Азаттық радиосы

Жаншипа

Health KK ↓ 34 episodes

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі - Азаттық тілшісі Руслан Меделбек.

Author

Азаттық радиосы

Category

Health

Podcast website

www.azattyq.org

Latest episode

Nov 8, 2024

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

"Жылау, жоқтау қайғыны жеңуге көп көмектеседі". Ауыр қазаны қалай еңсереміз? 16.02.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 9-эпизодында психолог, гештальт-терапевт Гүлзат Асановамен жақынынан айырылғандағы ауыр қазаны еңсеру тақырыбын талқыладық. Басқа түскен қайғыны қалай еңсереміз? Қайғыдан ішқұса болып кетпеу үшін не істей аламыз? Жақынынан айырылған соң туыстар бір-біріне қалай қолдау көрсетуі керек? Баласынан айырылған ата-ана қайғыдан қалай оңала алады? Эпизодты Азат...

Өлім мен жалғыздықтан неге қорқамыз? Қатты үрей мен қорқынышты қалай жеңеміз? 02.02.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 8-эпизодында психология магистрі Гауһар Қапашевамен бірге шамадан тыс қорқыныш пен үрей тақырыбын талқыладық. Адам өз бойын билеген қорқыныш пен үрейді қалай жеңе алады? Үрей мен қорқыныш көп болса, өмірімізге қалай әсер етеді? Бала есейгенде қорқыныш пен үрейі басым болмау үшін не істеуі керек? Адам баласы өлім мен дерттен не үшін қорқады? Жалғыз қалу...

"Жеке шекарасын қорғай алмайтын адам мазасыз болады". Жеке шекарамызды қалай қорғаймыз? 12.01.2023

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 7-эпизодында кәсіби психолог Гүлнұр Сапаровамен адамның жеке шекарасы жайлы әңгіме өрбіттік. Адам жеке шекарасын қалай қорғайды? Адам жеке шекарасы бұзылғанда қалай әрекет етуі керек? Адамның жеке шекарасын кім бұза алады? Баланың жеке шекарасын қалай қалыптастыра аламыз? Міне, осы сауалдарға жауап іздедік. Эпизодты Азаттық сайтынан, Youtube арнамызда...

"Балаға бастық боласың деу - өте үлкен қысым". Адам өз бағасын қалай көтере алады? 15.12.2022

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 6-эпизодында практик психолог Дина Байділдаевамен "адамның өз-өзін бағалауы" (самооценка) жайлы әңгіме өрбіттік. Бұл эпизодта "адамның өзін-өзі бағалауы деген не?", "адамның өзін-өзі бағалауы қалай қалыптасады?", "адам өзін бағалауы төмен болса өмірге қалай әсер етеді?", "адам өз бағасын қалай көтере алады?" деген сауалдарға жауап іздедік. Эпизодты Yo...

Психологиялық тұрғыдан ересек адам деген кім? Адамға өз эмоциясын тану қаншалықты маңызды? 01.12.2022

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 5-эпизодында практик психолог Жанат Қалиевпен "психологиялық тұрғыдан есейген адам деген кім?", "адам балалықтан ересек өмірге қалай өтеді?", "адам дене сезімі мен ішкі сезімін қалай сезінуі керек?", "эмоцияны тану қаншалықты маңызды?" деген сауалдарға жауап іздедік. Эпизодта айтылған негізгі ойларды қысқаша ұсынамыз. Ал эпизодттың толық нұсқасын Азат...

Бала тәрбиесіндегі маңызды ережелер. Баланы ұру, жұрттың баласымен салыстырудың зияны қандай? 17.11.2022

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 4-эпизодында практик психолог Назигүл Темірғалиевамен бірге бала тәрбиесі туралы сөз қозғадық. Психологиялық тұрғыдан мықты адам болу үшін баланы қалай тәрбиелеу керек? Баланы ұрудың зияндары қандай? Баланы ата-әжесінің тәрбиесіне беруге бола ма? Балаңыз ұялы телефонда көп отырса не істеу керек? Бала тәрбиесінің алтын ережелері қандай? Міне осы сауалд...

Өкпе-реніш адам өміріне қалай әсер етеді? Ата-анаға, туысқанға деген өкпеден қалай арылуға болады? 03.11.2022

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының үшінші эпизодында өкпе-реніштің адам өміріне әсерін талқыладық. Өкпе-реніш адам өміріне қалай әсер етеді? Өкпе-реніштен қалай арыламыз? Өкпе-реніштен арылсақ өміріміз жеңілдей ме? Ата-анаға деген өкпе ренішті қалай кешіреміз? Бұл сауалдарға 21 жылдық тәжірибесі бар гештальт терапевт, практик психолог Ләззат Нұрпейісова жауап береді. Подкаст авторы – А...

Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді? 20.10.2022

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының екінші эпизодында психологиядағы ең маңызды әрі кейінгі кезде көп айтылып жүрген "бала кезде алған жан жарасы" мәселесін қозғадық. Балалық шақта алған жан жарасы деген не? Ол есейгенде адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл психожарақатты қалай емдейміз? Бұл сауалдарды осы мәселемен жұмыс істеп жүрген психолог Ақзипа Сердалиевамен талқыладық. Подкаст авто...

Психологқа бару ұят па? Психолог мәселемізді қалай шешеді? - "Жаншипа" подкасты 04.10.2022

Азаттықта жаңа жоба. Сіздің назарыңызға "Жаншипа" психологиялық подкастын ұсынамыз. Азаттық психологиялық подкасты не үшін бастап отыр? Қазақстан суицид бойынша әлемде ондыққа енетіні, елде ажырасу да көбейіп кеткені жайлы жиі айтылады. Психолог мамандар адамның ішкі жан дүниесін реттейтін, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектесетін бірден-бір құрал психология дейді. Демек подкастымызда б...

Listen to the Жаншипа podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.