Гүлназ Қорданова, Құралай Жарқымбаева

Dala kündelıgı (Field Notes)

Education KK ↓ 13 episodes

Бұл жобада келесі тақырыптар қозғалатын болады: әлеуметтік өзгерістер, активизм, көшбасшылық, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам, сала этикасы мен кәсібилігі, профессиялар және карьера жолдары, филантропия, сектораралық серіктестік және тағы басқа қоғамға әсер ететін үрдістер. Бізбен байланысқа шығу жолдары:Гүлназдың instagram-ы https://surl.gd/alhdoeҚұралайдың instagram-ы https://surl.li/irnygs

Author

Гүлназ Қорданова, Құралай Жарқымбаева

Category

Education

Podcast website

dalakundeligi.mave.digital

Latest episode

Jun 20, 2026

Where to listen?

Podcasts in the app Replaio Radio Coming soon

Podcasts are coming to the app soon. Install now and be the first to see a whole new take on podcasts

Get it on Google Play Install for free Android 5M+ downloads · 4.8 rating iOS soon

Episodes

12 эпизод: “Әй, бала, сен бухгалтерсің бе? Жоқ, мен фандрайзермін. Ол не тағы?” - 3 cектор рөлдері мен қысқа профориентациясы 20.06.2026

Үшінші секторда мансап құру мүмкін бе? Бұл эпизодта біз коммерциялық емес ұйымдардағы кәсіби рөлдер мен позицияларды егжей-тегжейлі талқыладық. Қазақстан мен әлемдік нарықтағы үрдістерге тоқталып, осы салада өсу амбициялары мен мансаптық картаны қалай құру керектігін сөз еттік. Фандрейзер, мониторинг және коммуникация мамандары, жобалық және бағдарламалық менеджерлер — бұл рөлдердің өзіндік ерекше...

11 эпизод: "Күнмен қоректенушілер, іші пысқан Ханшайымдар" 3 сектордарғы мамандар туралы мифтер, келу жолдары және алған сабақтарымыз 25.05.2026

Сәлем! Біз 3 секторда жұмыс істейтін адамдардың кейіпін әлі де талқылап жатырмыз. Осы эпизодта мифтер мен біздің салаға адамдар қалай келетінін талқыладық. Одан бөлек біздің кәсіби құндылықтарымыз және алған басты сабақтарымызды да әңгімеге қостық! Сіздердің кері байланыстарыңызды күтеміз!

10 эпизод: "Өскенде кім боламын?" 3 сектордағы жолымыздың тарихы, кәсіби жеңістеріміз туралы әңгіме-дүкен 01.05.2026

Біз жаңа сезонды бастадық! Бұл сезон 3 сектор, филантропия және азаматтық қоғамдағы мансап, көшбасшылық және жұмыс мәдениеті туралы болады. Егер осы салада кәсіби даму мақсатыңыз болса, сезон сізге өте пайдалы болады деген үміттеміз. Осы сезонның бірінші эпизодында өзіміз осы салаға қалай келдік, үйдегілер бұған қалай қарады, қаржы көзі не болды деген әңгіме-дүкен құрдық. Тура бір құдды жастықты е...

9 эпизод: Секторалық серіктестік: ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік органдар, бизнестің тоғысқан жері 08.12.2025

Қазақстандағы секторалық серіктестіктің тиімді тұстары, алдында тұрған шешетін мәселелері, жаһандық трендтер

8 эпизод: Адвокацияның әлеуметтік жобалардағы рөлі 15.10.2025

Біз үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы жүйелі өзгерістерге қалай әсер ете алатынын және осы жолда адвокацияның нақты рөлі мен стратегияларын талқылаймыз. Жүйелі өзгеріс әрқашан бір идея мен әрекеттен басталады. Адвокация - осы әрекеттің күші

7 эпизод: Стейкхолдерлермен жұмыс: экожүйедегі барлық топтарды білеміз бе? 03.10.2025

Әлеуметтік жобалардың сәтті іске асу процесінде стейкхолдерлердің рөлі, олармен тиімді жұмыс істеу стратегиялары мен серіктестік этикасы.

6 эпизод: Этикамен үйлескен әсерлі коммуникация стратегиялары 16.08.2025

Этикалық коммуникация қағидаларын, ҮЕҰ мен әлеуметтік жобаларда storytelling үлгілерін қалай қолдануға болатынын біраз талқыладық.

5 Эпизод: Жақсы ниеттің зиян салдары 17.07.2025

Кейде біз "жақсылық жасаймыз" деп, нақты бір қауымдастыққа немесе адамға зиян келтіруіміз мүмкін. Бұл эпизодта біз нақты кейстерді, этикалық дилеммаларды, және "Do no harm" – "Зиян келтірме" қағидасын қалай ұстануға болатынын қарастырамыз.

4 Эпизод: Logic Model-ді қалай тиімді құрып, нәтижені өлшеуге болады? 30.05.2025

ҮЕҰ жобаларында ресурстар, әрекеттер және нәтижелер арасындағы байланысты түсіну және гипотезаларды тексерудің маңызы

3 эпизод: Өзгеріс теориясы, миссия, ұйымның болашақ бейнесі, құндылықтар 18.05.2025

Dala kündelıgı (Field Notes) подкастының үшінші эпизодында өзгеріс теориясы, миссия, ұйымның болашақ бейнесі, құндылықтар секілді ұғымдарды талқылайтын боламыз. Кейде олар жазылып, сөреде қағаз жүзінде немесе сайттың парағында қалып қалады. Сондықтан бұл инструменттерді әлеуметтік ұйымдар күнделікті өмірде қолданса, мақсаттарына қалай тез жете алады деген сұраққа да жауап беруге тырыстық.

2 эпизод: Үкіметтік емес ұйымдар: мән-мағынасы, бүгінгі жағдайы, перспективалары 02.05.2025

Dala kündelıgı (Field Notes) подкастының екінші эпизодында азаматтық қоғамның бір институционалды бөлігі, үкіметтік емес ұйымдар, туралы сөз қозғайтын боламыз. Тек қана Қазақстандағы жағдай емес, халықаралық контекстті де шолуға тырыстық!

1 эпизод: Әлеуметтік ықпал. Бос сөз бе әлде қоғамдағы маңызды құбылыс па? 02.05.2025

Біздің бірінші эпизодымызда біз “Әлеуметтік ықпал дегеніміз не? Оны қалай түсіндіруге, өлшеуге болады? Қоғамдағы маңызы неде?” деген сұрақтарға жауап беруге тырысып көреміз. Тыңдап, кері байланыстарыңызды жазыңыздар. Күтеміз!

Dala kündelıgı (Field Notes)-Intro 02.05.2025

Сәлем! Сіздерге жаңалықпен келіп отырмыз! Подскасттар әлеміне Dala kündelıgı (Field Notes) атты жаңа жоба кірейін деп жатыр.  Подкаст авторлары: Гүлназ және Құралай Гүлназ Қорданова соңғы он жылда білім беру, цифрлық теңдік және әлеуметтік әділеттілік салаларында Қазақстан мен халықаралық жобаларда жұмыс істеп келеді. Ол үшін бұл сала — жай ғана жұмыс емес, өзінің өмірлік бағыты. Құралай Жарқымбае...

Listen to the Dala kündelıgı (Field Notes) podcast in Replaio

Radio and podcasts in one app - free, with no sign-up. Install today and do not miss the launch

Get it on Google Play

Replaio is not a podcast publisher; show names, artwork and audio belong to their authors and are distributed through public RSS feeds.