Ruhani Portal
Ruhani Portal
✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз.✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Бұл ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ешқандайдада коммерциялық бағытта ЖАСАЛМАҒАН. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз. Отбасы Хрестоматиясы жобасы.
Author
Ruhani Portal
Category
Podcast website
Latest episode
Jun 3, 2025
Where to listen?
Podcasts in the app Replaio Radio Coming soonPodcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts
Episodes
20. Батиманың салауаты | Салауат | Сияр Шәріп 19.04.2024 1:00
Батиманың салауаты Мұхамбет пайғамбар Мәдинадан Меккеге қайтып келген кезде қызы Бәтимаға салауат айтуды үйретті. Ол үйінде отырып, тек салауат айтумен шұғылданды. Бір күні пайғамбардың серіктерінің бірі Бәтимадан: – Уа, Бәтима. Сен Меккеге келгелі бері үйден шықпай, пайғамбарға салауат айтып отырасың. Оның қандай қасиеті мен артықшылығы бар? – деп сұрады. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅Құрм...
19. Салауат кітабы | Салауат | Сияр Шәріп 19.04.2024 1:21
Салауат кітабы Салауат шәріп жинақталған көптеген кітап бар. Олардың ішіндегі ең танымалы «Дәлаил-и Шәриф» деп аталады. Бұл салауат кітап бұрын әрбір мұсылманның үйінде Құраннан кейінгі екінші кітап саналған. Бұл кітапты жазып қалдырған Сүлеймен деген кісі. Ол пайғамбар нәсілінен тараған ғалым кісі екен. Салауатты кітап етіп жинақтауына мына бір оқиға себеп болған. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз....
18. Салауаттың пайдасы | Салауат | Сияр Шәріп 19.04.2024 1:07
Салауаттың пайдасы Бірде Мұхамбет пайғамбар салауаттың пайдасы туралы бүй деген: – Кім маған бір салауат айтса, Алла тағала оның он күнәсін жоқ қылады. Он сауап жазып, он дәреже береді. Он құлды азат қылғандай жақсылықты еншісіне береді, – деген. – Маған бір рет салауат айтқан жанға Алла тағала он есе рақмет береді. Он рет айтқан адамға жүз есе рақым қылады. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ----...
17. Әбілданың түсі | Салауат | Сияр Шәріп 19.04.2024 1:26
Әбілданың түсі Әбілдә есімді бір момын былай деген екен: – Бір күні ұйықтап жатып, түс көрдім. Сүйікті пайғамбарымыз өзіне сәлем берген бір адамның қолын алып, оған жылы шыраймен күлімсіреді. Мен қатты таңғалдым. Өйткені әлгі кісіні барлығымыз да жек көретінбіз. Оны «Бұл адам – сөзсіз күнәһар. Алланың алдында жасаған қылмысы үшін жаза шегетіні анық» дейтінбіз. Сондықтан шыдай алмай кетіп бүй дедім...
16. Періштелердің досы | Салауат | Сияр Шәріп 03.04.2024 0:45
Періштелердің досы Жебірейіл періште бір күні пайғамбарға келіп: – Уа, Мұхамбет. Періштелер сенің қай үмбетіңді дос санайтынын, тіпті кімдер үшін Құдайдан күні-түні жарылқау тілейтінін айтайын ба? – деді. Пайғамбар: – Иә, бауырым, Жебірейіл. Олар қандай бақытты үмбет екен? – деп елеңдеп, құлақ түрді. Сонда Жебірейіл бүй депті. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз. --------------------------------------...
15. Пайғамбардың сәлемі | Салауат | Сияр Шәріп 03.04.2024 2:00
Пайғамбардың сәлемі Бір кісі қарызға белшесінен батады. Кімнен барып көмек сұраса да, қолы бос қайтады. Ол бір күні Мұхамбет пайғамбардың қабіріне келіп, «Иә, Раббым, маған жәрдем бер» деп жалбарынып жатып, ұйықтап кетеді. Түсінде пайғамбарды көріп, оған басындағы ауыр жағдайды айтып береді. Сонда пайғамбар бүй депті. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз. -----------------------------------------------...
14. Жайланидің насихаты | Салауат | Сияр Шәріп 03.04.2024 1:45
Жайланидің насихаты Атақты әулие Әбділқадыр Жайлани бір күні шәкірттерімен сұхбат құрып отырады. Ол шәкірттеріне: – Сендерге екі дүниеде де пайдалы, бастарыңа бақыт, жүректеріңе қуаныш сыйлайтын бір қайырлы іс туралы айтайын ба? – деді. Барлығы да: – Уа, ұстаз. Айтыңыз. Ол не екен? – деп ынтыға сұрасты. Сонда Жайлани бүй депті. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз. -------------------------------------...
13. Құдайдың қазынасы | Салауат | Сияр Шәріп 03.04.2024 1:10
Құдайдың қазынасы Бір күні бір әулие кісі құлшылық-тағатын орындап болғаннан кейін Мұхамбет пайғамбарға салауат айтуды ұмытып кетеді. Сол күні ол түс көреді. Түсінде пайғамбарды көреді. Мүбәрәк оған кейісті кейіпте қарап тұрып: – Сен құлшылығыңа қатты көңіл бөліп, аса бір ыждағатпен орындадың. Бірақ дұғадан соң маған салауат айтуды ұмыттың. Сол үшін саған ренжіп тұрмын, – деді. Әлгі кісі қатты ұял...
12. Момынның түсі | Салауат | Сияр Шәріп 03.04.2024 1:58
Момынның түсі Мүбәрәк пайғамбарымыз дүниеден өткен соң, мұсылман елінде бір момын ғұмыр кешіпті. Ол кісі пайғамбарға салауат айтуға ықылассыз екен. Бірақ шаруасына өте пысық болыпты. Сол кісі бір күні түс көреді. Түсінде екі әлемнің мырзасы Мұхамбет пайғамбарды көреді. Ол таңғалып, пайғамбарға тамсана қарап тұр екен. Алайда пайғамбар оған көңіл бөліп, ілтипат танытпай отыра береді. Пайғамбардың са...
11. Хасан Басридің түсі | Салауат | Сияр Шәріп 03.04.2024 2:03
Хасан Басридің түсі Бір күні бір әйел Хасан Басриға келіп: – Уа, ұстаз. Менің көзімнің ағы мен қарасындай жалғыз қызым бар еді. Перзентім жақында дертке ұшырап, дүние салды. Оның о дүниедегі халін ойлап, мазасызданып жүрмін. Қызымды түсімде көріп, не жағдайда жатқанын білгім келеді. Маған көмектесіңіз, – деп қолқа салады. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз. -------------------------------------------...
10. Үздіксіз салауат | Сияр Шәріп 30.03.2024 1:47
Үздіксіз салауат Бір кісі пайғамбардың қасында жүрген серігіне жала жапты. Оның мініп жүрген түйесін даулап: – Бұл адам менің түйемді ұрлап алды. Астындағы нар мая менікі. Сенбесеңіз, куәларым да бар, – деп алдын ала дайындап алған екі досын көрсетеді. Мұны көрген жұртшылық даурығысып дағдарып қалды. Ал жалғаншы күш алып, түйені әділетсіз тартып алады. Енді әлгі момынның қылмысы үшін қолы кесілеті...
9. Он салауат | Сияр Шәріп 30.03.2024 1:12
Он салауат Бір күні Мұхамбет пайғамбардың үйіне Жебірейіл, Мәкәйіл, Ысрапыл мен Әзірейіл періштелер келді. Пайғамбар олармен сұхбат құрып отырды. Періштелердің қайтар уақыты жақындады. Олар: – Иә, Алланың хабибі. Бізге айтар не тілегің, қандай қолқаң бар? – деп сұрады. Пайғамбар: – Менің үмбетімнен басқа ешқандай тілегім, қалауым жоқ. Сендер олар үшін қандай игілік істей аласыңдар? – деп сұрады. Ж...
8. Салауаттың шарапаты | Сияр Шәріп 30.03.2024 1:43
Салауаттың шарапаты Ақиретте бір пенденің амалдары таразыға тартылады. Оның күнәлары таудай, ал сауабы тарыдай екен. Періштелер оны тамұққа алып бара жатқанда, Мұхамбет пайғамбар олардың жолын кес-кестеп: – Тоқтаңдар. Сендердің алып бара жатқан адамдарың – менің үмбетім. Оны дәл қазір жіберіңдер, – деп шаужайына жармасады. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз. ------------------------------------------...
7. Нәсіп болмаған құлшылық | Салауат | Сияр Шәріп 30.03.2024 1:05
Нәсіп болмаған құлшылық Бірде Мұхамбет пайғамбар серіктерімен сұхбаттасып отырып былай дейді: – Ібіліс Адамның ұлықтығын мойындамай, тәкаппарлық қылды. Сол ниеті үшін қарғыс қамытын киіп, жаннаттан қуылды. Сол дұшпан Сафидан бері ізімізден бағып, толассыз азғырып келеді. Алайда әзәзіл де бетіне күйе жағылып, күнәлі болмай тұрғанда, жеті қат жерде, жеті қат көкте тынбай ғибадат еткен. Қазір де Тәңі...
6. Салауаттың хикметі | Сияр Шәріп 30.03.2024 0:35
Салауаттың хикметі Бейсенбі күні екінті мен ақшамның арасында Алла тағала періштелерге: – Барыңдар. Жер жүзін түгел шарлаңдар. Кімде-кім ықыласпен салауат айтып отырса, есімдерін түгел жазып әкеліңдер, – деп әмір береді. Жүмлә періште жиналып, жерге қарай самғайды. Үй-үйді аралап жүріп, Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып отырған пенделерді түгел тізіп, хатқа түсіреді. Жалғасын аудиодан тыңдай...
5. Әйелдің түсі | Салауат | Сияр Шәріп 30.03.2024 2:47
Әйелдің түсі Мысырда пайғамбардың туған күнін тойлайтын бір кісі болыпты. Оның көршісі яһуди болған екен. Бір күні әйелі оған: – Мына мұсылман көршіміз бүгін мал сойып, садақа беріп, той тойлап жатыр. Не үшін екенін білмедің бе? – дейді. Күйеуі иығын қиқаң еткізеді. Үйде әйелдің қайнысы бірге тұратын еді. Ол: – Бұл айда мұсылманның пайғамбары Мұхамбет дүниеге келген. Соны тойлап жатыр, – деді. Жал...
4. Мұсаның салауаты | Сияр Шәріп 30.03.2024 0:40
Мұсаның салауаты Мұса пайғамбар елімен перғауыннан қашып келе жатып, Қызыл теңізге келіп тірелді. Мұса Құдайға жалбарынып, көмек сұрады. Алла Мұсаға: – Асаңмен теңізді ұр! – деді. Мұса теңізді ұрып еді, ештеңе болмады. Мұса он рет ұрды, бірақ теңіз баз баяғы қалпында толқып тұра берді. Сонда Тәңірсі: Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз. -------------------------------------------------------- ✅Құрмет...
3. Ең жақын құлдар | Салауат | Сияр Шәріп 30.03.2024 0:36
Ең жақын құлдар Бірде Мұса пайғамбар Алла тағаладан: – Уа, Тәңірім, Саған ең жақын құлдарың кімдер? – деп сұрады. Сонда Тәңірсі Мұсаға: – Ей, Мұса. Мені мақтап-пәктеп, үнемі еске алатын адамдар – менің ең жақын құлдарым. Егер менің көркем есімдерімді ұлықтайтын құлдарым болмаса, көктен бір тамшы да жаумас еді. Жерден де бір көк қылтиып шықпас еді. Ал Менің өзіңе күре тамырыңнан да жақын болуымды қ...
2. Салауат Шәріп | Сияр Шәріп 30.03.2024 1:07
Салауат Шәріп Ел арасында айтылатын бір қиссада пайғамбар ақтық сапарға кетерінде үмбетімен қоштасады. Олар: – Иә, Алланың елшісі, біз сенсіз қалай өмір кешеміз? Өмірге жан бітірген сенің рухың еді ғой, – деп егіле жылапты. Пайғамбар: – Онда үш күннен кейін рухым қабір басына келеді. Сол кезде жүздесейік, – дейді. Ел-жұрт одан сайын егіле жылапты. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз. -----------------...
1. Салауат | Сияр Шәріп 30.03.2024 2:24
САЛАУАТ Салауат айту дәстүрі – исламдағы ең ұлық, ең мәртебелі амалдардың бірі. Бұл діни дәстүрдің шығуына себеп болған – Құран Кәрімдегі «Шындығында Алла мен періштелер пайғамбарға салауат айтады. Әй, момындар! Оған салауат айтып, ықыласпен сәлем жолдаңдар » деген Алланың әмірі. Осы аят түскеннен кейін Мұхамбет пайғамбарға салауат айту мұсылмандар арасында әрі сенім, әрі дәстүр ретінде қалыптасты...
81. Көдек бала қиссасы | Сияр Шәріп 29.03.2024 8:50
Көдек бала қиссасы Сол заманда еврей жұрты қоныс тепкен бір көне шаһарда Тәуратқа өте сауатты бір яһуди тақуасы өмір сүріп жатты. Ол жетіге келген бір ұлына ата-баба жолымен жазу-сызу үйретіп бастайды. Ұлы қаріп таныған соң, әкесі оған күніге кешке Тәуратты дауыстатып оқытатын. Баласы бір күні кітап оқып отырып, «Сол кезде Раббыңның ең ұлы Рақметі дүниеге келеді. Оның есімі – Мұхамбет» деген сөйле...
80. Соңғы күн | Сияр Шәріп 29.03.2024 6:35
Соңғы күн Ұлық Алла Әзірейілге: – Мұхамбетке бар, ғазиз жанды қайтаратын уақыт жетті, – деді. Әзірейіл жалғыз барып, пайғамбардың жанын сұрауға жүрегі дауаламады. Жанына Мәкәйіл мен Ысрапыл періштелерді ертіп алды. Үшеуі Мұхамбеттің шаңырағына келді. Бірақ, үйге кіруге жүрексініп тұрды. Бұл күні пайғамбар сахардан соң толық жуынып-шайынып, үстіне миск септі. Сақал-мұртын бастырып, тырнақтарын алды...
79. Пайғамбардың қоштасуы | Сияр Шәріп 29.03.2024 4:23
Пайғамбардың қоштасуы Мұхамбет пайғамбардың өзінің қайтпас сапарға аттанатынын жұртқа естірткен соң, сахабалары оны қимай күңіренді. Тіпті «пайғамбар дүниеден өтеді» деген ойды миларына сиғыза алмады. Барлығы пайғамбарға жақын келіп: – Адамзатта өзіңнен асқан асыл зат болған емес. Біздей жетім қалған бейшараларға өзің көңіл айтсаңшы, ей, Алланың хабибісі. Сен ғой, Ұлық Алладай досыңа бара жатырсың...
78. Үкәшаның пайғамбар мөрін сүюі | Сияр Шәріп 29.03.2024 4:54
Үкәшаның пайғамбар мөрін сүюі Пайғамбар жиналған серіктерімен қоштасып жатып: – Қарыздың да парызы бар. Бұ дүниенің қарызы – о дүниенің арызы. Ақиретке үстімнен ешқайсысың арыз айтып келмес үшін пәнидегі қарыздарымды қайтарайын. Кімнің менде қандай алашағы бар, келіп сұрасын, – деді. Сонда Үкәша есімді серігі алға шығып: – Расулым, есіңізде болса, Тәбүк шайқасында екеуміз үзеңгі қағыстырып қатар к...
77. Төрт шадиярдың түсі | Сияр Шәріп 29.03.2024 6:41
Төрт шадиярдың түсі Ұлық Алла пайғамбарға ең үлкен жеңісін сыйлады. Ол өзімен 23 жыл бойына тірескен дұшпандарын толық мойындатты. Қағбадағы ғана емес, сана-сезімдегі пұттар да қоса қирады. Талай момынның жүрек көзі ашылды. Жүректе бітеліп қалған мейірім-махаббаттың бұлағы қайтадан ашылды. Құран толық түсіп бітті. Алланың өзі «Осымен дініңді кәміл еттім» деп уәде етті. Әділетті қоғам орнады. Жетім...
Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.