Қазақстандық қоғамдық даму институты

KIPD Podcast

Science KK ↓ 11 epizód

KIPD Podcast – қоғамдық дискурсқа арқау болған өзекті тақырыптарды ғылыми тұрғыда талқылайтын подкаст.

Szerző

Қазақстандық қоғамдық даму институты

Kategória

Science

A podcast weboldala

kipd.kz

Legutóbbi epizód

2023. dec. 21.

Hol hallgathatod?

Podcastok az alkalmazásban Replaio Radio Hamarosan

A podcastok hamarosan megérkeznek az alkalmazásba. Telepítsd most, és láss elsőként egy teljesen új megközelítést a podcastokhoz

Letöltés a Google Play-ről Telepítsd ingyen Android közel 10 M letöltés · 4,8-as értékelés iOS hamarosan

Epizódok

Отбасы тәрбиесі | әке жауапкершілігі | ұлттық идентификация 21.12.2023

KIPD Podcast-тың бүгінгі қонақтары – PhD, MNU Adjunct Assistant профессоры Алма Сайлауқызы және ҚХА «Аналар» кеңесі төрағасының орынбасары Баян Орынбасарқызы. Бұл шығарылымда Қазақстан отбасыларының қазіргі сипаты, оның ішінде отбасы тәрбиесіндегі баланстың сақталуы мен әке жауапкершілігінің маңызы талқыланды.

Алмаш Айқынбайқызы: жады саясаты | мәдени жарақаттар | ұлттық бірегейлік 21.12.2023

Бүгінгі қонағымыз - PhD, әлеуметтанушы Алмаш Айқынбайқызымен отандық жады саясатының қалыптасуын талқыладық. Бұл шығарылымда ұлттық бірегейліктің маңызы, азаматтық қоғамның идентификация мәселелері және мәдени жарақттар туралы айтылады.

Индира Алибаева: бірегейлікті зерттеу әдістері | ұлт құру теориялары | қандастар және ирриденттер 16.11.2023

Бүгінгі қонағымыз - антрополог, PhD Индира Алибаевамен бірегейлікті зерттеу әдістері, этностық азшылықтар, қандастар тақырыбын талқыладық. Эпизод спикері КСРО-ның этностарды анықтауға ықпалы, әлем және қазақтардың ұлт түсінігі, азаматтық бірегейлік туралы өз пікірін айтты.

Молдияр Ергебеков | поп-мәдениет | отандық кино | кімдік мәселесі 14.11.2023

Бүгінгі қонағымыз - PhD, өнертанушы Молдияр Ергебековпен отандық поп-мәдениеттің 90-жылдардан бергі даму кезеңдерін талқыладық. Бұл шығарылымда заманауи қазақ музыкасының тілімізге әсері, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің рөлі, кино саласындағы этика мен мәдени сауатты арттырудың маңызы туралы айтылды.

Жәнібек Арынов |Орталық Азия елдері| қоғамдық интеграция| аймақтық бірегейлік 11.11.2023

Жаңа шығарылым! KIPD Podcast-тың бүгінгі қонағы - PhD, аймақтанушы Жәнібек Арынов. Бұл шығарылымда Орталық Азия елдерінің аймақтық бірегейлігі, оған әсер ететін факторлар, интеграция мәселелері мен деколонизация үрдісі туралы талқыладық.

Әлия Болатхан | жаһандану процесі | тамақтану мәдениеті| дәстүрлі тағам 10.11.2023

Бүгінгі қонағымыз - философия ғылымдарының докторы, тарихшы Әлия Болатханмен дәстүрлі тағам түрлері туралы әңгімелестік. Бұл шығарылымда «ұлттық тағам» мен «дәстүрлі тағам» ұғымдарының айырмашылығы, елдегі тамақтану мәдениетіне жаһандану үрдісінің әсері және қазақтың дәстүрлі ас мәзірін жаңғыртудың маңызы талқыланады.

Алима Бисенова: адами ландшафт| ішкі миграция | қалалардың маңызы 07.11.2023

Подкастың бүгінгі қонағы - философия ғылымдарының докторы, антрополог Алима Бисенова. Бұл шығарылымда ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы қалалардың маңызы мен оған ішкі миграцияның әсері талқыланады. Сондай-ақ спикерлер Тәуелсіздік алған кез бен қазіргі уақыттағы ұлттық бірегейлік төңірегінде әңгіме өрбітеді.

Кеңшілік Тышханұлы: мемлекет | дін | құндылық 06.11.2023

Бүгінгі қонағымыз - дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышханмен діни бірегейлік тақырыбында әңгімелестік. Бұл шығарылымда Абай философиясындағы «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» концепциясы, мемлекет пен діни бірегейліктің аражігі және құндылықтар мәселесі талқыланады.

Камила Смағұлова: деколонизация | қазақ тілі | тарих 24.10.2023

Бүгінгі қонағымыз - саясаттанушы ғалым, зерттеуші Камила Смағұловамен Қазақстандағы деколонизация процесін талқыладық. Бұл эпизодта деколонизация ұғымының анықтамасы, осы процестегі орыстілді және қазақтілді қоғамның рөлі және еліміздегі этностардың деколонизацияға байланысты тәжірибесі туралы айтылды.

Серік Бейсембаев: бірегейліктің қалыптасуы | national identity | инклюзив қоғам 24.10.2023

Бүгінгі қонағымыз - әлеуметтанушы Серік Бейсембаевпен бірге “Ұлттық бірегейлік” тақырыбын әлеуметтану ғылымының призмасынан қарастырдық. Бұл шығарылымда адамдардың ұйысуы және ұлттық бірегейліктің қалыптасуына спорт пен өнердің әсері туралы айтылады. Сондай-ақ жаһандану мен миграцияның ықпалын және технологияның дамуын ескере отырып, болашақта ұлттық бірегейлікті зерттеуде қандай тенденциялар пайд...

Айгүл Сәдуақасова: жаңа ұрпақ өзін қазақ деп есептейді 16.10.2023

KIPD Podcast – қоғамдық дискурсқа арқау болған өзекті тақырыптарды ғылыми тұрғыда талқылайтын подкаст.  Алғашқы қонағымыз – әлеуметтанушы ғалым, зерттеуші Айгүл Сәдуақасовамен елдегі ұлттық бірегейліктің маңызы және ұлт қалыптастыру мәселесін талқыладық. Бұл эпизодта national identity ұғымының аудармасы, пандемияның ұлттық құндылықтарға әсері, халықтың өз тарихын қабылдау процесі туралы айтылады. ...

Hallgasd a(z) KIPD Podcast podcastot a Replaióban

Rádió és podcastok egy alkalmazásban - ingyen és regisztráció nélkül. Telepítsd még ma, és ne maradj le a premierről

Letöltés a Google Play-ről

A Replaio nem podcastkiadó; a műsorok nevei, borítóképei és hanganyagai a szerzőiket illetik, és nyilvános RSS-csatornákon keresztül terjednek.