Zuckerberg.korshileri

Цукербергтің көршілері

Кремний алқабы қазақша сөйлейді! Білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы подкаст. Журналист Ақсәуле Әлжан мен ақпараттық технологиялар маманы Арай Сабыржан Кремний алқабында жүрген талантты да талапты адамдармен айына екі рет әңгіме-дүкен қүрады.

Vizitează neapărat site-ul podcastului și susține-i creatorul: podcasters.spotify.com

Autor

Zuckerberg.korshileri

Categorie

Business

Site-ul podcastului

podcasters.spotify.com

Cel mai nou episod

27 oct. 2026

Unde asculți?

Podcasturi în aplicație Replaio Radio În curând

Podcasturile ajung în curând în aplicație. Instaleaz-o acum și fii primul care descoperă o abordare complet nouă a podcasturilor

Descarcă din Google Play Instalează gratuit Android 10 mil.+ descărcări · nota 4,7+ iOS în curând

Episoade

Ахмет Байтұрсынов туралы неге бүкіл әлем білуі керек? Америкалық профессормен сұхбат 27.10.2026

English text is below. Джейк Заулаки - Америкадағы Сан Диего университетінде Орталық Азия әдебиеті пәнінен сабақ беретін профессор. Ол екі жыл бойы Монғолияның Баян Өлгий аймағында, қазақтар арасында тұрған. Кейін Қырғызстанда және Қазақстанда бірер ай тұрып, қазақ тілі мен тарихын оқыған. Луизиана университетінде магистратурада жүрген кезде профессор Заулаки қазақ тілін көптен қолданбағандықтан,...

AI адамзатты жойып жібере ме? Қауіп шын ба, әлде қаңқу ма? Сарапшылармен талқыладық 10.10.2026

Цукербергтің көршілеріСоңғы бір ай бойы бүкіл әлемде, әсіресе АҚШ, оның ішінде Кремний алқабында Жасанды Интеллектінің адамзатқа қауіп әкелуі туралы қызу талқылулар орын алуда. Open AI компаниясының сыналып жатқан AI агенттері [өз бетімен рұқсат етілген жұмысты атқара алатын ЖИ модельдер] берілген тапсырманы орындау үшін компания қызметкерлерінің сызға шеңберінен шығып, өз бетімен әрекет етіп, Hug...

30 жыл АҚШ-та тұрсам да, қазақ екенімді ұмытқан жоқпын I Сәкен ШерхановI UCLA, CalTech, КТЛ 25.09.2026

Қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық олимпиада жеңімпазы (1996, Украина, биологиядан алтын медаль), Оңтүстік Қазақстандағы КТЛ мектебінің алғашқы түлектерінің бірі, Калифорния Технологиялық Институтының түлегі, биолог ғалым Сәкен Шерханов "Цукербергтің көршілерінде" қонақта. Бүкіл өмірін білім беру мен ғылыми зерттеулерге арнаған ғалым қазір UCLA университетінде өзінің ғылыми зертханасына...

Bolsheviks, Imperialism, and the Spread of Soviet Rule in Central Asia — An American Historian 10.09.2026

Daniel Lehmann is a graduate student at the Center for Russian, East European and Eurasian Studies at Stanford. He is researching one of the most complex periods in Kazakhstan's history — the arrival of the Bolsheviks and the establishment of Soviet rule. Why did this American scholar choose a topic that doesn't usually attract much attention in Kazakhstan? What did the Bolsheviks bring to...

Paul Sardar Babcock: A Kazakh Child Raised in America 10.09.2026

A Kazakh child raised in an American family, Paul Sardar Babcock is the latest guest on the "Zuckerberg's Neighbors" podcast. In 2000, when Sardar was just one year old, he was adopted by the American Babcock family from the "Umit" orphanage in Taraz. Thus, a Kazakh boy born with the name Sardar Baimakhanov grew up in the state of Utah in the US as Paul Babcock. As he grew...

Жаңаөзеннен шыққан Тесла инвесторы. Бір қазақ баласының АҚШ-тағы өмірлік саяхаты 10.09.2026

Техас тұрғыны, Маңғыстаудың тумасы, Тесла инвесторы және амбассадоры, мұнай-газ саласының маманы және Nayaa.ai стартабының негізін қалаушы Ануарбек Иманбаев "Цукербергтің көршілерінде" қонақта. Тоғыз жасынан бастап АҚШ-та өссе де, ана тілі мен төл мәдениетін сақтап қалған қазақ жігітінің әлемдегі ең ықпалды компаниялардың бірі Тесла компаниясымен тығыз байланысы бізді таң қалдырды әрі та...

NU-де ашылған ғылыми жаңалық Месси мен Мбаппеге қазақ ұлтарағын кигізуі мүмкін 09.09.2026

Назарбаев университетінде ашылған ғылыми жаңалық Месси мен Мбаппеге Қазақстанда жасалған жоғары технологиялы ұлтарақ кигізуі мүмкін. NU профессоры, PhD, инженер, өнертапқыш, Mirai Tech стартабының негізін қалаушы Гүлнұр Қалимулдина "Цукербергтің көршілерінің" кезекті қонағы. Оның ашқан жаңалығы адамның биомеханикасын контакт арқылы зерттеп, талдап беретін сенсорларға байланысты. Қарауынд...

Топ университетке түсетін баланы қалай өсірген жөн? Стэнфордтағы PhD студент Әсел Ибадулладан кеңес 09.09.2026

Стэнфорд университетінде PhD бағдарламасында оқып жатқан Әсел Ибадулла "Kazakh dream" иегері деп айтуға болады. Зауыт жұмысшысы мен мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келген қыз бала білімге деген құштарлығы мен алғырлығының арқасында Стэнфордтағы ең беделді екі бірдей феллоушипті, Knight-Hennesy және RAISE стипендияларын иеленді. Шымкент қаласындағы НИШ мектебін бітіріп, Астанадағы На...

Colonialism, Bolshevism, Women's Equality, Kazakh-Language Sources — An American Historian 09.09.2026

We spoke with Rebekah Ramsay, an American scholar who moved to Kazakhstan at the age of ten and spent a decade living in Karaganda."The fact that so few people around the world know about a region with such a rich history — and about events as profoundly important as the famine — deeply troubled me. That's why I decided to devote my career to studying the history of Kazakhstan," says...

АҚШ жедел жәрдемі мен полициясы қолданатын дрондарды жасаған қазақ қызы | ARC стартапының тарихы 09.09.2026

Сергей Брин мен Джефф Безос өнімдеріне конкуренция жасап жүрген қазақ қызы Әсел Тұрсынмен таныс болыңыздар. АҚШ-тағы жедел жәрдем, полиция, төтенше жағдай қызметкерлері қолданатын тасымалдау дрондарын шығаратын ARC стартабының бас директоры. Бар жоғы екі жылдың ішінде Солтүстік Каролина, Вирджиния, Джорджия штаттарының жедел жәрдем қызметкерлері мен полиция департаменттері жүйесімен келісім-шартқа...

PhD mom Жадыра Еркеш: Балалар әдебиеті, репрезентация, гаджеттер зияны, шет елде қазақ баласын өсіру 09.09.2026

PhD ғалым, атақты Беркли университетінде биологияны зерттеп жүрген ғалым Жадыра Еркеш біздің подкасқа екінші рет қонаққа келді. Жадыра Еркешпен болған бірінші эпизод генетика мен эпигенетикаға арналған еді. Қарап шығуға кеңес береміз: https://youtu.be/nBP_2NtQrtM?si=lECaFAfTirH2mgVxБүгінгі шығарылымда Жадыра неліктен қазақ тілінде балаларға арналған кітаптар шығарып жүргені туралы, бала тәрбиесіне...

Hugh Hallman: The American Who Devoted His Life to Kazakhstan 09.09.2026

Honorary Consul of Kazakhstan in Arizona Hugh Hallman discusses his relationship with Kazakhstan and why he is committed to helping people in the country. This conversation is about opportunity, responsibility, leadership, international cooperation, and why Kazakhstan continues to surprise those who truly get to know it. In this episode:• Why Kazakhstan changed his life• How major university partn...

TURAN: Tүркі әлемінің дауысы| көне қазақ музыкасы, бақсылық, түркі қаны 09.09.2026

English text is below: Көне қазақ музыкасын төрткүл дүниеге танытып жүрген "Тұран" этно-фолк ансамблінің негізін қалаушы музыканттар Бауыржан Бекмұханбет, Мақсат Медеубек және Серік Нұрмолдамен Сан-Францискода сұхбаттастық. Тұран әуенінің дүние жүзінде табысқа жетуінің құпиясы неде? Түркі әлемінің музыкалық елшілері деген образға қалай келді? Көне түркі аспаптарының генетикалық кодымызға...

Қазақ айдентикасы, Шеттетілген оралмандар, Астанадағы экспаттар, Колониализм мен апроприация 09.09.2026

English text is below. Гарвард университетінің қызметкері, антрополог Селия Эммельхайнз "Цукербергтің көршілері" подкасының кезекті қонағы. 16 жасында Қазақстанға ғашық болған америкалық қыз баланың кәсіби жолы біздің елмен тығыз байланысты. Моңғолия қазақтарының арасында антропологиялық экспедицияда басталған қызығушылығы Астанадағы Хейлибери мектебі мен Назарбаев университетіндегі жұмы...

Киіз үй бизнес, аутентикалық ерекшелікке деген сұраныс, қазақтардың АҚШ-тағы репутациясы, иммиграция 09.09.2026

Макдоналдста жұмыс істеп, камазбен жүк тасудан IT саласындағы беделді жұмыс пен өз бизнесіне дейін. Software сапасын қамтамасыз етуші, тест инженер Нұртай Таласбай соңғы 15 жылдағы АҚШ-тағы өмірі мен ұлттық айдентикаға деген шөлі мен ізденісі туралы айтып берді. "АҚШ-та тек өз ұлттық құндылығымыз арқылы ғана бағалы бола аламыз. Біздер, көшпелілер, табиғатпен үйлесімде өмір сүруді жақсы білемі...

American Historian Ian Campbell: The Russian Empire Misunderstood the Kazakh Nomadic Way of Life 09.09.2026

Our next guest is a historian Ian Campbell, who researches Kazakh history in the United States. He is a professor of history at the University of California, Davis, and for more than twenty years has studied the Russian Empire's colonial policies in Kazakhstan. In his scholarship, Mr. Campbell pays particular attention to the resettlement of Russian peasants in Kazakhstan, the role of Kazakh i...

Нөл теңгемен басталып, ТМД-ны құйындай жаулап алған стартап. Асылжан Алтайдың адам сенгісіз табысы 28.12.2025

Қосымшаларын үш күнде 150 мың адам жүктеп, Duolingo-ны Қазақстанда басып озған, ағылшын тілін әр адамның жеке қызығушылығына қарап үйрететін Aleem атты стартап құрған қазақстандық жасөспірімдер туралы естідіңіз бе? Стартаптың негізін қалаушылардың бірі Асылжан Алтай "Цукербергтің көршілеріне" қонаққа келді. Тез арада "оталып" кеткен бизнестің артында не және кімдер тұр? Бүкіл ә...

Боратқа Вашингтон Пост бетінде жауап берген, Семей полигонының қасіретін БҰҰда таныстырған дипломат 14.12.2025

English text is belowГаухар Әбдіғалиеваның өмірі шытырман оқиғаларға толы фильм секілді. Саналы өмірін АҚШ-та өткізген қазақ қызы туралы қазақстандықтар көп біле бермейді. Алайда Гаухар - отандастарымыз білуге, тануға тұрарлық жан. Ол 20 жылдай Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдарында жұмыс істеп, 29-тамызды "Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы тұру күні" қылып қабылдауға себеп болған, С...

Казашка и кыргызка развивают миллионный стартап и помогают иммигрантам с рабочей визой в США 02.12.2025

Қымбатты көрермендер! Қонақтардың бірі қырғыз қызы болғандықтан, біз бүгінгі әңгімемізді орыс тілінде жазуды жөн көрдік. Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет! Дорогие друзья, одна из героинь сегодняшнего подкаста из Кыргызстана. Чтобы зрители из Кыргызстана нас полностью поняли, мы сегодня в первый раз записали разговор на русском языке. Спасибо за понимание. Асель Тулеубаева и Айзада Марат - осн...

Қытайда туып, Швейцарияда оқып, АҚШ-та медициналық жаңалық ашқан қазақ Манат Мәуленбайдың оқиғасы 21.10.2025

Қытайдың Шыңжаң өлкесінде туып, 25 жасында Қытай ғылым академиясында жұмыс істеген, әлемнің ең мықты ядролық физиктерінің басы қосылған Швейцариядағы ЦЕРН орталығында квант физикасынан PhD қорғаған, содан кейін АҚШ-қа келіп, ғылыми медицина саласында отыз жыл жұмыс істеп, әріптестерімен бірге өкпенің қатерлі ісігін бірнеше миллиметр түйін кезінде көре алатын құрылғы ойлап тапқан қазақты елестете а...

Индиана университетінің қазақ тілі "апайы": "Америкалықтарға мал-жан қалай деп амандасуды үйреттім" 14.10.2025

АҚШ университеттерінде қазақ тілінен сабақ беретін жалғыз оқытушы болған қалай? Атыраудың Қызылқоға ауылында туып-өскен, қазір Лос Анжелестің тұрғыны Фатима Молдашева АҚШ-тағы жиырма жылдық қазақ тілі оқытушысы карьерасы туралы айтып берді. Америкалықтарға қазақ тілі не үшін керек? Қазақстанға қатысты ғылыми тақырыптарды не үшін таңдайды? Көптеген қазақстандықтардың жылдап қазақша үйрене алмауына...

From Remote Kazakhstan to Silicon Valley: Galym Imanbayev’s Incredible Journey 07.10.2025

Galym Imanbayev grew up traveling with his father to remote villages in Kazakhstan, witnessing hospitals (and entire healthcare system) left abandoned after the collapse of the Soviet Union. At just eight years old, he moved to the United States, later earning dual bachelor’s degrees in Biology and Economics at Stanford, followed by an MD and an MBA at the same university. Since his parents, who c...

Жәнібек Рысбек: Егер дұрыс қолданбаса, робототехника адамзатқа зиян әкелуі мүмкін. 17.09.2025

Жәнібек Рысбек - әлемдегі алдыңғы қатарлы хирургиялық роботтарды жасап шығаратын ірі америкалық компанияда робототехникамен айналысады. Жәнібектің жұмысын жасай алу үшін механика, компьютер ғылымдары, инженерия, физика, математика мен биологиядан хабардар болуыңыз керек. Жәнібек құрастыруға ат салысқан роботтар осы күнге дейін миллиондаған адамға жеңіл ота жасалып, олардың тез аяққа тұруына себееп...

Жан Мұқанов: "Қазақша сөйле" деп талап ету дұрыс емес". ЛГБТ, кәнселинг, демократия, әйел ролі туралы 18.07.2025

Продюсер, кәсіпкер Жан Мұқанов - "Цукербергтің көршілерінде" қонақта. Соңғы кезде қазақ қоғамын толқытып жүрген мәселелер бойынша қызу пікірталас туындады. "Қазақша сөйле" деп талап ету дұрыс емес. Шаконың қызы оны таңдағаны үшін өзі кінәлі. Асырай алмайтынын біле тұрып, бес бала туу - әйелдің кінәсі. Бала тәрбиесіндегі жақсы да, жаман да әйелден. Демократия шектен шықса, жақсы...

Роза Әшірбаева: Cтэнфорд, AI, АҚШ-қа сапары, бизнесі, медиадағы образын таңдау, хейт туралы 16.06.2025

Кәсіпкер әрі инфлюенсер Роза Әшірбаева Сан Францискода. "Қазақ қыздарының дауысы" болып, Роза Коуч атымен танылған блогер АҚШ-та не істеп жүр? Медиадағы образы мен өмірдегі образы сәйкес келе ме? Роза көпшілікке танылу үшін қандай қадамдарға барды? Жасанды Интеллект оның өмірі мен кәсібіне қандай жаңалық алып келді? АҚШқа жасаған алғашқы сапарында ойындағы Америка мен шынайы Америка обра...

Ascultă podcastul Цукербергтің көршілері în Replaio

Radio și podcasturi într-o singură aplicație - gratuit și fără înregistrare. Instaleaz-o azi și nu rata lansarea

Descarcă din Google Play

Replaio nu este editorul podcasturilor; numele emisiunilor, coperțile și materialul audio aparțin autorilor lor și sunt distribuite prin fluxuri RSS publice