Ainel Amirkhan

OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС

Business KK ↓ 110 episodes

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел ӘмірханТелеграм - https://t.me/oydetoxИнстаграм - @ainelkaiҚандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainelПодкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

Author

Ainel Amirkhan

Category

Business

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Jul 2, 2026

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

OY-DETOX | Денсаулық: Варикоз ерлер мен әйелдерде бірдей бола ма? 04.06.2025

Бұл эпизодта флеболог, ангиохирург Нұрлыбек Аманкелдинмен варикоз және веналық аурулар туралы әңгімелестік. Варикоз дегеніміз не, ол кімдерде жиі кездеседі және оның алдын алуға бола ма? Осы және басқа да маңызды сұрақтардың жауабын эпизодтан таба аласыздар. Өздеріңіз көріп қана қоймай, өзгелерге де таратуды ұмытпаңыздар! Эпизод таймкоды: 02:19 - флебология деген не? Бұл мамандықты қайда оқытады?...

"Табысың адамша өмір сүруге жетпесе – еркін емессің" 26.05.2025

Бұл эпизодта біз зерттеуші Серік Бейсембаев және Ғалым Жүсіпбекпен OY-DETOX AIMAQTAR жобасы аясында өткен фокус-топтарды талқылаймыз. Талдықорған, Қостанай, Орал қалаларындағы тұрғындардың шынайы ойы мен тәжірибесі арқылы бүгінгі Қазақстан қоғамының әлеуметтік көңіл-күйін, адамның қадір-қасиетіне лайық өмір сүру мүмкіндігін, "әлеуметтік әділетсіздік" ұғымы мен экономикалық модель туралы...

OY-DETOX | Денсаулық: Антибиотикке төзімділік неге қауіпті? 15.05.2025

OY-DETOX төрінде жаңа айдар «OY-DETOX | Денсаулық» айдарында денсаулық тақырыбындағы маңызды әңгімелер легін бастаймыз. Енді бұл айдарда денсаулық сақтау саласының мамандары мен сарапшыларымен бірге бәрімізге ортақ өзекті тақырыптарды талқылаймыз. Алғашқы эпизод қонағы — Манар Смағұл, дәрігер-эпидемиолог, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары. Бүгінгі эпизодта а...

Из лёгкой атлетики — в ринг: история боксерши Виктории Графеевой 24.04.2025

В этом выпуске подкаста OY-DETOX мы говорим о спорте, силе и уязвимости. Гостья — Виктория Графеева, боксерка национальной сборной Казахстана и финалистка чемпионата мира. Мы обсуждаем, как переживать поражения, зачем спортсменам нужна поддержка общества, как развивается женский бокс в Казахстане и почему не стоит судить тех, кто ещё не на пьедестале. Смотрите наш честный и вдохновляющий разговор...

Қалай қоқысты жиһазға айналдырып, бизнес жасауға болады? 14.04.2025

Бүгінгі эпизодта біз пластик қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері мен оларды қайта өңдеу мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғаймыз. Пластик – заманауи тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған материал. Алайда оны тұтынудың артуы экологиялық қауіптерге әкеліп отыр. Осы тұрғыда пластикті қалдық ретінде емес, ресурс ретінде қарастыру – уақыт талабы. Бүгінгі қонағымыз – пластик қалдықтарын қайта өңдеу...

Свобода слова, ИИ и соцсети: как работают медиа в регионах Казахстана 07.04.2025

В этом эпизоде мы поговорили с Тимуром Гафуровым — главным редактором регионального издания «Наша газета» — о том, как сегодня выживает печатная пресса, почему обратная связь с читателями важнее, чем когда-либо, и какую роль играют соцсети в жизни СМИ и власти. Обсудили: - Как устроена ежедневная работа регионального журналиста; - Почему печатная версия газеты всё ещё актуальна; - Как редакция исп...

Ғылымды насихаттаған әйелдер 17.03.2025

Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ғылымдағы әйелдердің рөлі мен олардың жазған кітаптары туралы айтады. Бұл эпизодта Мария Кюриден бастап қазіргі заманғы зерттеуші әйелдерге дейінгі ғылымдағы әйелдердің үлесі мен олардың зерттеулерінің маңыздылығы қарастырылады. Сондай-ақ, ғылыми жетістіктерді кеңінен таныту үшін не істеу керектігі туралы ой қозғайды. Егер сіз ғылым...

Тревожность, привычки, самоконтроль — что говорит наука? 10.03.2025

В новом выпуске подкаста OY-DETOX мы поговорили с научным журналистом Асей Казанцевой о том, как устроены эмоции, зачем нам нужен эмоциональный интеллект и можно ли контролировать свои чувства. Правда ли, что мы используем только 10% мозга? Почему дети, которые читают книги, лучше понимают эмоции? Как сформировать привычку, и действительно ли для этого нужен 21 день? Почему с возрастом тревожность...

Экошейминг, климаттық босқындар және қоқыстың жаңа өмірі. Экология туралы ашық әңгіме 03.03.2025

Экологиялық үрей, экошейминг, экобелсенділердің жұмысы, қалдықтарды сұрыптау мәдениеті, еліміздегі экологиялық мәселелер – бүгінгі эпизодта осы тақырыптарды көтереміз. Біздің қонағымыз – эколог, экосенбіліктер мен эконауқандарды ұйымдастырып жүрген белсенді маман Пакизат Сайлаубекова. Пакизаттың айтуынша, қалдықты сұрыптау – бизнес. Бірақ біздің елде қоқыстың сапасы өте нашар, оны өңдеу үшін көп с...

Сайлауды бақылаудың қажеті не? 24.02.2025

🍊OY-DETOX🍊 подкасының кезекті саны Орал қаласында "Жария" тәуелсіз бақылаушылары қоғамдық бірлестігінің өкілі Самал Гилмановамен жазылды. "Жария" қоғамдық бірлестігі 2019 жылдан бастап сайлауға тәуелсіз бақылау жүргізіп келеді және сайлау учаскелерінде дауыс беру барысының ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз етуге қатысты өзінің ұстанымымен танымал. Біз Оралға келгенімізді пайд...

Как красивая улыбка меняет жизнь? Интервью с ортодонтом Мариной Землянкиной 20.02.2025

В новом выпуске подкаста OY-DETOX говорим о современной ортодонтии: почему правильный прикус важен не только для красоты, какие мифы до сих пор окружают брекеты и элайнеры, и как выбрать действительно хорошего специалиста. Наша гостья — Марина Землянкина, врач-ортодонт Clinic Dr. V. Она делится профессиональным опытом, разбирает сложные случаи из практики и даёт советы тем, кто задумывается об исп...

Полигон - айтылмай қалған естеліктер 10.02.2025

Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ядролық сынақ пен радиацияның әсері мен тигізген зардабы туралы жазылған кітаптарды талқылайды. Шығарылым көрермендерден келіп түскен сұрақтарға жауап беруден басталады. Жалпы OyLab жүргізушілердің кітап оқу барысында алған әсері, уайымы мен сезімдері, туындаған сұрақтарға жауап іздеуі, өзіндік сараптамасы мен бағалауынан тұрады. Та...

Қаңтар оқиғасы туралы кітаптар 13.01.2025

OY-DETOX арнасында жаңа айдар! Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова айына бір рет кездесіп зерттеулерге негізделген, ғылыми-танымдық кітаптарды талқылайтын болады. Ал алғашқы шығарылым Қанды Қаңтарға арналады. Биыл Қаңтар оқиғасына 3 жыл толды. Осы ретте, Әйнел және Бақытгүл осы уақыт аралығында шыққан кітаптарды талқылайды. Қаңтар туралы шыққан барлық кітапқа сенуге бола ма? Қ...

Псевдо тәуелсіз сайттар, жиырма мың теңгелік посттар және журналистік этика 29.12.2024

🍊OY-DETOX🍊 подкасы 2024 жылды медиа сарапшы, журналист Жұлдыз Әбділдамен бірге қорытындылайды. Медиа саласында атышулы оқиғалар мен негізгі өзгерістер туралы әңгімемізді тыңдаңыздар.эпизод таймкоды:00:00 - Аңдатпа00:58 - 2024 жылы медиа саласындағы басты өзгеріс қандай?04:05 - Ақпарат министрлігінің жұмысын қалай бағалауға болады?09:23 - 2024 жылдың атышулы оқиғалары 12:01 - қазақ тілді медианың...

Депутат Жұлдыз Сүлейменова: Әйелдердің саяси белсенділігі ауадай қажет 01.08.2024

OY-DETOX қонағы - Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Біз Жұлдыз ханыммен саясаттағы және қоғамдағы әйелдер туралы әңгіме өрбіттік. Сондай-ақ, Жұлдыз Досбергенқызы Ақтөбе облысындағы іссапары мен топан судан кейінгі халықтың жағдайы туралы да айтып берді.  Жалпы эпизодта келесі мәселелер сөз болды:  депутат әйелдер неге аз? қоғам әкім әйелге дайын ба? харассмент және емеурін тан...

Защитить себя без общественного резонанса почти невозможно 23.07.2024

В гостях у OY-DETOX - Шынар Жанибекова, PR-эксперт и CEO агентства диджитал-коммуникаций Media Marketing Мы встретились с Шынар, чтобы обсудить профессиональные вопросы, но разговор получился гораздо более личным и откровенным. Шынар поделилась своей историей о тяжелом бракоразводном процессе, бытовом насилии и тех вызовах, с которыми сталкивается современная женщина, решившаяся на развод. В нашем...

Есенгүл Кәпқызы: пропаганда, манипуляция, ақылы посттар мен журналистік этика 04.07.2024

OY-DETOX қонағы «Мінбер» ақпараттық агенттігінің жетекшісі, SDU ассистент-профессоры Есенгүл Кәпқызы. Биыл Есенгүл ханым негізін қалаған «Мінбер» өзінің 15 жылдығын атап жатыр. Осы келелі датаға орай, біз Есенгүл ханыммен кездесіп, отандық журналистика, жуырда қабылданған масс-медиа туралы заң, ақылы посттар, "қанды блогерлер" мен журналистік этика туралы сөйлестік. Әлбетте, Мінбердің қы...

Екі дүркін Азия чемпионы Айнұр Майханова: Өмірімді қырық жасымда қайта бастадым 01.07.2024

Айнұр Майханова - гір көтеру бойынша екі дүркін Азия чемпионы. Айнұр 19 жасында тұрмысқа шығып, дене шынықтыру пәні мұғалімі болу туралы бала күнгі арманын араға 21 жыл салып жүзеге асырған адам. Бүгінде Аралдағы Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді, түрлі  спорт додаларына Арал атынан қатысып, жетістіктерге жетіп жүр. Сондай-ақ Айнұр жеке тігін ательесін д...

Анар Бурашева - Эвересті бағындырған тұңғыш қазақ қызы 13.06.2024

OY-DETOX қонағы - Эверест бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева. Анар - әлем бойынша осы уақытқа дейін Эверест шыңын бағындырған 800-ші, ал Қазақстаннан алғашқы әйел болып отыр. Эвересті бағындыру арманы мен алғашқы болудың салмағы туралы OY-DETOX төрінде сөйлестік. Сондай-ақ, біз Анармен спорт пен альпинизмдегі әйелдердің үлес салмағы, еліміздегі скайранинг пен марафондар деңгейі, Эверестке...

Жыныстық сауат, венерологиялық аурулар мен отбасын жоспарлау туралы 23.05.2024

OY-DETOX қонағы гинеколог-дәрігер Ирина Сугуровамен жасөспірімдердің жыныстық сауаты және әйелдердің денсаулығы туралы сөйлестік. Ирина - жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қауымдастық мүшесі, жиырма жылдық тәжірибиесі бар гинеколог-дәрігер. Ұл, қыз өсіріп отырған ата-ана болсаңыз, не жасөспірім жасындағы бауырларыңыз болса, өзіңіз де жыныстық денсаулық мәселесіне қызығып, қандай да б...

Жанар Байсеміз: Қыздың бәрі тұрмысқа шығып, бала тууға міндетті емес 17.04.2024

OY-DETOX қонағы - Жанар Байсеміз, журналист, "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы. Эпизодта біз "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының мақсаты, оның трансформациясы мен қоғамға жасап жатқан әсері туралы сөйлестік. Сондай-ақ, араға үзіліс жасап шыққан жобаның, осы уақыт ішінде жоба авторы Жанардың адам ретінде де, маман ретінде де трансформациясы, бүгінгі таңдағы ұят, қазақ...

Айгерім Құсайынқызы, Мөлдір Албан: Феминистер жау емес! 01.03.2024

8 Наурыз - Халықаралы әйелдер күні қарсаңында фембелсенділер Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Албанмен кездесіп, олардың гүл орнына неге митинг қалайтынын сұрадым. Жалпы, әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша? Бір айта кететіні, биылғы митинг болашағы белгісіз. Былтырдан бері фембелсенділер әкімдікке әйелдер шеруін өткізуге рұқсат алу үшін оннан астам өтінім жіберіпті, бірақ мерекеге санаул...

"атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА". Астанадағы талқы 12.02.2024

"атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабының таныстырылы аясында Астанада да талқы өткізген болатынбыз. Талқыға қонақ ретінде әріптестерім Перизат Мырзахмет, Елдар Құдайбергенді шақырып, Бақытгүл Салыхова спикерлердің бірі, ал мен модаретор болдым. Біз қарапайым подкаст деген не, подкастер деген кім деген сұрақтан бастап, оның формасы, мән-мағынасы туралы ой толғадық. Сұрақ қойып, белсенді бол...

Грант беретін ұйымдармен жұмыс істеу қауіпті ме? 01.02.2024

OY-DETOX қонағы - Анар Арынова, халықта ФЕЦА атымен танымал ұйымның жобалар менеджері. Біз Анармен Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, азаматтық қоғам, "Иноагенттер тізімі" және цифрлық құқық туралы сөйлестік. Сондай-ақ, бүгінде ФЕЦА (Фонд Евразия Центральной Азии) қолдаған жобалар мен жаңа ұйымдарға грант алу мүмкіндіктері туралы сөйлестік. Бірқатар мамандар Қазақстанда азаматтық қоғам т...

Назерке Маратқызы: YouTube арнамнан табыс көріп отырмын 09.01.2024

Арал сапарында жазып алған екінші эпизодым. Эпизод қонағы - Назерке Маратқызы, "Толқын" Арал аудандық газетінің тілшісі, "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің қызметкері. Сондай-ақ, Назерке 90 000 астам жазылушысы бар YouTube арнаның авторы. Біз Назеркемен аймақтағы гендерлік теңдік мәселесі, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысынан бастап, YouTube арқылы пайда табу, "ене мен к...

Listen to the OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.