Азаттық радиосы

Жаншипа

Health KK ↓ 34 episodios

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі - Азаттық тілшісі Руслан Меделбек.

Autor

Азаттық радиосы

Categoría

Health

Web del podcast

www.azattyq.org

Último episodio

8 de nov. de 2024

¿Dónde escuchar?

Podcasts en la app Replaio Radio Muy pronto

Los podcasts llegarán muy pronto a la app. Instálala ahora y sé el primero en descubrir una forma totalmente nueva de vivir los podcasts

Descárgala en Google Play Instálala gratis Android 5 M+ de descargas · valoración de 4,8 iOS muy pronto

Episodios

Адамдар неге құрбан, құтқарушы, агрессор болады? Бұл рөлдерден қалай шығамыз? 08.11.2024

"Жаншипаның" 34-эпизодында карпман үшбұрышы деген тақырыпты талқыладық. Психологияда Карпман үшбұрышы жайлы айтқанда адамдарға құрбан, құтқарушы, агрессор деген рөлдер беріп жатады. Демек, құрбан, құтқарушы, агрессор деген кім? Адам бұл рөлдерге қалай түсіп кетеді және рөлдерден қалай шығуға болады? Осы сауалдарға практик психолог Назира Бурханова жауап берді.

Агрессияны қалай тежейміз, қалай дұрыс шығарамыз? Агрессияның зияны (пайдасы) қандай? 20.09.2024

"Жаншипаның" 33-эпизодында адам бойындағы агрессия туралы сөз қозғадық. Агрессияны қалай тежейміз? Агрессияны қалай дұрыс шығарамыз? Агрессияның пайдасы мен зияны қандай? Ашудың көп болуына не себеп? Бала ашуланғанда ата-ана қалай әрекет етуі керек? Осы сауалдарға практик психолог Гүлзат Қанат жауап берді.

"Өзгені бірінші, өзімді соңғы орынға қоямын". Адамның адамға эмоциялық тәуелділігі 28.06.2024

"Жаншипа" психологиялық подкастының 32-эпизодында адамның адамға эмоциялық тәуелділігі жайлы сөз қозғадық. Мұны психологтар эмоцияналды тәуелділік, cоотәуелділік, қоса тәуелділік деп жатады. Бұл қандай тәуелділік? Бұған не себеп? Эмоцияналды тәуелділік адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл сұрақтарға психоанализ бағытындағы психолог Назипа Жанәділқызы жауап берді.

Неге біз көп ұяламыз? Шектен тыс ұят сезімін қалай азайтамыз? 14.06.2024

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 31-эпизодында ұят сезімі туралы сөз қозғадық. Адам бойындағы ұят сезімінің шектен тыс болуына не себеп? Ұят сезімін қалай еңсереміз? Неден шын ұялып, неден ұялмау керек? Бұл сұрақтарға ұят сезімін зерттеп жүрген психоанализ бағытындағы психолог Мейіргүл Бимағамбетова жауап берді.

Баламен жыныстық тақырыптарда қалай сөйлесеміз? 10.05.2024

Балаға жыныстық тәрбиені қалай береміз? Жыныстық тәрбиенің маңызы қандай? Ересектер баламен жыныстық тақырыптарда қалай сөйлесу керек? Балаға жыныстық қатынас туралы қалай түсіндіреміз. "Жаншипа" психологиялық подкастының 30-эпизодында кәсіби психолог Әсем Байбасаровамен баланың жыныстық сауаттылығы тақырыбын талқыладық.

Бойдағы энергияны қалай сақтаймыз? Күшімізді қалай дұрыс жұмсау керек? 15.03.2024

Бойымызда энергия таусылғанда не істейміз? Энергия мен ресурсты қалай жинаймыз? Энергия мен ресурстың маңызы неде? "Жаншипа" психологиялық подкастының 29-эпизодында практик психолог Шапағат Есжанмен адамның энергиясы және ресурсы тақырыбын талқыладық.

"Анамда рак..." Қатерлі ісік, іштегі өксік, дертпен күрес және үміт 23.02.2024

"Жаншипа" подкастының бұл эпизодының қонағы – бір шаңырақтың ұлы, сүйікті жар, бала тәрбиелеп отырған әке, журналист Марғұлан Ақан. Марғұланның анасына қатерлі ісік диагнозы қойылған. Бірнеше жылдан бері анасын емдетіп, жақында анасының қатерлі ісікпен күресі жайлы "Үміт" деген кітап жазып шығарды. Марғұланмен жақыныңа қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейінгі күрес пен өмір жайлы әңгіме өрбіттік.

Негативті ойлармен қалай күресеміз? Жаман ойлардан қалай арыламыз? 09.02.2024

Негативті ойлар қайдан пайда болады? Негативті ойларды қалай азайтамыз? Теріс ойлар өмірімізге қалай әсер етеді? "Жаншипа" психологиялық подкастының 27-эпизодында халықаралық коуч, "Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт" кітабының авторы Кәмшат Бекжігітовамен негативті ойлар деген тақырыпты талқыладық.

Дисфункционалды отбасыдан шыққан жандар қиындықтарды қалай еңсереді? 19.01.2024

"Жаншипа" психологиялық подкастының 26-эпизодында дисфункционалды отбасы туралы сөз қозғадық. Дисфункционалды отбасы деген не? Мұндай отбасынан шыққан балалар есейгенде қандай мәселелерге тап болады және бұл мәселелерді қалай шешеді? Дисфункционалды отбасыны ұйыған жақсы отбасыға айналдыру мүмкін бе? Міне, эпизодта осы және басқа да сауалдарға психология ғылымдарының магистрі Салтанат Саду жауап б...

Смартфон, гаджетке тәуелділіктен қалай құтылуға болады? 28.12.2023

"Жаншипа" психологиялық подкастының 25-эпизодында смартфонға, гаджетке тәуелділік туралы сөз қозғадық. Кейінгі кезде біздің подкасты тыңдаған бірнеше адам "смартфонға тәуелдімін, күніне орта есеппен жеті сағаттай телефонға кетеді. Көзім құрғай бастады, бұдан қалай құтыламын?" деп жазды. Сондықтан смартфон, гаджетке тәуелділік тақырыбын қозғауды жөн көрдік. Смартфонға тәуелділіктің себебі неде? Ада...

Абьюз деген не? Абьюзер деген кім? 08.12.2023

"Жаншипа" психологиялық подкастының 24-эпизодында абьюз қарым-қатынас тақыбырын талқыладық. Абьюзер деген кім? Нарцисс деген кім? Абьюз қарым-қатынас деген не? Неге адам абьюз қарым-қатынасты бейсаналы түрде бастап кетеді? Бұл қарым-қатынастан қалай шығамыз? Абьюз бен нарцисс адамды қалай танимыз? Бұл сауалдарға психолог Іңкәр Алиевамен бірге жауап іздедік.

Невроз: Оған не себеп, қалай алдын алуға болады? 17.11.2023

"Жаншипа" психологиялық подкастының 23-эпизодында невроз және невроздың салдары жайлы талқыладық. Неврозға не себеп? Невроздың алдын алуға бола ма? Невроздың адам денсаулығына әсері қандай? Неврозды қалай емдейді? Осы сауалдарға психотерапевт-дәрігер, клиникалық психолог Абылайхан Рысдәулет жауап берді.

Психотерапия өмірімізге қалай әсер етті? Психологқа барып жүрген адамдардың әңгімесі 03.11.2023

"Жаншипаның" осыған дейінгі эпизодтарында психолог мамандар "көп мәселенің шешімі психолог өткізетін терапияда, бұл мәселені шешу үшін психологқа бару керек" дегенді жиі айтқан еді. Сондықтан бұл эпизодта психологқа барып жүрген Арайлым Нұрланқызы мен "Жаншипа" авторы Руслан Меделбек психотерапия өмірлеріне қалай әсер еткенін талқылады.

"Жазалау баланың құндылығын жояды". Бала психикасының ерекшелігі неде? 13.10.2023

"Жаншипа" психологиялық подкастының 21-эпизодында бала психологиясын, бала психикасын, баланың мінезінің ерекшеліктерін талқыладық. Баланы жазалау дұрыс па? 3-4 жастағы кризис кезінде ата-ана қалай әрекет еткені дұрыс? Баланың өтпелі кезеңін қалай еңсереміз? Осы сауалдарды балалар психологы Ақгүл Төлеуханқызымен талқыладық.

"Анам мені жек көреді-ау". Ата-анаға деген өкпе-ренішті қалай еңсереміз? 22.09.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 20-эпизодында ата-анаға деген өкпе-реніш тақырыбын қозғадық. Әке-шешеге деген өкпе-реніш ересек өмірге қалай әсер етеді? Сол өкпе-ренішті қалай еңсереміз? Бала кезде ата-анадан көрмеген жылулықты есейгенде қайдан аламыз? Бұл сұрақтарға практик-психолог, гештальт-кеңесші Венера Елеу жауап берді.

"Мен жаманмын, басқа адамның бәрі жақсы". Өмірлік позиция деген не? Ол адамның өміріне қалай әсер етеді? 08.09.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 19-эпизодында өмірлік позиция және өмірлік сценарий деген тақырыпты талқыладық. Өмірлік позиция деген не? Адам өзінің өмірлік позициясын білгені қаншалықты маңызды? Өмірлік сценарийді өзгертуге бола ма? Бұл сұрақтарға транзактілі анализ бағытында жұмыс істейтін психолог Әсел Садумен жауап іздедік.

"Туған ағам зорлады". Бала кезде зорланғандар жан-жарасын қалай жазады? 18.08.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасында бала кезде сексуалды зорлық зомбылық көргендердің психологиялық мәселелерін, бала кезде зорлық-зомбылыққа тап болғандарға көмектесу жолдарын, балаларды сексуалды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін талқыладық. Бұл эпизодта психолог маман Әсем Байбасаровамен "зорлық-зомбылық көргендерге қалай көмектесеміз?", "зорлық-зомбылық көргендердің өмірге деген се...

"Ата-анам ішеді, шаршадым". Эмоционалды есеймеген ата-ана балаларын қалай қинайды? 04.08.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 17-эпизодында психологиялық тұрғыда есеймеген ата-ананың есейген балалары деген тақырыпта сөз қозғамақпыз. Бұл – өте ауыр әрі маңызды тақырып. Себебі бұл тақырып қазақ медиасында, интернет кеңістігінде көп айтыла бермейді. Яғни, психологиялық тұрғыда есеймеген ата-анадан тәрбие алған бала кейін есейгенде қандай мәселелерге тап болады? Дизфункциональды...

Ғашықтықтан үй болғанға дейін... Бір-бірін ұнатқан екі адам қарым-қатынасты қалай бастағаны жөн? 14.07.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 16-эпизодында махаббат, екі адам арасындағы қарым-қатынас тақырыбын қозғап, қарым-қатынастың алғашқы этаптарынан үйленуге дейінгі кезеңді қамтыдық. Яғни, қарым-қатынасты қалай бастаймыз? Үй болғанға дейінгі мәселелерді екі тарап қалай шешкені жөн? Екі ғашық жеке шекараларын қалай түзу керек? Жалпы тату-тәтті, дұрыс қарым-қатынасты қалай бастаймыз? Бұл...

"Тиктокта өте көп отырамын. Не істеймін?" Интернетке тәуелділікті жеңудің алғышарттары 23.06.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 15-эпизодында интернетке, әлеуметтік желіге тәуелділік мәселесін талқыладық. Желіге тәуелділікті қалай жеңеміз? Бала интернетке тәуелді болса, ата-ана не істеу керек? Желіге тәуелділіктің белгілері қандай? Міне, бұл сұрақтарға 20 жылдан аса тәжірибесі бар психолог Алтыншаш Матаева жауап берді.

Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті? 09.06.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 14-эпизодында Ашаршылық, қуғын-сүргін, кәмпескелеу, соғыс, Совет Одағының саясаты қазақтың санасы мен психологиясына қалай әсер еткенін талқыладық. Подкасымыздың осыған дейінгі эпизодтарында психологтер "қазақ аштық, соғыс, қиындық көрген халық қой, сол оқиғаның бәрі қоғамның психикасына әсер етіп келе жатыр" дегенді жиі айтты. Сондықтан подкасымыздың...

"Ашулана алмаған адам қуана да алмайды". Эмоциялық сауаттылық деген не? 12.05.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 13-эпизодында практик психолог Әсел Садумен эмоциялық сауаттылық тақырыбын қозғадық. Эмоциялық сауаттылық деген не? Эмоциялық сауатымызды қалай ашамыз я қалай дамытамыз? Адам эмоциясын қалай таниды? Ашуды қалай қауіпсіз шығара аламыз? Міне, маманмен осы сауалдарға жауап іздедік. "Жаншипа" подкасының барлық эпизодын Youtube арнамыздан я Apple podcasts,...

"Өзімді жек көремін. Түрім ұнамайды. Не істеймін?" Адамның өзін жақсы көруі һәм қабылдауы 28.04.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 12-эпизодында практик психолог Мөлдір Тоғжанмен адамның өзін жақсы көруі, өзін қабылдауы деген тақырыпты қозғадық. Адам өзін қалай жақсы көруі керек? Адам өзін жақсы көретінін қалай біле алады? Өзімізді жақсы көрмесек, өмірімізде не болады? Өзімізді жақсы көреміз деп жүріп, эгоист болып кетпейміз бе? Баланың өзіне деген махаббатын қалай қалыптастырамыз...

Күйзеліске түспес үшін не істеу керек? Депрессиядан қалай шығамыз? 06.04.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 11-эпизодында психолог Жанар Оспановамен депрессия тақырыбын қозғадық. Адам депрессияға түскенін қалай біледі? Депрессиядан қалай шығамыз? Депрессия, стресс, апатия деген не? Антидепрессант депрессиядан шығуға көмектесе ме? Осы және депрессия тақырыбының айналасындағы басқа да сауалдарға жауап іздедік. Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан...

"Балаларымды көп ұрамын". "Ата-анам арақты көп ішеді, бастаған ісім өнбейді". Тыңдарман сауалдарына жауап 11.03.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 10-эпизодында психолог Сая Бақимова тыңдарманнан келген сауалдарға жауап берді. Бұл эпизодта оларды мазалаған "Балаларымды көп ұрамын, не істесем болады", "Ата-анамның екеуі де арақ ішеді, қалай қойдыра аламын", "Бастаған ісім өнбейді, TikTok-та көп отырамын, қалай қоямын", "Жаңа ортаға барсам, сөйлей алмай қаламын, не істеймін?" деген сауалдарды кеңір...

Escucha el podcast Жаншипа en Replaio

Radio y podcasts en una sola app - gratis y sin registro. Instálala hoy y no te pierdas el estreno

Descárgala en Google Play

Replaio no es editor de podcasts; los nombres de los programas, las portadas y el audio pertenecen a sus autores y se distribuyen a través de canales RSS públicos