Олжас Байбосын
Бірінші бол
Спорт - махаббат, мәдениет. Спорттың тілі - жарыс, аламан, дода, бәсеке. Спортты жақсы көрген адам міндетті түрде "Бірінші бол" каналының жанкүйеріне айналады!
No dejes de visitar la web del podcast y apoyar a su creador: 1bol.podster.fm
Autor
Олжас Байбосын
Categoría
Web del podcast
Último episodio
1 de may. de 2024
¿Dónde escuchar?
Podcasts en la app Replaio Radio Muy prontoLos podcasts llegarán muy pronto a la app. Instálala ahora y sé el primero en descubrir una forma totalmente nueva de vivir los podcasts
Episodios
Елеусінов құрамаға орала ма? Тәшкенбай басқа елдің атынан шыға ма? - Азиз Қожамбетов 07.01.2024 1:58:19
Бірақ боксшыларымыздың кейінгі нәтижесі сиырқұйымшақтанып кетті. Ташкентте топ жарған жігіттердің көбі Азия ойындарында биіктен көріне алмады. Себебі неде? Тоқмейілсіп кетті ме, чемпиондар жаттығу залына емес, той-томалаққа әуес болып алды ма? Ұлттық құрама жігіттерінің босаңсып кеткенін Федерацияның ресми өкілі де мойындап отыр. Бүгінгі подкастың қонағы - Қазақстан бокс федерациясының атқарушы д...
Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Ерсін Ерік, Эльдар Аманбаев / Қорытынды подкаст 31.12.2023 1:27:27
БІРІНШІ БОЛ жылды қорытындылау үшін бір топ спорт комментаторының басын қосты. Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев, Ерсін Ерік секілді белгілі комментаторлар 2023 жылдағы спорттағы жетістіктер мен "әттеген-ай" дейтін тұстарымызға тоқталды. Ермұхамед Мәулен ұрда-жық (UFC, MMA, бокс) спортшыларды БАТЫР деп төбеге көтеруді дұрыс деп есептемейтінін айтты. Эльдар Аманбае...
Илья Ильиндікі - алаяқтық. Спортшыларымызды өзіміз допингпен ұстап беріп жатырмыз 31.12.2023 1:10:16
Қазақстанда Допингке қарсы ұлттық орталық жұмыс істейді. Жыл сайын Германияға 3000 допинг сынамасын өткізеді екен. Мемлекеттен миллиардтар бөлінетін бұл орталық кімнің мүддесі үшін жұмыс істеп отыр? Спортшылардың бірі 38 рет допинг сынамасын өткізген? Орталықтың көксегені не? Бұл мәселені БІРІНШІ БОЛ подкастында белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов көтерді. Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай және...
"Ордабасы" чемпион болғанда аздап қызғандым - Отарбаев неге 30-ында карьерасын аяқтады? 26.12.2023 1:40:14
Қазір доп теуіп жүрген футболшылар ашылып әңгіме айта алмайды. Өтйкені әр айтқан "шындығы" карьерасына сызат түсіріп, қудалауға ұшырауы мүмкін. Ал, Самат Отарбаев болса бутсысын шегеге іліп, кәсіби футболдағы карьерасын аяқтаған адам. Бүгін бүкпесіз әңгіме болды. Самат Отарбаев "Ордабасы", "Ақтөбе", "Тараз" секілді клубтардың қақпашысы болған. 2020 жылы небәрі 30 жасында карьерасын аяқтап, кәсіби...
Марсело лайк басты. Маған "мал" деп жазған адамды тауып алдым - Нұрлан Еспанов 24.12.2023 1:25:45
Бірінші минуттан бастап қамшы салдырмады. Анекдот та айтты, пәлсапалық пайымын да ортаға салды. Нұрлан Еспанов футболдан алыс емес. Жасы 50-ге келсе де үнемі доптың соңында жүр. Қазақстан ұлттық құрамасының амбассадоры. Ол жастарға жанашыр болғысы келеді. Егер таланты тасып тұрған, футболға деген махаббаты зор үш бала табылса, бәріне қымбат бутсы (оригинал – жейдесі, шортысы, гетры) сыйлайтынын ай...
Қуат Хамитовтың “жылайтындайы” бар. “Мақтаарал” премьер-лигада аштан өледі – Арман Пірманов 19.12.2023 1:28:34
Арман Пірманов футбол клубын ашқысы келеді, тіпті шығыны мен командаға алатын ойыншыларына дейін есептеп, жоспарын жасап қойған. Одан бөлек, блогер Испанияға сапары, ондағы футбол менеджменті туралы сөз қозғады. Маманның айтуынша, киберспортта ақша өте көп. Тіпті, жүлде қоры футболдан әлем чемпионатынан да (Мундиаль) асып түседі. Подкаста балалар футболын дамытпай отырған, инфрақұрылым мен база са...
Нәлібаев сөзінде тұрмады, Боранбаев принципін бұзбады, Ақтөбеге үлкен стадион керек – Марғұлан (ZTB) 19.12.2023 1:26:06
Егер сіз қазақ тіліндегі сапалы жобалардың көп болғанын қаласаңыз, мүмгіндіңізше бізді қаржылай қолдаңыз! Көкке самғау үшін қанат керек, сол үшін сізден донат керек! https://pay.kaspi.kz/pay/0nczyqwb ҚПЛ демалысқа шықты, ұлттық құрама желтоқсанда Катар командасымен жолдастық кездесу өткізіп, ресми матчқа наурыз айында бір-ақ шығады. Осы үзілісті пайдаланып, футболдың өткені мен бүгінін әңгіме етті...
"Айына 500 мың теңге төлеймін, инстаграмыңды өшір" — Әйгерім Әбілқадырованың бүкпесіз әңгімесі 06.12.2023 55:34
Бүгінгі подкаста Әйгерім жаңа қырынан танылды. Спорттағы қиындықтар, патриотизм, Париж олимпиадасына деген жоспары туралы айтты. Сайтымыз: https://1bol.kz/ Басқа платформалар: Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/%D0%B1%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96-%D0%B1%D0%BE%D0%BB/id1713061004 Google Podcasts: https://podcasts.google.com/feed/aHR0cHM6Ly9wb2RzdGVyLmZtL3Jzcy54bWw_cGlkPTg4M...
Есен Елеукеннің Максим Самородовқа айтқаны: "Еуропаға кетпесең ренжимін" 03.12.2023 1:33:32
Есен Елеукен әңгімені арыдан бастады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі футбол жайлы, қазір өзі құрған үш футбол командасының болашағы жайлы әңгімелеп берді. Ұлттық құраманың да алдағы матчтары талқыланды. Гректерге қарсы мүмкіндігіміз, ұлттық құрамадағы буын алмасу процесі әңгімеге арқау болды. Сайтымыз: https://1bol.kz/ Басқа платформалар: Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/%D0%B1%...
Боксты тек Кеңес Рақышев дамытып жатқан жоқ. Парижге дайындық. Спорттағы былық 02.12.2023 1:02:49
Токио олимпиадасын алтын ала алмаған спортшыларымыз Парижден де бос қайта ма? Олимпиада алтынын алады деп сеніммен айта алатын қандай спортшымыз бар? Бүгінгі подкастымызда осы жайында әңгіме құрдық. Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын - https://www.instagram.com/olzhas_baibosin/ Уәлихан Қосанбай - https://www.instagram.com/ualikhan_kosanbay/ Подкаст қонағы: Аслан Қаженов - https://www.instagram....
Абатты неге ерте шығармады? Олжас Оқас неге "Қайратты" жек көреді? 27.11.2023 49:41
Бірінші бол қонағы - белгілі автоблогер Олжас Оқас. Олжас Оқас футболдан алыс емес. Әкесі талай футболшы тәрбиелеген. Соның бірі - Бауыржан Тұрысбек. Олжастың өзі де бала күнінде Юрий Перцухпен бірге доп тепкен. Подкаста Азия мен Еуропа футболы сөз болды. Одан бөлек, жарнама берушілер мен инфрақұрылым мәселесі айтылды. Словения - Қазақстан матчы да әңгімеге арқау болды. Абат Айымбетовты неге ерте...
120 мың теңге жалақы алатын футболшылар бар: Жандос Ахметов "Тараз" клубының қарызы жайлы 21.11.2023 1:03:27
"Тараз" клубы Қазақстан премьер-лигасына қашан оралады? Клубта Бауыржан Исламхан, Бақтияр Зайнутдинов сияқты таланттар тағы бар ма? Бұл сұрақтарға "Тараз" футбол клубының директоры Жандос Ахметов жауап берді. Жандос Ахметов 2022 жылдың басында "Тараз" футбол клубының жетекшісі болып тағайындалды. Оған дейін клубтың қарызы 1 млрд теңгеден (3 млн доллар) асып кеткен. Қазір клубтың қарызы қанша? "Тар...
Ұлттық құраманың сары түсті формасы ұнамайды – Нұрлан Қоянбаев 14.11.2023 1:11:22
Нұрлан Қоянбаев ұлттық құраманың матчына арнап 20 мың ТУ тіктіру идеясы қайдан келгенін, оған қанша қаржы кеткенін және бұл челленджді тағы кімдер қолдауға дайын екенін айтты. Одан бөлек, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінің түсі де сөз болды. Құрама жейдесінің түсі (сары) Нұрлан Қоянбаевқа ұнамайды екен. Продюсер ұлттық құрама жейдесі Қазақстанның туымен астасып тұрса, көк байрағымыз...
Сан-Мариноға қарсы матчқа Оразов пен Әліпті шығармау керек - Артур Асқарұлы 14.11.2023 1:06:10
Артур балаларға арналған академия ашуға не себеп болғанын, футболдағы жемқорлық пен инфрақұрылымның аздығы жайында мәселе көтерді. Одан бөлек, Қазақстанда футбол мамандарының жоқтығы саланың қарыштап дамуына тұсау болып отырғанын айтты. ЕУРО-2024 финалдық кезеңіне жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы іріктеуде маңызды екі матч өткізеді. Артур Сан-Марино және Словения арасындағы матчтардан қандай нә...
Спорттағы "сақалдылар". $775 млн қай спорт түрлеріне бөлінеді — Диас Ахметшәріп 11.11.2023 59:22
Министрліктің ресми өкілі 775 млн доллардың нақты қай спорт түрлеріне бөлінетінін, жаңадан құрылған ведомствоның алдында қандай міндеттер тұрғанын айтып берді. Азиададағы фиаско, Париж олимпиадасына дайындық мәселесі сөз болды. Диас Ахметшәріп бұдан былай министрлік тек жүлде әкелетін спорт түрлерін (олимпиадалық) ғана қаржыландыру жоспары барын атап өтті. Спорт министрлігі Қазақстандағы 180 спор...
Шешуші екі матч Тағыбергенсіз өте ме? Марат Оралғазин футболшылардан не күтеді? 05.11.2023 1:46:33
Марат Оралғазин футболшылардың бойынан нендей қасиеттерді көргісі келетінін, алдағы Сан-Марино және Словенияға қарсы шешуші матчтарда ұлттық құрамадан қандай нәтиже күтетінін айтты. Одан бөлек, спортшылардың медиа тұлға ретінде дамуы мен танымал болудың жауапкершілігі жайында сөз етті. Спортшыларды ойын бүкпесіз айтып, халық алдында мейлінше ашық болуға шақырды. Футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен...
Жаңқош Тұраров: Сынған қолыммен жеңіп шықтым. Қанат Ислам өтініш айтып, артынан бас тартты 30.10.2023 48:27
Алматыда бокс шоуын өткізуге қанша қаражат керек? Кәсіпқой боксшының рингтегі карьерасы қаншаға созылады? IBO тұжырымы бойынша чемпион болды, енді кәсіпқой бокстың шыңы саналатын WBA, WBC, WBO, IBF тұжырымдарын қашан бағындырады? Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын - https://www.instagram.com/olzhas_baibosin/ Уәлихан Қосанбай - https://www.instagram.com/ualikhan_kosanbay/ Подкаст қонағы: Ж...
"Ордабасы" чемпиондығы: Ермұхамед Мәулен мен Марат Достаев дауласып қалды 26.10.2023 58:23
"Ондай-ондай ханның қызында да болады" демекші, біздің де басымыздан өтіп жатыр. Осындай сапасыз видео үшін шымкенттік операторларға "алғыс" айтамыз. Той түсіріп әдеттенген адамға қалай ҚОЙ дейміз! Қолын қақпадық, түсіргенін жариялап отырмыз. Оларға түсірілім үшін ақысы төленді, ал біз қарымтасына сапасыз видео алдық. Кішігірім спойлер: подкаст барысында үйін ремонттап, бұрғылап (дрель) жатқан бір...
Словенияны жеңсек Еуроға шығамыз. Қуат Хамитке жауап 21.10.2023 55:43
H тобында аш қасқырлар көп. Әзірге бұл топтан еш команда Еуро-2024 додасына жолдама алған жоқ. Словения, Дания және Қазақстан құрамалары соңғы турға дейін топтан шығуға таласады. Өйткені жолдама алуға деген мүмкіндік осы үш құрамада ғана қалды. Бүгінгі подкаста Копенгагендегі жеңіліс (Дания), Хельсинкидегі ұлы жеңіс (Финляндия) туралы айттық. Сырт алаңдағы екі ойынды өз көзімен көріп қайтқан б...
Бибосынов басқа елдің атынан шығуы мүмкін. Рыбакина жеке ұпайын түгендеп жүр 17.10.2023 50:45
Бүгінгі подкаста Азия ойындарына барған спортшылардың жаттығуын, психологиялық дайындығын, спорт айналасындағы факторларды өз көзімен көріп, ел білмейтін көп дүниеге куә болған журналист Аслан Қаженов пен жарысты бастан-аяқ тамашалаған спорт жанкүйері Абырой Халықпен әңгіме құрдық. Спорт журналисі Аслан Қаженов Азия ойындарына Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің қатыспағанына қынжылыс білдірд...
Қазспорт тек қазақша сөйлесін! Комментатордың табысы, хоккейдегі миллиардтар жайлы 08.10.2023 53:44
Сондықтан әңгіме чемпион атанғалы тұрған "Ордабасы" жайлы емес, Қазақстан ұлттық құрамасының Дания мен Финляндияға қарсы өткізетін матчтары туралы болды. Комментаторлардың табысы жайлы, эфирдің толықтай қазақ тіліне көшуі туралы сөз болды. Қазақстандағы интеллектуалдық қызмет дұрыс бағаланбайтыны айтылды. Абыройсыз Азиада - Қытайға бір қора болып барып, 48 қола арқалап қайтқан спортшылардың бо...
Шымкент аспанында "Ордабасының" 5 млрд теңге қарызы қалықтап тұр 01.10.2023 43:25
Чемпиондық "Ордабасы" командасына не береді? Шымкенттік команданың ел чемпионы болуына қандай факторлар әсер етті? ФИФА неге Астанадан кеңсесін ашқысы келіп отыр? Болашақта Өзбекстан мен Қазақстан елдерінің футболдан әлем чемпиоанатын бірлесіп өткізе алатын әуселесі бар ма? Футбол бар – инфрақұрылым тапшы, клубтар жеткілікті – стадиондар Еуро стандартына сай емес. БІРІНШІ БОЛ подкастының қон...
Азиададағы фиаско. Бибосыновтың жеңілісі. Бауыржан Рысбектің базынасы 29.09.2023 58:56
Сәкен Бибосыновтың екінші айналымдағы жеңілісі, Париж олимпиадасына әзірлігіміз, өзбек боксшыларының Азиядағы үстемдігі туралы сөз болды. Подкаст жүргізушісі: Олжас Байбосын - https://instagram.com/olzhas_baibosin Подкаст қонақтары: Уәлихан Қосанбай - https://instagram.com/ualikhan_kosanbay Бауыржан Рысбек - https://instagram.com/baurzhan_rysbek
"Ордабасы" тағы чемпион бола алмай ма? Турловтың қателігі. Оле Бразил 25.09.2023 56:06
Ұйқыңызды қиып көріп шықсаңыз өкінбейсіз. Тозығы жеткен ескі стадиондар мен миллиардтарға салынған сапасыз спорт кешендері туралы, балалар футболы жайлы айтылды. Жақында ғана ҚПЛ аясында өткен Астана - Ордабасы матчының нәтижесі сөз болды. Тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атануға шақ тұрған Ордабасының алдағы мүмкіндігіне болжам айтылды. Ниеті түзу болғанымен, амалы "қисық" бағдарлама -...
Серік Сәпиевті бапкері шапалақпен бір тартты - Абылайхан Жүсіпов 23.09.2023 56:00
Қазір кәсіпқой бокста жүрген Абылайхан алдағы жекпе-жегі, мақсаты, жоспары туралы айтып берді. Одан бөлек, екі бірдей олимпиададағы сәтсіздігі туралы (Рио-2016, Токио-2020) тоқталды. Кейіпкеріміз боксшылардың басты үрейі - білім алу, тіл үйрену, жеке тұлға ретінде даму жайында да пікірін айтты. Абылайханды сүйреген Серік Сәпиев пе? Ұлттық құрамадағы боксшыларға психолог әйелдердің қызметі рас...
Replaio no es editor de podcasts; los nombres de los programas, las portadas y el audio pertenecen a sus autores y se distribuyen a través de canales RSS públicos