TORGYN

bir kese şay

Society KK ↓ 21 Folgen

Сәлем! Бұл - Торғын, “бір кесе шай” подкасының авторымын. Шетелде оқитын қазақтардың әңгімесін тыңдауға шақырамын.

Autor

TORGYN

Kategorie

Society

Podcast-Website

podcasters.spotify.com

Neueste Folge

12. Jun 2026

Wo hören?

Podcasts in der App Replaio Radio Bald verfügbar

Podcasts kommen bald in die App. Installiere sie jetzt und erlebe als Erster einen ganz neuen Blick auf Podcasts

Bei Google Play herunterladen Kostenlos installieren Android 5 Mio.+ Downloads · Bewertung 4,8 iOS bald

Folgen

Шахсұлтан: өзіңді өзгенің уақытымен өлшеме 12.06.2026

құрметті тыңдарман, қайта қауышқанымызға қуанып тұрмыз! Bir kese şay podcast-тың кезекті эпизодын қабыл алыңыздар. бізге қонаққа Седжон университетінің бизнес және басқару мен туризм мамандығында оқитын бакалавр студенті Шахсұлтан Оспан келді. қонағымызбен Оңтүстік Кореяда оқу, академиялық ұтқырлық, Еуропа мен Азияның мәдени айырмашылықтары, Седжондағы оқу, нетуоркиң маңызы, аға буын өкілдерімен ж...

Gulya: Италияда білім алу, саяхат және тәтті өмір 31.05.2026

Cәлем, құрметті тыңдарман! Кезекті эпизодымызды қабыл алыңыз~ Бұл жолы қонаққа Италиядағы Sapienza университетінде магистратурада Business Management мамандығы бойынша білім алып жатқан Гульнур Джумагазиева келді! Гулямен түрлі тақырыпты талқылап, ойымызды ортаға салдық. Қонағымыз өзінің Италиядағы қызықтары мен оқу тәжірибесін бөлісті. Достар, міндетті түрде Гуляның инстаграм парақшасына жазыла к...

Назерке: Болашақпен Бостонға 16.05.2026

Сәлем, құрметті тыңдарман! Бұл - Торғын. Бүгін бір кесе шай бірге толып жатыр. Бір жыл бойы бізбен бірге болғандарыңызға көп рақмет! Бұл бір жылдық шығарылымды әжем Қалима Мұхамбетқалиқызының рухына арнаймын. Осы эпизодтың қонағы Назерке Ерғалиева АҚШ-тағы, әлемдегі үздік университеттің бірі Бостон университетінде Болашақ бағдарламасымен Global marketing мамандығында оқыды. Назеркемен подкастта АҚ...

Жансая & Торғын: Oскар-2026-ның фильмдері 29.03.2026

2-маусым 2-ші эпизодтың қонағы жас сценарист, режиссер, фотограф Жансая Оспанмен Оскар-2026, фильмдер, кино көру туралы сөйлестік. Жансаяның инстаграм парақшасына жазыла кетіңіздер! @ospan_zh дисклеймер: бұл эпизод видео түрінде шығуы керек болған еді, токиодан жылдам интернеттің арқасында мүмкін болмады. сол себепті видео деген сөздер көп айтылады, бірақ бұл аудио :( Time code: 00:00:46 біз баста...

Торғын: соло шығарылым 15.03.2026

Алақаааай! Жаңа маусым құтты болсын! Сіздермен қайта қауышқаныма өте қуаныштымын. Жаңа маусымның бірінші эпизодында сіздермен жаңалықтарымды бөлісемін (ал олар менде көп). Айтпақшы, бір жастарыңызбен.

Ой-талқы: қазақша tedtalks 30.11.2025

Сәлем, достар! Бір кесе шайда жаңа бағыт пайда болды. "Ой-талқы" атты біріктірілген подкасымызды (joint podcast) қабыл алыңыздар. Ой-талқыда Дәрия Темірхан, Ержан Бижанов, Торғын Фазылқызы (модератор, жүргізуші) үш түрлі тақырыпта сөз сөйледік. Ержан Бижанов Солтүстік Кореятанушы, СҰУ мен Солтүстік Кореяны зерттеу университеті “Солтүстік Корея азаматтарының көшу-қон процесі: Тікелей және...

Aбылай: PolyU-да оқу, Hong Kong әсерлері, оқудан кейінгі апатия 14.11.2025

Подкасттың кезекті қонағы - Абылай. Hong Kong қаласында қонақ үй және туризм мамандығында Hong Kong Politechnic University-да оқыды. Жақында Алматыға қайта оралған қонағымыз қала туралы алған әсерін айтты. Подкастта Хоң Коңда оқу, оқу бітіргеннен кейінгі апатиямен күрес, үйқұса болу(homesick), коронавирустың әсері туралы сөз қозғадық. Абылай музыкаға да бетбұрғысы келеді екен. Оны осы жолында қолд...

Жанеля: Польшадағы өмір, құндылықтар сәйкестігі, поляктардың MBTI-ы, құжатсыз миграция 01.11.2025

Сәлем-сәлем, достар! Сіздермен сағынысып қауышқан бір ғанибет екен. Бір кесе шайдың жаңа эпизодын таныстырғымыз келеді. Студиямыздың қонағы Жанеля Амангельдина. Еуразия Ұлттық университетінде цифрлі медиа мамандығында оқыған. Кейін Варшавада Marketing Management мамандығын тәмамдап, Польшада TransferGo ақша аудару бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарына жауапты маркетолог маманы болып қызмет...

Мирас: көміртек несиелері мен жасанды интеллект, жұмыс/өмір гармониясы 26.09.2025

Сәлем, достар! Қыркүйек айының соңғы аптасында кезекті эпизодымызды қабыл алыңыздар. Бүгін бізде қонаққа Мирас келді. Мирас Sejong University Computer Science & Engineering мамандығында білім алды. Қазіргі таңда ThanksCarbon cтартап компаниясында ML Engineer/Data Scientist боп қызмет істейді. Қонағымыз қызмет ететін компания ESG - Қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару,...

Адэль: NIS түлегі болу, SKY мен Назарбаев университетінде оқу, KIA-дағы мансап 12.09.2025

Хей, достар! Жаңа семестр - жаңа подкаст демекші, кезекті эпизодты қарсы алыңыздар. Шығарылымның қонағы - Адэль Толеубекова. GKS стипендиялық бағдарламасының бакалавр бағытының жеңімпазы. Korea University-де электр инженериясы (Electrical Engineering) мамандығында білім алды. Қазіргі уақытта КIA компаниясында қызмет атқарып жүр. Бұл эпизодта Адель өзінің оқуға түсу тәжірибесі мен Кореяда жұмысқа о...

Торғын: соло-подкаст, жаңа нәрсені бастау қорқынышы, әйел классиктер, бірқалыпты демалыс, лабубу мен tradwives 07.08.2025

Сәлем әлем! Екінші соло подкастты қабыл алыңыздар. Осы шығарылымда екі жарым ай бойы жүргізіп жүрген подкастқа рефлексия жасадым. Бір кесе шайға қатысты хабарландыру бар. Міндетті түрде тыңдап шығыңыздар~ Cосын жазғы каникулды қалай өткізіп жатқанымды айтып, оқып шыққан, оқып жатқан кітаптарға да тоқталдым. Жаңа тіл оқып бастадым, ағайын. Қандай тіл деп ойлайсыздар? подкастты тыңдау арқылы бірнеше...

Аружан: қазақша ageism, токсик профессорлар, қыздарға қысым, қазақ қоғамындағы асығыстық, хәппи мүшел жас, он жылдан кейінгі біз 01.08.2025

Қайырлы таң-қайырлы күн-қайырлы түн достар! бір кесе шай подкасының жаңа эпизодын қарсы алыңыздар. студиямызда қонақта Аружан Серікқан. HANYANG университетінің магистратурасында маркетинг мамандығы бойынша білім алған. Қазір Сеулде аудармашы боп қызмет атқарады. Подкастта Аружанның Қазақстанға сапары мен Сеулдегі магистратурада алған біліміне беретін бағасы, аудармашылық жұмыстағы қазақ тілінің рө...

Динара Тілеубек: Иордания екінші үйім, мейірім тізбегі мен мейірім тілі - саяхат философиясы 18.07.2025

алақай, бір кесе шай подкасының кезекті эпизоды желіде! бірінші маусым жетінші эпизодтың қонағы - бір ғана жолдорбамен әлемді шарлайтын жиһанкез Динара Тілеубек. Динара ханым Сеулге саяхаттап келіп, бізбен подкаст жазуға келісімін берді. Бұл оның дебют подкасы десек те болады. Сондықтан сіздерден көп қолдау күтеміз. Подкаст сұхбат есебінде өтті. Шығарылымда қонағымыз неліктен жалғыз бір рюкзакпен...

Дария: Румыния мен Оңтүстік Корея, қазақ тілі, менталды денсаулықтың маңызы, айдентика, "ақырын жүріп анық басу" 11.07.2025

Подкасымыздың кезекті шығарылымының қонағы - Дария Корё университетінің әлеуметтану мамандығында оқитын бакалавр студенті. GKS атты Оңтүстік Корея мемлекетінің стипендиялық бағдарламасының 2022 жылғы жеңімпазы. Оңтүстік Кореяға келместен бұрын Румыния елінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Клуж-Напока қаласындағы Babeş-Bolyai университетінде әлеуметтану мамандығына оқуға түск...

Lilja: from MBTI to books, how to explore Han Kang's world, tips for beginner readers 03.07.2025

Hello! This is our first episode in English and I am so happy that we recorded it with Lilja!! Lilja is from Iceland and we are currently studying Korean studies together at Korea university. In this episode you will know Lilja's experience in Korea and we discuss books. We hope you'll enjoy it! The books we recommended during the discussion: Han Kang's books: White book Whe vegetarian Human acts...

Қанатбек: Сеул мен Дубай, шығыс Азиядағы білім беру жүйесі, қазақ тарихы мен әлем тарихы 25.06.2025

Бұл бөлімде Сеулдегі Седжон университетінің студенті Қанатбекті қонаққа шақырдық. Мамандығы - Бизнес және басқару (Business administration). Сеулге дейін БАӘ-де білім алғаны жайлы әрі ауысыммен Жапонияда оқығаны жайлы сөз қозғайды. Эпизодта Корея тарихы мен Қазақстан тарихын да түртпей кетпейміз. Сіздерге ұнайды деген ойдамыз. Дисклеймер: Отырар қаласын билеген Хорезм падишахы Қайырханның атын дұр...

Ержан: екі Корея, солтүстік Кореядан келетін қашқындар жайлы 12.06.2025

Бұл эпизодта Ержанмен Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның қарым-қатынасы, қашқындардың Кореядағы жағдайы мен оларға көрсетілетін кемсітушілікті еліміздегі қандастарымызға жасалатын кемсітушілікпен параллель жүргізіп талқыладық. Қонағымыз Ержан Сеулде орналасқан Солтүстік Кореяны зерттейтін University of North Korea-да магистратурада оқыды. Дәл осы тақырыпта сөйлесуге болатын бірден-бір қонақ. Ун...

Нұрсұлу: ру сұрасу - қазақша нетуоркиң, MBTI, тіл үйрену, қазақтың оқуда есесі қалған, 31 мамыр 08.06.2025

Chunang университетінің магистранты Нұрсұлумен үйді сағынған кезде не істейміз деген сұраққа жауап іздедік. Ағылшын тілін үйрену жолы, қазақ музыкасы, ашаршылық пен репрессия құрбандары жайлы бірер сөз айттық. Подкасымыз ұзақ боп кетті деп айыпқа бұйырмассыздар. Ұзақ болса да тыңдайсыздар деген үміттеміз🫶🏼

Ержан: Ақтөбеден Сеулге дейінгі жол, білім беру жүйесі, дұрыс қойылмаған мақсат 30.05.2025

Алғышқы қонағымыз Ержанмен подкаст жаздық. Подкастта білім беру жүйесінен бастап мәдени таңданыстарға (шок) дейін әңгіме өрбіттік. Сіз шетелде нені көріп мәдени шокқа түстіңіз?

Кореяда білім алу тәжірибем 23.05.2025

Кореяда білім алуым жайлы толығырақ айтып беремін осы шығарылымда :)

Кіріспе: bir kese şay туралы 16.05.2025

Кіріспе шығарылымды тыңдап, подкасымыздың кезекті шығарылымдарын күтіңіздер! Мен кіммін? Неге подкаст осылай аталды? Подкастты бастау себептерім жайлы баяндадым.

Höre den Podcast bir kese şay in Replaio

Radio und Podcasts in einer App - kostenlos und ohne Anmeldung. Installiere sie noch heute und verpasse den Start nicht

Bei Google Play herunterladen

Replaio ist kein Herausgeber von Podcasts; die Namen der Sendungen, Cover und Audioinhalte gehören ihren Autoren und werden über öffentliche RSS-Feeds verbreitet