Ainel Amirkhan
OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС
OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел ӘмірханТелеграм - https://t.me/oydetoxИнстаграм - @ainelkaiҚандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainelПодкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Author
Ainel Amirkhan
Category
Podcast website
Latest episode
Jul 2, 2026
Where to listen?
Podcasts in the app Replaio Radio Coming soonPodcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts
Episodes
Аралдағы қыз-келіншектердің жағдайы қандай? 27.12.2023 37:32
Жуырда "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің шақыртуымен Қызылорда өңірі, Арал қаласына іссапармен барып, әріптесім Бақытгүл Салыховамен бірге "Адвокация және коммуникация негіздері" бойынша бір күндік тренинг оқып қайттық. Келгенімізді пайдаланып, "Тасадағы әйелдер" жобасын түсіріп, подкастымның екі эпизодын жазып алдық. Ал бүгін назарларыңызға "Арал Ару Ана&quo...
Айна Задабек: шала қазақпын дей берсең, шала қазақ бола бересің 15.12.2023 1:09:10
OY-DETOX қонағы - Айна Задабек, PR және тіл маманы. Айнамен жылы эпизодымызды міндетті түрде тыңдаңыздар! Маған ерекше ұнаған, іштей қажып жүрген өзім үшін дер кезінде болған әңгіме болды. Қазақ тілі туралы сөйлесуден не үшін шаршамауымыз керек? Тәуелсіздік пен тіл қатар жүретін ұғым ба? Тіл үйрену лайфхактары қандай? Қазақ тіліне жетпейтін не: саяси жігер не адами жігер? Осы және өзге де сұрақтар...
1 Fit стартабы: кім ашты, қанша ақша табады, қандай елдерде жұмыс істейді? 10.12.2023 1:16:17
OY-DETOX қонағы - Асқар Ақшабаев, 1fit негізін қалаушылардың бірі. 1fit - Қазақстанда жылдам өсіп келе жатқан стартаптардың бірі. 1 абонемент алып, Қазақстанның 10 қаласында орналасқан серіктес спорт-залдарының кез келгеніне кез келген уақытта баруға мүмкіндік беретін қызмет. Осы ретте, 1fit негізін қалаушылардың бірі Асқар Ақшабаевпен кездесіп, кезінде бес жігіт қосылып ашқан стартаптың бүгінде ж...
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық. Кім кінәлі? 04.12.2023 18:34
Бұл эпизодты "гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" халықаралық кампаниясына орай жасағым келіп кетті. Соңғы жылдары физикалық зорлық-зомбылық туралы көп айтылып, жазылып жүргендіктен біз негізгі акцентті психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылыққа қойғымыз келген. Алайда мамандар да, медиадағы материалдар мен жан түршіктірер статистикалар да бізді еріксіз физик...
Тимур Балымбетов зорлық-зомбылық, ер-азаматтар дауысы мен әлеуметтік желідегі хайп туралы 22.11.2023 1:14:20
OY-DETOX қонағы - танымал интервьюер Тимур Балымбетов . Тимур өз шығарылымдарында зорлық-зомбылық тақырыбын жиі көтеретін замандастарымыздың бірі. Осы ретте, біз Тимурмен қазір қоғамда үлкен дискуссия тудырған тақырып - Салтанаттың өлімі, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың өршуі, бұған ер-азаматтардың позициясы мен әлеуметтік желідегі тараптар қақтығысы мен хайп туралы сөйлестік. Сондай-ақ, Тимур мемлек...
Мариам Найем: Без языка - нас нет 03.08.2023 45:07
С украинской художницей и культурологиней Мариам Найем я познакомилась в Праге, на конференции Unlock. Прослушав ее презентацию на тему Let's talk about Volya, я сразу же решила с ней записать эпизод своего подкаста. Она меня безумно впечатлила и тронула, а каждое ее слово, сказанное с большой сцены вызывало во мне бурю эмоций. Мы поговорили о роли родного языка в деколонизации, войне, русско...
Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда "Алаш тақырыбына арнап елу сериал түсіруді армандаймыз" 22.06.2023 1:15:59
Қонақтарым Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда отбасылық жұп, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалдарының бірі режиссері, бірі продюсері. Мұрат пен Айсәулені әңгімеге тартып, тарихи сериалдарды түсіру барысы, ұлт зиялыларының өнегесі, мемлекеттік тапсырыс, ішкі цензура және бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері туралы сөйле...
Асылтай Тасболат дінтану ғылымы, ислам құқығы мен орамал дауы туралы 25.05.2023 59:16
OY-DETOX қонағы - дінтанушы Асылтай Тасболат. Біз дінтану ғылымы, ислам құқығы, орамал дауы мен исламдағы әйел орны туралы сөйлестік. - Дінтанушы деген кім? - Қазіргі ислам ақыл-ойы дегеніміз не? - Исламда әйелдің орны қандай? - Ислам модернизмі дегеніміз не? - Бүгінгі орамал дауының себебі қандай? Осы және өзге да сұрақтарға жауапты эпизодтан таба аласыздар. Асылтай Тасболаттың Инстаграм парақш...
Bonus Episode: Қазақстанда әйелдердің билікке келуі мүмкін бе? 21.05.2023 34:04
Түрлі салада бой көрсетіп, маңызды қызметке араласып жатқан әйелдерді табуға болады. Десек те, билікте, шешім қабылдау құрылымдарында әйелдердің үлес салмағы аз. Оның себебі не? Саясатта әйелдердің аз болуына біздің менталитет, тәрбие, салт-дәстүрдің әсері бар ма? Әлде тасада қалу әйелдердің өз шешімі ме? Осы туралы "Тасадағы әйелдер" жобасы аясында дайындалған "Әйел және саясат&quo...
Алия Ахметова о бизнесе в декрете и великих женщинах Казахстана 05.04.2023 43:34
#ӘйнелӘмірхан #OYDETOX #АлияАхметова #женскийбизнес Второй эпизод OY-DETOX на русском языке с Алией Ахметовой, основательницей отечественного бренда Hey, Baby. Мы поговорили - о великих казахстанских женщинах и о том, почему мы так мало о них знаем; - о том, что значит быть мамой сегодня; - о женском и мужском бизнесе; - о важности женской поддержки и о многом другом. Инстаграм Алии - https://www....
Роза Әшірбаева: Инфобизнесменнің бәрі Инфоцыған емес 10.03.2023 1:06:50
OY-DETOX қонағы - коуч, инфобизнесвумен Роза Әшірбаева. Біз Розамен инфобизнес, инстаграм этика, инстаграмда ақша табу мүмкіндігі, әйел құқығы, қаржы пирамидасы мен қоғамның негізгі проблемасы туралы сөйлестік. Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Роза Әшірбаеваның инстаграмы - https://www.instagram.com/rozaashirbayeva/ Бұл эпизодты ауди...
Мұғалімдерге арналған тамаша мүмкіндік! Teach For Qazaqstan бастамасы мен екі жылдық бағдарлама туралы 24.01.2023 57:18
2023 жылдың алғашқы эпизодын өте маңызды тақырыптардың бірі - білім беру саласына арнап отырмыз. Мен Teach For Qazaqstan қорының басшысы Гүлнара Салменмен білімдегі теңсіздік, балалар кедейлігі ұғымы және Teach For All, Teach For Qazaqstan бастамаларының пайдасы туралы сөйлестім. Сондай-ақ, Гүлнар ұстаздарға, педагогика факультетінің соңғы курс студенттері мен магистрантарына, басқа салада істейті...
Қалай тиімді саяхаттауға болады? Карима Мәлік 2,5 млн теңге табыс пен арзан саяхат туралы 14.12.2022 54:06
Карима Мәлік - 20 жасында 35 мемлекетте болып үлгерді. Оның бәрі тиімді жоспаулардың арқасы дейді өзі. Бүгінде өзі меңгерген тиімді саяхаттың қыр-сырымен өзгелермен де бөлісуде. Біз Каримамен қаржылық сауаттылық, арзан саяхат жолдары, алғашқы миллион, қазақ тілі мен ұлттық код туралы сөйлестік. OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel&nb...
Әйгерім Бегімбет фотожурналистика, Үркер сыйлығы, ауыл өмірі мен еңбек адамы туралы 07.12.2022 45:40
Әйгерім Бегімбет - санаулы фотожурналист қыздардың бірі. Фотоаппаратын арқалап ауыл-ауылды аралап, еңбек адамының өмірін көрсетуден жалықпайды. Әйгеріммен Түркістан төрінде кездесіп, фотожурналистика, Үркер сыйлығы, ауыл өмірі мен еңбек адамы туралы сөйлестік. - фотожурналистика дегеніміз не? - кейіпкерлерді қайдан табуға болады? - фрилансер-журналистің табысы бар ма? - Үркер сый...
Молдияр Ергебеков журналистік этика, гендерлік теңдік және Дос-Мұқасан фильмі туралы 29.11.2022 1:04:54
OY-DETOX қонағы - медиа және кино зерттеуші, журналист Молдияр Ергебековпен журналистік этика, гендерлік теңдік, мемлекеттік тапсырыс пен Дос-Мұқасан фильміндегі олқылық туралы сөйлестік. - Медиа этика дегеніміз не? - Мемлекеттік тапсырыстың пайдасы бар ма? - Қазақ тілі мен қазақ әйелінің тағдыры неге ұқсас? - OY-DETOX TALQY мен гендерлік теңдіктің байланысы қандай? - Құрманай Омарова деген кім? О...
Данияр Косназаров про Рамиля Мухоряпова, самоидентификацию, новую этику и мужской суицид 02.11.2022 59:45
Первый гость выпуска на русском языке - Данияр Косназаров, политолог, социолог, исследователь поколений и поп-культуры. Мы с Данияром поговорили о кейсе Рамиля Мухоряпова, самоидентификации и поисках себя, новой этике и о том, что значит быть мужчиной сегодня. Данияр в Инстаграмм - https://www.instagram.com/kosnazzar/ Айнель в Инстаграмм - https://www.instagram.com/ainelkai/ &n...
35-тегі кризис, мамандық таңдау, табысты арттыру жолдары мен Gap Year туралы 05.10.2022 57:28
Егер қазір - қандай да бар ізденісте жүрсеңіз, - мамандығыңыз, қызмет істеп жатқан ортаңыз ұнамаса, - орта жолда салаңызды ауыстыруға қорқып жатасаңыз, - мектеп түлегінің ата-анасы, - не биыл оқуға түсе алмаған оқушы болсаңыз, онда осы эпизодты міндетті түрде қараңыздар. Осы және өзге де көптеген сұрақтарға профориентолог Санелай Қуанышбекова жауап береді. Біз...
Көзіңе не болған? Бекжан Нурадин алғашқы миллион, интернеттегі хайп, мүгедектік пен мүмкіндіктер туралы 20.09.2022 1:11:17
OY-DETOX-тің кезекті қонағы - YouTube және Tik-Tok продюсері Бекжан Нурадин. Бұл эпизодта біз YouTube-та пайда табу жолдары, контент немесе сапа дилеммасы, хайп қуу мен аудиториямен ойнау стратегиясы, мүгедектік пен мүмкіндіктер туралы сөйлесетін боламыз. Егер контент жасап, YouTube немесе Tik-Tok саласын жаңадан меңгеріп жүрген маман болсаңыз, біздің әңгімемізді міндетті түрде тыңдаңыздар! Менің...
Аида Өтесін адвокатура, эйджизм, қазақ тілі мен инста юристер туралы 07.09.2022 1:01:54
Түрлі ресми мәліметтер бойынша елімізде 4000-ға жуық адвокат бар екен. OY-DETOX қонағы Аида Өтесін еліміздегі ең жас адвокаттардың бірі. Біз Аидамен Мамандықты таңдау, іздену және қолдау маңыздылығы, Бүгінгі таңда елімізде адвокатураның жағдайы, Адвокаттық лицензия алу талаптары, танымал адвокат Джохар Утебековке жұмысқа тұру мүмкіндіктері, қазақ тіліндегі істер, судьялардың деңгейі мен замандаста...
Киноны қалай көру керек? Әсия Бақдәулет киносауат, пропаганда және тарихи шындық туралы 17.08.2022 1:00:08
- Кино пропаганда құралы ма? - сана-сезімді өзгертетін отандық кино бар ма? - кино көргенде неге назар аудару керек? - ақпараттық соғыс пен тарихи шындықтың аражігін қалай ажыратамыз? - ойланатын кино VS попкорн кино Осы және осы сынды өзге де сұрақтарға жауапты қонағым Әсия Бақдәулетқызымен іздеп көрдім. Әсия - кинотанушы, журналист, бүгінде Куин Мэри университетіні...
Театр өмір айнасы ма? Фархад Молдағали режиссер еркіндігі, мемлекеттік қызмет пен қаңтар оқиғасы туралы 13.07.2022 52:14
OY-DETOX қонағы Фархад Молдағали өнер сүйер қауымның аузынан түспейтін режиссерлердің бірі. Жақында театр саласында берілетін Еңлікгүл сыйлығында жылдың үздік режиссері номинациясын жеңіп алды. Бүгінде - Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрында көркемдік жетекші қызметін атқарады. Біз Фархадпен театрдағы еркіндік, мемлекеттік қызмет салмағы мен шығармашылық ізденіс туралы сөйлес...
Той жасау керек пе? Динара Әбділда үйлену тойы, салт-дәстүр мен жастар бақыты туралы 29.06.2022 57:03
OY-DETOX-тің бұл эпизоды той мәселесіне арналады. - Той жасау керек пе? - Жаңа дәстүр қалай пайда болады? - Беташар мен сәлем салудың қажеттілігі қанша? - Қанша жаста отбасы құрған дұрыс? - Көну немесе күресу? Осы сұрақтарға жауапты антрополог, Ph. D кандидат, қазақ тойларын зерттеп жүрген маман Динара Әбділдадан алуға тырыстым. Біз Динарамен үйлену тойы, оны зерттеу маңыздылығы, салт-дәстүр, ата-...
Еренғайып Қуатайұлы жүгірудің пайдасы, 40 жастағы әуесқой спорт, 25 кг арықтау және Бостон марафоны туралы 08.06.2022 56:06
OY-DETOX қонағы Еренғайып Қуатайұлы жүгіруге 40 жасында келсе де, айтарлықтай жетістіктерге жетіп, толық марафонды 3 сағатқа толтырмай жүгіретін әуесқой спортшылардың бірі. Ол биыл Бостон марафонына қатысқан 9 қазақстандықтардың қатарында болды. Эпизодта Еренғайыппен жүгірудің пайдасы, әуесқой спорт шығындары, нәтижеге талпынудың құны, сау эгоизм мен тауқұмарлық туралы сөйлестік. &nbs...
Руслан Меделбек таза спорт, басқалармен салыстыру синдромы және арзан саяхат туралы 01.06.2022 56:00
OY-DETOX қонағы - @Руслан Меделбек. ЖИҺАНКЕЗ әрі журналист. Біз Русланмен спорт журналистикасы, олимпиада және допинг дауы, әлеуметтік желідегі жеке бренд, саяхаттың адам өміріндегі маңызы мен арзан саяхаттау жолдары туралы сөйлестік. Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта да тамашалай аласыздар. Сілтеме - https://www.youtube.com/channel/UCW...
Гүлназ Қорданова Гарвардқа түсу мүмкіндігі, білімдегі теңдік, краудфандинг пен қоғамдық жұмыс туралы 17.05.2022 54:16
OY-DETOX қонағы - Гүлназ Қорданова, білім саласының маманы, Connect-Ed, Teach for Kazakhstan ұйымдарының басшысы, Гарвард студенті. Біз Гүлназбен Гарвардқа түсу жолдары, краудфандинг, білім саласындағы теңдік, Connect-Ed ұйымының жұмысы, сонымен қатар, қаңтар оқиғасы, қаржы пирамидасы туралы сөйлестік. Бұл эпизодты видео форматта да таба аласыздар, сілтеме - https://youtu.be/UAWKBXvPo...
Similar podcasts
Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.