Zuckerberg.korshileri
Цукербергтің көршілері
Кремний алқабы қазақша сөйлейді! Білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы подкаст. Журналист Ақсәуле Әлжан мен ақпараттық технологиялар маманы Арай Сабыржан Кремний алқабында жүрген талантты да талапты адамдармен айына екі рет әңгіме-дүкен қүрады.
Author
Zuckerberg.korshileri
Category
Podcast website
Latest episode
Dec 28, 2025
Where to listen?
Podcasts in the app Replaio Radio Coming soonPodcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts
Episodes
Нөл теңгемен басталып, ТМД-ны құйындай жаулап алған стартап. Асылжан Алтайдың адам сенгісіз табысы 28.12.2025 2:03:03
Қосымшаларын үш күнде 150 мың адам жүктеп, Duolingo-ны Қазақстанда басып озған, ағылшын тілін әр адамның жеке қызығушылығына қарап үйрететін Aleem атты стартап құрған қазақстандық жасөспірімдер туралы естідіңіз бе? Стартаптың негізін қалаушылардың бірі Асылжан Алтай "Цукербергтің көршілеріне" қонаққа келді. Тез арада "оталып" кеткен бизнестің артында не және кімдер тұр? Бүкіл ә...
Боратқа Вашингтон Пост бетінде жауап берген, Семей полигонының қасіретін БҰҰда таныстырған дипломат 14.12.2025 1:46:37
English text is belowГаухар Әбдіғалиеваның өмірі шытырман оқиғаларға толы фильм секілді. Саналы өмірін АҚШ-та өткізген қазақ қызы туралы қазақстандықтар көп біле бермейді. Алайда Гаухар - отандастарымыз білуге, тануға тұрарлық жан. Ол 20 жылдай Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдарында жұмыс істеп, 29-тамызды "Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы тұру күні" қылып қабылдауға себеп болған, С...
Казашка и кыргызка развивают миллионный стартап и помогают иммигрантам с рабочей визой в США 02.12.2025 1:20:48
Қымбатты көрермендер! Қонақтардың бірі қырғыз қызы болғандықтан, біз бүгінгі әңгімемізді орыс тілінде жазуды жөн көрдік. Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет! Дорогие друзья, одна из героинь сегодняшнего подкаста из Кыргызстана. Чтобы зрители из Кыргызстана нас полностью поняли, мы сегодня в первый раз записали разговор на русском языке. Спасибо за понимание. Асель Тулеубаева и Айзада Марат - осн...
Қытайда туып, Швейцарияда оқып, АҚШ-та медициналық жаңалық ашқан қазақ Манат Мәуленбайдың оқиғасы 21.10.2025 1:41:35
Қытайдың Шыңжаң өлкесінде туып, 25 жасында Қытай ғылым академиясында жұмыс істеген, әлемнің ең мықты ядролық физиктерінің басы қосылған Швейцариядағы ЦЕРН орталығында квант физикасынан PhD қорғаған, содан кейін АҚШ-қа келіп, ғылыми медицина саласында отыз жыл жұмыс істеп, әріптестерімен бірге өкпенің қатерлі ісігін бірнеше миллиметр түйін кезінде көре алатын құрылғы ойлап тапқан қазақты елестете а...
Индиана университетінің қазақ тілі "апайы": "Америкалықтарға мал-жан қалай деп амандасуды үйреттім" 14.10.2025 1:17:06
АҚШ университеттерінде қазақ тілінен сабақ беретін жалғыз оқытушы болған қалай? Атыраудың Қызылқоға ауылында туып-өскен, қазір Лос Анжелестің тұрғыны Фатима Молдашева АҚШ-тағы жиырма жылдық қазақ тілі оқытушысы карьерасы туралы айтып берді. Америкалықтарға қазақ тілі не үшін керек? Қазақстанға қатысты ғылыми тақырыптарды не үшін таңдайды? Көптеген қазақстандықтардың жылдап қазақша үйрене алмауына...
From Remote Kazakhstan to Silicon Valley: Galym Imanbayev’s Incredible Journey 07.10.2025 1:14:04
Galym Imanbayev grew up traveling with his father to remote villages in Kazakhstan, witnessing hospitals (and entire healthcare system) left abandoned after the collapse of the Soviet Union. At just eight years old, he moved to the United States, later earning dual bachelor’s degrees in Biology and Economics at Stanford, followed by an MD and an MBA at the same university. Since his parents, who c...
Жәнібек Рысбек: Егер дұрыс қолданбаса, робототехника адамзатқа зиян әкелуі мүмкін. 17.09.2025 1:45:41
Жәнібек Рысбек - әлемдегі алдыңғы қатарлы хирургиялық роботтарды жасап шығаратын ірі америкалық компанияда робототехникамен айналысады. Жәнібектің жұмысын жасай алу үшін механика, компьютер ғылымдары, инженерия, физика, математика мен биологиядан хабардар болуыңыз керек. Жәнібек құрастыруға ат салысқан роботтар осы күнге дейін миллиондаған адамға жеңіл ота жасалып, олардың тез аяққа тұруына себееп...
Жан Мұқанов: "Қазақша сөйле" деп талап ету дұрыс емес". ЛГБТ, кәнселинг, демократия, әйел ролі туралы 18.07.2025 1:55:25
Продюсер, кәсіпкер Жан Мұқанов - "Цукербергтің көршілерінде" қонақта. Соңғы кезде қазақ қоғамын толқытып жүрген мәселелер бойынша қызу пікірталас туындады. "Қазақша сөйле" деп талап ету дұрыс емес. Шаконың қызы оны таңдағаны үшін өзі кінәлі. Асырай алмайтынын біле тұрып, бес бала туу - әйелдің кінәсі. Бала тәрбиесіндегі жақсы да, жаман да әйелден. Демократия шектен шықса, жақсы...
Роза Әшірбаева: Cтэнфорд, AI, АҚШ-қа сапары, бизнесі, медиадағы образын таңдау, хейт туралы 16.06.2025 1:50:10
Кәсіпкер әрі инфлюенсер Роза Әшірбаева Сан Францискода. "Қазақ қыздарының дауысы" болып, Роза Коуч атымен танылған блогер АҚШ-та не істеп жүр? Медиадағы образы мен өмірдегі образы сәйкес келе ме? Роза көпшілікке танылу үшін қандай қадамдарға барды? Жасанды Интеллект оның өмірі мен кәсібіне қандай жаңалық алып келді? АҚШқа жасаған алғашқы сапарында ойындағы Америка мен шынайы Америка обра...
Айына $4000 стипендия алу үшін қайда оқу керек? Стэнфорд студентімен экскурсия 08.05.2025 1:21:18
Физика бойынша дүниежүзілік олимпиадалардың жүлдегері, Назарбаев университетінің түлегі, қазір Стэнфорд университетінде "Электротехника" мамандығында докторантурада оқып жатқан Айвар Абрашұлы подкасымыздың бүгінгі қонағы. Әлемдегі топ университетке түсу кішкентайынан арманы болған Айвар осы арманына қалай қол жеткізгенімен бөлісті. Сонымен бірге бізбен бірге кампусты аралап, тұратын, оқи...
Ислам туралы сұрай алмай жүрген сұрақтарыңызға жауап. Дінтанушы Айбөпе Кемелдинова 08.05.2025 2:16:06
Дінтанушы, Құран оқытып үйрететін ұстаз әрі блогер Айбөпе Кемелдинова ислам туралы сұрай алмай жүрген сұрақтарыңызға жауап береді. Исламды Түркия мен АҚШтағы көрнекті ЖОО-да игеріп, қарапайым да қанық тілмен көпке танытып жүрген Айбөпе "қазақтар арабтанып бара жатыр" деген пікірге қатысты өз жауабын берді. Қазақтың ұлттық дәстүрі Ислам қағидаттарына кереғар ма? Қазақстан қоғамы мұсылман дініне көз...
AI адамзатты басып ала ма, үйде қызметші роботтар қашан болады, Meta-да ғалым болу қаншалықты қиын? 08.05.2025 1:47:52
Арман Жармағамбетов Кремний алқабында жасанды зердені ғалым ретінде зерттеп жүрген қазақ жігіті. Ақтөбедегі қатардағы мектептердің бірін бітіріп, Калифорнияда Computer Science-тан PhD қорғап, қазір Марк Цукербергтің қасында Fundamental AI Research деп аталатын ғылыми жобада зерттеуші болып жұмыс істейді. Хайп болған AI тақырыбын бүге-шігесіне дейін білетін екі қазақ болса, соның бірі - Арман. Жаса...
23 жаста миллион $ табыс табатын компанияны қалай басқаруға болады? 08.05.2025 1:28:39
23 жасында табысы миллион доллардан асатын технологиялық компанияны басқарып, өнімдерін ЦОНдар, университеттер мен ҰБТ орталықтарына сатып, Кремний алқабына көшіп, компанияны халықаралық деңгейге шығару үшін не істеу керек? Бүгінгі эпизодтың кейіпкері Нұрәлі Сарбақыш осы сұрақтың жауабын біледі. Адамдар алдауға неге құмар? Қазақстанда тұрмыстық коррупцияны жою мүмкін бе? Ақпараттық қауіпсіздікті қ...
Ата-бабаның өмір салты, ішкен асы, сезімдері бізге қалай әсер етеді? Биохимик ғалым түсіндіреді 18.02.2025 1:50:37
Жадыра Еркеш - Беркли университетіндегі Ногалес зертханасында постдок жасап жатқан Қазақстаннан шыққан ғалым. Оның зерттеу саласы ДНК структурасындағы хроматин мен жалпы эпигенетиканың биохимиясын қамтиды. Біздің жеті атамыздың басынан өткені, жеген тамағы мен өмір сүрген салты біздің өміріміз бен денсаулығымызға қалай әсер етіп жатыр? Бала денсаулығына ана ғана емес, әкенің таңдаулары қалай әсер...
Анасымен 25 жылдан кейін қауышқан Сейдж Гүлмира Фолей:"Туған отбасымды тапқаным - ғажайып оқиға"/Kazakh adoptee in the US Sage Foley: Finding my birth family is a miracle 18.02.2025 1:49:11
Туғанда анасынан айрылып, 25 жылдан кейін қайта қауышқан америкалық қазақ қызы Сейдж Гүлмира Фолейдің оқиғасы сізді бей-жай қалдырмайтын шығар. Америкалық Фолей отбасы оны 3 жасында Астанадағы жетімдер үйінен асырап алып кетеді. Ал оның туған анасы қызын туа сала шетінеп кетті деп ойлаған. Араға жылдар салып, Сейдж Гүлмира туған анасымен қайта қауышты. Бұл оқиға "Шетелдегі қазақ балалары"...
Қалтадағы "періште". Қазақ қызы әркімнің жеке досына айналатын жасанды интеллект көмекші жасауда. 18.02.2025 1:03:45
Не керек болса, сондай көмек беретін, әрқашан қасыңыздан табылатын, хатшы-көмекші-дос-құрбы-қызметші "Періште" ойлап тапқан Қазақстаннан шыққан америкалық кәсіпкер Ардақ Құсайынова "Цукербергтің көршілері" подкасының кезекті эпизодында. Егер ChatGPT қосымшасын күнделікті қолданып жүрген болсаңыз, оның дауыспен жұмыс жасайтын түрін Ардақ басқаратын Atarino компаниясы құрастырып жатыр. Қалтаңыздағы...
Әлем қолданатын Apple өнімдерін жасаған қазақ жігіті 19.12.2024 1:27:27
Apple Watch-қа уатсаптан келетін қоңырау мен Apple өнімдерін көлікте отырып көріп, жүрек айнытпайтын функцияларын жасаған қазақ жігіті Ерсұлтан Сапар "Цукербергтің көршілерінің" кезекті эпизодында. 18 жасында әлемдегі ең қымбат университеттердің біріне келіп оқып, оқу ақысын өзі қалай көтерді? Университеттегі төрт жылда сабаққа қоса жеті стажировка мен оқытушы көмекшісі болудың "құны" қандай? Ауыл...
Интернетті қазақша сөйлеткен Рауан Кенжехан: "Біз мәдениетті өзгерте алдық" 19.12.2024 54:55
Қазақстанда мектеп оқушыларының 75% қазақ тілінде білім алады. Алдағы 10-20 жылда қазақ тілінің қолдану аясы бұдан да кеңейіп, қазіргі оқушылар экономикалық белсенді азаматтарға айналады. Қазақстан бұған дайын ба? Қазақ тілінің шынайы орны мен мәртебесі қандай? Он жыл бұрынғы және қазіргі қазақ қоғамдары салыстыруға келе ме? Онлайн сервистерді қазақшаландыруға әрбір адам қандай үлесін қос алады? "...
"Мәңгі жастық" туралы арман қол жетімді ме? 29.11.2024 1:10:21
Адам жасушасын қартаю мен ауырудан аман ұстап, клетка жастығын ұзақ сақтап тұру мүмкін бе? Иммун жүйесінің клеткаларын "көлікке мінгізіп", нысанаға дөп жіберу қаншалықты қиын? Әлемнің ең бай адамдары миллиардтап ақша салған стартапта Нобель сыйлығының иегерлерімен бірге жұмыс істеу үшін не істеу керек? Папиломма вирусынан вакцина ойлап тапқан ғалымнан тәлім алу қалай болды? Ғылымда жүрген қыз-келі...
Цукербергтің көршілері-2. Стэнфордқа түсу үшін не істеу керек? 15.11.2024 1:03:17
Әлемдегі ең үздік ЖОО бірі - Стэнфорд университетінің студенті, қазақстандық Амира Махмеджан топ университетке түсудің жолдарымен бөліседі. Құжат тапсырған жүз адамның тек үшеуі ғана қабылданатын ең бәсекелі бағдарламада озып шығу үшін Амира неше жасынан бастап дайындалды? Қатардағы мемлекеттік мектепте оқып, Ivy League-тан бір шығу мүмкін бе? Программист қыздар неге аз? Орамал таққан қыздарға дег...
Қазақша сөйлейтін Кремний алқабы. Цукербергтің көршілерімен танысамыз 02.11.2024 1:23:55
Google-да қызмет ету шынымен "арман жұмыс" па? Кремний алқабының төрінде жұмыс істеу үшін не істеу керек? Ал одан өз еркімен бас тарту үшін ше? Қазақстандағы журналистика мамандығының студенттері неліктен "телекте" "жұлдыз" болуды армандайды? Қазақ қыздары бақытты ма? Ақсәуле Әлжан мен Арай Сабыржан подкастарының ең алғашқы шығарылымында осы және басқа да көптеген сұрақтардың басын шалады.
Similar podcasts
Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.