Aina Dosmakhambet

OZGERU KEREK

Society KK ↓ 19 episodes

"Өзгеру керек" - бұл күрделі философиялық немесе арнайы мамандандырылған тақырыптарға арналған подкаст емес. Бұл жерде әрқайсысымыздың өмірімізде кездесетін, күнделікті тұрмысымызға әсер ететін қарапайым тақырыптар талқыланады: қарым-қатынас, қаржылық сауаттылық, тұлғалық даму, бала тәрбиесі және т.б.

Author

Aina Dosmakhambet

Category

Society

Podcast website

ozgerukerek.mave.digital

Latest episode

Nov 12, 2023

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

Невроз: жабысқақ ойлар және олардан құтылу 12.11.2023

Невроздың тағы бір жағымсыз белгілерінің бірі - жабысқақ ойлар. Оларды ойламау да мүмкін емес. Олардан құтылу да мүмкін емес. Онда не істеу керек? Жауабы осы эпизодта.

Невроз: паникалық шабуыл және оны жеңу жолдары 29.08.2023

Невроздың түрлі симтомдары бар. Алайда, ең қорқыныштысы - үрейлік шабуыл (паническая атака). Алайда, оны жеңудің бірнеше оңай тәсілдері бар. Тәсілдер оңай болғанымен, оларды орындау үшін едәуір батылдық керек. Ол қандай тәсілдер? Және үрейлік шабуылдан емделудің бірден бір шарты қандай? Оны осы эпизодтан білетін боласыздар.

Невроз: белгілері, себептері және емделуі 27.08.2023

Короновирус пандемиясынан кейін адамдарда уайымдышдық, паникалық шабуылдар, жабысқақ ойлар көбейіп, мазасыздық үдеп кетті. Дәрігерлер де соңғы уақытта невроз белгілері бар адамдардың көбейіп кетінін растайды. Невроз деген не? Оның қандай белігілері бар? Емделе ме? Бұл сұрақтарға осы эпизодта жауап табасыз.

Психологты қалай таңдау керек? 31.07.2023

Осыдан бірнеше жыл бұрын психологқа бару ұят сияқты көрінетін. Қазір қалыпты жағдайда айналғандай. Бірақ, психологтар көп. Онымен қатар психотерапевт, психиатр, психоаналитик деген мамандар да бар. Олар кім? Бір бірінен несімен ерекшеленеді? Кім қандай проблемамен айналысады? Психолог маманды таңдағанда не нәрсене мән беру керек, ал не нәрсені мүлдем маңызды емес? Бұл және басқа да сұрақтарға осы...

Неге ренжіп қалу - ең ақымақ іс? 19.12.2022

Реніш - басқа біреуді жазалау үшін өзің ішітін у сияқты: саған ғана зияңы тиіп, басқаның өміріне еш өзгеріс әкелмейді. Бұл паттернді бұзу үшін не істеу керек? Неге реніш - пассивті агрессия болып саналады? Біз біреуді ренжітіп қойсақ, қалай кешірім сұрған дұрыс? Осы эпизодта біз бұл сұрақтардың жауабын тауып көреміз. Эпизода әлеуметтік психолог, Колумбия университетінің профессоры Светлана Комисса...

"Қазақша сөйле" 15.12.2022

Біреуге “қазақша сөйле” деп жүріп, өзіміз қазақша сөйлеуді ұмытып жүрген жоқпыз ба? Бұл эпизодта мен қазіргі қазақ тілінің жағдайы туралы өз ойыммен бөлістім.

Ене мен келін: бітпейтін эпопея 01.12.2021

Қазақстанның ажырасу статистикасы мәз емес. Ажырасу себептері түрлі болғанымен, басым бөлігі отбасана басқа адамдардың (көп жағдайда енелердің) араласуынан екен. Бұл эпизодта біз солардың ең күрделісі - ене/келін институтын талқылап көреміз.

Қаржылық сауаттылықтың 11 ережесі 22.06.2021

Адамдар өздігінен бай бола қоймайды. Көп жағдайда ақшаны дұрыс басқара алатын адамдар өз ақшаларын көбейте де алады. Ал ақшаны дұрыс басқару үшін қаржылық сауаттылықтың негіздерін білу керек. Бұл эпизодта мен сіздердермен қаржылық сауаттылықтын ең негізгі, базалық ережелерімен бөлісемін.

Қалай бәрін үлгеруге болады? 21.04.2021

Маған қойылатын сұрақтардың шеруін жасайтын болсам, “Айна ханым, сіз қалай бәрін үлгересіз?” деген сұрақ бірінші орынға шығар еді :) бұл эпизодта осы сұраққа жауап беріп көрейік

Армандар картасы харам ба? 27.03.2021

Армандар картасы деген не? Оны қалай жасайды? Ол харам емес пе? Бұл эпизодта біз осы сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

Баланың діни тәрбиесі 23.03.2021

Бала тәрбиесі дегенді біз көп жағдайда тек оның әдепті болуы, сабақ оқуы, т.б. деп түсінеміз. Бірақ оның рухани тәрбиесіне аз көңіл бөлеміз. Мен бұл эпизодта балаға діни тәрбие бергеннің артықшылықтарымен бөлісіп көрдім.

Мезі қылған мотивация 25.01.2021

“Мотивация жоқ”, “Мотивацияны қайдан алам?”, “Мотивацияны қалай табам?” деген сұрақтар мазалап жүр ма? Онда бұл эпизод дәл сізге арналған!

Бұл менің мақсатым ба? 04.01.2021

Жаңа жыл жаңа мақсаттардан басталады. Алайда сіз қойған мақсаттар шынымен сіздікі ме? Сіз шынымен сол нәрсені қалайсыз ба? Өз мақсаттарыңызды өзге адамдардың мақсатынан қалай ажырата аласыз? Подкасттың осы шығарылымы сізге бұл сұрақтардың жауабын табуға көмектеседі.

Ер адамның бақыты неде? 25.10.2020

Біз “әйел бақыты” деген ұғыммен таныспыз. Оның неден құралатынын жақсы білеміз? Ал ер адам үшін бақыт деген не? Ер адамдарды қандай нәрселер бақытты қылатын білеміз бе? Дәл осы эпизодта мен бұл сұрақтың жауабын ер адамдардың өзінен іздедім.

35 кеңес 19.09.2020

15 қыркүйекте мен отыз бесінші туған күнімді атап өттім. Соған орай сіздермен өзім ұстанатын 35 кеңеспен бөлісуді жөн көрдім :)

Махаббаттың 5 тілі 02.09.2020

Подкасттың бұл эпизодында біз Гэри Чэпменнің “5 языков любви” атты кітабынын алынған махаббатың 5 тілін үйреніп, “сен мені жақсы көрмейсің” деген шағымға көзқарасымызды өзгертіп көреміз.

Жұрт не дейді? 17.08.2020

Бұл эпизодта біздің қоғамымыздың басты сұрағын талқылаймыз :) бұл қандай сұрақ? Әрине “жұрт не дейді?” деген сұрақ. Жұрт деген кім? Олар не дейді? Олар неге “дей береді”? Және жұртың сөзінен қалай қорықпауға болады?

Дұрыс шыдап жүрміз бе? 08.08.2020

Өміріңізде өзіңізге қанша рет “шыда” деп айттыңыз? Ал басқалар сізге қаншама рет “шыда” деп кеңес берген еді, есіңізде ме? Бірақ сіз дұрыс шыдап жүрсіз бе? Осы эпизодты тыңдап, бұл сұраққа жауап беріп көріңіз.

Неге “Өзгеру керек”? 08.08.2020

“Өзгеру керек” - бұл #ажыраспа жобасынан туған подкаст. Подкастта қарапайым, әр адамның өмірінде күнделікті кездесетін, бірақ біздің әрекет етуімізге тікелей әсер ететін тақырыптар қозғалады.

Listen to the OZGERU KEREK podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.