Ақсәуле Әлжан, Жолдас Өрісбай
Әдеп Podcast
Журналистикадағы этикалық дилеммаларды талқылайтын орын. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбайдың бірлескен жобасы
Autor
Ақсәуле Әлжан, Жолдас Өрісбай
Kategorie
Podcast-Website
Neueste Folge
9. Jun 2026
Wo hören?
Podcasts in der App Replaio Radio Bald verfügbarPodcasts kommen bald in die App. Installiere sie jetzt und erlebe als Erster einen ganz neuen Blick auf Podcasts
Folgen
«ХАБАР» агенттігінің ЖИ эксперименті қандай этикалық мәселелерді бұзды? | Әдеп Podcast 09.06.2026 43:31
4 маусым күні «Хабар» телеарнасы әнші Жасұлан Базарбаевтың сөйлеуі кешігіп жатқан қызының дауысын жасанды интеллектінің көмегімен синтездеп, оның еркін сөйлеп тұрған видеосын эфирде тосынсый ретінде көрсетті. Журналистер мұны «қайғыны эксплуатациялау», «келісімсіз кәмелетке толмаған баланың бейнесін қолдану» және «қоғам мүддесін ескермеу» деп сынады. «Хабар» агенттігі әзірге жағдайды түсіндіріп, м...
Қазақстанда жаңа құрылған саяси партияға 4 журналист мүше болды. Бұл этикаға сай ма? | Әдеп Podcast 12.05.2026 37:06
Қазақстандағы журналистік этика мәселелерін талқылайтын Әдеп подкасының кезекті саны журналистердің саяси активизммен айналысуы, атап айтқанда, саяси партияға мүше болуының дилеммасына арналды. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай арнайы қонақ, белгілі журналист Асылхан Мамашұлымен бірге Қазақстандағы журналистердің бейтараптығы, саяси үгіт-насихатқа араласуы, партияға кіруі төңірегінде та...
Қайғыны эксплуатациялау мен сенсация қуу. Ulysmedia кейсі медиа этикасы туралы не дейді? 30.04.2026 30:23
12 сәуір күні Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, үш бала қаза тапты. Бұл туралы түрлі медиа әртүрлі ракурспен хабар таратты. Ұлысмедиа басылымы мерт болған балалардың жеке деректерін жариялап, балалардың бірі «ерекше бала» болғанына фокус қойып, әкесінің қайғысын да эксплуатациялаған. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай Әдеп подкасының кезекті санында қайғылы оқиғаға қатысты ха...
Журналист неге кейіпкердің жасына шүйлікпеуі керек? | Әдеп Podcast 13.04.2026 34:39
Кейіпкердің жасы туралы сұрақ қою қашан кәсіби қажеттілік, ал қашан қауіпті стереотип? Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай осы сұрақ төңірегінде этика талқысын жүргізеді. Бұған бірнеше апта бұрын 4vlastinfo.kz басылымының бас редакторы Мадина Жатқанбаеваның мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхаметовтен жасын сұраған видеосі түрткі болды. Қазақ журналистикасының кәсіби қауымдастығы мұны эйджиз...
Екі адамға айыппұл салдырған сұхбат. Негізгі сауалдар қойылды ма? I Әдеп подкаст 05.04.2026 28:33
Журналист Жанар Байсеміздің өзін сопылық бағытын ұстанушы ретінде таныстыратын Құрбанәлі Ахметтен алған сұхбаты кейінгі аптада қазақ қоғамында қызу талқыланып жатыр. Бірі мұндай «спикерге мінбер беру жөнсіз» десе, тағы бірі «әйел құқығын таптайтын сөзге журналист қарсы пікір білдіре алмады» деді. Көп өтпей билік спикерге де, журналиске де айыппұл салған. Мұны да «сөз бостандығын шектеу, ішкі цензу...
Сабина Алтынбекова vs Орда: Сарыжағал баспасөз логикасы – жеке өмірді тауарға айналдыру 24.02.2026 26:02
Әдеп подкасының кезекті эпизоды orda.kz басылымының танымал воллейболшы Сабина Алтынбековаға қатысты этикаға сай емес шешіміне арналады. Редакция кейінгі бір жылда танымал спортшының отбасы статусын жаңалық элементі не контексіне қатысы болмаса да, тақырыпқа «ажырасқан» деп жазып шығарып келген. Әдеттегідей журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай бұл кейстің астарына үңіліп, қай этика принцип...
Шенеунікпен қарым-қатынас, мүдделер қақтығысы, блогер мен журналистің айырмашылығы – Б.Көпбаев кейсі 14.12.2025 43:58
11 желтоқсанда Шымкент қаласының әкімі Астанаға келіп, есеп беріп, журналистермен брифингке қатысты. Жиынға қатысқан «журналист» Бақытжан Көпбаев сұрақ жауап кезінде алдымен әкімді мақтап, кейін «cізді бізге әкім қылып сайлаған Аллаға және президентке рақмет» деді. Ал жиыннан кейін әкімге қосымша сұрақ қойғысы келген журналистерге Көпбаев кедергі келтіріп, әкімнің қорғаушысы, «өкілі» секілді сөйле...
Еркін пікір ме, өшпенді риторика ма? Журналист Қанат Тілеухан қай жерде «тоқта» деуі керек еді? 23.11.2025 38:25
Журналист Қанат Тілеухан өз Youtube арнасында ақын Бақыт Беделханмен "Қазақ отбасын психологтар құртып жатыр" деген тақырыпта сұхбатын жариялады. Сұхбатта қазақ қоғамындағы «әйелдің орны» талқыланады. Ақын әйелді «шынжырдан босатылған итке» теңеп, дегуманизация, өшпенділік риторикасын арқау етеді. Журналист хейтті тоқтатуға талпынбайды. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай сұхбат...
Кирктің өлімі, қазақ қоғамындағы стереотипті ойлар, зиянсыз журналистика | Әдеп Podcast 14.09.2025 44:14
Жаңалық таратушы журналист қоғамға зиян келтіруі мүмкін бе? АҚШ президенті Дональд Трамп танымал консерватив инфлюенсер Чарли Кирктің өліміне солшыл медиа кінәлі деп, айыптай сөйледі. Тоқаевтың «дәукес әйелдер» туралы айтқан мәлімдемесі қандай реакция тудырды? Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай хейт-қылмысқа ұласатын риториканы болдырмаудың, қоғамда стереотипті ойды орнықтыратын нарратив...
Редакция саясатын тәуелсіз жүргізу үшін қазақ журналистикасы қайтпек керек? 03.08.2025 58:26
Қоғамға қызмет ететін журналистиканың басты шарты – редакциялық тәуелсіздік. Бүгінде оған саяси кедергілер де, қаржыландыру мәселелері де қиындық тудырып отыр. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай журналистиканы қаржыландырудың балама тәсілдерін, редакция тәуелсіздігін сақтаудың тетіктерін және кәсіби принциптерден айнымай жұмыс істеудің маңызын талқылады. Қазақ медиасын кім қаржыландыруы...
Әлия Әшім мен Абай жанжалы. Журналистік этика бұзылды ма? 19.07.2025 41:46
Әлия Әшімнің Абай туралы жариялаған видеосы қоғамда қызу пікірталас туғызды. "Red Line" подкасының алғашқы эпизодында Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай бұл оқиғаны журналистік этика аясында талқылап, "қызыл сызық" қай жерде өтеді деген сауалға жауап іздеді.
Replaio ist kein Herausgeber von Podcasts; die Namen der Sendungen, Cover und Audioinhalte gehören ihren Autoren und werden über öffentliche RSS-Feeds verbreitet