Bella Orynbetova

Qazaqsha Podcast

Society KK ↓ 20 episodes

Мұнда қазақ тілінде подкасттар тыңдай аласыздар. Бұл подкасттарда өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, соны пікірлер айтылады. Подкасттың тұрақты жүргізушісі: Бэлла Орынбетова

Author

Bella Orynbetova

Category

Society

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

May 9, 2024

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

Әкеммен екі кесе шай 09.05.2024

Бұл “Екі кесе” подкастының жалғасы іспеттес. Әкемнің шай үстінде адамгершілік туралы айтқан естелігі менің подкаст эпизодымда тұруға тиіс

Maqala tyñda_Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі 03.05.2022

Qazaqsha podcast жаңа айдары " Maqala tyñda " деп аталады. Мұнда қазақ медиасында жарияланған өзекті де сапалы материалдар туралы айтамын. Алғашқы эпизодта журналист Нұртай Лаханұлының  Азаттық радиосы сайтында жарияланған « Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі "лагерь" тақырыбын қозғауға құлықсыз» материалы. – Қытайда қалған туыстарымның амандығын білейін деп келдім. Ол жақта бауырл...

Жақсылық 05.02.2022

Бұл эпизод біздің өмірде көрген, қанша уақыт өтсе де жылуы әлі кете қоймаған жақсылық туралы. Өздерінің мейірімге, жылуға толы естеліктерімен бөліскен достарым Қаламқас Толымбекқызы, Болатбек Мұхтаров, Айсұлтан Жақыпоы, Аян Қалмұрат, Мейірман Ілес, Назерке Низамудинқызына және есімін атамауды жөн көрген досыма көп алғыс. 

Бейпіл әңгіме 07.07.2021

Бұл эпизод қазақтың боғауыз, бейпіл сөздері жөнінде. Ұят, мораль шектеуімен қазақтың ауыз әдебиетінің осы саласы ұмыт болып барады. Бейпіл сөздерді жаңғырту көпшілік орындарда бейәдеп сөйлеуді білдірмейді. Бұл әңгіменің де өз орны, аудиториясы бар. Сондықтан да эпизодқа қатысты 18+ жас шектеуін тағы да еске саламын. Эпизод басындағы дисклеймер Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды и...

Ауыл мен қала 29.06.2021

  Балалығымыз ауылда өтіп, қалада есейсек те, біз не ауылдық не қалалық болмадық. Кешегі мен бүгінгі, өзім және өзге, ауыл мен қала туралы эпизод Айсұлтан Жақыповпен)

Ȁǐel beǐneli saǐasat 18.02.2021

Саясатпен, азаматтық белсенділікпен айналысатын қыз-келіншектер бір жағынан заңсыздықпен күрессе, екінші қоғамда қалыптасып қалған стереотиптермен де күресуге мәжбүр. Бұл подкаст мақсаты - әйелді киелендіріп, ерлерді тұқырту емес, әсте. Тек ой салу.  Подкаст қонақтары: Инга Иманбай , Әсем Жәпішева .

16 шәйнек шай немесе достардың әңгімесі 16.01.2021

Бұл эпизод арнайы подкаст ретінде жазылған жоқ. Былтыр, қазан айында Қызылорда қаласына жол түскен болатын. Сондағы бір кездесуіміздің бір ғана бөлігінің аудиожазбасы. Айтпақшы, қонақжай қызылордалық достарым Zhamilya Kassymkhan мен Oskar Gasta көп рақмет.

10 қала 14.11.2020

Ғалымжан Оразымбет екеуміз қыркүйек, қазан айларында Қазақстанның он қаласын: Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы аралап, сапарға шығып едік. Осы сапардың дәмін, әсерін ораға салған эпизод.

Саясаттағы адам 19.06.2020

Подкаст қонағы - Қазақстандағы санаулы тәуелсіз саясаттанушылардың бірі Шалқар Нұрсейітов . Бұл эпизодта Шалқар белгілі бір саясаткер туралы емес, азаматтық қоғам өкілі, сіз бен біз туралы айтады. Саясатпен айналысу үшін ешкімнен рұқсат алудың, арнайы білім алудың қажеті жоқ. Өзі тұратын мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды мұрат ететін кез келген азаматтық қоғам белсенді...

Үрейге толы эпизод 09.04.2020

"Үрей. Күйзеліс. Паранойя. Психикалық дерті бар адамдардың басынан кешіретін жағдайы осы. Карантин кезінде біз уақытша олардың не сезінетінін білетін болдық. Бұдан былай оларға түсіністікпен қарайтын шығармыз деп ойлаймын"...   Бұл эпизодта біз: Сая Бақимова, Ернар Бекенов үшеуміз үрей, қорқыныш сезімдері туралы айтамыз. Үрей қайдан шығады? Оның пайдасы бар ма? Оны қалай жеңуге болады? Соныме...

Сауат өлшемі. Сіз сауатты адамсыз ба? 26.03.2020

Сауат деген не? Қатесіз жазу ма, білгеніңді іске жарату ма? Біз өзімізді сауаттымыз деп айта аламыз ба? Ал тұтас халықты ше? Бұл эпизодта медиатренер, медиа зерттеуші Асхат Еркімбай, аудармашы, блогер Асқар Базарбай (Oskar Gasta) және блогер, азаматтық белсенді Ғалымжан Оразымбет біздің заманымыздағы адамның сауат деңгейі туралы ой бөліседі. 

COVID19. Қашықтан жақын араласу 21.03.2020

Бұл пандемия адамға, қоғамға, сезімге, экономикаға, сенімге сынақ іспеттес. Біз оны қалай қабылдаймыз? Үміт беретін не? Неден қорқамыз? Осы төңірегінде Ғалымжан Оразымбет және Бэлла Орынбетова ой бөліседі. Подкаст барысында айтылған ресурстарға сілтемелер:  https://www.coronavirus2020.kz/ Қазақстан бойынша ресми мәліметтер  Әлемдік жағдайды қадағалайтын сайт: https://www.worldometers.inf...

Біз қалай ксенофоб болдық 18.02.2020

Бұл эпизодта Айсұлтан Жақыпов, Meihua Zheng және мен ксенофобия туралы әңгімелестік. Негізі бұл әңгімеге түрткі болған Қазақстанда жыл сайын әр өңірден бұрқ ете қалатын этнос аралық конфликттер. Атап айтқанда 2020 жылдың 5-7 ақпан күндері Қордайда болған оқиға.  Бірақ әңгіме тек Қордай төңірегінде емес. Мұнда біз басымыздан өткен жағдайлар, жеке әсерлеріміз, түйген ойларымызбен бөлістік. Бәлк...

1 КҮН: АУДАРМАШЫМЕН 03.02.2020

"Бір күн" подкасты түрлі мамандық иелерінің әдеттегі жұмыс күнін баяндайды. Онымен қоса осы кәсіптің қиындығы мен артықшылығы, оған қатысты қоғамда қалыптасқан жаңсақ пікірлер туралы да айтылады. Алғашқы эпизодта аудармашы Гаухар Раянова өзінің әдеттегі күнін сипаттап берді. Аудармашылардың табысы, жақсы аудармашы болу үшін не қажет екенін, "Еркектер қорқақтардың" туындауына қатысты болжамдар және...

EKI KESE: Жаңа жылдық есеп 31.12.2019

Подкаст жаңа жыл қарсаңында жазылған еді. Жаңа жыл бұл әдетте жылды қорытындылау, тағы бір жылға есею, өмір туралы ойлау, ғажайып күту, достарыңмен жиналу. Осы подкаст барысында мұның барлығы сөз болады. Екі кесе подкастының қонағы -  Ғалымжан Оразымбет.  

EKI KESE: Кәріліктен неге қорқамыз? 16.12.2019

Қария десе көз алдыңызға кім келеді? Оларға деген көзқарасыңыз, қарым-қатынасыңыз қандай? Сіз кәрілігіңізді қалай елестетесіз? Қоғамның қарияларға арнап ойып жасаған стереотип шаблонына кіргіңіз келе ме? Eki kese шай үстінде Ғалымжан Оразымбетпен осы жөнінде сөйлескен едік

EKI KESE: Жақын адамың қайтыс болғанда 11.11.2019

Бұл подкаст менің сүйікті әпкем Ардаққа арналады...  Дүниедегі ең жақын, ең қымбатты адамның өмірден өткенін қабылдау үшін маған үш жыл қажет болды. Қабылдау. Ұмыту емес.  Жақындары қайтыс болғанда адамдар неге қайғырады? Меніңше өмірден өткен адамды емес, өзін аяғаннан.  Шындап келгенде өмір деген біз ойлағандай қорқынышты дүние емес сияқты. Eki kese подкастының қонағы Гаухар Раяно...

EKI KESE: Sayahat, USA & Mongolya 21.10.2019

Бұл подкастта дизайнер, жас блогер, болашақ жиһанкез Symbatbyek Darigyerkhanuly АҚШ сапары, Моңғолия мен Қазақстан арасындағы айырма мен ұқсастық, өмірін өзгерткен әдеттер, жақсы адамдар туралы пікірлерімен бөліседі ;)

EKI KESE: Әкежан Қажыгелдинмен сұхбат 16.05.2019

Бұл подкаст мамыр айында Парижде жазылған еді. Әкежан Мағжанұлының елдегі қоғамдық-саяси жағдайына көзқарасы қызықтырды. Сенім, үміт және өкініш туралы Әкежан Мағжанұлының туралы айтқандарын тыңдай аласыз. 

EKI KESE: адамгершілік әлде профессионализм 14.01.2019

Мінезі ауыр, адамгершілігі жоқ профессионал әлде адами қасиеттері ғажап олақ маман ба? Бір қарасаң адамгершілігі, мінез-құлқы өзінің жеке шаруасы, бастысы өз ісін білсе дейсің. Бірақ "өркениетті батыста" сәл шалыс қадамы үшін төрден көрге кетіп жатқан профилерді көреміз ғой. Ұлтқа қызмет ету сонымен мінезден бе? Бұл туралы әріптесім Ұшқын Сәйдірахманмен сөйлескен едік.  Айтпақшы бұл біздің ал...

Listen to the Qazaqsha Podcast podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.