Journeration

Кино айтшы

Tv KK ↓ 11 episodes

“Кино айтшы” бұл фильм мен сериалдарды талқылайтын, сынайтын, мақтайтын және даттайтын подкаст. Журналист, IT мамандар жәнне кинотанушы Қазақстанда және шетелде шыққан (Ресейден басқа) фильмдерді көреді, сосын студияда кездесіп, пікірін ортаға салады. Үшеуі кәсіби киносыншы емес, бірақ болмасаң да ұқсап бақ деген принципті ұстанады. Ал кинотанушымыз краш! Мені қолдау үшін: 4400 4302 1073 8958 AKERKE ORAZ

Author

Journeration

Category

Tv

Podcast website

podcasters.spotify.com

Latest episode

Dec 11, 2025

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

«№37» фильмі: Расул неге Балқашқа кетті? 11.12.2025

Бір жылдан бері шықпай қалған подкасымның жаңа эпизоды шықты. Бұл эпизодта киноман Ернар, аудармашы Батырбек және Ақерке ешкім түсінбеген «№37» фильмін түсініп көруге тырысады. Фильм режиссер Жандос Айбасовтың алғашқы жұмысы. Жаңа шығарылым ұнайды деп үміттенем, кез келген сынға ашықпын.

«Қадырдың бақыты»: алғашқы толықметр, қазақ анимациясы және бақыт деген не өзі 30.08.2024

Иа, иа, мен сәл тоқтап қалдым. Сәл сүрленіп қалған эпизодты қабыл алыңыздар. Бұл шығарылымда кинотанушы Нұргүл Абдулламен режиссер Қалдыбай Сейдановтың «Қадырдың бақыты» туралы сөйлестік. Бұл режиссердің соңғы туындысы екен. Жалпы эпизодта көбі біле бермейтін ақпарат көп. Тыңдап көріңіздер, өкінбейсіздер. Эпизодта не туралы айттық: «Қадырдың бақыты» басқа қандай мульфильммен бәсекеге түсті? Қадыр...

«Ойжұмбақ 2» (Inside out 2): Ер Төстікпен ұқсастығы, қазақша дубляждың деңгейі және Ұят 23.06.2024

Бұл эпизодта бір апта бұрын шыққан Дисней мен Пиксардың «Ойжұмбақ 2» туындысын талқылаймыз. Тоғыз жыл күттірген мультфильмнің ерекшеліктерін, бас кейіпкерлердің эгосын және туындының бас идеясы неде екенін анықтауға тырысамыз. Эпизодта мына нәрселер талқыланады: Райли мен Ер Төстіктің ұқсас тұстары неде? Мультфильм Қазақстанда түсірілсе қай эмоция бас кейіпкер болатын еді? Қазақша дубляжға көңілім...

«Baby Reindeer» (Бұғышақ) сталкиң туралы жақсы фильм бе? 24.05.2024

Бұл эпизодта комик Ричард Гәдтің басынан өткен оқиғаға негізделген сериал туралы айтамыз. Сериал Нетфликстегі барлық рекордты жаңартты. Бүкіл әлем бұл сериалды талқылап жатыр. Эпизодта сталкиң, зорлық, құрбанды айыптау туралы көп айтамыз. Арасында өзіміз де Ричардты басында түсінбегенімізді мойындаймыз. Дисклеймер: зорлық-зомбылық, сталкиң, виктимблеймиң адам құқықтарына қайшы нәрсе! Ал есірткі ад...

Соғыс туралы фильмдер: пропаганда ма, өнер ме? 10.05.2024

Мамыр айы басталысымен теледидарда екінші дүниежүзілік соғысы жайлы фильмдер көрсетіле бастайды. Арасында КСРО кезеңінде түсірілген, кейде тәуелсіз Қазақстанда түсірілген фильмдерді көрсетеді. Соғыс тақырыбы үгіт-насихатқа, зорлыққа, өлім мен өмірге толы. Ал осы тақырыпта түсірілген фильмдер ше? Мұндай фильмдерге пропаганда ретінде қараймыз ба, әлде өнер ретінде баға береміз бе? Осы сұрақтарды кин...

Корей дорамаларының құдыреті: неге бәрі Кореяны көргісі келеді? 29.04.2024

Бұл эпизодта біз журналист Ақдидармен Корей мәдениетіне кіріспе және шолу жасадық. Ақдидар BTS тобының ықпалын, әсерін және олардың өнерін зерттеген. Бұл топ визуализацияны қалай қолданады, фанаттарымен қалай жұмыс істейтіні туралы диплом жұмысын жазған, тіпті сол үшін хейтке ұшыраған. Эпизодта не талқылаймыз? F4-те кімді жақсы көрдік? Корей дорамаларының ерекшелігі неде? Нетфликс дорамаларды қала...

«Dune (Құмбел)»: қарғыс атқан шығарма, шөл дала мәдениеті және Зендея. 12.04.2024

Абайла, спойлер! Бұл эпизодта спойлер өте көп. Біздің не айтып жатқанымызды толық түсіну үшін алдымен фильмнің екі бөлімін де көруге кеңес беремін. Жаңа эпизодта біз Дени Вильневтің «Дюн» (Құмбел) фильмін талқыладық. Вильнев - Спилберг, Нолан, Бертон сынды режиссерлардың қатарына қосылып жатқан жаңа есім. Фильмдегі діннің репрезентациясы, сүйікті кейіпкерлеріміз және фильмді көрместен бұрын не іст...

«Менің атым Қожа» кім/не туралы фильм? Майқанова апай краш па? 25.03.2024

Фильмді және оған қатысты дүниелерді "Киностанның" атасы Ернар Бекенов пен аудармашы Батырбек Әлімжановпен талқыладық. Бұл эпизодта фильм мен шығарманың айырмашылығын, Майқанова апай краш па және Қожа революционер ма деген тақырыптарды қозғаймыз. Арасында 60-70жж фильм түсірген біздің режиссерлер гений ма, Холлиуд тәжірибесі және Еркін Рақышевтың құлағын шуылдатамыз. "Киностан"...

«Бизнес по-казахский» неліктен сапалы фильм. Франшиза неге бір орында тұрып қалды? 10.03.2024

Бұл эпизодта жылда жаңа жылда бәріміз күтетін "Қазақша бизнес" фильмінің барлық бөліміне қысқаша шолу жасаймыз. Франшизадағы бірінші фильм басқаларына қарағанда неліктен сапалы, әйелдер образы стереотиптер туралы айтамыз. Сондай-ақ, бұл фильмдер Қазақстан киноөндірісіне қандай үлес қосқаны туралы сөйлесеміз. Подкаста қолданған ән: Aro - S.O.Seni Сұрақтар мен ұсыныстар үшін journeration@g...

"Барби" Оскарға лайық па? 04.02.2024

“Барби” фильмі Оскар сыйлығына лайық па?  “Дәстүр” фильмі мен “Барбидің” айырмашылығы неде? Барби қуыршағы мен фильмін феминизмің көрінісі деп атай аламыз ба?  Барбиленд утопия ма? Бұл сұрақтарға барби-кинотанушы Еңлік Егеубаева және барби-киносүйер Ақерке жауап беруге тырысады.  Подкаста қолданған әндер: Aro - S.O. Seni Ryan Gosling- I’m just Ken Billie Eilish- What Was I made for Сұрақтар мен ұс...

“Дәстүр” фильмін неге түсінбедік? 21.01.2024

“Кино айтшы” бұл фильм мен сериалдарды талқылайтын, сынайтын, мақтайтын және даттайтын подкаст. Екі IT маман мен бір журналист Қазақстанда және шетелде шыққан (Ресейден басқа) фильмдерді көреді, сосын студияда кездесіп, пікірін ортаға салады. Үшеуі де кәсіби киносыншы емес, бірақ болмасаң да ұқсап бақ деген принципті ұстанады. Алғашқы эпизод Қуаныш Бейсектің “Дәстүр” фильміне арналады. “Киносыншыл...

Listen to the Кино айтшы podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.