Narikbi Maksut

Narikbi LIVE

Қазақстан жастарының рухани, интеллектуал дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс!"Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап"!

Autor

Narikbi Maksut

Kategorie

Education

Podcast-Website

narikbi.podbean.com

Neueste Folge

5. Jun 2026

Wo hören?

Podcasts in der App Replaio Radio Bald verfügbar

Podcasts kommen bald in die App. Installiere sie jetzt und erlebe als Erster einen ganz neuen Blick auf Podcasts

Bei Google Play herunterladen Kostenlos installieren Android 5 Mio.+ Downloads · Bewertung 4,8 iOS bald

Folgen

Киім брендінің шын бағасы / Corneli / Жандос Қонақбаев / Narikbi LIVE #139 05.06.2026

Бұл подкаст қонағы CORNELI және Crinzo киім брендінің негізін қалаушысы Жандос Қонақбаев. Кәсіпкерлік жолын Алматыда студент болып чехол сатып бастаған Жандос, кезінде Астанаға келіп, такси жүргізуге дейін барған. Алайда кейін өзінің премиалды киім брендін ашты. Қаңтар оқиғасы кезінде дүкені тоналды. Бірақ қайта тұрды. Әңгіме барысында оның жолы туралы — нөлден бастап, қалай бренд құрғаны, қандай...

Абдрашит Түлкібай: сені гормондар басқарады / Narikbi LIVE #138 04.06.2026

Бүгінгі қонағым — психофизиолог Абдрашит Түлкібай. Біраздан бері осы тақырыпта әңгіме жазғым келіп жүр еді — гормондар, ми, мінез. Себебі бұл нәрселер бәрімізге қатысты, бірақ көбіміз бұған терең үңіле бермейміз. Серотонин, дофамин, кортизол деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ олар шын мәнінде не?  Мида қалай жұмыс істейді? Көңіл-күйімізді, шешімдерімізді, тіпті мінезімізді қалай басқарады? Үрей қай...

Асқар Сабдин: Иран — біз білмейтін тарих / Narikbi LIVE #137 04.06.2026

inVision U-ға түсу: https://www.invisionu.education/kz/apply?utm_source=narikbi_maksut&utm_medium=affiliate&utm_campaign=open_call_announcement_partnership_290426   Иран — биылғы жылы тек Таяу Шығыс емес, бүкіл әлем назарын өзіне аударған ел. Бірақ біз бұл ел туралы не білеміз? Парсы өркениеті, шиизм, аятолла билігі, имамдар ілімі, қазақ тіліндегі парсы сөздері, әзербайжандар тағдыры, шека...

Талғат Тынымбай: Талғатпен сұхбаттың шындығы / Narikbi LIVE #136 04.06.2026

Бүгін Narikbi LIVE подкастында — белгілі стендап-комик Талғат Тынымбай. Оның әзілдеріндегі стиль бөлек, ал «Талғатпен сұхбат» жобасы қазақ ютубындағы ең ерекше контенттің бірі екені сөзсіз. Бұл шығарылымда Талғаттың сахнаға қалай келгенін, интроверттердің ішкі әлемін және неге көп жұлдыздардың жабық болатынын талқыладық. Қосыңыз, өте қызық әрі шынайы әңгіме болды! Talgat: https://instagram.com/tal...

Ильяс Кунпеисов: өміріңді құрта бермей, өзіңді қайта таны / Narikbi LIVE #135 18.03.2026

Бүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін.  - Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз?  - О...

Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134 26.02.2026

Бүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша» телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек. Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма...

Данияр Аренов: ерке емес, еркін бала тәрбиелеу / Narikbi LIVE #133 05.02.2026

Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық. Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық: • Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?. • «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүй...

2026 бизнесті сақтап қалу формуласы / Мират Ахметсадық / Narikbi LIVE #132 05.02.2026

2026 жыл енді басталса да, кәсіпкерлер үшін оңай соқпайтыны қазірден белгілі. Жаңа Салық кодексі, инфляция, жасанды интеллектінің қарқыны — осының бәрі бизнеске тікелей әсер етіп жатыр. Дәл осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін біз студияға белгілі кәсіпкер әрі инвестор — Мират Ахметсадық мырзаны шақырдық. Мират мырза — Өскеменнің қарапайым жігітінен еліміздегі венчурлық нарықтың көшбасшысына айна...

Ануар аға: қажылықтың шын мағынасы / Narikbi LIVE #131 05.02.2026

Қажылық — мұсылман үшін парыз етілген ұлы сапар, жүректі жаңартатын үлкен мектеп. Бірақ бүгінде біз кейде оның сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, шын әрі терең мағынасына үңіле бермейміз. Шынымды айтсам, бұл жағдай менің де басымнан өткен. Осы шығарылымда біз қонағымыз — тәжірибелі қажы-гид Ануар ағамен бірге қажылықтың жолын толық талқылаймыз: ниеттен бастап, ихрам, тауаф, сағи, Арафат, Муздалифа,...

Мыңжылқы Бердіқожаев: мединица неге қолжетімсіз? / Narikbi LIVE #130 05.02.2026

🎙️ Бүгінгі подкасттың қонағы — елімізге белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Ол — Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары болып қызмет атқарған, Орта Азияда миға ең көп (7500-ден астам) ота жасаған сирек мамандардың бірі. 🧠 Бұл сұхбатта біз ми, медицина және өмірдің мәні туралы терең әңгімелестік: • Қазақстанда сапалы ота алу қаншалықты қолжетімді? • Жаңа технологиялар дәрі...

Қайрат Құрманбаев: Палестина, Құддыс және билік / Narikbi LIVE #129 10.10.2025

Бүгінгі қонағымыз – белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент, дінтанушы Қайрат Құрманбаев. Бұл шығарылымда біз бүкіл әлемді алаңдатқан Палестина мәселесінің тарихи тереңіне үңілдік:  • Құддыс жерінің қасиеті неде?  • Неге ғасырлар бойы бұл мекен үшін соғыстар тоқтамады?  • Палестина біз үшін неге маңызды?   Kairat: https://instagram.com/kairat_kurmanbayev https://instagram.com/qairat_ustaz Narikbi...

Арын Құнанбайұлы: сөз мәдениеті, Абай vs. әл-Ғазали және ән талдау / Narikbi LIVE #128 30.09.2025

Бүгінгі қонағымыз – белгілі филолог, KBTU және ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Арын Құнанбайұлы. Бұл шығарылымда біз маңызды тақырыптарды талқыладық: • Оқу және жазу мәдениеті; • Абай мен әл-Ғазали шығармашылығының үндестігі; • Қазақ тілінде терең ойлану мәдениетінің әлсіздігі мен себептері; • Танымал әндердің мәтіндері мен олардың шынайы мағынасы. Терең ой, әдеби талдау мен жаңа көзқарастарды бірге іздед...

Ғани Төлепбергенов: энергетик, аритмия, стресс және жүрек / Narikbi LIVE #127 29.08.2025

Бүгінгі қонағымыз – белгілі кардиолог-аритмолог, Алматы кардиология орталығының жетекші маманы, «Bolashaq» бағдарламасының (Литва) түлегі, PhD Ғани Төлепбергенов. Бұл эпизодта біз жүрек денсаулығына қатысты маңызды сұрақтарға жауап іздедік: - Энергетиктердің жүрекке шынайы әсері қандай? - Стресс жүрек ауруларына қалай әкеледі? - Жүрекке не үшін сым (кардиостимулятор) жалғанады? - Жүрек қағысын бақ...

Данияр Жігітбек: нені құрбан ете аласың? / Narikbi LIVE #126 19.08.2025

Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жартыжылдық подкастымызды қабыл алыңыз. Біз джиу-джитсу, 12 апталық жылдың қорытындысы, бала әкеден қалай үлгі алатыны және т.б. тақырыптарды талқыға салдық.  Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi   Daniyar: https://www.instagram.com/dzhigitbek Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi   Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live Telegram: ht...

Азамат Скаков: орта жас кризисінен өттім / Narikbi LIVE #125 08.08.2025

Подкаст қонағы кітап авторы әрі коуч - Азамат Скаков. Біз Азамат мырзамен әр адам баласының өмірінде өтетін экзистенциалды дағдарыс пен кризистар, оның өту жолдары мен қажет өзгерістерді талқыладық.  Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Azamat: https://instagram.com/azamat__skakov Narikbi: https://instagram.com/narikbi   Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https:/...

Құрманғазы Садыбаев: Тар ойдың тұзағындамыз / Narikbi LIVE #124 17.07.2025

Бүгінгі подкаст қонағы белгілі ұстаз, ғалым PhD - Құрманғазы Садыбаев. Біз шығарылымында Құрманғазы мырзаның жаңа Tabys атты кітабын талқылап шықтық. Табыс деген түсінікті неге дұрыс түсінбей жүрміз? Оның қандай сиқыры бар? Табысты болу міндетті түрде бай болу дегенді білдіре ме? - және т.б. тақырыптарды терең тақылаға салдық.  Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Kurmangazy: https:/...

Ақсұлтан Қалиев: контенттен концептке, өмірінің ребрендингі / Narikbi LIVE #123 19.06.2025

Бүгінгі қонағымыз белгілі маркетинг маманы - Ақсұлтан Қалиев. Біз Ақсұлтанның танымал блогерлік/вайнерлік (xaxa show) дәуірінен бүгінгі кәсіпкерлік жолына дейін өтіп шықтық.  - Өмірдегі өзгерістерге не себеп болды? - Контент арқылы қалай қызмет етуге болады? - Қазақстандық маркетинг саласын талдау және т.б. тақырыптарды қозғап өттік.    Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Aksultan:...

Қуаныш Шонбай: өкінбей өмір сүре біл / Narikbi LIVE #122 15.05.2025

Rumi ресторандар желісі, Shonbay Business School және көптеген бестселлер кітаптар – Қуаныш ағаны көпшілік осы жобалар арқылы таниды. ⠀ Бұл шығарылымда жол апатының оның өміріне қалай әсер еткені туралы айттық. Сонымен қатар, соңғы жылдары маркетинг пен бизнесте не өзгергенін, қандай ой келіп, неге басымдық бергенін нақты сұрадық.   Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi   Kuanysh: htt...

Садық Шерімбек: анамды жаяу Меккеге алып бардым / Narikbi LIVE #121 06.05.2025

Бүгінгі подкаст қонағы - Садық Шерімбек: жазушы, аудармашы, технократ, IT маманы және Qalan Publishing баспасының негізін қалаушы.  Білмегенге, Садық мырза қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік контентті дамытуға белсенді атсалысып, «JÜZ», «SAFAR» сияқты кітаптардың авторы. Сонымен қатар, балаларға арналған «AjA Kids by Qalan» журналы мен «Әл-Жәбірдің атасы» ғылыми журналының шығарушысы. Біз Садықтың ан...

ARO: әнімнің шын мағынасын көбі білмейді / Narikbi LIVE #120 17.04.2025

Бүгін подкаст қонағы белгілі әнші, сазгер - Арман Сейітжаппаров, көбімізге ARO атымен танымал. Біз Арманның белгілі әндерінің мағынасын терең қазып, Арманның көкейінде жүрген, бірақ көбіне айта бермейтін тақырыптарды қамтыға тырыстық.  Арзан әуе билеттері: https://aviasales.kz Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi   ARO: https://www.instagram.com/seitjapp.aro.ff Narikbi: https://insta...

Асқар Сабдин: мемлекет дінді басқара ала ма? / Narikbi LIVE #119 01.04.2025

Бүгінгі подкаст қонағы белгілі исламтанушы, Maqsut Narikbayev University оқутышысы - Асқар Сабдин. Бұл шығарылымда біз мемлекет пен дін арасында қарым-қатынас, қызыл террор, діни контенттегі цензура және ерекше Бауыржан Әлиұлы ұстазды еске алдық.    Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi   Askar: https://www.instagram.com/askar_sabdin https...

Жұлдызай Мұсаева: ҰБТ - үкім бе әлде мүмкіндік пе? / Narikbi LIVE #118 01.04.2025

Бүгінгі подкасттың қонағы – белгілі кәсіпкер, JUZ40 білім беру орталығының негізін қалаушы Жұлдызай Мұсаева. Қонағымыз білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен оқушылардың жетістігі туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл шығарылымда: 🎯 ҰБТ оқушының болашағына қалай әсер етеді? 👀 Балалардың назарын ұстап тұрудың тиімді жолдары 📚 Қазіргі жастардың білімге деген көзқарасы 🔥 140 балл жинаудың құпияс...

Табиғат Қаутай: адамдар ұйқыда - өлгенде оянады / Narikbi LIVE #117 10.03.2025

Бүгін қонақта біздің сүйікті әрі тұрақты қонағымыз - Табиғат Қаутай ағамыз. Біз Табиғат ағаға соңғы уақытта ең көп қойылатын сұрақтарды, талантымыз бар, бірақ одан қорқамыз? ғапылдық пен өзін-өзі ұмыту және неге адамдар өлгеннен кейін оянады деген тақырыптарда сөз қозғадық.  Рамазан айында осы руханият тақырыбындағы подкастымызды тамашалап, жақындарыңызға жіберіп қойыңыз.    Juz40 online: https://...

Руслан Тай: рэп, елді не мазалап жүр, демалысты жоспарлау / Narikbi LIVE #116 02.03.2025

Қонағымыз белгіліп стендап комик - Руслан Тай. Біздің кезекті шығарылымда Руслан екеуміз өмірімізде не өзгерістер орын алғанын, соңғы жылы елдегі орын алған жағдайлардың шығармашылыққа әсері, стендаптағы жаңа есімдермен мен әзілдерді талқылау қызық болды.  Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz Арзан әуе билеттері осында: https://aviasales.kz   Ruslan: https://www.instagram.com/ruslantai Na...

Мыңжылқы Бердіқожаев: миға 7500 ота жасаған нейрохирург / Narikbi LIVE #115 14.02.2025

Біздің бүгінгі қонағымыз белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Мыңжылқы аға Астанадағы президент ауруханасында директордың орынбасары. Орта Азия елдерінің ішінде миға ең көп ота (7500 астам) жасаған мамандардың бірегейі. Біз миға қатысты барлық сұрақтар мен аңыздарды ашып шығуға тырыстық: - Мидың денсаулығы тікелей неге байланысты? - Стресс қалайша миды зақымдайды? - Мидағы қатерлі ісікті қала...

Höre den Podcast Narikbi LIVE in Replaio

Radio und Podcasts in einer App - kostenlos und ohne Anmeldung. Installiere sie noch heute und verpasse den Start nicht

Bei Google Play herunterladen

Replaio ist kein Herausgeber von Podcasts; die Namen der Sendungen, Cover und Audioinhalte gehören ihren Autoren und werden über öffentliche RSS-Feeds verbreitet