Ақсәуле Әлжан, Жолдас Өрісбай

Әдеп Podcast

News KK ↓ 11 episodes

Журналистикадағы этикалық дилеммаларды талқылайтын орын. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбайдың бірлескен жобасы

Author

Ақсәуле Әлжан, Жолдас Өрісбай

Category

News

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Jun 9, 2026

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

«ХАБАР» агенттігінің ЖИ эксперименті қандай этикалық мәселелерді бұзды? | Әдеп Podcast 09.06.2026

4 маусым күні «Хабар» телеарнасы әнші Жасұлан Базарбаевтың сөйлеуі кешігіп жатқан қызының дауысын жасанды интеллектінің көмегімен синтездеп, оның еркін сөйлеп тұрған видеосын эфирде тосынсый ретінде көрсетті. Журналистер мұны «қайғыны эксплуатациялау», «келісімсіз кәмелетке толмаған баланың бейнесін қолдану» және «қоғам мүддесін ескермеу» деп сынады. «Хабар» агенттігі әзірге жағдайды түсіндіріп, м...

Қазақстанда жаңа құрылған саяси партияға 4 журналист мүше болды. Бұл этикаға сай ма? | Әдеп Podcast 12.05.2026

Қазақстандағы журналистік этика мәселелерін талқылайтын Әдеп подкасының кезекті саны журналистердің саяси активизммен айналысуы, атап айтқанда, саяси партияға мүше болуының дилеммасына арналды. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай арнайы қонақ, белгілі журналист Асылхан Мамашұлымен бірге Қазақстандағы журналистердің бейтараптығы, саяси үгіт-насихатқа араласуы, партияға кіруі төңірегінде та...

Қайғыны эксплуатациялау мен сенсация қуу. Ulysmedia кейсі медиа этикасы туралы не дейді? 30.04.2026

12 сәуір күні Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, үш бала қаза тапты. Бұл туралы түрлі медиа әртүрлі ракурспен хабар таратты. Ұлысмедиа басылымы мерт болған балалардың жеке деректерін жариялап, балалардың бірі «ерекше бала» болғанына фокус қойып, әкесінің қайғысын да эксплуатациялаған. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай Әдеп подкасының кезекті санында қайғылы оқиғаға қатысты ха...

Журналист неге кейіпкердің жасына шүйлікпеуі керек? | Әдеп Podcast 13.04.2026

Кейіпкердің жасы туралы сұрақ қою қашан кәсіби қажеттілік, ал қашан қауіпті стереотип? Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай осы сұрақ төңірегінде этика талқысын жүргізеді. Бұған бірнеше апта бұрын 4vlastinfo.kz басылымының бас редакторы Мадина Жатқанбаеваның мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхаметовтен жасын сұраған видеосі түрткі болды. Қазақ журналистикасының кәсіби қауымдастығы мұны эйджиз...

Екі адамға айыппұл салдырған сұхбат. Негізгі сауалдар қойылды ма? I Әдеп подкаст 05.04.2026

Журналист Жанар Байсеміздің өзін сопылық бағытын ұстанушы ретінде таныстыратын Құрбанәлі Ахметтен алған сұхбаты кейінгі аптада қазақ қоғамында қызу талқыланып жатыр. Бірі мұндай «спикерге мінбер беру жөнсіз» десе, тағы бірі «әйел құқығын таптайтын сөзге журналист қарсы пікір білдіре алмады» деді. Көп өтпей билік спикерге де, журналиске де айыппұл салған. Мұны да «сөз бостандығын шектеу, ішкі цензу...

Сабина Алтынбекова vs Орда: Сарыжағал баспасөз логикасы – жеке өмірді тауарға айналдыру 24.02.2026

Әдеп подкасының кезекті эпизоды orda.kz басылымының танымал воллейболшы Сабина Алтынбековаға қатысты этикаға сай емес шешіміне арналады. Редакция кейінгі бір жылда танымал спортшының отбасы статусын жаңалық элементі не контексіне қатысы болмаса да, тақырыпқа «ажырасқан» деп жазып шығарып келген. Әдеттегідей журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай бұл кейстің астарына үңіліп, қай этика принцип...

Шенеунікпен қарым-қатынас, мүдделер қақтығысы, блогер мен журналистің айырмашылығы – Б.Көпбаев кейсі 14.12.2025

11 желтоқсанда Шымкент қаласының әкімі Астанаға келіп, есеп беріп, журналистермен брифингке қатысты. Жиынға қатысқан «журналист» Бақытжан Көпбаев сұрақ жауап кезінде алдымен әкімді мақтап, кейін «cізді бізге әкім қылып сайлаған Аллаға және президентке рақмет» деді. Ал жиыннан кейін әкімге қосымша сұрақ қойғысы келген журналистерге Көпбаев кедергі келтіріп, әкімнің қорғаушысы, «өкілі» секілді сөйле...

Еркін пікір ме, өшпенді риторика ма? Журналист Қанат Тілеухан қай жерде «тоқта» деуі керек еді? 23.11.2025

Журналист Қанат Тілеухан өз Youtube арнасында ақын Бақыт Беделханмен "Қазақ отбасын психологтар құртып жатыр" деген тақырыпта сұхбатын жариялады. Сұхбатта қазақ қоғамындағы «әйелдің орны» талқыланады. Ақын әйелді «шынжырдан босатылған итке» теңеп, дегуманизация, өшпенділік риторикасын арқау етеді. Журналист хейтті тоқтатуға талпынбайды. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай сұхбат...

Кирктің өлімі, қазақ қоғамындағы стереотипті ойлар, зиянсыз журналистика | Әдеп Podcast 14.09.2025

Жаңалық таратушы журналист қоғамға зиян келтіруі мүмкін бе? АҚШ президенті Дональд Трамп танымал консерватив инфлюенсер Чарли Кирктің өліміне солшыл медиа кінәлі деп, айыптай сөйледі. Тоқаевтың «дәукес әйелдер» туралы айтқан мәлімдемесі қандай реакция тудырды? Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай хейт-қылмысқа ұласатын риториканы болдырмаудың, қоғамда стереотипті ойды орнықтыратын нарратив...

Редакция саясатын тәуелсіз жүргізу үшін қазақ журналистикасы қайтпек керек? 03.08.2025

Қоғамға қызмет ететін журналистиканың басты шарты – редакциялық тәуелсіздік. Бүгінде оған саяси кедергілер де, қаржыландыру мәселелері де қиындық тудырып отыр. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай журналистиканы қаржыландырудың балама тәсілдерін, редакция тәуелсіздігін сақтаудың тетіктерін және кәсіби принциптерден айнымай жұмыс істеудің маңызын талқылады. Қазақ медиасын кім қаржыландыруы...

Әлия Әшім мен Абай жанжалы. Журналистік этика бұзылды ма? 19.07.2025

Әлия Әшімнің Абай туралы жариялаған видеосы қоғамда қызу пікірталас туғызды. "Red Line" подкасының алғашқы эпизодында Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай бұл оқиғаны журналистік этика аясында талқылап, "қызыл сызық" қай жерде өтеді деген сауалға жауап іздеді.

Listen to the Әдеп Podcast podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.