Almas
Айқап
Түсініксіз дүниелерді оп-оңай жеткізуге тырысамызСәлем, Достар! Менің есімім Алмас, мен бұл арнада адекват адамдармен бірге ғылым, бизнес, саясат, саяхат, IT, өнер, өмір, болашақ һәм тарих жайында әңгіме айтатын боламын. Келген қонақтарымыздың өмірінен өткен кейстер туралы сөз қозғаймыз. Міндетті түрде арнаға жазылыңызшы, себебі біздегі контентті көп адам көрсе, өмір соншалықты ғажап болады. Айтпақшы, ұсыныстарыңыз болса almasmaratuly@gmail.com поштасына жолдаңыз. Сау болыңыз!
Wo hören?
Podcasts in der App Replaio Radio Bald verfügbarPodcasts kommen bald in die App. Installiere sie jetzt und erlebe als Erster einen ganz neuen Blick auf Podcasts
Folgen
Қазақстандағы саяси партиялардың идеологиясы қандай? Құрылтайдан қай партия көп мандат алады? 01.05.2026 54:13
Айқап подкастының кезекті қонағы — саясаттанушы Ернұр Молдашев. Біз бұл эпизодта Қазақстандағы сайлау жүйесін, пропорционалды және мажоритарлы модельдердің айырмашылығын талқыладық. Сарапшы қазіргі саяси процестерге өз бағасын беріп, маңызды өзгерістерге тоқталады. Сондай-ақ қоғамдағы саяси мәдениет пен азаматтардың рөлі туралы ой бөлісті. Эпизодты соңына дейін көріп, пікіріңізді комментарийде қал...
Салық кодексі өзгерді: бизнес не істеуі керек? | Айтуар Қошмамбетов 27.02.2026 45:49
Айқап подкастының бұл шығарылымы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне арналды. Қонақтарым — ШОБтің лоббисі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетов және жеке кәсіпкер Фариза Байшина. Осы подкаста біз бизнесті алаңдатып отырған негізгі өзгерістерді талқыладық. Олар:— ҚҚС мөлшерлемесінің 16% болуы— запрет на вычеты— арнайы салық режимдері (СНР)— жалпыға бі...
IL’HAN | Телеграм - музыканттардың басты жауы 25.07.2025 1:45:39
Танымал музыкант Ильхан Ихсан Aiqap подкастының қонағы болды. Подкаст барысында Ильханмен оның шығармашылық жолы, отбасы тарихы мен музыкалық мұрасы жайлы жан-жақты әңгімелестік.⠀Ильхан тегіндегі «-ов» жалғауынан арылу себептерін түсіндіріп, қазақ тіліндегі әншілердің сахнадағы орнын талқылады. Ол Ninety One тобына алғысын білдіріп, олардың арқасында қазақ музыкасының дамығанын атап өтті.⠀Сондай-а...
Alem & ZAQ | Партнерские роды | Балаға вакцина салу | Әкелер декретке шығуы қажет 23.06.2025 2:12:22
ALEM мен ZAQ былтыр алғаш рет әке атанды. Жақында жігіттермен осы үлкен өзгеріс туралы ашық сөйлестік. Әке болу - тек эмоция ғана емес, жауапкершілік, өмір салтын түбегейлі өзгерту. Партнёрлік босану тәжірибесі, баламен алғашқы түндер, ұйқысыз түндер мен толғанысты сәттер - бәрі әңгімеміздің өзегіне айналды. Сондай-ақ жігіттер пәтер алу, табыс табу, отбасылық бюджет пен приоритеттердің ауысуы тура...
Назарбаевтың қателігі | Имамның аяғын уқалау | Діни радикализм | ӨРКЕН КЕНЖЕБЕК 09.06.2025 1:22:44
Айқап» подкастының 18-бөлімінің қонағы – саяхатшы, блогер Өркен Кенжебек. Бұл эпизодта Өркен мырзамен саясат, дін және қоғам туралы ашық әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, ол блогерліктен тапқан алғашқы табысы, Жаңаөзен оқиғасына қатысты көзқарасы және Назарбаев дәуірі туралы ойларымен бөлісті.
Қабыл болатын Ораза қандай? | Рамазан айына нұсқаулық 09.06.2025 1:04:54
«Айқап» подкастының кезекті қонағы – ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі, ҚМДБ Баспа үйінің директоры Батыржан Берденұлы. Рамазан айына қатысты өзекті тақырыптарды талқылап, оразаның мәні мен маңызы, ауыз бекітудің шарттары, оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, пітір садақаның рөлі мен осы айда жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауап алдық.
Әлішер Елікбаев: Бір сторисім 1 200 000 теңге 15.12.2024 55:09
Айқап подкастының 16-бөлімінің қонағы – коммуникация саласының маманы, саяхатшы Әлішер Елікбаев. Бұл эпизодта біз Әлішермен бірге оның кәсіби жолы, қоғаммен байланыс саласындағы тәжірибесі, жарнама және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану жолдары туралы кеңінен әңгімелестік. Әлішер коммуникацияның заманауи әдістерін қалай қолдануға болатыны туралы пайдалы кеңестер беріп, әлеуметтік желілердің би...
Ердоғанның үйін дронға түсірдім 02.11.2024 1:09:31
«Айқап» подкастының 15-ші бөлімінің қонағы – видеограф, дроншы, блогер by Dastann, Дастан Мұхамедкәрім. Дастан видео саласына қалай келгені, қандай қызықты әрі табысты ұсыныстар түскені жайлы оқиғаларымен бөлісті. Дронның көмегінмен 700 мыңға жуық оқырман жинағаны туралы да айтты.
Көкпар дауы: Қазақ пен қырғыз бір туған ба? Көшпенділер ойыны қалай өтті? | 18.09.2024 1:25:32
«Айқап» подкастының кезекті бөлімі Астанада өткен V-ші Көшпенділер ойынына арналды. Қонаққа тележурналист Азамат Әбілқайыр, қырғыз спорт комментаторы Бексултан Усеналиев және Jaratman media-ның продюсері Изат Мухаметқалиев қатысты. Изат: / izat_mukhametaliev Бека: / usenaliev88 Азамат: / azamatabilqaiyr Жанасыл: / zhanasil Алмас: / almas.maratu1y Jaratman Podcast: @jaratman_po...
Саяси PR дегеніміз не? 10.09.2024 1:20:04
Айқаптың кезекті қонағы - PR-шы, TANBA коммуникация агенттігінің басшысы, PR саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар, Қазақстандық PRshy клубының вице-президенті - Ақсұлу Санғали.
Неге дінде барлық сұраққа жауап бар? 10.09.2024 1:05:31
Айқап подкастының 12-ші бөлімінің қонағы жайдарманшы, сценарист - Рамазан Файлов. Рамазанмен бірге жайдарманның қоғамдағы рөлі, діннің адамға әсері, ағымдардың зияны, сценаристердің еңбегінің құны туралы әңгіме еттік. Бұл подкаст ауыл баласының қалаға ұмтылғаны, ондағы кездесетін қиындықтары туралы болды.
Астана резина емес 10.09.2024 1:47:40
Айқап подкастының 11-ші бөлімінің қонақтары - журналистер Ерболат Мұхамеджан, Жолдас Өрісбай және медиа маман Жанасыл Болатбек болды. Әріптестерімізбен бірге БАҚ саласындағы өзекті мәселелерді асықпай отырып талқыладық. Шетелдік және қазақстандық журналистиканы салтыстырдық, тәуелсіз журналистің кім екенін білуге тырыстық. Бұл подкаст журналистерге, медиа саласындағы азаматтарға қызықты болуы тиіс...
Қазақстан Сингапур бола ала ма? 10.09.2024 1:06:06
Айқап подкастының 10-шы бөлімінің қонағы - MIND ғылыми-аналитикалық орталығының координаторы Альтаир Ахметов. Альтаир Амангелдіұлы - 2019 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры, 2019-2023 жылдар аралығында Президент әкімшілігі мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болған. Альтаир Амангелдіұлымен мемлекеттің аналитикалық мәліметтерге деген сұранысы, MNU университ...
Ішкі туризм, туристік этика, Қазақ туризм туралы 10.09.2024 45:27
Айқап подкастының тоғызыншы бөлімінің қонағы, туризм маманы, Қазақ туризм Ұлттық компаниясының басқарушы директоры - Даниель Сержанұлы. Біз Даниель мырзамен Қазақстан туризмінің потенциалы туралы әңгіме қозғадық. Біздің ішкі туризмді БАӘ мен Египет елдерімен неге салыстыруға болмайтынын түсінуге тырыстық. Подкастты соңына дейін көріп, өз ойыңызды қалдырып кетуіңізді сұраймын, Рахмет!
Футбол, футзал, легионерлер 10.09.2024 41:52
Айқап подкастының сегізінші бөлімінің қонағы, тележурналист, Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті - Нұрсұлтан Құрман. Нұрсұлтан мырзамен подкаст барысында Қазақстан футбол құрамасының Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігі, Дуглас пен Игитасыз Қазақстан футзалының болашағы, жалпы футболдың бірігейлікті қалыптастырудағы рөлі туралы әңгімелестік. Подкастты соңына дейін көріп, өз ойыңызды қа...
Жастар проблемасы, балалар контентінің тапшылығы 10.09.2024 1:21:16
«Айқап» подкастының жетінші бөлімінің қонағы, 91 тобының мүшесі, артист - Данияр Құлымша. Даниярмен подкаст барысында оның өмірлік принциптері, шығармашылығындағы жаңалықтары, отбасымен қарым-қатынасы туралы әңгімелестік. Жаңа Қазақстан туралы ойын білдік. Қазіргі уақыттағы жастардың басты проблемасы не және оны қалай шешуге болатыны туралы пікірлестік. Подкаст сәтті шыққан сияқты. Алайда, бағасын...
Әйелім менен 8 жас кіші 10.09.2024 1:13:05
Айқап подкастының алтыншы бөлімінің қонағы, кино, театр және дубляж актеры - Абай Асылхан. Абай өзінен 8 жас үлкен аруға ғашық болып, отбасын құруды жоспарлағанда оның туыстары қарсы болады. Сөйтіп екі жас бірнеше уақыт бойы күйзелісте жүреді. Түрлі өмірлік сынақтарға тап болады. Абай осы подкастта намазға қалай келгені туралы, Қажылыққа барғанда не үшін жылағаны туралы әңгімелейтін болады.
Кредитке батқан халық 10.09.2024 1:16:12
Айқап подкастының бесінші бөлімінің қонағы, қоғам белсендісі - Тоғжан Қожалы. Біз Тоғжан ханыммен алдағы Парламент сайлауы, қазақ әйелі, кедейшілікке тап болған қазақ халқы туралы әңгімелестік. Экс-президент Назарбаев және президент Тоқаев жайлы да сөз болды. Тоғжан ханымнан біздің биліктің неге Ресейге тәуелді екенін білдік.
Шымкенттің келіндері 10.09.2024 1:18:34
Айқап подкастының төртінші бөлімінің қонағы, PR маман - Айман Сахова. Біз Айманнан екі баланың анасы бола тұра Huawei сияқты халықаралық алпауыт компанияда жұмыс істеуге уақыт табудың жолдарын сұрадық. Айманмен қазіргі қазақ әйелі қандай болуы керектігі туралы сөйлестік. Бұл шығарылым жаңадан босанған аналарға , жас келіндерге, болашақ келіндерге кеңес беретін өте пайдалы бөлім болған сияқты.
Оралманның ішкі күйі, қазақ тілі, Украинадағы соғыс 10.09.2024 1:15:58
Айқап подкастының үшінші бөлімінің қонағы, продюсер - Ерболат Беделхан. Біз Ерболат мырзамен оның Моңғолиядан оралған кездегі ішкі күйі туралы, Қазақстанға келген кезде кімдердің қолдау көрсеткені туралы әңгіме айттық. Қазақ тілінің қазіргі жағдайы, тілдің бизнес тіліне айналғаны туралы да біраз сөйлестік. Ерболат Беделхан Украина мен Ресей арасындағы соғыс туралы өз ойымен бөлісті, алдағы уақытта...
Міржақып. Оян, қазақ! 10.09.2024 1:13:00
Айқап» подкастының екінші бөлімінің қонағы - режиссёр, сценарист, San Francisco Art University түлегі Мұрат Есжан. Біз Мұрат мырзамен 2022 жылы жұртшылыққа ұсынылған «Міржақып. Оян,қазақ!» сериалы туралы әңгімелестік. Әңгіме барысында қазіргі қазақ киносы мен сериалдары, актерлердің шеберлігі туралы сөз болды. ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының болашағы үшін жанын қиған Алаш арыстарының ұлы істерін...
Қаңтар. Сайлау. ЛГБТ. 10.09.2024 1:07:22
Айқап подкастының алғашқы бөлімінде қонақта, біздің досымыз, саясаттанушы Ернұр Молдашев. Біз Ернұрмен қанды Қаңтар, батыстың неліктен ЛГБТ-ны қолдайтынын және қайырымдылық жасаудың жолдары туралы әңгімелестік. Онымен қоса 2022 жылы орын алған саяси процесстер жайлы да сөйлескен едік. Подкастты көріп, сіз де өз ойыңызбен бөлісіңіз.
Replaio ist kein Herausgeber von Podcasts; die Namen der Sendungen, Cover und Audioinhalte gehören ihren Autoren und werden über öffentliche RSS-Feeds verbreitet