fr

Олжас Байбосын

Бірінші бол

Спорт - махаббат, мәдениет. Спорттың тілі - жарыс, аламан, дода, бәсеке. Спортты жақсы көрген адам міндетті түрде "Бірінші бол" каналының жанкүйеріне айналады!

N'hésitez pas à visiter le site du podcast et à soutenir son créateur : 1bol.podster.fm

Auteur

Олжас Байбосын

Catégorie

Sports

Site du podcast

1bol.podster.fm

Dernier épisode

1 mai 2024

Où écouter ?

Les podcasts dans l'appli Replaio Radio Bientôt disponible

Les podcasts arrivent très bientôt dans l'appli. Installe-la dès maintenant et découvre en avant-première une toute nouvelle façon de vivre les podcasts

Télécharger sur Google Play Installe-la gratuitement Android près de 10 M de téléchargements · note de 4,8 iOS bientôt

Épisodes

Өзбектер 2 дүркін олимпиада чемпионын шығаруды көздеп отыр. Бізде не жоспар? 01.05.2024

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз хатшысы болып 1,5 ай қызмет атқарған Әзиз Жұмаділ БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Ақпан айында Қазақстан бокс федерациясының президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Не өзгерді? Боксшылардың олимпиадаға дайындығы қалай? Неге ҚБФ жабық ұйымға айналды, журналистерді неге алалайды? Бүгінгі подкастың кіріспесі осыдан басталды. Одан бөлек, Федерациядағы соңғы ауыс-тү...

"Жетісай" туралы айтсам, үшеуміз отыра қалып жылаймыз / ҚПЛ #6 тур 28.04.2024

Бүгін тұрақты спикеріміз Елдос Ахметовпен бірге ҚПЛ #6 турын талқыладық. "Жетісу" өз алаңында азулы "Ақтөбе" командасын жеңіп, турнир кестесінде 3-орынға көтерілді. Қайрат Нұрдәулетов расымен де мықты бапкер ме, әлде талдықорғандықтардың жолы болып кетті ме? Биыл ҚПЛ басты фавориті саналып отырған "Тобыл" неге өз алаңында "Жеңіс" командасын тықсыра алмады? Елдос Ахметов "Жеңіс" командасының Қостан...

Седневті сливать етіп жатыр ма? Әділдік іздеген Боранбаев. Ырымшыл Абат / ҚПЛ #5 тур 22.04.2024

Бүгінгі подкаст от болды. Өйткені, Қазақстан премьер-лигасының 5-туры аясындағы матчтар голға да, тосын нәтижеге де толы болды. Ермұхамед Мәулен әбден дайындалып, зығырданы қайнап келіпті. "Қайрат" – "Ақтөбе" матчының ұйымдастырылуы мен стадионға билет алып келген кей жанкүйердің даладан қайтқанын айтып шағымданды. Орталық стадионда өткен матчта қонақтар – "ақтөбеліктер" жеңіске жеткен еді. Сол ма...

Атырауда Зинедин Зидан тұрады. GGG-дан кейін еліктейтін мықты спортшы шықпады 19.04.2024

Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің ойынша, Қазақстанда жетістікке жеткен жас таланттардың көбі тоқмейілсіп, даму жолынан шығып қалады. Тіпті, бұл...

Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық - Елдос Ахметов 15.04.2024

Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ сегментіндегі Sky Sports болмақ. Өйткені, бұдан былай Қазақстанның бірнеше клубында ойнаған, ұлттық құрама са...

Қазақ футболы Еуропаға сай емес. "Ертістің" қарызын кім төлейді? Алдиктің арманы 09.04.2024

Алдияр Жапарханов БІРІНШІ БОЛ қонағы болуға былтыр уәде берген. Бірақ павлодарлық "Ертіс" клубының жағдайына алаңдап, банкроттыққа шақ қалған тарихи команданы қайта жандандыру жолында аянбай қызмет етіп, футбол туралы подкастымызға енді ғана жолы түсіп отыр. Бүгінгі әңгімені ЕУРО-ға екі қадам қалғанда сүрінген Қазақстан құрамасы және еліміздегі спорт инфрақұрылымынан бастадық. "Астана Арена" жабық...

Нұрлан Еспанов. Бекхэмнің түкірігін алматылық болбой 1,5 млн теңгеге сатқан 07.04.2024

Көпшіліктің сұрауы бойынша белгілі әнші Нұрлан Еспанов тағы да БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Нұрекең шашы желбіреп отырып елді елжірететін әңгіме айтып берді.  Нұрекең әңгіме айтуды "өнер" деңгейіне жеткізген. Майын тамызады, тыңдаған адамның аузының суын ағызады.  Нұрлан Еспанов бұл жолы да көсілді, түсірілім басталған сәттен бастап қамшы салдырмады. Әдемі әзілін де, ішіндегі ғыжылын да айтып, шер та...

Ордабасы ойыншылары бапкерін "қуып шықты", Астана мен Елімай сапында бір қазақ жоқ 07.04.2024

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы басталғаны жаңа еді, ұлттық құрама халықаралық үзіліске шығып кетті.  Соңғы уикендте ішкі біріншілік қайта жанданып, кей клубтар 3-турын, кей клубтар 2-ші матчын өткізді.  ҚПЛ-ге қатысты сұрақ көп.  Кеше "Астана" - "Елімай" арасындағы матчта семейлік клубтың негізгі құрамында бір қазақ футболшысы шыққан жоқ. Дені - легионер. Қазақстандық футболшылардың арасында т...

Қызметтен түнгі бірде хабарласып алып тастады, қазір сол адамдар істі болып жатыр – Бақтияр Артаев 01.04.2024

Астана қаласында Афина олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарысқа Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердің де боксшылары қатысып жатыр. 14 салмақ категориясы (жастар – 7, жасөспірімдер – 7) бойынша төрт елден жиналған 286 спортшы бақ сынап жатыр.  Осы дода қарсаңында той иесі Бақтияр Артаевпен арнайы әңгіме...

Шавкат қарындасының тойына да келген жоқ. Хан Ата ешқашан профиге өте алмайды | Нұраддин Садық 26.03.2024

Бүгінгі әңгімеміз – аралас жекпе-жек, MMA, UFC, поп-ММА тақырыбында болды. БІРІНШІ БОЛ қонағы – спорт менеджері, промоутер, қоғам белсендісі Нұраддин Садықов.  Нұраддин бұл спорттың әлі де пайда әкелетін бизнеске айналмағанын алға тартты. Ол үшін менеджерлік компаниялар Шавкат Рахмонов сынды атағы жер жаратын, даңқы аспандаған жауынгер жасақтауы керек.  Қазір OCTAGON лигасы әлемге танымал UFC жұлд...

Келесі әлем чемпионатына шығатын зор мүмкіндігіміз бар - Әділет Бәрменқұлов 19.03.2024

Алда Қазақстан ұлттық құрамасының маңызды ойыны келе жатыр. ЕУРО жолында Грекияға қарсы ойнаймыз. Осы маңызды матч алдында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Подкаста елдегі стадион мәселесі, ҚПЛ-дегі легионерлер саны, Федерацияның атқарып жатқан жұмысы және алдағы жоспары талқыланды. Қазір "Ақтөбе" сапында жарқырап жүрген қандасымыз Ыдырыс Омае...

Италияға 11 боксшыны 22 адам алып барды. Жолдамаға қуанатын жағдайға жеттік 19.03.2024

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік іріктеу турнирі аяқталды. Биылғы додаға елімізден 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) қатысып, ел намысын қорғады. 11 спортшының бесеуі Париж олимпиадасына жолдама алды.  Қыздар құрамасы бұл турнирді өте сүреңсіз өткізді. Бірде-бірі Парижге лицензия ала алмады. Бапкер ауысуы керек пе, қыздар боксына қандай реформа керек? Римма Волосенко әділетсіздікке ұшырады...

"Ақсу" бәрін құртып кетті, "Ақтөбе" енді бір ай футбол ойнамайды / QFL ІІ турға шолу 19.03.2024

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ойындарының екінші туры аяқталды. «Тобыл» мен «Астана» әзірге ұпай жоғалтқан жоқ. Ал, ел чемпионы «Ордабасы» мен чемпионаттың басты фавориті «Қайрат» сырт алаңда тең ойнап, маңызды ұпайдан айрылды. «Шахтердің» халі мүшкіл. Бүгінгі подкастта спорт журналисі Бек Төлеуовпен ел чемпионатының соңғы турына шолу жасадық.

Қазақтар арасында Қазақстан құрамасының жеңілісін тілейтіндер бар 04.03.2024

Биыл Қазақстан премьер-лигасында біраз өзгеріс бар. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының атауы (ҚКФЛ) Qazaqstan Football League (QFL) болып өзгерді. Кей клубтардың қаржылық қиындығына байланысты осы маусымда чемпионатқа 14 емес, 13 команда қатысады. Клубтағы легионерлер санына қатысты шектеу жеңілдетілді. Биыл ҚПЛ матчтары "QazSport", "Q Arena" және "Q Football" арналарынан көрсетіледі.  Қазақ футб...

Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды? 25.02.2024

БІРІНШІ БОЛ алғаш рет хоккей тақырыбына подкаст арнап отыр. Қонақтар - белгілі хоккей комментаторы Жігер Әзберген және хоккей клубтарының баспасөз саласында істейтін Бекежан Ардақұлы. Қазақстан хоккейі дегеніміз тек "Барыс" емес, қазір ұлттық құрамада жүрген жігіттердің дені Ресейдің, Еуропаның клубтарында ойнап жүр. Бұл ішкі бәсеке үшін де, Қазақстан хоккейінің болашағы үшін де маңызды. "Барыс" н...

Хан Ата – білімді жігіт. Модрич – миы тыныш адам. Чемпиондар лигасы - плей-офф матчтарына болжам 25.02.2024

Нағыз футбол енді басталады, ұйқысыз түндер енді жалғасады. Өйткені, бүгін түнде Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі басталады. Кім фаворит, кім аутсайдер? Еуропа футболында не жаңалық? "Ордабасы" Еурокубокта ұзаққа шаба ала ма, Қазақстанға атақты "Реал Мадрид" клубын әкеле ала ма? Бүгінгі подкаста осы тақырыптарды қаузадық. Танымал әзілкеш Марат Достаев пен Мағжан Нұрғали (bayGUYS резиденті) Чем...

Шетелден спортшы емес, бапкер әкелу керек. Дзюдошылар тіл үшін де күресіп жүр 15.02.2024

Бүгінгі подкаста дзюдо туралы сөйлестік. Париж олимпиадасынан үміт бар ма? Елдос Сметовтен үміт күнкендей, қай спортшыға үміт арта аламыз?  Спорт журналисі Әйгерім Тоқсанбек федерация жұмысы мен ондағы проблемалар туралы айтты. Спорт ғылымы, нақты стратегия сөз болды.  Бұрын дзюдодан Азия балуандары дес бермеуші еді, Еуропа қалай Азияның алдына түсті? Ғылым неге алға шығып, талант аздық ететін бол...

Абат жолы - Чесноков пен Самородовқа үлгі. Өзбекстанда 10 стадион салынбады, депутат бөсіп жіберді 07.02.2024

Танымал әзілкеш Марат Достаев тағы да БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Подкаста стадион салу, Абаттың трансфері, Азия кубогында атой салған өзбек пен тәжік футболы сөз болды. Сарапшылар Медиалиганы қатты сынады. Ермұхамед Мәулен Медиалигадағы арзан шоу мен жиі болатын төбелесті спортқа жат қылық деп есептейді. Марат Достаев болса, атына сай Медиалигада нағыз танымал (медиа) тұлғалар ойнағанын жөн санайды...

Кеңес Рақышев орнынан кете ме? Бокс федерациясының келесі президенті кім? 03.02.2024

Бүгін легионерлер мәселесін сөз еттік. Футболдағы, олимпиадалық спорт түрлеріндегі келімсектердің жайы қозғалды. Тәуелсіздік алғалы Қазақстан атынан шыққан 101 легионер қазір өз еліне оралып, тарихи отанында тұрып жатыр екен.  Қазақстан намысын қорғаған легионерлердің бәрі медаль әперіп жатыр ма? Жоқ. Спорт журналисі Аслан Қаженов легионерлердің қызметіне жүгіну Өзбекстан тәжірибесінде де барын, б...

Футболшыларды бокс жаттығуына бір апарып алу керек, нағыз еңбек соларда - Жандос Айтбайұлы 03.02.2024

Жандос Айтбайұлы - Қазақстан телеарналары футболдан әлем чемпионатын, олимпиада ойындарын толық көрсете бастаған жылдардан бастап халықаралық жарыстардан қазақ тілінде репортаж жасаған спорт журналистикасының буыны.  Спорт сарапшысы бастапқыда қазақтілді комментаторлардың көп сыналғанын, сол сыннан шыңдалып шыққанын айтып берді. Соңғы уақытта ҚПЛ-де ойнайтын легионерлерге қойылатын шектеуді жеңілд...

Қуат Хамиттің сөзінің жаны бар, бірақ оған футболшылар кінәлі емес - Азамат Рзағалиев 27.01.2024

Азамат Рзағалиев – вайнер, актер және футбол жанкүйері. Өзі де бала күнінде доп теуіп, профессионал футболшы болуды армандапты. Тіпті, қазақстандық клубтардың бірі оған келісімшарт ұсынып, бірақ жалақысы қолына тимейтінін айтқан. Осылайша Азаматтың футболшы болу арманы орта жолдан үзіліпті. Александр Марочкин екеуі бала кезден бірге футбол ойнаған. Азамат қазір ұлттық құрама сапында ойнайтын Мароч...

Әлемдегі ең сұлу боксшымен подкаст: "Жігітім жоқ. Қойшының қызымын. Бекзат Саттарханов - кумирім" 26.01.2024

Балауса Мұздыманды сыртынан көрген адам гимнаст (көркем) деп ойлауы мүмкін. Бірақ ол – күрзі жұдырық иесі. Ұрда-жық спортында мұндай да сұлу арулар болады екен-ау! Сол бокстағы аруымыз көктемде Америка асып, кәсіпқой бокстағы карьерасына дем беруді жоспарлап отыр. Бірақ ұлттық құрамаға да оралып, биыл Париж олимпиадасында, одан бөлек Астанада өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысуды ма...

"Пахтакордың" 14 футболшысы қаза тапқан ұшаққа біз мінбек болғанбыз - Құралбек Ордабаев 20.01.2024

Құралбек Ордабаев - қазақтың Лев Яшині. Тимур Сегізбаев, Сейілда Байшақов сияқты қазақ футболының аңызы.  Кеңес уақытында алматылық "Қайрат" клубы ұлттық құраманың рөлін де атқарды. Сол команданың қақпасын Құралбек Ордабаев 11 жыл торуылдап, атақ пен даңққа, жанкүйерлердің махаббатына бөленді. Қазір даңқты қақпашы "Қайрат" клубында қызмет атқарып жүр. Айтуынша, "Қайрат" командасындағы кейбір жас ф...

Лондонда адасқан Винокуров. Кешірім сұраған министр. Astana командасының құлдырауы 15.01.2024

Қашанғы футбол мен бокс туралы айта береміз?! Бүгін велоспорт жайлы әңгіме қозғадық. Подкаст қонағы – белгілі журналист, велоспортты жақсы білетін Дина Тұрарқызы. Велоспорт дегенде, алдымен Александр Винокуров еске түседі. 2006 жылы мәртебелі Вуэльта көпкүндігінің жеңімпазы атанған, 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңімпазы атанған. Дина Тұрарқызы 2012 жылы жасы 39-ға келген Александр Винокуровтан...

55 градус ыстықта доп тебу: бір футболшы өлмейінше стадион жөнделмейді 07.01.2024

Биыл ҚПЛ қалай өтеді? Түсірілім сапасы реттеле ме? Стадиондар жөндеуге жабылса, кей клубтар қайда доп тебеді? Неге Қазақстанда футболға миллиардтап ақша бөлінсе де инфақұрылым мәселесі  шешілмейді? Дембо Дарбоның "Астана" сапында жалақысы 12 млн теңге болғанына кім кінәлі?  Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын және Уәлихан Қосанбай футболға бөлінетін миллиардтар мен басқа олимпиадалық спортқа бөлінеті...

Écoute le podcast Бірінші бол sur Replaio

La radio et les podcasts dans une seule appli - gratuite, sans inscription. Installe-la dès aujourd'hui et ne rate pas le lancement

Télécharger sur Google Play

Replaio n'est pas éditeur de podcasts ; les noms des émissions, les visuels et l'audio appartiennent à leurs auteurs et sont diffusés via des flux RSS publics