Азаттық радиосы

Zere

Society KK ↓ Odcinki: 27

"Зере" - Азаттықтың әйел құқығы жайлы подкасты. Бұл подкаст қоғам естімейтін я байқамайтын әйелдердің проблемасын шешуге бағытталған. Әр эпизод тыңдарманға әйел құқықтары туралы ой тастайды. Және оны пайдалану мүмкіндіктері я нұсқаларын ұсынады. Қоғам естімейтін, бірақ өзін өзгелері естігенін, тыңда

Koniecznie odwiedź stronę podcastu i wesprzyj twórcę: www.azattyq.org

Autor

Азаттық радиосы

Kategoria

Society

Strona podcastu

www.azattyq.org

Ostatni odcinek

15 wrz 2024

Gdzie słuchać?

Podcasty w aplikacji Replaio Radio Już wkrótce

Podcasty trafią do aplikacji już wkrótce. Zainstaluj teraz i jako pierwszy zobacz nowe podejście do podcastów

Pobierz z Google Play Zainstaluj za darmo Android 5 mln+ pobrań · ocena 4,8 iOS niedługo

Odcinki

Шетелдік мультфильмдерді қазақша сөйлетіп жүрген Назерке 15.09.2024

"Ойжұмбақ", "Ойыншықтар оқиғасы", "Малифисента", "Ақшақар қыз", "Энканто"... Осы мультфильмдердің барлығын қазақша сөйлеткен кім? Қарапайым қазақ актерлары, режиссерлары. Оларға қуат берген не? Жұмысқа деген ынта пен патриотизм. "Зеренің" бүгінгі кейіпкері - дубляж режиссері Назерке Лесбекқызы.

Қазақстанда құлдыққа түсетіндер әлі көп. Неге? 21.06.2024

«Құлдық» - ескі заманның ғана түсінігі емес. Aйналаңызда, аулаңызда не жақындарыңыздың арасында күштеп тегін жұмысқа жегілгендер болуы мүмкін. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда адамды құлдықта ұстаудың 111 фактісі тіркелген. Көбі сексуалдық қызмет көрсеткен. «Зере» қыз-келіншектер подкасының бүгінгі қонағы құлдыққа түскендерге көмектесетін «Родник» ұйымының үйлестірушісі Ғазиза Сапа...

Әйелді қорғау ма, отбасын сақтау ма? Жаңа өзгерістердегі дилемма 26.04.2024

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшейді. Онымен бірге балаларға қатысты да біршама норма енді. Дегенмен, заңды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобында болған заңгер Әйгерім Құсайынқызы құжат әлі де толықтыруды қажет етеді дейді.«Зеренің» бүгінгі эпизодында осы өзгерістер жайлы сөз етеміз.

Жәбірленуші қалай агрессорға айналады? Буллингтің себеп-салдары 12.04.2024

Қазақстанда жыл сайын 700 мыңнан астам бала буллингке ұшырайды екен. Балаға жасалған қысымды дер кезінде байқап, шешімін таппаса, соңы қайғылы жағдайға, тіпті суицидке жеткізуі мүмкін дейді сарапшы. "Антибуллинг қауымдастығы" психологы Аяна Саурыковамен осы мәселені талқылаймыз.

Жеті атаны білеміз, ал жеті апа ше? 31.03.2024

«Әр қазақ жеті атасын біледі, ал жеті апасын неге білмейді? Шежіреде ерлердің есімі бар да, әйел неге жоқ? Ұрпағын тоғыз ай құрсағында көтеріп, бағып-қағып өсірген аналар шежіреден орын алмауы әделтсіз» дейді суретші Мөлдір Қарубайқызы. Оның «Жеті апа» атты картинасы осы ойдан туған. Азаттық радиосының «Зере» подкасында осы туындының маңызы мен шежіредегі әйелдің рөлі жайлы әңгімелесеміз.

"Қорлық пен зорлық түбі – қатыгездік". Ұзақ жыл отасқан күйеуін пышақтаған әйелдің оқиғасы 01.03.2024

Түркістанда жылдар бойы күйеуінен зорлық көрдім деген әйел ерін пышақтап өлтірген. Марқұмның денесін бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген. Бұл қорғану ма әлде қасақана адам өлтіру ме? Қатыгездікті көрген адам өзі де қатыгез болуы заңдылық па? «Зеренің» бүгінгі эпизодында психолог маман Әсем Амангелдіқызымен осы мәселені талқыладық.

"Еркіндігімнен айырылғым келмейді". Әйелдер маршын өткізу үшін күресіп жүрген Ақторғынмен әңгіме 16.02.2024

Алматыда ақпанның басынан бері жалғыз адам пикеттері өтіп жатыр. Талап – 8 наурызда әйел құқығы мәселесін көтеретін марш өткізуге рұқсат беру. Әйел құқығын қорғаушылар марш өткізуге жергілікті әкімдіктен рұқсат ала алмағандықтан осындай амалға барып отыр. Азаттық радиосының "Зере" подкасының бүгінгі қонағы – Ақторғын Ақкенжебаласымен марштың маңызы жайлы сөз қозғадық.

"Таңдаған жолым - осы" деді қызым, мен қолдадым". Төрт жылға сотталған Әйгерім Тілеужанның анасымен ашық әңгіме 26.01.2024

Журналист әрі белсенді Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасына байланысты төрт жылға сотталды. 68 жастағы анасы Шекерхан түрмедегі қызын екі айда бір рет көріп, аптасына екі рет телефонмен сөйлеседі. Ана мен бала осылайша бір бірін кейінгі жарты жылда демеп келеді. "Зеренің" бүгінгі эпизодында жалғыз қызына шыққан үкім, саяси белсенділік, түрмедегі кездесулер мен уайымы жайлы анасы сыр шертті.

Қасіреттен кейінгі жұбаныш. Қаңтарда өлген ұлдан қалған немере 12.01.2024

Алматылық Гүлнұр Қарақасованың ұлы – Бақыткелді Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан. "Артында тұяқ қалмады" деген жақындары үш айдан кейін немересі барын біліпті. Қазір кішкентай Айқаракөз отбасының жұбанышы. "Зеренің" бүгінгі эпизодында Гүлнұр ұлына деген сағынышын, немересінің қызығы мен Қаңтардағы әділетсіздік жайлы сөз етті.

"2023 жылдың қаһармандары – құқық қорғаушылар" 29.12.2023

Қаңтар істері, парламент сайлауы, әйелдерге қарсы қылмыс, экс-президент Назарбаевтың кітабы. Өтіп бара жатқан 2023 жыл тағы несімен есте қалды? Жылды қортындылауға келген қонағымыз – журналист, құқық қорғаушы әрі саяси белсенді Инга Иманбай өзі үшін бұл жыл несімен есте қалғанын айтты.

"Мағыналы әндер көп болса деймін" 15.12.2023

ZAZ-дың "Je veux" әні мен Afric Simone-нің "Hafanana"-сын қазақша тыңдап көрдіңіз бе? Алматылық Мөлдір Байбуринова осы және өзге де оншақты әнді қазақ тілінде шырқап жүр. Көптен ойда жүрген бұл ермегін жұрттың назарына ұсынуға досымен арада болған бәс түрткі болыпты. Бұл туралы Мөлдірдің өзі айтып береді.

"Дәстүрді, әйелге қарсы әрекетті ақтап, қылмысты жабу үшін қолдану – сатқындық" 24.11.2023

25 қараша –Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. Кейінгі уақытта әйелді ұру, өлтіру мен зорлық фактілері көбейді. Заңгер әрі тәуелсіз сарапшы Әйгерім Құсайынқызы Қылмыстық кодекске "адам өлтіруден" бөлек "феминицид" терминін енгізіп, әйелді әйел болғаны үшін өлтіргендерді қатаң жазаламайынша жағдай өзгеруі екіталай дейді. Ал сіз қалай ойласыз? Үйде зорлыққа ұшырап, жақында...

"Өзбекстанға барсам өлім күтіп тұр". Қарақалпақ белсендісінің үміті мен үрейі 27.10.2023

47 жастағы Зиуар Мирманбетова жақында ғана түрмеден босап шықты. Өзбекстанның сұрауымен бір жыл бойы Алматыдағы тергеу изоляторында отырған қарақалпақстандық әйел Қазақстаннан босқын мәртебесін алуға үмітті. Босқын мәртебесі берілмесе Өзбекстанға экстрадициялануы мүмкін. Ал "бұл – өліммен тең" дейді Зиуар. Оның себебін қонағымыз "Зеренің" кезекті эпизодында кеңінен баяндап береді.

Жалғыз қызынан айырылған ананың әділдік іздеген жолы 13.10.2023

Кейіпкеріміз Қарлығаш Есенбекқызының қызы Айманды бұрынғы күйеуі былтыр 18 жерінен пышақтап өлтірген. Қылмыс сотта дәлелденді. Дегенмен сот оны 1,5 жылға соттаған. Кейін іс қайта қаралып, қылмыс жасады деген адам 11 жылға сотталды. Бұл эпизодта Қарлығаш апай әділдік жолындағы күресі жайлы айтты.

Ұрып-соққанға көну я түрмеге түсу. Күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелдің оқиғасынан не сабақ алдық? 24.08.2023

Айы-күні жетіп отырған павлодарлық келіншек өзіне пышақ ала жүгірген күйеуін өлтірді деп айыпталып, сотқа тартылды. Оқиға отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне тағы назар аудартты. Агрессор күйеуінен қорғану үшін әйел не істеуі керек? Психолог және заңгермен осы жайттарды сөз еттік.

"Қоғамда көп балалы ананың сыйы кеткені өкінішті" 11.08.2023

Ол үш балалы қарапайым әйел еді. 4 жыл бұрын астанада бір отбасының төрт қызы жанып кеткен өрттен соң көп балалы ана құқын қорғайтын белсендіге айналды. Екі жетім баланы бауырына басып, өзі де көп балалы болып шыға келді. "Қамқор ана" қоғамдық қорының жетекшісі Аида Букаева күресі жайлы әңгімелейді.

"Қаңтаршылардың көрген азабы жаныма батты" 28.07.2023

Әйел адвокат болу қиын ба? Оның ішінде азапталғандардың құқығын қорғаудың ерекшелігі қандай? Қаңтардың травмасы адвокатқа қалай әсер етеді? Қаңтар оқиғасына қатысқан, кейін азапталған азаматтардың құқығын қорғап жүрген адвокат Жалғас Сапарханова - "Зеренің" бүгінгі қонағы.

"Маусым" көрмесіндегі жарты миллионның суреті 30.06.2023

Алматыда "Маусым" атты жоба аяқталды. Қаңтар оқиғасында асыраушысынан айырылған отбасылардың 17 баласы үш күн бойы сурет салуды үйреніп, көрмеге 30 картина дайындады. Жоба авторларының бірі Белла Орманбет (Орынбетова) пен балаларға сурет салуды үйреткен Мөлдір Сағындықтың әңгімесін Зере подкасынан тыңдаңыз.

"Үйде сөйле". Жертөледегі тіл клубы 16.06.2023

Алматы аулаларының бірі. Жертөледегі аядай бөлмеге он шақты адам жиналып, дастарқан жайып, шайға отырды. Бұл – "Үйде сөйле" клубы. Жұрт шай ішіп отырып, тіл үйренеді. Бүгінгі эпизодты көршілеріне қазақ тілін үйретіп жүрген Лайхат Төребайқызы мен Александра Мыскинаға, олардың тіл клубына арнаймыз.

"Қоғам баланы педофилден қорғамайды, өзін кінәлі қылады". Қызы зорланған ананың жанайқайы 26.05.2023

Жасөспірім қыз құрбысымен қаннен-қаперсіз қонаққа барғанда бейтаныс еркектің зорлығына тап болады. Сол оқиға оның өмірін тас-талқан етті. Анасы қызы зорланғанын дәлелдей алмай, күресіп жүр. Үнсіз тынып, көндігіп жүргендер қаншама? Бұл эпизод зорлыққа ұшыраған балалар мен аналардың күресі жайлы.

"Мен биліктен аспандағы Айды алып бер демеймін, Конституцияда жазылған заңды орындасын. Болды!" 14.04.2023

Азаматтық белсенділер – қоғамның үнін жеткізушілер. Кейінгі төрт-бес жылда билікке сын айтып, саяси жүйенің өзгеруін, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруын талап етушілер көбейді. Оларға айыппұл салып, қамауға алса да, алаңға шығып, пікірін айтудан жалықпайды. Солардың бірі – 52 жастағы Бибігүл Иманғалиева. Бибігүл апаймен белсенділер дегеніміз кім, әйелге белсенді болу қиын ба деген сауалда...

"Қазақ үшін бақыт – жұртқа "бақытты" болып көріну". "Бақыт" фильмінің сценарисі Әсем Жәпішевамен сұхбат 24.02.2023

Жақында қазақстандық "Бақыт" фильмі үлкен экранға шықты. Атауы "Бақыт" болғанымен, ондағы кейіпкерлер – бақытсыз күй кешкен жандар. Фильм сценарийін жазған Әсем Жәпішевамен бақыт ұғымы жайында сөйлестік. Сіз де ой қосыңыз.

Феминизм ел айтқандай қорқынышты ма? 10.02.2023

"Шал, кет!" деген ұранды кім шығарды? Әйелдер маршы не үшін керек? Түрлі топтың құқықтарын қорғауға келгенде неге алалауға жол береміз? Азшылық құқының басқалардікінен не айырмасы бар? Бұл жолы "Зереде" "Феминита" қозғалысын құрушылардың бірі Гүлзада Сержанмен осы мәселелер жайында ой өрбіттік.

"Көлікке атылған жалғыз оқ әйелімнің басына тиген". Қаңтарда әйелінен айырылған Нұрсұлтанның әңгімесі 13.01.2023

"Зеренің" бүгінгі қонағы – Нұрсұлтан. 41 жастағы азамат Қаңтар оқиғасы кезінде әйелі – Жанарадан айырылып қалды. 7 айлық баласына дәрі іздеп шыққан отбасының көлігіне бір ғана оқ тиген. Сол оқ 35 жастағы Жанараның басына тиген. Нұрсұлтан төрт баласымен жалғыз қалды. Бұған дейін пәтер жалдап тұрып жатқан отбасыға билік пәтер берген. Дегенмен "қанша үй берсін, қанша миллион берсін, әйелімнің орнын б...

Комплимент пе, харассмент пе? Қалай ажыратамыз? 23.12.2022

"Зеренің" 3-эпизоды харассмент жайлы. Жаңа келген термин адамдарға еркінен тыс физикалық қысым жасау, жағымсыз сөзбен тиісіп, жеке шекарасын бұзу дегенді білдіреді. Дегенмен, жігіттер қызға қырыңдауда тұрған ештеңе жоғын айтады. Ал қыздар мұның соңы зорлыққа әкелетінін айтып, дабыл қағады.

Słuchaj podcastu Zere w Replaio

Radio i podcasty w jednej aplikacji - za darmo, bez zakładania konta. Zainstaluj już dziś i nie przegap premiery

Pobierz z Google Play

Replaio nie jest wydawcą podcastów; nazwy audycji, okładki i audio należą do ich autorów i są rozpowszechniane przez publiczne kanały RSS