Ruhani Portal

Ruhani Portal

Religion KK ↓ 276 episodes

✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.

Author

Ruhani Portal

Category

Religion

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Jun 3, 2025

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

76. Пайғамбар шапағаты | Сияр Шәріп 29.03.2024

Пайғамбар шапағаты Ұлық пайғамбар Алланың мойнына жүктеген ауыр міндетін абыроймен атқарып шықты. Құран толық түсіп бітті. Адамдардың ақылы матаудан толық азат болды. Енді Алла досының ақырға аттанатын күні де тақап келе жатты. Соңғы кездері үмбетін шапағат мәселесі жиі мазалайтын. Олар: «Уа, Алланың елшісі, егер ақ жолдан айнымасақ, сізге салауатты көп жолдасақ, бізге шынымен де шапағат етесіз бе...

75. Құранның үш тарапқа таралуы | Сияр Шәріп 29.03.2024

Құранның үш тарапқа таралуы Пайғамбар көзі тірісінде хатшысын алдырып, Құранды үш қайтара көшіртіп, қолжазбаның үш данасын дайындап қояды. Ең бірінші қолжазбаны нәсілі араб, өзінің жақын жерлесі келіп сұрайды. Пайғамбар бір данасын соған береді. Ол кітапты алып тұрып көзіне сүртті де, Расулға тағзым етті. Біраз уақыттан соң екінші қолжазбаны парсы жұртынан келген бір мұсылман бауыры сұрайды. Пайға...

74. Жүректердің шипасы | Сияр Шәріп 29.03.2024

Жүректердің шипасы Бірде бір момын кісі расулға келіп: – Уа, Алланың елшісі, сізді бірнеше күн көрмесек, бізді қайғы басады. Ертеңгі күнімізді ойласақ көңілді үрей билейді. Шын шаттанып, сіз сияқты тебіреніп өмір сүре алмаймыз. Жүрекке сіз салған сағыныш та тезінен әлсіреп, құлшылық та құлықсыз күйге түседі. Сізге келсек бәрі де қайтадан бәз-баяғы қалпына түседі. Жаныңызда отырсақ бейне бір бұлтты...

73. Алтын табақ | Сияр Шәріп 29.03.2024

Алтын табақ Бірде Тәңірі тағала Жебірейілді шақырып алды да, оған: – Пейіштен бір алтын табақ аласың. Сосын жұмақтың балы мен халуасын табаққа толтырып сал. Оны Мұхамбет досымның дастарқанына апарып қой. Содан кейін пайғамбар мен оның төрт шадиярынан: «Дүниеде алтыннан артық, балдан тәтті, қылдан жіңішке не бар?» – деп сұра. Кімнің жауабы шырынды болса, соған бал мен халуаны алтын табақпен қосып с...

72. Аршыдағы жасыл құс | Сияр Шәріп 29.03.2024

Аршыдағы жасыл құс Бірде пайғамбарымыз сахабалармен отырғанда миғражда көрген жасыл құс туралы айтып қалады. Серіктерінің бірі: – Уа, Расул Алла, сіз жасыл құс туралы жиі айтасыз. Бізге соның баянын толық айтсаңыз, – деп өтінді. Пайғамбар: – Иә, миғражда жүргенімде көрген жасыл құс қой. Оның қос қанаты күмістей аппақ, қауырсындары бір-біріне ұқсамайтын дүр-гаухар, маржан-меруертпен нақышталып сәнд...

71. Пайғамбар мен Ібілістің әңгімесі | Сияр Шәріп 29.03.2024

Пайғамбар мен Ібілістің әңгімесі Бір күні Мұхамбет пайғамбар достарымен сұхбаттасып отырғанда тыстан: – Уа, Алланың елшісі, маған ішке кіруге рұқсат ет! – деген бір жағымсыздау дауыс естілді. Пайғамбар қасындағыларға қарап: – Кім келіп тұрғанын білесіңдер ме? – деді. – Жоқ, – деді сахабалары. – Бұл малғұн Ібіліс. Маған сырларын ашуға келді, – деді. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз. ✅Құрметті тыңда...

70. Пайғамбардың киікті құтқаруы | Сияр Шәріп 28.03.2024

Пайғамбардың киікті құтқаруы Пайғамбар заманында бір аңшы тұзақ құрып, аң аулап, кәсіп етеді екен. Бір күні оның қақпанына бір киік түседі. Оның егіз құралайы бар екен. Аңшы қуанып кетіп, олжасын дереу бауыздамақшы болады. Сол кезде киікке адамша тіл бітіп: – Әй, адамзат, мені бауыздамай тұра тұр. Артымда егіз құралайым қалды. Оларға қорек іздеп жүріп сенің тұзағыңа түстім. Мен өлсем, олар аш қалм...

69. Әубәкірдің пайғамбарды сатып алуы | Сияр Шәріп 28.03.2024

Әубәкірдің пайғамбарды сатып алуы Бір күні пайғамбар жұма намазына бара жатқан еді, көшеде мұңайып отырған бүлдіршін көреді. – Әй, балақай, сені кім ренжітті? – деп сұрады. Бала: – Балалардың бәрі тай-құлындарына, тайлақтарына мініп, шауып ойнап жүр. Ал менде мінетін есек те жоқ. Соны ойлап, қамығып тұрмын, – деді. Пайғамбар: – Ендеше, менің арқама мін. Мен саған ат болайын, – деді. Бүлдіршін қуан...

68. Ең кедей жігіт | Сияр Шәріп 28.03.2024

Ең кедей жігіт Расулдың жүрегі мейірім-шапағатқа толып тұрушы еді. Ол айыпты болған кісіні жазалауды емес, кешіруді қалап тұратын. Бір күні қаладағы тұрғындар болмашы қылмыс жасап, тұтылып қалған бір жас жігітті дедектетіп пайғамбарға алып келеді. Елдің бәрі демін ішіне тартып, пайғамбар қандай жаза қолданар екен деп күтіп тұрды. Бірақ, Мүбәрак пайғамбар жұрт ойламаған мүлде бөлек шешім қабылдады....

67. Пайғамбардың жеңісі | Сияр Шәріп 28.03.2024

Пайғамбардың жеңісі Мұхамбет пайғамбар Мәдинаға орныққан соң Меккеге жеңіспен оралатын күнді күтті. Қастасқан дұшпандары оған ешқашан тыныштық бермеді. Ол он жыл ішінде бітіспес дұшпандарымен сауыт-сайман асынып, үш рет ірі майданда кездесуге мәжбүр болды. Олар тарихта «Бадыр шайқасы», «Ухуд шайқасы», «Ор шайқасы» деген атпен сақталып қалды. Осы айқастардың бәрінде ұлық Алла хабибісін жәрдемсіз қа...

66. Ыбырайымның дүниеден өтуі | Сияр Шәріп 28.03.2024

Ыбырайымның дүниеден өтуі Мұхамбет пайғамбардың Ыбырайым деген сүйкімді ұлы бар еді. Әкесі оған әрдайым мейірленіп, «Қарашығым, құлыным» деп еркелетіп, көшеде ертіп жүретін. Жеті жасқа толғанда «Құранға сауатын аш» деп, Оспанның қолына берді. Ыбырайым топтағы балалардың алды болды. Оның бала тілін қызықтап, пайғамбар көңілденіп қалатын. Алайда Алланың қалауы басқа еді. Ол хабибіне бұған дейін бірд...

65. Пайғамбардың сынықтығы | Сияр Шәріп 28.03.2024

Пайғамбардың сынықтығы Ғаббас әһлі кітапты біліммен жеңген соң, пайғамбардың беделі Мәдинада қарыштап өсті. Исламның күшпен емес, көркем мінезбен, терең біліммен, өзгенің дінін сыйлаумен және қара қылды қақ жарған әділдікпен таралатын қайырлы дін екені анық болды. Бірақ, сонда да пайғамбардың сынықтығын сынағысы келетін әһлі кітаптар әлі де бар еді. Сондайлардың бір шоғыры бір жиында Мұхамбет пайғ...

64. Ғабділдәнің кітап иелеріне мойындатуы (жалғасы) | Сияр Шәріп 28.03.2024

Ғабділдәнің кітап иелеріне мойындатуы (жалғасы) ✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай Telegram, VK playlist немесе Подкаст қолданбалар арқылы толықтай тыңдап жүре аласыз. Басты Ниет көкірекке құндылық құю. Отбасы Хрестоматиясы жобасы. Оқыған: Қайрат Әділгерей Telegram: ⁠https://t.me/Siar_sharip Google Podcast: https://podcasts.google.com/feed/aHR0cHM6Ly9hbmNob3IuZm0vcy9mMmQ1Nzk1NC9wb2R...

63. Ғабділдәнің кітап иелеріне мойындатуы | Сияр Шәріп 28.03.2024

Ғабділдәнің кітап иелеріне мойындатуы Мұсылмандар Мәдинаға көшіп келгесін бұған дейін кітап түсіп, дін оқыған әһлі кітап иелерімен жиі айтысып қалатын. Олар Мұхамбетті мойындамай, бұрынғы пайғамбарларды ұлық етіп көрсеткенде ешкімге дес бермейтін. Пайғамбардың серіктері ол кезде тәжірибесіз болғандықтан, мойындата алмайтын. Пайғамбар Ғаббас ағасынан туған Ғәбділдә атты інісін қасынан тастамай жүрі...

62. Құрманың хикаясы | Сияр Шәріп 28.03.2024

Құрманың хикаясы Бірде Мұхамбет пайғамбар серіктерімен келе жатқанда жолда азықтары таусылып, қарындары ашты. Жебірейіл періште оларға пейіштен інжу, меруерт, дүрлермен өрнектелген алтын табаққа салынған құрма жемісін әкелді. Пайғамбар «Бісcіміллә» деп, табаққа қол салып, құрмадан дәм татты. Серіктері де жапырлай қозғалып, құрма жеуге кірісті. Табақтағы құрма азайғанда, ортадағы бір құрма ерекше к...

61. Пайғамбар мен кейуана | Сияр Шәріп 28.03.2024

Пайғамбар мен кейуана Бірде Мұхамбет пайғамбар серіктерімен келе жатып, Мәдинада ұршық иіріп отырған бір кемпірге кез болады. Амандасып, сұрасқан соң кейуананы әңгімеге тартады. – Апа, сіз Құдайдың барына сенесіз бе? – Сенем. – Оған не дәлел? – Дәлел мына ұршық. Мен қолыммен тиіспесем, ол өздігінен дөңгелемейді. Олай болса мына ай, күн, аспан, жер, жұлдыздарды біреу дөңгелетіп отыр. Әйтпесе, қалай...

60. Пайғамбардың сынған тісі | Сияр Шәріп 26.03.2024

Пайғамбардың сынған тісі Ухуд шайқасында Мұхамбет пайғамбардың тісі сынады. Ұрыс біткен соң, бір сахабасы сынған тісті тауып алады. Пайғамбардың тісін аяқасты қылуға дәті жібермей, оны үйінің бір бұрышына көмеді. Тіс көмілген жерден аппақ күріш өсіп шықты. Сахаба пайғамбарды шақырды. Пайғамбар келіп, «Ясин» сүресін оқып, дұға жасады. ✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай Telegram, VK p...

59. Жаралыстан ғибрат алу | Сияр Шәріп 26.03.2024

Жаралыстан ғибрат алу Мәдинаның жұрты пайғамбарға жиі келіп, сан түрлі сұрақтар қоятын. Бір күні бір момын күн бата ауласында демалып отырған пайғамбарға келді де: – Иә, Расул, сізде сұрағым бар, – деді. – Сұрай ғой, құлағым сенде, – деді пайғамбар. – Біздің Құран кітап «Адам – Алланың орынбасары, жердегі халифі» дейді. Мен де солай десем, мына надан бауырларым «Қайдағы орынбасар?! Адам тек құдайл...

58. Әзіреті Омардың ескі әдеті | Сияр Шәріп 26.03.2024

Әзіреті Омардың ескі әдеті Әзіреті Омар хат танитын сауатты еді. Ол қағаз-қалам шұқылап, жазу-сызуға, оқу-тоқуға құмар болатын. Бірде пайғамбар шатырынан шығып еді, көлеңкеде жұлым-жұлымы шыққан, сарғайған парақтарды оқып отырған Омарға көзі түсті. Ол: – Әй, Омарым, не оқып отырсың? – деді. – Иә, Расул Алла, Тәурат қой. – Омаржан-ау, ана тіліңде Құдай саған Құран түсірді, қолдан қолға өтіп, әбден...

57. Ұстынның көз жасы | Сияр Шәріп 26.03.2024

Ұстынның көз жасы Мұхамбет пайғамбар Мәдинаға келді. Оны қарсы алған ансарлар пайғамбарға үй салып берудің қамына кірісті. Алдымен шаңыраққа ұстын тіреп, қабырғасын көтерді. Пайғамбар насихат айтқанда, сол ұстынға сүйеніп отыратын. Кейіннен ансарлар мінбер жасап беріп, пайғамбар соған шығып, уағыз жүргізе бастады. Сол кезде ұстыннан адамның өксіп жылағаны сияқты дыбыстар шығып, тұла бойынан жас та...

56. Мәдина шаһарының салынуы | Сияр Шәріп 26.03.2024

Мәдина шаһарының салынуы Ертеде дүниенің төрт бұрышына билік жүргізген Мәлік деген патша болыпты. Әлемде одан өткен бай, құдіретті ешкім болмапты. Бір күні патша араб жазирасында аң аулап жүріп, Меккеге келеді. Қараса, қажылық мезгілі екен. Жұрт оны патша екен деп елемейді. Ол уәзірінен: – Бұлар неге маған тағзым етпейді? – деп сұрайды. Уәзірі: – Уа, падишам, бұлар – табиғатынан надан, тәкаппар ха...

55. Пайғамбардың Мәдинаға келуі | Сияр Шәріп 26.03.2024

Пайғамбардың Мәдинаға келуі Хирадағы үңгірде қатерлі қауіптен құтылған соң, Мұхамбет пайғамбар «Мәдина қайдасың» деп аттың басын солай қарай бұрды. Бұл кезде Мәдинадағы мұсылмандар үш күннен бері пайғамбарды сағынышпен күтіп отырды. Расулдың қарасы көрінген сәтте олар жүгіріп лап қойды. Бәрі сағыныш әнін айтып, той тойлады. Бұл күннің ауып, түс мезгілі болған уақыт еді. Барлығы бір жерге жиналып,...

54. Пайғамбар мен жыланның серттесуі | Сияр Шәріп 26.03.2024

Пайғамбар мен жыланның серттесуі Пайғамбар мен Әубәкір үңгірде үш күн отырды. Ең сенімді серігі пайғамбарға жылан-шаян зиян-зақымет қылмасын деп үстіндегі киімін парша-парша жыртты да, тесіктерді бітеді. Бір қуысты бітеуге киім жетпеді. Оған жалаңаш аяғын сұғып бітеді. Таң ата іннің түбінен бір жылан Сыдықтың аяғын шағып алды. Әубәкірдің екі ерні көгеріп, өлуге айналды. Оны көрген пайғамбар жылан...

53.Үңгір-оқиғасы | Сияр Шәріп 26.03.2024

Үңгір оқиғасы Дұшпанның Мұхамбетті өлтіруден басқа амал қалмады. Олар қырық рудан бір-бір адамнан шығып, түнде пайғамбардың үйіне келді. Пайғамбар үйінен жасырын шықты да, Әубәкір екеуі Мәдинаға қарай кетуді ойлады. Бірақ ол жолды да дұшпандар торуылдап тұр еді. Олар аттың басын Хира тауына қарай бұрды. Дұшпандар ізге түсіп, қуа жөнелді. Пайғамбар бір үңгірдің ішіне жасырынды. Осы кезде бір ғажап...

52. Уақыт ішіндегі уақыт | Сияр Шәріп 26.03.2024

Уақыт ішіндегі уақыт Пайғамбар миғраж сапарын баяндап отырып: – Миғражға ұшып бара жатқанда құмыраны шапанымның шеті іліп кетті. Ол құлап бара жатты. Мен ішімнен «Қап, сүт төгілетін болды-ау. Аққа обал болды» деп уайымдап кеткен едім. Үйге қайта кірсем, кетерде құлатқан құмырам әлі құлап болмапты. Дереу шап беріп ұстай қалдым да, түзетіп нықтап қойдым, – деді. Бұған пайғамбардың бір серігі күмән к...

Listen to the Ruhani Portal podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.