар күтіп отыр. Сондықтан менімен бірге болуды жалғастыра беріңіздер. Ал биылғы подкастымның алғашқы қонағы - Асхат Еркімбай, медиа-эксперт, медиа-тренер. Асхат екеуіміз бүгінгі журналистика...

Мен үшін тәуелсіздік... 12.12.2019

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мен замандастарыммен бірге тәуелсіздік ұғымының бүгінгі таңдағы рөлі туралы ой қозғадым. Бірнеше адамның басын қосқан алғашқы эпизод болды бұл ) Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

Әлішер Рахат: Қазақстанда кітап нарығы дамып келеді 28.11.2019

Эфирде OY-Detox подкастының үшінші эпизоды. Бүгін қонақта - жас жазушы, драматург Әлішер Рахат. Әлішер жақында ғана "Махаббатым constant” романын шығарды. Осы ретте екеуміз заманауи проза туралы ғана емес, заманауи махаббат туралы да сөйлестік. Сондықтан болар, бұл эпизодта менің жарқын күлкім жиі естіледі. ⠀ Әлішермен заманауи драматургия заманауи проза заманауи кітап нарығындағы жазушынының рөлі...

Марфуға Шапиян: Дінге эмоциямен емес, ақылмен келген дұрыс 20.11.2019

OY- DETOX подкастының кезекті қонағы -   Марфуға Шапиян, блогер, журналист, саяхатшы. Бүгінгі таңда көптеген мотивациялық кітаптардың саммариін жасаушы автор. Екеуімізді осыдан бірнеше жыл бұрын инстаграм әлемі таныстырып, табыстырған болатын. Марфуға жас ана, сондықтан екеуіміз анкор желісі арқылы телефонмен әңгімелестік. Дыбыстағы қандай да бір ақаулар үшін алдын ала кешірім сұраймын. ...

Ербол Азанбек: "Қазақтілді пиаршылар аудармашылардың қызметін атқаруда" 12.11.2019

2018 жылы мен Арменияда өткен CampCamp аясында Find your B подкастының авторы Қайыржан Альбазаровпен танысып, подкаст әлемімен тереңірек танысуға мүмкіндік алдым. Бұл уақытқа дейін мен белсенді подкаст тыңдаушысы болып келдім, өзімнің жеке авторлық подкастымды жасау идеясы да жаныма өзегін жая бастаған. Бірақ сол кездесу мен үшін өте маңызды болды. Қайыржан маған Anchor желісі туралы айтып берді,...

Мой первый подкаст с Каиржаном Альбазаровым, автором и ведущим подкаста Find your B 11.11.2018

OY-DETOX

Listen to the OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.